№57 (566) сейсенбі, 4 шілде 2015 жыл 2010 жылдың ҚАҢтарынан бастап шығады 2-бет Астана күні



жүктеу 157,46 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі157,46 Kb.
#17704


№ 57 (566)  СЕЙСЕНБІ, 14 шілде 2015 жыл        

2010  ЖЫЛДЫҢ  1 ҚАҢТАРЫНАН  БАСТАП  ШЫҒАДЫ 

2-бет

Астана күні

«Жаяу жүргінші» іс-шарасы

4-бет

Қасиетті Қадыр түні

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ДҮКЕН

 ҚЫЗЫҚТЫ САЯХАТ ӘЛЕМІ ! 

ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУҒА 

АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ 

КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар 

қызметінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек 

Сапарбаевтың Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсыр-

маларын жүзеге асыру аясында еліміздің әлеуметтік дамуы-

на арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған сондай-ақ 

ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен ҚР 

денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара 

Дүйсенова қатысты.

Сөйлеген  сөзінде  Б.Сапарбаев  Президенттің  Үкіметке 

жүктеген басты міндеті, бұл – экономикалық өсім қарқындарын 

сақтау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және жаңа жұмыс 

орындарын құру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз 

ету екенін атап өтті.

Сонымен, жұмыссыздықтың артуына жол бермеу мақсатында 

сәйкес шаралар қабылданды. Атап айтқанда, барлық өңірлерде 

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жо-

спарлары бекітілген, олармен 322 мыңнан астам адамды 

қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда 191 мыңнан астам адам 

еңбекпен қамтылды. 2,2 млн. адамды қамти отырып, жұмыс 

орындарын және жалақыны сақтау бойынша 66 мыңнан астам 

меморандум жасалды.

Денсаулық сақтау саласына қатысты Б.Сапарбаев «Сала-

матты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 

кезеңінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері оң 

динамикаға ие болғанын баса айтты. Өмір сүру ұзақтығы 

2010 жылы 68,41 жастан 2014 жылы 71,6 жасқа дейін ұзарды, 

жалпы, ана және бала өлім-жітімі, туберкулезге, онкологиялық 

және жүрек-қан тамыры ауруларына шалдығу азайып келеді. 

«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бой-

ынша 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтаудың 

жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Оның негізгі 

бағыттары алғашқы медициналық-санитарлық көмекті және 

денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін, сондай-ақ денсаулық 

сақтауға  ынтымақты  жауапкершілікті  қамтамасыз  ететін 

әлеуметтік медициналық сақтандыруды кезең-кезеңмен енгізу 

болып табылады», - деп толықтырды Премьер-Министрдің 

орынбасары.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында ба-

лаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 78,6% құрады. 

Ағымдағы жылдың соңына дейін МЖС жобаларын жүзеге 

асыруды ескергенде қосымша 162 мектепке дейінгі ұйым 

ашылады, бұл балалардың 81%-ын қамтиды.

«Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен жүз пайыз қамту 

бойынша Президенттің тапсырмасы 2020 жылға дейін орын-

далады», - деп баса айтты Б.Сапарбаев.

«Ағымдағы жылы 128 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. 

2018 жылға дейін апатты және үш ауысымды мектептерді жою 

мәселелері толық шешіледі», - деп баса айтты вице-премьер.

Бұдан өзге, Үкімет дуальді білім беру жүйесінің Жол кар-

тасын бекітті, оның шеңберінде колледждер саны 280-нен 

370-ке дейін артады. 



ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі

3-бет

Қазіргі замандағы қала балаларын айтпағанда, кейбір 

ауылдың балалары да фермада болған жоқ, олар үй жа-

нуарлары мен малдарды тек қана теледидардан немесе 

суреттерден  тамашалайды.  Жуырда  әлеуметтік  арна-

улы  қызмет  көрсету  орталығының  қызметкерлері  мен 

қамқорлыққа алынған балалар роботтандырылған сүтті-

тауарлы фермамен танысу үшін «Е.Зайтенов» ШҚ барып 

қайтты. Міне, саяхатқа шығу қандай керемет! Біз үшін басқа 

мемлекеттерге барудың қажеті жоқ, өйткені туған жерде, 

Ауданымызда БЖК-2020 бағдарламасы бойынша қаншама 

кәсіпкерлер дүкендерін ашып, өз саудаларын жасап жатыр. 

Осы бағдарламамен шілденің 7 күні Дмитриевка ауылының 

тұрғыны  жеке  кәсіпкер  Е.Першакова  «Авторадость» 

автобөлшектер сататын дүкенін салтанатты түрде ашты. 

Бұл дүкенде автокөлік жүргізушілеріне керекті құрал сай-

мандар, қосалқы бөлшектер ұсынылып отыр. Салтанатты 

ашылу рәсіміне Дмитриевка ауылдық округінің тұрғындары 

жиналып, жаңа дүкеннен алғашқылардың бірі болып сауда 

жасады. Екатерина мен Виталий былтырғы жылдан бастап 

жолдың бойындағы тұрған үйді қалпына келтіріп жөндеп, 

өздері жинаған қаржылары арқылы өз күштерімен дүкен 

ашып, халыққа қызмет ұсынып отыр. «Осы дүкенді ашуға 

қанша қаржы кетті?»,- деген сұрағымызға, 

- Иә, бұл дүкенді ашуға аз қаражат кеткен жоқ 2500 млннан 

астам қаржы кетті,- деп қысқаша жауап берді. Келешекте 

дүкенің қасынан дөңгелек жөндейтін орын ашсам деген 

жоспарларында бар екен.

Жас кәсіпкердің жұмысына табыс және сәттілік тілейміз

Т.ҚАЛИБАЕВ

туған ауылда көптеген жаңалықтар ашуға болады. 

Жолда өлең айтып, тематикалық жұмбақтар шешіп 

фермаға қалай жеткенімізді байқамайда қалдық. Ав-

тобус фермаға жақындағанда бізді Ерлан Әмірбекұлы 

Зайтенов қарсы алды. 

Ерлан Әмірбекұлы фермада балалар мен келушілерді 

таза ауа, ауылдық өмірге баулу күтіп тұрғанын айтты. 

Содан кейін біз саяхатты әрі қарай жалғастырдық. 

Мұнда балаларды барлық көргендері қызықтырып, 

үлкен әсерге бөледі.

Сиырлар  мен  бұзаулардың  қалай  ұсталатынын, 

роботпен сауылуы, малдардың азықтандыратынын 

көрді.  Біз  қонақжай  қожайындарға  жақсы  көңіл 

күймен  алғысымызды  білдіріп,  естелікке  суретке 

түсіп, ірімшік заводына аттандық. 

Балаларды ірімшік заводындағы қызметкерлер күтіп 

тұрды. Балаларды технолог Шац Андрей Анатольевич 

күтіп алып, ең бастысы заводтың жалпы жұмысын 

түсіндіріп, қызықты эскурсия жүргізді. Барлық ірімшік 

өндірісіндегі жұмыс кезеңдерін көрсетіп балаларға қызықты 

қылып айтып берді. Бізге ірімшікті дайындау процесін де 

байқауға  мүмкіндік  берілді.  Содан  біз  ірімшікті  сақтау 

қоймасына қарай бардық, қаншама ірімшіктерді көргенде 

таңғалмай қоймайсың, осы ірімшіктер аудан мен облыс 

сауда орындарына тапсырыспен жөнелтіледі екен. 

 Ал, балалар шығарда қонақкәде берілді. Ірімшіктен 

ауыз тиіп, жолға қаймақ алып, естелікке суретке түсіп, 

үй қояндарын өсіретін жерге қызықты сапарға аттанды. 

«Үй қояндары!!!» - деп, балалар айғайлап, торға қарай 

жөнелді. Кездесуде ең көп куанышты болған балалар үшін, 

үй қояндары жұмбақ болып қалды. Бір-бірімен балалар 

да, үй қояндары да сүйіспеншілікпен араласты. 

Балалар шет жақтағы аймақта орналасқан көптеген үлкен 

торайлар мен олардың балаларын көрді.

 -Бұл шошқа фермасы ма?- деп, Семен сұраса, мен 

шошқалардың бәрі бір түсте екен десем, олар әртүрлі 

тіпті қаралары да болады екен - деп, Азат таңқалды. 

  Жұмысшылар  торайларды  өте  жақсы,  дәмді 

азықтандырады екен . Біз олардың кандай тәбеттерімен 

жегендерін байқадық. 

Балалар фермада үй қояндарымен ойнап және жүгіріп, 

шаршап, балалық бақыттың қызығына қанықты. Бала-

ларды мұндай саяхат шаттыққа шақырады. Балаларға 

фермада  серуендеу  өте  ұнады.  Олардың  ішіндегі 

кейбіреулері алғаш рет жануарлар фермасына барды. 

Біз бір күн саяхатта көптеген қызықтарды танып 

білдік, әртүрлі маман иелерімен таныстық, әртүрлі 

жануарлар мен малдардың біраз құпияларын білдік. 

 Осындай бізге қуаныш сыйлаған ШҚ басшысы Ерлан 

Әмірбекұлы Зәйтеновке үлкен рахметімізді айтамыз. 

Сіздерге шын көңілден қамқоршылық көрсетіп, қамкөңіл 

балаларға сабырлылықпен шаттық сыйлағандарыңызға 

көп рахмет! Өз туған жерімізде осындай игілікті істерді 

көріп балалар үлкен қуанышпен оралды. 

Г.АРГУМБАЕВА, 

әлеуметтік арнаулы қызмет көрсету 

орталығының директоры



Аудан тынысы 2

№ 57 (566) 14 шілде 2015 жыл

Аудан ажары

2015 ЖЫЛДЫҢ 23-30 МАУСЫМЫ 

АРАЛЫҒЫНДА НЕГІЗГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК 

БАҒАЛАРЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ?

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, АСТАНА!

2015 жылғы 6 шілдеде Новошульба ауылының 

ауылдық клубының алаңында «Астана күніне» 

арналған мерекелік іс-шара өтті. Таңертеңнен 

бері  клуб  маңайында  мерекелік  әуен  ойнап, 

көрермендер жиналып жатты. Іс-шараны жүргізуші 

М.Қабамбаев пен Л.Цвенгер ашты. 

Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала – Бас қала,

Астана өсуде.

Биыл Астана қаласына 17 жыл толып отыр. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігі мен  саяси 

ерлігінің арқасында Астана елорда мәртебесін алып 

қана қоймай, Отанымыздың жүрегіне айналды.

А.Лягин, А.Нам, М.Қабамбаев және К.Түсіпжанов 

көрермендерді музыкалық нөмірлерімен құттықтады. 

Ән шырқалып жатқанда көрермендер қоса айтып, 

билеп тұрды. Музыкалық нөмірлердің арасында 

жүргізушілер «Астана – Қазақстанның елордасы» викторинасын өткізді. А.Осипова сұрақтың басым бөлігіне 

жауап бергені үшін бірінші орынды иеленіп, шырын сыққыш ұтып алды, ал екінші орын алған Э.Бұғымбаеваға 

электр шәйнегі бұйырды, ал үшінші орын алған А.Байсадаховқа шай сервизі сыйға тартылды.

Сонымен  қатар  би  билеуден  байқау  өтті,  бұл  байқауда  Ресейден  келген  қонақ  И.Антипова  жеңіп,  әдемі 

суретті ұтып алды. Музыкалық байқауда А.Беденко жеңіп, құнды сыйлықпен марапатталды.  Басқа да байқауға 

қатысушылардың барлығы да сыйлықтармен марапатталды.

Мереке соңында ауылдық клубтың спортзалында «Астана күніне» арналған ШҚО ББ  «Новошульба облыстық 

балалар үйі» КММ командасы мен Новошульба ауылының құрама командасы арасында волейболдан турнир 

өтті. Барлық қатысушыларға медаль табысталды.

Мереке өте жақсы өтті, көрермендер өте жақсы көңіл-күйде тарасты.

Е.КАУН, Новошульба а/о 

АСТАНА КҮНІ 

Новопокровка  ауылының  ауылдық  клубын-

да  «Астана  күніне»  арналған  мерекелік  іс-

шара  өткізілді.  Іс-шара  ауылдық  клубтың  би 

топтарының қатысушылары дайындаған әдеби 

монтаждан басталды. Балалар отанымыздың кең 

байтақ жерлері мен қымбатты астанамыз туралы 

өлеңдерін оқыды. Би топтарының репертуарларына 

әйгілі қазақ әншілерінің орындауында «Астана» 

туралы патриоттық әндеріне билері енді. Әрине 

балалар көрермендер үшін флешмобты орында-

ды. Осы жолы олар Жугунусов ағайындарының 

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына 

жүргізген мониторингі 2015 жылдың 23-30 маусымы аралығында бөлшек 

сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады:

1 санатты жұмыртқа Ақтауда 12%-ға он данасына 170-тен 150 теңгеге 

дейін арзандады. Баға төмендеуі көтерме сауда бағаларының он данасына 

140-тан 110 теңгеге дейін арзандауымен байланысты.

Талдықорғанда қызанақ 20%-ға 250-ден 200 теңге/кг-ға дейін, Атыра-

уда 21%-ға 284-тен 225 теңге/кг-ға дейін, Қызылордада 13%-ға 150-ден 

130 теңге/кг-ға дейін, Ақтауда 12%-ға 285-тен 250 теңге/кг-ға дейін, 

Алматыда 12%-ға 183-тен 161 теңге/кг-ға дейін, Оралда 19%-ға 220-дан 

178 теңге/кг-ға дейін және Таразда 10%-ға 111-ден 100 теңге/кг-ға дейін 

арзандады. Баға көрсеткіштерінің арзандауына сатылымда арзан жылы-

жай өнімі мөлшерінің артуы мен нарықтың өніммен қанығуы әсер етті.

Қияр Астанада 13%-ға 211-ден 183 теңге/кг-ға дейін, Атырауда 33%-ға 

173-тен 116 теңге/кг-ға дейін, Өскеменде 25%-ға 224-тен 168 теңге/кг-ға 

дейін, Қарағандыда 18%-ға 176-дан 145 теңге/кг-ға дейін, Қостанайда 

14%-ға  175-тен  150  теңге/кг-ға  дейін,  Қызылордада  10%-ға  100-ден 

90  теңге/кг-ға  дейін,  Ақтауда  17%-ға  300-ден  250  теңге/кг-ға  дейін, 

Алматыда 11%-ға 122-ден 108 теңге/кг-ға дейін, Оралда 13%-ға 90-нан 

78 теңге/кг-ға дейін және Таразда 33%-ға 100-ден 67 теңге/кг-ға дейін 

арзандады. Баға көрсеткіштерінің арзандауына сатылымда еліміздің 

оңтүстік облыстарынан әкелінетін арзан ашық топырақ жағдайында 

өсірілген өнім мөлшерінің артуы (жаппай пісуі) мен нарықтың өніммен 

қанығуы әсер етті.

Өскеменде сатылымда биылғы жылы өсіп шыққан қымбат пияздың 

сатылуы себебіне байланысты өнім бағасы 16%-ға 100-ден 116 теңге/

кг-ға дейін қымбаттады.

Шымкентте өнім мөлшерінің артуы және жергілікті өндірушілер мен 

көтерме саудагерлердің баға көрсеткіштерін төмендетуі әсерінен пияз 

20%-ға 100-ден 80 теңге/кг-ға дейін арзандады.

Өнім мөлшерінің артуы және көтерме саудагерлердің бағаны төмендетуі 

әсерінен картоп Алматыда 15%-ға 104-тен 88 теңге/кг-ға дейін және 

Таразда 13%-ға 80-нен 70 теңге/кг-ға дейін арзандады.

Көкшетауда  қырыққабат  11%-ға  90-нан  80  теңге/кг-ға  дейін  және 

Қостанайда  12%-ға  85-тен  75  теңге/кг-ға  дейін  арзандады.  Өнімнің 

арзандауына нарықтың еліміздің оңтүстігінен әкелінген ерте пісетін 

отандық өндірушілердің өнімімен қанығуы себеп болды.

Қостанайда сәбіз 10%-ға 105-тен 115 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. 

Бағаның қымбаттауына өнім мөлшерінің азаюы және сатушылардың 

көтерме сауда бағаларын 88-ден 93 теңге/кг-ға дейін ұлғайтуы себеп 

болды.

Астанада тәтті бұрыш 12%-ға 520-дан 456 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 



10%-ға 325-тен 291 теңге/кг-ға дейін, Талдықорғанда 10%-ға 500-ден 

450 теңге/кг-ға дейін, Көкшетауда 30%-ға 500-ден 350 теңге/кг-ға дейін, 

Атырауда 21%-ға 525-тен 417 теңге/кг-ға дейін, Өскеменде 18%-ға 531-ден 

433 теңге/кг-ға дейін және Қарағандыда 38%-ға 544-тен 336 теңге/кг-ға 

дейін арзандады. Тәтті бұрыштың арзандауына еліміздің оңтүстігінен 

және Өзбекстаннан әкелінетін өнім мөлшерінің артуы және көтерме 

сауда бағаларының төмендеуі себеп болды.

Осы себеппен баялды бағасы Астанада 17%-ға 461-ден 384 теңге/кг-

ға дейін, Көкшетауда 30%-ға 500-ден 350 теңге/кг-ға дейін, Өскеменде 

15%-ға 442-ден 377 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда 10%-ға 309-дан 277 

теңге/кг-ға дейін және Алматыда 42%-ға 311-ден 179 теңге/кг-ға дейін 

арзандады.

Сатылымда Өзбекстан мен еліміздің оңтүстігінен әкелінген қара шие 

мөлшерінің көп болуы себебімен өнім бағасы Астанада 13%-ға 1283-тен 

1113 теңге/кг-ға дейін, Көкшетауда 17%-ға 1200-ден 1000 теңге/кг-ға 

дейін, Өскеменде 10%-ға 1442-ден 1301 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда 

13%-ға 1220-дан 1058 теңге/кг-ға дейін және Павлодарда 13%-ға 1300-

ден 1130 теңге/кг-ға дейін арзандады.

Астанада алхоры бағасы 12%-ға 700-ден 616 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 

18%-ға 594-тен 488 теңге/кг-ға дейін, Көкшетауда 13%-ға 400-ден 350 

теңге/кг-ға дейін және Өскеменде 26%-ға 749-дан 554 теңге/кг-ға дейін 

төмендеді. Бұған себеп нарықтың өніммен қанығуы және көтерме сауда 

бағаларының төмендеуі.

Астанада шабдалы 10%-ға 641-ден 578 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 

20%-ға 758-ден 606 теңге/кг-ға дейін, Көкшетауда 25%-ға 500-ден 375 

теңге/кг-ға дейін, Өскеменде 16%-ға 543-тен 458 теңге/кг-ға дейін және 

Қарағандыда  20%-ға  572-ден  459  теңге/кг-ға  дейін  арзандады.  Баға 

көрсеткіштерінің төмендеуі өнім мөлшерінің артуымен және көтерме 

сауда бағаларының арзандауымен байланысты. 

Сатылымда өнім мөлшерінің артуы және сатушылардың көтерме сауда 

бағаларын төмендетуі әсерінен алхоры Ақтөбеде 24%-ға 630-дан 480 

теңге/кг-ға дейін, Көкшетауда 30%-ға 500-ден 350 теңге/кг-ға дейін, 

Өскеменде 30%-ға 520-дан 363 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда 11%-ға 

521-ден  464  теңге/кг-ға  дейін  және  Қостанайда  15%-ға  650-ден  550 

теңге/кг-ға дейін арзандады.

Құлпынай  Ақтөбеде  12%-ға  968-ден  850  теңге/кг-ға  дейін  және 

Қостанайда 12%-ға 850-ден 750 теңге/кг-ға дейін арзандады. Өнімнің 

арзандауы көтерме саудагерлердің бағаны төмендетуімен байланысты.

Қарағандыда керісінше құлпынай бағасы қымбаттады. Оған сатылымда 

қымбат саяжай өнімінің пайда болуы әсер етті. Жидектің бағасы 541 

теңге/кг-нан 658 теңге/кг-ға дейін артты.

Еліміздің оңтүстігінен және Өзбекстаннан әкелінетін өнім көлемінің 

артуына байланысты Ақтөбеде қарбыз бағасының 17%-ға 90-нан 75 

теңге/кг-ға төмендеуі байқалды. Шымкентте жергілікті ауылшаруашылық 

тауар өндірушілердің өнімінің көптеп әкелінуі көтерме сауда бағаларын 

төмендеуіне әкеліп, қарбыздың 1 кг 48%-ға 58-ден 30 теңге/кг-ға дейін 

арзандады.

Еліміздің оңтүстігінен және Өзбекстаннан әкелінетін өнім мөлшерінің 

артуы әсерінен қауын Астанада 48%-ға 388-ден 200 теңге/кг-ға дейін, 

Өскеменде 22%-ға 317-ден 246 теңге/кг-ға дейін арзандады.

Шымкентте өнімнің жеткізілім мөлшерінің артуы және өндірушілер 

мен сатушылардың бағаны төмендетуі әсерінен қауын 33%-ға 150-ден 

100 теңге/кг-ға дейін арзандады.

Облыстық баспасөз орталығы

«Астана» туралы әйгілі өлеңдеріне биледі.

Кітапханашы Т.Поухова біздің астанамыздың 

құрылу тарихы туралы біраз әңгімелеп берді. 

Содан кейін округте хабарланған «Сәлем, 

Астана!» атты вокалды сайысы өтті. Бірнеше 

ән орындап, домбыра шерту шеберлігімен таң 

қалдырған Қарағайлы ауылының тұрғыны 

Қайырханова Гульнара сайыстың женімпазы 

атанды. Сонымен қатар сайысқа жеке кәсіпкер, 

белсенді  қоғам  қайраткері  К.Жуандыкова, 

«Ляйсан» ЭМБ қатысушысы Р.Сарсембекова, 

«Ажар»  қазақ  ансамблінің  қатысушысы 

А.Ахмадиева және әкім аппаратының қызметкері 

А.Байтемирова қатысты. Катысушылардың 

орындауында қазақ, орыс және татар тілдерінде 

әндер орындалды. Барлық қатысушыларға 

Бородулиха ауданының мәдениет, тілдерді 

дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінен 

сыйлықтар табыс етілді.

Оған қоса Нұрсұлтан атты екі бала Ураз-

канов пен Кеңес сыйлықтар алды. Ұлдардың туған 

күндері  Астана  күні  және  біздің  президентіміздің 

туған күнімен тұспа-тұс болғандықтан ата-аналары 

осындай ат қойған. Сонымен қатар іс жүзінде ұлдар 

көп балалы отбасынан болғандығы қуандырады. Іс-

шара мерекелік би кешімен аяқталды.

А.ОРДЫБАЕВА, 

Новопокровка ауылдық клубының меңгерушісі 

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР 

КЕҢЕСІНІҢ І КОНГРЕСІ 

2015  жылғы  1  шілдеде  Астанада  Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан 

Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер 

істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі 

ұлттық комиссияның төрайымы Г.Н.Әбдіқалықованың 

қатысуымен  Қазақстан  Республикасы  «Атамекен» 

Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасының  Іскер  әйелдер 

кеңесінің І Конгресі өтті. 

Гүлшара Әбдіқалықова Конгреске қатысушылар алдында 

сөйлеген сөзінде, Мемлекет басшысының бастамасымен 

жүргізіліп отырған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 

жаңа экономикалық саясатты, бес институционалдық 

реформаны, Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» 

әйелдердің қатысуынсыз іске асыру мүмкін еместігін 

атап өтті. Қазіргі уақытта ел бойынша орта есеппен 

41,5% астам шағын және орта бизнес субъектілерге 

әйелдер жетекшілік етіп отырғанын, 1086,5 мың жеке 

кәсіпкерлердің ішінде 542,9 мың кәсіпкер әйел азаматтар 

екендігін атап айтты. 2014 жылы әйелдер 794,5 мың 

жұмыс орнын қамтамасыз етті, бұл шағын және орта 

бизнес секторындағы барлық жұмыс орнының 30% 

құрайды. Мұның баршасы әйелдер бизнесін одан әрі 

дамытуда және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге 

қабылеттілігін арттыруда қолданылып отырған жүйелі 

шаралардың нәтижесі. 

Мемлекеттік хатшы Іскер әйелдер кеңесінің алдына 

бірқатар басым міндеттерді белгілеп берді. Атап айтқанда, 

кәсіпкерлік қызметтің әйелдерге тән дәстүрлі түрлерін 

қолдау;  өңірлік 

деңгейде әйелдер 

к ә с і п к е р л і г і 

мектептерін (клуб-

тарын) жаппай құру 

және ашу; әйелдер бизнесін дамытуға көрсетіліп отырған 

мемлекеттік қызметтерге тұрақты түрде мониторинг жүргізу; 

бизнестегі әйелдер көшбасшылығын ынталандыру. 

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова Кон-

гресте сөйлеген сөзінде, ағымдағы жылы еліміздің барлық 

облыстары, Астана және Алматы қалаларында іскер әйелдер 

кеңестері құрылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Кеңес төрайымы 

республикалық кеңес әйелдердің бизнес-процестерге және 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамаларын 

жүзеге асыруға белсенді түрде жұмылдырылатынын атап өтті. 

Конгреске  қатысушылар  кәсіпкер  әйелдердің  іскерлік 

әріптестігін республикалық және өңірлік деңгейде одан әрі 

дамыту жолдарын талқылады. Өңірлерде жаңадан құрылған 

Іскер әйелдер кеңестерінің өкілдері әр өңірге тән мәселелер 

жайында айтып, мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстарын 

білдіріп, оның ішінде еңбекпен қамту, бизнестің әлеуметтік 

жауапкершілігі, отбасылық-демографиялық саясатқа қатысты 

ойларын ортаға салды. 

І Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша елімізде 

әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамыту жолында атқаратын 

Кеңестің стратегиясы мен негізгі бағыттары белгіленді. 

Ақпарат орталығы



Аудан тынысы

3

№ 57 (566) 14 шілде 2015 жыл

Қоғам келбеті

2015 жылдың 6 шілдесінде Астана күні қарсаңында Ивановка ауылдық 

клубында екі бірдей шара өткізілді. Меркелік концертте «Балапан » 

шығармашылық ұйымының балалары ән шырқап, би биледі. Бас қала - Астана 

туралы тақпақтар айтты. Осы мерекелік шара үстінде құттықтау сөз Новодво-

АСТАНА МЕРЕЙІ

"ХҚКО" РМК ШҚО бойынша филиалы Бородули-

ха аудандық бөлімдерінің 2015 жылдың ІІІ-тоқсанына 

арналған Мобильдік ХҚКО-ның сапарға шығу кестесі

ровка ауылдық 

округі  әкімі 

аппаратының 

ж е т е к ш і 

м а м а н ы 

Л.Борозенцева 

мен ауылдық 

ә й е л д е р 

к е ң е с і н і ң 

м ү ш е с і 

Л.Неловченкоға 

берілді.Олар 

тұрғындарды 

аталған мереке-

мен құттықтай 

о т ы р ы п , 

«Аст анада 

бой көтерген 

з а м а н а у и 

ғимараттарға баршамыз да куәміз. Астана - арман қала. Астанамыз 

гүлдене берсін, еліміз аман болсын!»,- деді.

Сонымен қатар, Астана күніне орай Бородулиха ауданының орталығында 

меркелік жәрмеңке ұйымдастырырлып, оған Ивановка ауылы атынан 

С.Функ сүт өнімдерін шығарды.

Мерекелік  іс-шаралар  кезінде  дөңгелек  үстел  ұйымдастырылды. 

Оған ауыл тұрғындары және Ивановка орта мектебінің оқушылары 

қатысты. Дөңгелек үстел үстінде ауыл кітапханашысы А.Заманбекова 

Астананың 17 жылдық тарихы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, 

«Гүлденген Астана!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балаларға 

Астананың көрікті, керемет ғимараттарының фотосуреттері көрсетіліп, 

шағын ақпараттар берілді.

Астананың тарихи бойынша сауалнамалық сұрақ-жауап ойындары 

ойнатылды.  Белсене  қатысқандарға  сыйлықтар  берілді.  Осылайша 

Ивановка ауылында «Астана күні» мерекесі барлық сән-салтанатымен 

өткізіліп, кешкілік жастарға арналған би кеші болды.



Е.МАУЫТҚАЗИНОВА 

 Еуразия жүрегінде, тұлпардың тұяғы, сұңқардың қанаты талатын  кең байтақ қазақ жерінің кіндігінде орналасқан 

еліміздің бас қаласы - Астана биыл 17 жасқа толды. Айтулы күнді барша қауым ерекше көңіл-күймен, үлкен 

қуанышпен атап өтті. 

Астана-Қазақстанның елордасы. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. Астана қаласы бір мың тоғыз жүз 

АСТАНА - ЕЛІМІЗДІҢ ЖҮРЕГІ

тоқсан жетінші жылы 

Қазақстанның астана-

сы болып жариялан-

ды. Мұнда көптеген 

ғимараттар, саябақтар 

бар. Астананың жанын-

да Қорғалжын қорығы 

орналасқан. Осы қысқа 

уақыттың ішінде Аста-

на гүлденген, дамып 

келе жатқан қалаға 

айналды.

Соңғы  жылдары 

қалада мәдени-ағарту 

мекемелері нің желісі 

едәуір көбейді. 3 те-

атр, 23 кітапхана, 5 

мұражай, 1 клуб, 2 

кинотеатр, мемлекеттік 

филармония, 2 сарай, 

3 балаларға арналған 

музыка мектебі, өнер 

мектебі, көркемөнер 

мектебі жұмыс істейді.

Халықты спортпен 

және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды 

және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 

25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.

Бүкіл қазақ жұрты болып тойлайтын мерекеден ауданымыздың ішкі істер бөлімі де шет қалған жоқ. Осы 

мерекеге орай аудандық ішкі істер бөлімінің акт залында барлық полиция қызметкерлері арасында мерекелік 

іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Оразалина «Астана! Еліміздің жүрегі!» 

атты баяндама оқып, Н.Назарбаев туралы деректі фильмдер көрсетті.  Іс-шара соңында шағын футбол алаңында 

футболдан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. 

Астананың туған күні – барша елдің еңсесін көтеретін ұлы той. Елордамыз қарыштап дамып, тәуелсіз еліміз 

ұлы тойлардың куәсі бола берсін! «Астана күні» құтты болсын!



Бородулиха АІІБ кадр жұмысы бөлімі 

 Жол көлік оқиғасына тікелей себеп болып табылатын ол жылдамдықты 

сақтамау, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына  шығу және жаяу 

«ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ» 

ІС-ШАРАСЫ

Енді  Белағаш,  Бақы,  Переменовка,  Жерновка  және  Степной 

ауылдық округтерінің тұрғындары ХҚКО, ЗТМО және Казпошта 

қызметтерін өз елді мекендерінен шықпай-ақ алу мүмкіндігіне 

ие болады. 

Бородулиха ауданының шеткері елді мекендерінде мемлекеттік 

қызмет көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, ауылдық округ 

әкімдігінің хаты негізінде жергілікті басқару органының өтінімі 

бойынша  жоспардан  тыс  елді  мекендерге  бару  сапарларын 

ұйымдастыру мүмкіндігі бар. 

Мобильді ХҚКО-ның елді мекендерге бару кестелерін «ХҚКО» РМК  

www.con.gov.kz ресми сайтындағы «Мобильді ХҚКО» бөлімінен, 

Бородулиха аудандық әкімінің boroduliha.vko.gov.kz сайтындағы 

«Мобильді ХҚКО» бөлімінен, «Аудан тынысы» аудандық газетінен, 

сонымен қатар, ауылдық округ әкімдіктерінен алуға болады.  

«ХҚКО» РМК Бородулиха аудандық бөлімі

ЖҰРТ НАЗАРЫНА

жүргіншілерге жол 

бермеу  болып 

табылады.

 Аудандық ішкі 

істер бөлімінің 

әкімшілік поли-

ция бөлімшесінде 

10-12 

шілде 


а р а л ы ғ ы н д а 

«Жаяу жүргінші» 

атты жедел алдын 

алу  іс-шарасы 

болып 

өтті. 


Осы аталған іс-

шарада АІІБ ӘПБ 

күшейтілген түрге 

көшіп қоғамдық 

тәртіпті    және 

жол  қозғалыс  

қауіпсіздігін қамтамасыз ету  жұмыстары жандандырылды. Өткізілген  

іс-шара нәтижесінде барлық 25 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылып 

оның ішінде 2 жүргізуші мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін, 

сақтандыру белдігін тақпаған 7 жүргізуші, жылдамдықты асырған 

3 жүргізуші, жаяу жүргіншілер жүретін жерде тоқтамағаны үшін 4 

жүргізушіге және әртүрлі жолда жүру ережесін бұзғандарға ескертулер 

мен айыппұлдар салынды.

АІІБ ӘПБ



E-mail: borodulihapuls@mail.ru

Газет  аптасына 2  рет  шығады. Жарияланған материалдардағы деректердің 

дәлдігі үшін автор жауап береді. Басылған материалдардағы пікір редакциянікімен 

сәйкес келмеуі мүмкін. Хаттар мен қолжазбалар қайтарылмайды. Жарнама 

мен хабарламаның дәлдігі үшін редакция жауап бермейді.

Газет “Шығыс-Ақпарат”

ЖШС - нің баспаханасында басылады.

Өскемен қ., Космическая 6/3

Көлемі 2 баспа табақ

Редакцияның мекен-жайы: 070400, ШҚО

Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік к. N 69

Тел/факс 8(72351) 2 16 60 ТАП: 5828

Таралымы 3080 оның ішінде «Аудан тынысы»580

“Аудан тынысы - Пульс района”

аудандық газетінің бас редакторы

Екатерина БОЙЧЕНКО 

БАҚ жекеменшік иесі:

“Шығыс ақпарат” ЖШС

Директор НҰРЖАН ҚУАНТАЙҰЛЫ

Газет ҚР Иивенстициялар және даму министрлігі Байла-

ныс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде тіркеліп, 

аудандық «Аудан тынысы» - «Пульс района» газеттерінің 

тіркеу туралы N 15346-Г куәлігі (04.05.2015) берілген

“Аудан тынысы” газетінің редакторы

Мейрамгүл АТАЕВА

Аудан тынысы

4

№ 57 (566) 14 шілде 2015 жыл

КӨҢІЛ АЙТУ

Бородулиха аудандық ішкі саясат бөлімі ұжымы Бодаев Еміл Қайратұлының 

өмірден өтуіне байланысты Оразалина Анар Қайратқызына және 

туған туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.



Тұлпардың ізі өшпейді

(хикаят, сыр-дастан, естеліктер)



(Басы өткен нөмірде)

С.ТӘБӘРІКОВ

Талай ғасыр бойы көктеп тұрған бәйтерек, бір 

күнде  күлге  айналады.  Дегенмен,  тамыры  аман 

болса, отқа күйген діңнің түбіне жаңағыдай жас 

шыбықтар көктейді. Бірақ, ол баяғы деңгейіне жету 

үшін қаншама дәуір керек», - деген жүрекжарды 

ниет-тілеуін  оқыған  едік.  Бір  кездесіп  Ахатпен 

әңгімелескенімізде:  -  Бүркіт  көрдім,  ұя  салатын 

болар, - деген еді.

Ел тарихын, жер тарихын білу – ықылым заманнан 

келе жатқан ата дәстүрі. Қазыналы қария көкейінде 

бері  айтқанда  екі  ғасыр  дерегі  болады.  Бірін  өз 

көзімен  көрсе,  екіншісін  көргендердің  көргенді 

сөзінен  естіп  біледі.  Бұл  ретте  ұлы  Абайдың  да 

айтқаны бар еді: «Әділет пен ақылға, сынатып көрген 

білгенін, Білдірер алыс-жақынға, Солардың сөйле 

дегенін». Демек, Тілеуің болса адал, ақ тамшыдан 

теңіз құралар, Атадан қалған аманат, Бабадан қалған 

мұра бар дейтінге жүгінеміз. Әлқисса: біздің зама-

нымыздан алты жүз миллион жыл бұрынғы дәуірде 

Орталық Қазақстанның орнында таяз теңіз болыпты 

(палеозойдың бастапқы кезеңі). Алғашқы аралдар 

тік шаншыла көтеріліп, шөгінділер кең аңғарларға 

айналады: мұның ақыры осы күнгі таулы аймақтардың 

жаралуымен аяқталады. Ұлан байтақ кең сары жон 

тауы мен жазық аралас түзілген аймақ Сарыарқа 

аталады. Міне, осы Сарыарқаның апай төсінде пайда 

болған Абыралы тауы әуелде «Жалаң мәңгі тау», 

«Қамал тау» атаныпты. Айтса айтқандай-ақ, сонау 

жаугершілік заман, екі ел феодалдары  арасындағы 

күрес екі ғасыр бойына соөылғаны тарихтан белгілі. 

Қазақ-қалмақ арасы дүркін-дүркін шайқаспен өткен. 

Міне, сол дәуірде қалмақтар иеленген жерлеріне 

өз атауларын қойып, «Мыржық», «Доржы» деген 

сияқты сөз тілге айналған Абыралы тауының да 

парақ-парақ тарихы, өнегелі өмір өткелдері өзгеріске 

түскені де анық. Тек, соңғы бір осы тау үшінболған 

шайқаста, жауын жеңген қазақ батырларының мерейі 

үстем болады. Жеңіліп бас иген қалмақтың батыры 

соңғы тілегін айтып, жалбарынса керек, ұрпағым 

жоқ тұлдыр едім. Осы таудың атын «Қорған тау 

емес, менің есімімді берсеңдер», - деп еңіренген 

көрінеді. Бұл туралы дастан, өлеңдер де жазылған, 

ауыздан-ауызға көшкен. Б.Әбдіқадыровтың «Гауһар» 

поэмасынан да оқыған едік.

«Қоңыр тау, бұқпасы көп Абыралы,

Жорықтың естіледі дабыры әлі.

Абылай заманында аталыпты,

Мерт болып жекпе-жекте Абыр - Әлі»

Мұнда да, қазақ ұлтының адал перзенттерінің кекшіл 

емес,  текшілдігін,  барша  адамзатты  жат  көрмейтін 

бауырмалдығын мәңгіге паш еткендей ұлы рух тағылымы 

бар.  Толыбай  батырдың  жаугершілік,  шабындыда 

олжаланған Айсұлудан Естемес, Жайлау есімді екі ұл 

туады. Жайлаудан әйгілі Кемелбай батыр туса, Есте-

местен туатын Жаманқұлдың балаларының есімдері 

Абыр, Сабыр және Бабыр боп аталуы кездейсоқтықтан 

болмас. Абырдан ұрпақ жоқ. Ал, Бабырдан Олжабай, 

Мұхтар есімін алған балаларының ұрпағы күні бүгінге 

жалғасады. Ал, Сабырдан туған Жұманбай, Ғалым, 

Нұрғали ұрпағы жаңа Семейдегі Комсомол 12 үйде 

тұрып, бала-шағалы өсіп өнгенінің куәсімін. 

Тарихи шежіреде: 1758 ж. Цинь империясы Жоңғарларды 

тас талқан етіп жеңеді. Ал, қазақ-қалмақ арасындағы 

1773  ж.  кескілескен  «Аңырақай  соғысы  да»  қазақ 

батырларының айтулы жеңісі болатын. Қазақ даласындағы 

Мәңгілік елдің ары мен намысын асқақ ұстаған қаншама 

ер тұлғалар өтті дүниеден. 

Зерттеуші  ғалым  (радио  хабарынан):  «Қалмақты 

XVII ғасырда Ертіс бойы, таулы өлке арқылы батысқа 

дейін «Коридор жасағандай». Алтай, Тарбағатай тау-

ларында қалмақтар болған. Жалпы, қалмақтар – қан 

жағынан қазақтармен қан араласқан, оған сіңіп кеткен 

ең  жақын  халық  қалмақтар  өздерін  «Қаракесекпіз» 

дейді. Қалмақтар жауынгер халық болған. Қазақтың 

моңғолдардан бөлініп кетуіне де қалмақтар себепкер 

болған», - деген дерек айтады. (2009 жыл 24 ақпан). 

Рухани шежіреде: «Жаулықта да ант ішіп, екі ұлттың 

бейбітшілік көксеген батырлары пәтуаласып, тауға қазақ 

пен қалмақ батырларының есімдерін қосақтап «Абыр 

Әлі» дейтін екі батыр атағына ие болады. Бұл 1778 ж. 

қарсаңы болса керек. Бұл тұста Қалмақтар үшін сауға 

сұрап, тізе бүкпеске еш шарасы қалмағанды. 

Сөйтіп,  бүгінге  дейін  екі  елдің  достығына  айғақ, 

жеңіске аспан асты ескерткіш тұғырдай Абыралы тауы 

аталып, мәңгілік таулығына табиғат сыйындай асқақ 

шың, құзды ірі таудың бірі дерсіз!

 Бір кезде бес болыс ел жайлаған Абыралы елінің қарты 

Құлжан: «Атағың Алатаудай Абыралы, Сөгесің еске түссе 

қабырғаны, Сай-сайдан бұлақ ағып сарқыраған, Сол 

мекен қай уақытта табылады» - деп аңыра, күйзелетіні 

жан қынжылтпай ма?! 

Абыралы бүкіл әлемге ортақ өзекті мәселе болуды 

қалайды!..

Жаңа ғасыр – жаңа сезім ғасыры болмақ. Жаңа дәуір 

есігі айқара ашылмақ.



(жалғасы келесі санда)

Қадыр түні (араб. |لَيْلَةِ الْقَدْرِ — Ләйләт-ул-Қадыр) — қасиетті түн. Ораза (Рамазан) айының 

соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің “Қадыр сүресінде” айтылған. 

Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы 

екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі 

және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға 

оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына 

Қасиетті Қадыр түні

байланысты мұсылмандар 

Қадір түнін құлшылықпен 

өткізуге тырысады. Кейбір 

риуаяттарға қарағанда Қадір 

түні. Рамазан айының 27-

ші түні, дегенмен Қадір 

түнінің дәл қай түн екені 

белгісіз. Сондықтан тақуа 

кісілер  Ораза  айының 

соңғы он түнін түгелдей 

құлшылықпен өткізеді.

Қадыр  түні  -  бүкіл 

адамзатқа  Құран  түсе 

бастаған ерекше қасиетті 

түн. Араб тіліндегі «қадр» 

сөзі «мән-маңыз» және 

«өлшем» деген мағынаны 

білдіреді. Сонымен қатар 

бұл сөз «құдырет» мағынаны 

да қамтиды.

Қадыр түнінің қасиетін 

жұмыр басты пенде өз 

ақылымен  біле  алмай-

ды. Сондықтан оның қадір-қасиетін Жаратушымыздың өзі «Қадір» сүресінде: «1. Біз Оны 

(Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) 

қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез 

келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) 

таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады», - деп баяндайды.

Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Аллаһ Қадір түнін үмбетіме сый 

ретінде тарту етті, бұл бұрынғы үмбеттерге берілмеген» деп, бұл сыйдың қадірін білуге 

шақырады. Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім сауабын тек қана Аллаһтан күтіп, ықыласпен сол 

түнді ғибадат жасаумен өткізсе, күнәлары кешіріледі», - дейді. Сондықтан мүмкіндігінше, 

әрбір пенде Қадір түнінде берілетін сыйдан мақұрым қалмауға тырысуы керек. Ол түнді бос 

өткізбей, дәрет алып, екі бас болса да намаз оқып, Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімінен шын 

жүректен сұрап, дұға еткен жөн.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың 

сауабы он есе болса, ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың 

есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді», - деген.

Тағы бір хадисте: «Рамазан айы бойынша ақшам және таң намазын жамағатпен оқыған 

адам Қадір түнінен көп несібе алады», - деген.

Қадыр  түні  Пайғамбарымыздың  (саллаллаһу  аләйһи  уәсәлләм)  үмбетіне  деген  терең 

сүйіспеншілігінен туындаған дұғасының құрметі үшін қабыл болған. Имам Маликтің «Му-

атта» атты еңбегінде риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) 

алдыңғы үмбеттердің өмірлері көрсетілгендігі айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи 

уәсәлләм) сол сәт: «Ұзақ өмір сүрген осы үмбеттер жасай алмайтындай амалдарды менің 

үмбетіме аз уақыт жасай алуды нәсіп ете гөр», деп дұға жасағанда, Аллаһ Тағаланың мың 

айдан қайырлы осы Қадір түнін нәсіп еткендігі баяндалған. (Қадір түні мың айға тең деп 

Құранда айтылған бұл сан есеп бойынша 83 жыл, 4 айға тең келеді).

Құдыреті  шексіз  Раббымыз  үмбетіне  рақымдылық  қалағандықтан,  Қадір  түні  Рамазан 

айының қай түні екенін ашық айтпаған. Бұл сынақ әлемінде мүміндер ұдайы Аллаһтың 

разылығын іздеп, құлшылық жасасын деген мақсатпен Жаратқан иеміз бұдан да басқа өте 

маңызды нәрселерді құпия қылған. Мәселен, өмірдегі ажал белгісіз, адамдар арасындағы 

әулиелер белгісіз, көркем есімдерінің арасында Аллаһтың ұлық есімдері белгісіз, жұма күнгі 

дұғаның қабыл болатын уақыты белгісіз, күллі құлшылықтың ішінде Аллаһтың разылығы 

қайсысында екені, дәуірлердің ішінде қияметтің қашан екені, Рамазан айында Қадір түнінің 

қай түн екені белгісіз. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бұл 

түннің Рамазанның соңғы он не жеті күніндегі (21, 23, 25, 27) тақ күндердің бірінде екенін 

айтқан. Алайда ислам ғұламаларының көпшілігі оның 27-інші түн екендігін мақұлдаған әрі 

бүкіл мұсылман әлемі бұны осылайша қабылдаған. Әрине бүкіл жұртшылық осылай сеніп, 

осылай қабыл еткен болса, Аллаһ Тағала да миллиондаған құлдарының ниетін қабыл етіп, 

ол түнді шын мәнісіндегі қадыр түні етер, иншаллаһ.

Арабшадағы «Қадр» сөзі қадірін білу деген мағынаны да қамтиды. Олай болса, қадірім 

артсын десеңіз, бұл түннің қадірін біліңіз. Бұл түні таң ағарып атқанға дейін Аллаһ Тағаланың 

мейірімі төгіліп тұрады.

Әзірлеген: М.ТҮЙЛЕБАЕВА

Мұқым мұсылман әлемі отыз күн оразадан кейінгі Шәууал айы-ның 

алғашқы үш кү-нінде Ораза айт ме-рекесін тойлайды. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) Ораза айт мерекесін алғаш рет хижраның екінші жылы (624 жылы) 

атап өткен. Бізге жеткен салих дереккөздерге қара-ғанда, Исламға дейін 

Мәдина халқы әрбір жылы екі күн ұлан-асыр той жасайтын болған. 

Меккеліктер: «Бұл қандай мереке?» — деп сұрағанда, мәди-налықтар: 

«Жаһилиет дәуірінен бері тойлап келе жатқан мерекеміз»,— деп жауап 

беретін. Бұны естіген Хақ Елшісі (с.а.у.): «Алла тағала сіздердің бұл 

мерекелеріңізді Фитр (ораза айты) мен Құрбан мерекесі етіп өзгертті»,— 

деп бұйырады. Осы хадистегі «Фитр мерекесін» Ислам ғұламалары 

отыз күнгі оразадан кейінгі Ораза айт мерекесі деп біледі. Осылайша, 

Алла Елшісі (с.а.у)-ның бастамасымен ескінің сарқыншағы жаңа илаһи 

екі мерекемен алмастырылған болатын.

Ханафия мазхабының ғұламалары “Кәусар” сүресіндегі «Фасалли 

ли Раббикені...» (Сондықтан айт намазын оқы) Ораза айт намазына 

жасалған ишара деп біледі. Осыған орай біздің мазхабымызда Ораза 

айтының намазын оқу уәжіп (міндетті) саналады. Ал, Шафийлер мен 

Маликилерде сүннет муәккада (уәжіпке жақын сүннет), Ханбалия-

да парыз кифая (ешкім қылмаса, барлығына күнә жазылады) болып 

табылады. Ораза айт намазы күн найза бойы көтерілгенде (кераһат 

уақытының шығуы, яғни күн шыққаннан кейін қырық бес минут өткен 

соң) мешіттерде оқылады.

Ораза айты — отыз күндік оразаны аман-есен аяқтағаннан кейін, 

бейне осыған шүкіршілік іспетті илаһи шуағы мол мереке. Ай бойы 

Алланың разылығы үшін ашқұрсақ жүріп, көзді харамнан, құлақты 

өсек тыңдаудан, тілді ғайбат сөйлеуден тыйып, көңіл айдынын хақ 

дариясымен суарып, жүректі ақиқат сырларына малындырып, адамзат 

баласы «мумин» (Хаққа жан-тәнімен илану) мақамына көтеріледі. Осы 

илаһи жаңа леппен қауышуына орай, Алла тағалаға сансыз шүкіршілік 

ретінде Ораза айты күні мұсылман қауымы екі рәкат намаз оқиды. 

Намаздан кейін «Ораза қабыл болсын!», «Айт құтты болсын!» деп 

бірін-бірі құттықтап, мәре-сәре болып жатады. Осы күні дүйім жұрт 

дүркіретіп той жасап, дастарқан жайып, аста-төк ас беріп, бары мен 

нарын хақ жолына жұмсайды.

Мұхаммед (с.а.у)-ның үмбеті Қазақ халқында айт күндері қырық немесе 

жетпіс үйге айттап кіріп шығу керек деген дәстүр бар. Әлбетте, шариғат 

мұндай санды міндеттемейді. Бұл қонақжай қазақ халқының ақжарма, 

кең пейілдігінен туындаған ізгі салт екені белгілі. Жалпы, отыз күнгі 

ораза мұсылмандарды тақуалыққа баулыса, айт күнгі қуаныш күйбең 

тіршіліктегі өкпе-назды ұмыттырып, мұсылмандардың бауырмалдығын 

күшейте түседі. Олай болса, отыз күнгі оразамен халқымыз тақуалық-

қа бой ұрып, тектілік тұғырына көтерілсін! Ораза айт мерекесімен 

ұлтымыздың мерейі тасып, бірлігі мен тірлігі арта берсін деп тілейміз!



М.ИСАХАН

Ораза айт - 

шүкіршілік мерекесі

жүктеу 157,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау