«Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 51,61 Kb.
Дата27.12.2017
өлшемі51,61 Kb.
#6137

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2015.07.12 № 681 БҰЙРЫҒЫНА 1-ҚОСЫМША

Дата: 10.03.2017 12:46:01


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 7 желтоқсандағы

681 бұйрығына



1-қосымша

 

 



«Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 



1. «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) жүзеге асырады.

 

 



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:



1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 1 жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жоғары оқу орны ректорының ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы бұйрығы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:



бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына ауысу немесе қайта қабылдау кезінде:

1) білім беру ұйымы басшысының атына ауысу немесе қайта қабылдау туралы ерікті нысандағы өтініш;

2) оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің көшірмесі;

Шетелдік білім беру ұйымынан ауысу және қайта қабылдау кезінде:

1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт);

2) Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат.

Қазақстан Республикасында жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстыру немесе қайта қабылдану кезінде балы белгіленген өту балынан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатын ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

 

 



3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе)

олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі

шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

 

10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 мекенжайй бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.



Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымда көрсетілген қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып


қойылатын өзге талаптар

 

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының жоғары оқу орындарында тікелей алуға мүмкіндігі бар.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


жүктеу 51,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау