Уақытты тікелей жоғалтудың алдын-алуға бағытталған шаралар. Ӛндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру және жоспарлау әрбір жұмыс орнында ӛндірістік үрдістерді орындауды еш құралдар тоқтап қалуы болмастан және жұмысшыларды аз қамти отырып, еңбек ӛнімділігінің артуына әсер етумен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Еңбек ӛнімділігін арттыруға жағдай жасайтын ұйымдастыру түріндегі басты факторларға келесілер жатады:
Күнтізбелік жоспарлауды жақсарту. Әрбір жұмыс орнын дайын бӛлшектер, құралдаржәне де басқа технологиялық
жабдықтармен қажетті мӛлшерде және белгілі бір уақытта қамтамасыз ету қажет. Жинау операция үшін бұл барлық жиналатын бұйымдар топтамасының механикалық цехтан берілуін білдіреді. Механикалық цехтарда аз кӛлемдегі бұйым жасау бұйымдарды алмастырумен байланысты станоктарды жиі ауыстырумен байланысты. Станоктан станокқа қайта ауыстырылуы кезінде бұйым ағытылып алынбайды, оған қоса, құрылғы мен жұмысшының еңбек ӛнімділігі азаяды. Дұрыс жоспарлау ӛңделетін бұйымдар топтамасының тиімді кӛлемін анықтауға мүмкіндік береді, бұл станоктар ауыстыру санын азайтуға және бұйым жасауға қажетті бӛліктерді үздіксіз бұйымды жинауға беріп отыруға мүмкіндік береді.
Бірдей ӛңделетін бұйымдардың станоктарда бекітілуі. Ӛңдеу үшін бірнеше станоктарды пайдаланудың орнына бір станокта мүмкіндігінше бірдей бұйымдарды мейлінше кӛбірек ӛңдеген дұрыс болады. Оған қоса, жұмысшыда дағды пайда болып, ол үрдісті басқаруда қажетті қозғалыстарды жылдам орындайды және бірнеше станоктарды ауыстыруға уақыт жоғалтпайды. Бұйымдарды ӛңдеуді ӛнімділігі жоғары құрылғыға ауыстыру, үдемелі жоғары ӛнімділікті жабдықтарды қолдануға, үрдісті механикаландыру және автоматтандыруға мүмкіндігі туындайды.
Үрдістерді орындауға (станоктар жанындағы стеллаждар орнату, жарық беру және басқа.) қажетті жұмысшы қозғалыстарының санын азайтуға жағдай жасайтын жұмыс орнын ұйымдастыруды жақсарту.
Жұмыс орнының қызмет кӛрсетуін жақсарту, жоспар кестесін уақытылы орындау, жұмыс орнын дайын бӛлшектер және техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, қажетті гигиеналық жағдайлар және тағы басқалар жасау.
Құрылғыны тек ауыстыру үшін және тозған құралды жӛндеу үшін құрылғы жонудың орталықтандырылуын ұйымдастыру.
Ӛңдеу үрдісі кезіндегі жоңқаларды автоматты жинауды ұйымдастыру.
Құрылғының тоқтап қалуына әкелетін кӛптеген факторларға уақытылы әсер етеін ӛндірісті автоматты басқаруды ұйымдастыру. Мысалы, белгілі бір шамаға дейін дайын ӛнім кӛлемі азайған жағдайда, автоматты түрде дайын бӛлшекті беру қажеттігін ескерту, құрылғының сынуы туралы механикке ескерту, белгіленген уақыт кезеңіне дайындалған ӛнім, ақаулар және аяқталмаған ӛндірісті автоматты есепке алу.
Ӛндірісті автоматты түрде басқару жүйесі (ӚАБЖ) бірқатар жұмысшыны машинамен ауыстыру нәтижесінде еңбек ӛнімділігіні біршама арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір станок немесе машинадан келіп түсетін ақпарат дереу электронды есептеуіш машиналарды (ЭЕМ) есептеліп және басшалық үшін ақпарат ретінде ауысым, цех және тұтастай кәсіпорын басшыларына
ұсынылады.
Ӛндірісті даярлау бойынша инженерлік-техникалық жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру кәсіпорындағы инженерлік-техникалық жұмысшылар санын қысқартып қана қоймай, сонымен қатар, әрбір жұмыс орны бойынша қажетті ақпарат (технологиялық карталар, сызбалар және басқа.) алуға мүмкіндік жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |