Қазақ тілі
67
Су ресурстары туралы түсінік
Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын рөлі
зор, әрі сан алуан. Академик В. Вернадскийдің сөзімен айтсақ:
«Біздің планетамыздың тарихында судың орны ерекше. Негізгі
ірі геологиялық процестерге ықпалы жөнінен суға тең келетін
зат табиғатта жоқ». Ал адам өміріндегі судың маңызы туралы
академик А.П. Карпинский былай деген: «Су – ең бағалы
пайдалы қазба. Су жай ғана минералдық шикізат, өнеркәсіп пен
ауыл шаруашылығын өркендетудің дәнекері ғана емес, ол –
мәдениеттің жаршысы, ол – тіршілік жоқ жерді жандандырушы».
Су – жер бетіндегі тіршіліктің ең құнды элементі. Су
адамның күнделікті қажеттіліктерін, денсаулық сақтауды, тамақ
өнімдерін шығаруды, электр энергиясын өндіру мен аймақтық
және
жаһандық
экожүйелерді
дұрыс
ұстап
тұруды
қанағаттандыру үшін аса қажет. Жер қабатының 70% су
жайлағанына қарамастан, тұщы су небәрі 2,5 % ғана құрайды,
әрі судың 70% мұз айдындары мен жоғарғы су қабаттарында
(0,3%). Судың қалған бөлігі топырақ ылғалы ретінде көрініс
табады.
Адамзат жер бетіндегі су көп тараған субстанциялардың
бірі – тұщы су ресурстарының 1%-дан азын пайдалана алады.
Шаруашылық қызметтің ықпал етуімен, су қорларының сандық
өзгерістерін есепке алу проблемасы ХХ ғасырдың 50 жылдары,
дүниежүзінде су тұтыну күрт ұлғайған кезде туындады. Егер
1900 − 1950 жылдар арасында су тұтынудың орташа өсімі 10
жыл ішінде 156 км
3
құраса, ал 1950 жылдан 1960 жылға дейін −
630 км
3
жетті, яғни 4 есеге өсті, ал кейінгі он жылдың ішінде
800 − 1000 км
3
дейін ұлғайды.
129-тапсырма.
Мәтін
бойынша
сұрақтарға
жауап
беріңіздер.
1. Судың маңызы?
2. Судың тіршілікке қандай пайдасы бар?
3. Судың атқаратын қызметтерін атаңыздар?
4. Судың сандық өзгерістерін атаңыздар.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
68
130-тапсырма. Төмендегі үлгі бойынша сөз тіркестерін
құрап, сөйлем құрастырыңыздар.
131-тапсырма. «Су» сөзімен бірнеше сын есімді тіркестер
құрастырыңыздар.
Үлгі: сусыз аймақ
132-тапсырма. Мәтіндегі академик А.П. Карпинскийдің
судың маңызы туралы айтқан нақыл сөзін басшылыққа ала
отырып, ойды жалғастырыңыздар.
133-тапсырма. Мақалдарды оқып шығып, зат есімнің
қызметін атқарып тұрған сын есімдерге назар аударыңыздар.
1. Сыпайы сырын сақтар,
Әдепті арын сақтар.
2. Жаманның тілі ащы,
Көк мияның гүлі ащы.
3. Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
4. Жаманға еткен жақсылығың,
Жатқа кеткен малмен тең.
5. Ашулыдан алты табан қашық тұр.
134-тапсырма. Мәтіндегі цифрмен берілген сан есімдерді
сөзбен жазып, құрамына қарай талдаңыздар.
135-тапсырма. Берілген терминдерге сөйлем құрастырыңыздар
.
Абака – абака
Абиссаль − абиссаль
Су балансының теңдеуі – уравнение водного баланса
Қазақ тілі
69
Су тұздылығы – соленость воды
Қойнау – заводь
Тұндырғы – отстойник
Суағар – водослив
Су жинау, су жинау алабы – водосбор, водосборный бассейн
Суды талдау – анализ воды
Мұнара – башня
136-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Қазақстан Республикасының су ресурстары
бойынша жалпы мәліметтер
Қазақстан су ресурстарына кедей және өзендік ағыстың
көлемі бойынша әлемдік сумен ең аз қамтамасыз етілген елдер
қатарына кіреді.
Су ресурстарының тапшылығы, Қазақстанның жеке
аймақтары мен көршілес елдердің су шаруашылық саясатымен
байланысты: Ертіс, Сырдария, Жайық және Іле сияқты су
артериялары ағатын Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан.
Қазақстан тасымалдаушы суларды бірігіп пайдалану саясаты
арқылы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуі, су
ресурстарын қорғау сияқты маңызды сұрақтар көрсетілген,
өзіндік суарушылық саясатты өңдеуі керек.
Қазақстан планетаның сумен аз қамтамасыз етілген
елдеріне жатады. Су мәселелерін шешу ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылы қаңтарда бекіткен 2030 жылға
дейінгі
Қазақстаннның
даму
стратегиясының
маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады. Су ресурстары жер бетінде
және тау сағасы қабатындағы жалпы қорларына жатады. Өзен
мен көлдер, батпақ пен мұздықтар, жерасты горизонттары,
атмосфералық және топырақтық ылғал, континентальды
теңіздер (Арал мен Каспий), каналдар мен су қоймаларының
барлығы ҚР бірегей мемлекеттік су қорын құрайды.
137-тапсырма. Мәтін бойынша су ресурстарына сипаттама
беріңіздер.