Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»



жүктеу 6,23 Mb.
бет19/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

Бақылау сҧрақтары


    1. Еңбек ӛнімділігін арттыру мүмкіндігіне құрастырмалы шаралар әсері қандай?

    2. Егер бұйым технологиялық болмаса, технологиялық үрдіс операцияларын автоматтандыру сұрақтарымен айналысуға болама?

    3. Бұйымның стандартталу және сәйкестендірілуінің коэффициентін анықтауға мүмкіндік беретін құрастырылымның технологиялығының сандық кӛрсеткіштерін келтіріңіздер.

    4. Еңбек ӛнімділігін арттыруға ұйымдастыру сипатындағы шаралар қалай әсер етеді ?

    5. Операция барысында қосымша кӛмекші уақытты қысқартудың негізгі бағыттарын атаңыз.

    6. Қызмет кӛрсетуге арналған уақытты қысқартудың негізгі бағыттарын атаңыз.

    7. Операция барысында машина уақытын қысқартудың негізгі бағыттарын атаңыз.

    8. «Автоматтың айналымдық ӛнімділігі» ұғымын түсіндіріңіз.

    9. «Автоматтың технологиялық ӛнімділігі» ұғымын түсіндіріңіз.

    10. «Автоматтың нақты ӛнімділігі» ұғымын түсіндіріңіз.

  1. Тарау



ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҤРДІСТЕР - АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ӚНДІРІС НЕГІЗІ




    1. Технологиялық ҥдерістер – автоматтандырылған


ӛндірістің негізі

Автоматтандырылған ӛндіріс жағдайларда технологиялық үдерістерді жобалау ерекшеліктері


Автоматтандырылған ӛндірістің негізі ретінде бұйымдарды жасау кезінде оның жоғары ӛнімділігін, сенміділігін, сапалығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін технологиялық үдерістерді айтады. Бұл жағынан автоматтандырылған ТҮ жобалау кезінде қолданылатын ӛңдеу мен құрастырудың үдемелі, жоғары ӛндірмелі әдістер үлкен маңыздылыққа иеленеді.
Автоматтандырылған ӛндірістің (АӚ) ТҮ-ні әзірлеу кезінде оның барлық элементтері кешенді түрде қарастырылады: бұйымдарды жүктеу-түсіру, оларды орналастыру және бекіту, бақылау, операцияаралық кезеңдегі тасымалдау, қаттау және т.б. Сондықтан автоматтандырудың мүмкіндіктері мен нәтижелілігін бағалау үшін ТҮ-ні салалау маңызды.
ТҮ ӛңдеу мен құрастырудың тән ерекшеліктері жұмыс үрдісінде бӛлшектер мен құрал саймандардың бір біріне қарасты дәл бағыты болып табылады. Бӛлшектердің дәл бағытын талап етпейтін ӛңдеу мен құрастыруға қарағанда, термоӛңдеу, кептіру, бояу және басқа үрдістер екінші топқа жатады.
Сонымен қатар ТҮ дискретті және үзіліссіз болып бӛлінеді. Дискретті үрдістерге жұмыстық және бос қозғалыстардың кідірмелілігі мен дәл реттілігі тән. Үзіліссіз үдерістер бірқалыпты, кенет ӛзгермейді (мәселен, орталықсыз тегістеу, тарту). Осындай бӛлімдеу шартты мінездемеге ие, ӛйткені үдерістердің кӛбін дискреттілік пен үзіліссіздікті үйлестіреді.
Автоматтандырылған ӛндірістің ТҮ автоматтандырылмаған ӛндірістердің технологияларымен салыстырғанда келесі объективті
факторлармен шартталған ӛзгешеліктері бар:

  1. Автоматтандырылған ТҮ кесу арқылы механикалық ӛңдеу операцияларды ғана емес, қысыммен ӛңдеуді, термоӛңдеуді, құрастыруды, бақылауды, қаптауды, сондай-ақ кӛлік-қойма және тағы басқа операцияларды қамтиды.

  2. Ӛндіріс үдерістердің автоматизациялау мен икемділікке деген талаптар технологиялардың кешенді және егжей-тегжейлі ӛңделуін, ӛндіріс объектілерінің мұқият талдауын, маршруттық және операциялық технологиялардың ӛңделуін, берілген сапасындағы бұйымдарды дайындау процесінің сенімділігі мен икемділігін қамтамасыз етуін қажет етеді. Технологиялық шешімдердің толықтығы жабдықтар үшін басқарушы бағдарламалардың дайындау деңгейіне дейін жеткізілуі тиіс.

  3. Шығарылатын бұйымдардың кең номенклатурасы жағдайында технологиялық шешімдердің кӛпнұсқалығы.

  4. Әр түрлі технологиялық бӛлімшелермен орындалатын жұмыстардың жоғары дәрежелі бірігуі.

Ӛндірістің технологиялық дайындалуының мерзімдерін қысқарту мен жетілдіру қажеттілігі ТҮ жобалауда түбегейлі жаңа тәсілдің қажеттілігін туғызды - автоматтандырылған жобалау жүйе (АЖЖ) арқылы. ТҮ автоматтандырылған әзірлеу нәтижелілігі жобалаудың барлық сатыларында типтік және жеке технологиялық шешімдердің ұтымды үйлесіммен, сонымен қатар шығарылатын бұйымдардың, жабдықтардың және ТҮ ӛздерінің стандарттау және біріздендіруінің жоғары деңгейімен анықталады.
Икемді технологияларды енгізуі, есептеу техника құралдары мен роботтардың кең қолдануы жаңа бұйымдарды әзірлеу кезінде технологиялық үдерістерді тез және тиімді қайта құруына мүмкіндік береді, бұл машина жасау саласында басым ұсақ сериялы және сериялы ӛндіріс жағдайларында аса маңызды.
Автоматтандырылған ӛндірістік жүйелердің (АӚЖ) потенциалды мүмкіндіктерін ашу және барынша нәтижелілігін қамтамасыз ету оларды жобалау кезінде тек қана терең технологиялық әзірлеулер алдын алған жағдайында және сонымен бірге технологиялардың негізгі қағидаларының орындалуы жағдайында мүмкін. Олардың кейбіреулерін қарастырайық.

  1. А я қ т а л у қ а ғ и д а с ы . Бір АӚЖ шегінде барлық операцияларды орындау ұмтылуының қажеттілігі, яғни жартылай фабрикаттарды басқа бӛлімшелер немесе қосалқы бӛлімшелерге аралық тапсырусыз. Осы қағиданы жүзеге асыру үшін бұйымдардың технологиялылығын қамтамасыз ету; ӛңдеу және бақылаудың жаңа бірыңғай әдістерін әзірлеу; жоғары

технологиялық мүмкіндіктерімен АӚЖ жабдығының түрін кеңейту және негіздеу жӛн.

  1. А з о п е р а ц и я л ы қ т е х н о л о г и я л а р қ а ғ и д а с ы . ТҮ операциялардың барынша мүмкін ірілендірумен және операциялар мен операциялардың қондырғыларының ең аз санымен қалыптастыру. Осы қағиданы жүзеге асыру үшін бірінші қағиданы орындау үшін қажет ететін шаралар қажет, сонымен қатар ТҮ автоматтандырылған жобалау әдістерін қолдану арқылы бағдарлар мен операциялық технологиялардың оңтайландырылуы.

  2. « С и р е к х а л ы қ т ы » т е х н о л о г и я л а р қ а ғ и д а с ы . Барлық ӛндірістік кезең шегінде АӚЖ автоматты жұмысты қамтамасыз ету. Осы қағиданы орындау үшін АӚЖ кірістік технологиялық параметрлерінің ауытқуын тұрақтандыру (дайындамалар, құрал-саймандар, станоктар, керек-жарақтар), операциялық ақпараттық қамту әдістерін кеңейту және сенімділігін арттыру, икемді, бейімді басқару жүйелеріне (БЖ) кӛшу қажет.

  3. « Ж ӛ н д е у с і з » т е х н о л о г и я л а р қ а ғ и д а с ы . Жұмыс позицияларында жӛндеу қажет етпейтін ТҮ әзірленуі, бұл кеңноменклатурды АӚЖ үшін әсіресе ӛзекті. Бұл қағида үшінші қағидаға жақын, және оны жүзеге асыру үшін аталған шаралар қажет.

  4. Б е л с е н д і б а с қ а р ы л а т ы н т е х н о л о г и я л а р қ а ғ и д а с ы . ТҮ басқарудың ұйымдастыруы мен бұл ТҮ туралы жұмыс ақпараты негізінде жобалық шешімдердің түзетуі. Басқару кезеңінде қалыптасатын технологиялық параметрлерімен қатар ӛндірісті технологиялық дайындаудың (ӚТД) бастапқы параметрлері де түзетілуі мүмкін. Осы қағиданы жүзеге асыру үшін ТҮ бейімді басқарудың әдістері мен алгоритмдерін, ӛз-ӛзін үйрететін АӚЖ құру үшін деректер базасының статистикалық түзету әдістерін әзірлеу қажет.

  5. О ң т а й л ы л ы қ қ а ғ и д а с ы . ӚТД әр кезеңінде шешімдердің қабылдау және бірыңғай тиімділік ӛлшемі негізінде ТҮ басқарылуы. Осы қағиданы орындау үшін ТҮ оңтайландыру әдістерінің қолданылуы, АӚЖ жұмысының жағдайы үшін оңтайландыру алгоритмдерінің әзірленуі, аталған алгоритмдерді іске асыру үшін арнайы техникалық, аппараттық, бағдарламалық құралдарының қолданылуы және әзірленуі қажет.

Оңтайлылық қағидасы барлық деңгей мен кезеңдерде технологиялық міндеттерді шешу үшін бірыңғай әдістемелік негіздемені жасайды, аталған тапсырмалардың айрықша тиімді, бірмәнді және ӛзара байланыстырылған шешімдерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қарастырылғандардан басқа АӚЖ
технологиялары үшін басқа да қағидалар тән: компьютерлік технология, ақпараттық қамтамасыз етуі, бірігу, қағазсыз құжаттама, топтық технология. Олардың барлығы ӚТД бірыңғай жүйесіне біріктірілген, бұл ең тиімді техникалық шешімдерді іске асыратын және АӚЖ әлеуетті техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін ашатын АӚЖ айрықша жаңа технологияны әзірлеу мәселесін кӛтеруге мүмкіндік береді.
Топтық технология қағидасы барлық АӚЖ үшін іргелі болып табылады, ӛйткені ӛндірістің икемділігін қамтамасыз етеді.



    1. жүктеу 6,23 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау