бойынша шаралар
Еңбек ӛнімділігі ӛндірісте зор рӛль атқарады. Жұмысшылардың еңбек ӛнімділіктері кӛптеген факторларға тәуелді болып табылады, себебі кәсіпорынның түрлі инженерлік-техникалық қызметтерімен, саланың ұйымдастырылуымен және тұтастай халық шаруашылығымен байланысты. Кәсіпорын шегінде еңбек ӛнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін шаралардың үш негізгі түрін атап кӛрсетуге болады:
құрастырмалық:
ұйымдастырушылық;
технологиялық.
Қҧрастырмалық шаралар. Құрастырмалық шаралар бұйымның және оның бӛлек құраушы элементтерін технологиялық құрастырылымын жасаумен байланысты. Бұйым құрастырылымы технологиясын қолдану аясына қарай ӛндірістік және пайдаланылатын деп бӛледі.
Құрастырылымның ӛндірістік технологиясы/әдістемесі ӛндірістің құрастырылымдық және технологиялық дайындығына және бұйым жасау үрдісі барысында уақыт шығынын азайтуда білінеді. Уақыт шығынын қысқарту, сәйкесінше, барлық сатыдағы еңбек ӛнімділігі шығынын қысқарту – еңбек ӛнімділігіні арттырудың маңызды факторы болып табылады.
Бұйымның құрастырмалылығының пайдалану технологиясы бұйымға техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеу кезіндегі уақыт пен қаржы шығындарын қысқартуда кӛрінеді. Бұйым дайындалуындағы еңбек сыйымдылығының тӛмендеуіне бұдан әрі келтірілетін құрастырылымның технологиялық кӛрсеткіштері әсер етеді.
Бұйымның стандарттық және сәйкестендірілген бӛліктерін қолдану жобалауға арналған уақытты қысқартып, бұйымның бұған дейінгі құрастырылымын игеру барысындағы тәжірибені пайдалануға, сонымен қатар, бұл бӛлшектердің орталықтандырылған ӛндірісінің алғышарттарын құрайды. Мамандандырылған кәсіпорын жаппай немесе ірі топтамалы ӛндіріс арқасында жоғары экономикалық тиімділікпен үдемелі экономикалық үрдістерді, автоматтандырылған құрылғыларды және оғары ӛнімділікті жабдықтауды қолдануға мүмкіндік береді, бұл еңбек шығындарын ғана тӛмендетіп қоймай, сонымен қатар, ӛнімнің ӛзіндік құнынының біршама азаюына әкеледі.
Стандарт — құзыретті органдармен бекітілетін нысанға қойылатын үлгі, талаптар, ережелер, үлгі-нұсқасы немесе қалыптар
кешені. Стандарттар мемлекеттік (МЕСТ), салалық (СС) стандарттар және кәсіпорын стандарттары (КС) деп бӛлінеді. Стандарттар қолдануға міндетті болып табылады.
Сәйкестендіру — бірдей қызмет ету мақсатындағы (типтік кӛлемдері, қалпы, белгісі және басқа.) нысандарды ұтымды қысқарту. Бұл стандарттаудың қолдануға міндетті болып табылмайтын әдістері.
Бұйым бӛлшектерін стандарттау және сәйкестендіру ӛзара толығымен немесе ішінара алмастыруларға алып келеді, бұл бұйымға техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеу жұмыстарын жеңілдетеді.
Бұйымдағы стандартталған бӛліктер саны бұйымның стандартталу коэффициентімен сипатталады
кст = (Ест + ДСТ)/(Е + Д),
мұндағы, Ест — бұйымдағы стандартты жинақталған бӛліктер саны: Дст — бұйымның қосалқы бӛліктері болып табылатын және Ест (стандартты бекітетін бұйымдар есептелмейді) құрамына кірмейтін стандартты бұйымдар саны; Е — бұйымдағы жинақталатын бірліктер саны; Д — жинақталатын бірліктер құрамына кірмейтін бұйымның құраушы бӛліктері болып табылатын бұйымдар саны.
Ест және Дст құрамына ӛзара алмастырылатын, сатып алынған және қайта стандартталған жинақталушы бірліктер мен бұйымдар кіреді.
Бұйымдағы сәйкестендірілген бӛлшектер саны бұйымның сәйкестендірілу коэффициентімен сипатталады
Ку = (Еу + ДУ)/(Е + Д),
мұндағы, Еу — сәйкестендірілген жинақталушы бірліктер саны; Ду
Еу (стандартты бекітетін бұйымдар есептелмейді) құрамына кірмейтін және бұйымның құраушы бӛліктері болып табылатын сәйкестендірілген бұйым саны; Е және Д —сәйкестендірілген және түпнұсқалы жинақталатын бұйымдар мен бірліктердің сәйкесінше саны.
Еу және Ду стандартталған, ӛзара сәйкестендірілген сәйкестендіріле сатып алынған жинақталушы бірліктер мен бұйымдардан құралады.
Сәйкестендіру коэффициенті құрастырманың жарамдылығын сипаттайды. Ку неғұрлым жоғары болса, соғұрлым құрастырылым технологиялы болады. Бұйымның қосалқы бӛліктерінің стандартталуы және сәйкестендірілуі саланың бір немесе бірнеше кәсіпорындары шегінде жоғарыда кӛрсетілген артықшылықтарын құрайды. Жинақталушы бірліктер мен бұйымдардың жаслаған бұйымда қайталануы осы бұйымды құраушы бӛліктердің сәйкестендірілуі мен стандартталуын сипаттайды.
Қайталану коэффициенті
Кпов = 1 - Q/(Е + Д).
мұндағы Q — бұйымның қосалқы бӛлшектерінің
атауларының саны.
Кпов неғұрлым жоғары болса, соғұрлым құрастырылым технологиялы болады.
Түрлі материалдардың шектеулі санын қолдану материалдық- техникалық жабдықтау, қоймалау, бұйымдарды тасымалдау және дайындау үрдістерін оңайлатады. Бір материалдан бұйым жасау барысында, түрлі материалдан бұйым жасау барысындағыдай, жасау режимдерін ауыстыру талап етілмейді.
Мүмкіндігінше тапшылығы жоқ, жеңіл ӛңделетін, арзан, нақты және жоғары сапалы дайын ӛнім жасауға мүмкіндік беретін материалдар болуы шарт.
Материралдың қолдану коэффициенті кпм аталған материалдың ты бұйымдағы т бұйымын құрастырудағы жалпы шамасына қатынасымен қолдану деңгейін сипаттайды:
кп.м = mim/ m.
Айналмалы және жазық түрдегі бұйымның құрастырмалы элементтері темір кесуші станоктарда оңай ӛңделеді. Жазық беткейлердің басқа түрлерін ӛңдеу қиынға соғады. Ӛңделетін құралға қатысты жазық беткейлер тік немесе кӛлденең орналасуы қажет. Бұйым беткейінің кӛлемдері, дәлдік дәрежесі және кедір- бұдырлығының бірдей болуы, бірдей бұрандалы, оймакілтекті және тісті болуы, түйіндесі радиустары және басқа да элементтерінің сәйкес келуі оларды бірдей құралмен, бірдей станокта, бір үйлестіруші-реттеуші кӛмегімен және ӛңдеу режимінде ӛңдеуге мүмкіндік береді. Осылайша, құралдарды ауыстыруға және станоктан станокка ауысуға уақыт шығындалмайды, яғни еңбек ӛнімділігі артады.
Сәйкестендірілген құрастырмалық элементтер саны үлкен шама болуы тиіс. Ол құрастырмалы элементтердің сәйкестендірілу коэффициенті арқылы сипатталады
Ку. э — (Qу.э/Q>
мұндағы Qу.э — құрастырмалы элементтердің сәйкестендірілген типтік кӛлемдерінің (бұранда, ойық, жүзі, саңылауы және басқа.) саны; Q — бұйымдағы (дайын ӛнім) құрастырмалы элементтердің сәйкестендірілген типтік кӛлемдерінің саны.
Бұйымның біртипті қосалқы бӛліктері оларды бірдей үрдіспен ӛңдеуге мүмкіндік береді; оған қоса, үдемелі технологиялық үрдістерді енгізу, М және А деңгейін арттыру, бұйым дайындау мерзімін қысқарту, бұйымға техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеу, дайындау мерзімдерін қысқарту үшін жағдай жасайтын ӛндірістің топтамалылығы арта түседі.
Үрдістер сәйкестігінің техникалық кӛрсеткіші болып дайындау (жӛндеу, техникалық қызмет кӛрсету) барысындағы типтік технологиялық үрдістер санының ктп пайдаланылған үрдістердің
жалпы санына Qn қатынасымен анықталатын типтік технологиялық үрдістерді қолдану коэффициенті ктп табылады:
ктп = Qт.п/ Qn
Бұйымның құрастырылу технологиялығын тұтастай бағалау үшін қолданылатын негізгі кӛрсеткіштер болып мыналар табылады:
бұйымды жасаудағы еңбек сыйымдылығы:
ти = Σтi,
мұндағы, тi — бұйымның қосалқы бӛліктерін дайындау, жинау және сынау барысындағы еңбек сыйымдылығы, кӛлем сағат;
Бұйым жасау еңбек сыйымдылығы бойынша құрастырылым технологиялылығының деңгейі:
Ку.т = 1 - Ти/Тб.п
мұндағы, Тб.п — бұйым жасау еңбек сыйымдылығының базалық кӛрсеткіші, кӛлем сағат;
Бұйымның технологиялық ӛзіндік құны:
с т = с м + С3 + Сп.р,
мұндағы, См — бұйым жасауға жұмсалаған негізгі материалдардың құны, теңге; С3 — аударымдарын қоса алғандағы ӛндірістік жұмысшылардың жалақылары, теңге; Сп.р — электр энергиясына, құрылғыны, құралды және қосалқы бӛлшектерін жӛндеу және амортизациясына, майлау-салқындату сұйықтығына (МСС), ысқылаушы және басқа да бұйым ӛндірісі үрдісімен қарастырылған материалдарға кеткен цех шығындарының бір бӛлігі, теңге;
Технологиялық ӛзіндік құн бойынша құрастырылым технологиялығының деңгейі:
Ку.с — 1 - Си/Сб.т ,
мұндағы, Си — бұйым жасау құны, теңге.; Сбт — технологиялық ӛзіндік құн бойынша базалық кӛрсеткіші.
Бұйым құрастырудың түрлі жасалу жолдарын салыстыра отырып, негізгі кӛрсеткіштері ең тӛмен ӛзіндік құннан жоғары болатын құрастырылым жолы түрін таңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |