Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет76/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   107

233 
 
   6 тарау 
 
ШЕТКЕРІ ЖАБДЫҚ 
 
 
 
 
    6.1.   
АҚПАРАТТЫ ЕНГІЗУ ҚҰРАЛДАРЫ 
 
6.1.1. Сканерлер 
Сканер — бұл мөлдір немесе мөлдір емес жазық кескіндемелерді, мəтін 
немесе  көлемді  объектілерді  нүктелік  оптикалық  талдауға  ұшыратып, 
олардың сандық көшірмелерін жасайтын өлшеу құралы. 
Кескіндеме тасымалдаушысымен жұмыс істеу əдісі бойынша сканерлер 
келесі түрлерге бөлінеді: 
■ 
планшетті  сканер  —  мөлдір  шынысы  барпланшет,  оған  сканерлеу 
объектісін  орналастырады;  қағаз  құжаттарының  үй  жəне  кеңселік 
көшірмелерін жасау үшін қолданылады;
 
■ 
қолсканері  —  сканер  объектінің  беті  бойыншақолмен  жылжытылады, 
штрихкодты  оқу  немесе  кескіндемелерді  ноутбуктарға  тасымалдауға 
арналған;
 
■ 
парақтық  —  қағаз  парағы  сканердің  ішіндегі  бағдарлаушы  аунақшалар 
бойынша  тартылады;  кеңселерде  құжаттаманың  үлкен  көлемінің 
көшірмесін жасау үшін қолданылады;
 
■ 
планетарлық  (кітаби  сканерлер)  —  сканерлеу  барысында  объектімен 
байланысқа түспейді, кітаптарды, түптелген құжаттарды, қалың жəне ірі 
өлшемді  түпнұсқаларды,  сонымен  қатар,  оңай  зақымдалатын 
құжаттарды кəсіби енгізу жəне көшірмелеу үшін қолданылады;
 
■ 
барабандық  —  объект  өз  осі  бойынша  айналып  тұрған  мөлдір 
цилиндрдің  (барабанның)  ішкі  немесе  сыртқы  қабырғасында 
орналастырылады; жоғары сапалы полиграфияда қолданылады;
 
■ 
слайд-сканерлер  —  үлдірлі  слайдтар  сканерлеу  нысаны  болып 
табылады.
 
ДЭЕМшеткері  құрылғылары  ретінде  стандартты  кең  тараған  А4 
форматындағы  қағаз  құжаттармен  жұмыс  істеуге  арналған  планшетті 
сканерлер  кеңінен  тарады  (ұзындығы  29,7  см  жəне  ені  21  см  өлшеміндегі 
парақ). 


234 
 
Планшетті  сканерлердекескіндемені  көшіру  үшін  жарықтың  жыл- 
жымалы  көзінің  көмегімен  кескіндемені  фотосенсор  сызғышына  жолма- 
жол  проекциялау  тəсілі  қолданылатын  ССD  (Charge-Coupled  Devices  — 
зарядтық  байланысы  бар  аспап)  жəнеCIS  (Сойай  Image  Sепsог  — 
кескіндеменің  түйіспелі  датчигі)  технологиялары  негізінде  екі  базалық 
технология қолданылады. 
Сканедің  негізгі  механикалық  торабы  —екі  бағытта  жылжи  алатын 
жарық  көзі  бар  күймеше.  Сканерлейтін  күймешеге  тісті  белдік  қатты 
бекітілген, ол қадамдық электр қозғалтқышын қозғалысқа келтіреді. 
Планшеттік CCD-сканерлерде  күймешемөлдір жылжымайтын шыныда 
орналасқан  көшіру  нысанына  қатысты  бірізді  дискретті  қадаммен 
жылжиды,  ал  кескіндеме  айналар  жүйесінің  көмегімен  объектив  арқылы 
ЗБА сызғышына проекцияланады. 
Объект планшеттің шынысына сканерленетін бетімен төмен қойылады. 
Шынының  астында  ұзын  шам  мен  рефлекторлық  шағылдырғышы  бар 
жылжымалы күймеше орналастырылады (6.1-сур.). 
Кескіндеменің  кең  жолын  ұзындығы  азырақ  ЗБА  сызғышына 
проекциялау үшін күрделі оптикалық жүйемен жабдықтауға тура келеді. 
Сканерлеу  барысында  шам  планшет  шынысының  басынан  бастап 
аяғына  дейін  жылжып  отырады  жəне  қозғалтқыштың  əр  қадамы  сайын 
көрсетілетін  объектінің  жолағы  тұтастай  көшіріледі.  ЗБАсызғышы  шам 
шынының  (құжат  парағының)  басынан  аяғына  дейін  қадамдап  жылжыған 
сайын объектіден шағылысатын ақпаратты жолма-жол бекітіп отырады. 
 
 
 
6.1 
-сур. ПланшеттіCCD-сканердің сұлбасы: 
— айналар жүйесі; — сканерлеу объектісі; — пәндік шыны; 4  — шамы  
бар күймеше; — ЗБА сызғышы; — объектив 
 
 


235 
 
Бір  сызғышты  қолданғанда  CCD-сканерлеу  үшрет  айналдыра  орындал- 
ды,  яғни  күймеше  объектінің  бойымен  үш  рет  өтіп,  ЗБА  алдындағы 
ауыспалы  сүзгілердің  немесе  сəуле  таратудың  əртүрлі  диапазондағы 
шамдардың  көмегімен  қызыл,  жасыл  жəне  көк  түстері  туралы  деректерді 
біртіндеп оқып шықты. 
Бір  өтпелі  сканерлеу  үшін  сканерлерде  əртүрлі  түрлі-түсті  сүзгілермен 
үш  ЗБА  сызғыш  орнатылады,  сондықтан  барлық  үш  түс  бір  уақытта 
жазылады. 
Жарық  көзі  ретінде  көбінесе  суық  катодты  люминесценттік  шамдар 
қолданылады.  Олардың  қызмет  мерзімі  ұзақ  (шамамен  5  000...10  000  с), 
бірақ жұмыс режиміне өте ұзақ өтеді (шамды қыздыру уақыты 30 с бірнеше 
минутқа  дейін  құрайды).  Осы  себепті  кейбір  сканерлерде  шамдарды 
сканерлеуден кейін өшірмейді. 
Шам  сипаттамаларының  ескіруін  өтеу  үшін  (ұзақ  пайдалануда  бұл 
міндетті  түрде  орына  алады),  сканерлеркөшірудің  алдында  автоматты  
түрде  жарық  ағынының  оның  корпусының  алдында  орналасқан  ақ-қара 
нысана бойынша калибрлеу процедурасын орындайды. 
ЗБА  сызғышы  қабылданатын  жарық  ағынының  түстер  мен  ашықтық 
өзгерулерін аналогты электр сигналдарына түрлендіреді. Олар түс жіберуді 
түзету  мақсатында  аналогты-цифрлық  түрлендіргішке  түседі,  сосын 
цифрлық ақпарат ДЭЕМ-ға жіберіледі. 
Кескіндеменің  жолдары  нүктелер  боынша  оқылады.  ЗБА  сызғышында 
жарықсезгіш  элемент  неғұрлым  көп  болса,  ұзындық  бірлігінен  соғұрлым 
көп  нүкте  алынады  жəне  сканердің  оптикалық  (көлденең)рұқсаты  көбірек 
болады.  Аппараттық  (тік)  рұқсат  сканер  механикасының  дəлдігімен 
анықталады  жəне  күймешенің  кескіндеменің  əр  дюймына  қадам  санымен 
анықталады. 
Сканер  объектінің  бір  сызғыштық  дюймында  қабылдауға  қабілетті 
нүктелердің  саны  — dpi  (dots  per inch  —  дюймға  нүктер)  рұқсатты  өлшеу 
бірлігі  болып  табылады,  сондықтан  сканердің  құжаттамасында  екі  мəн 
көрсетіледі  (мысалы,  600х1200  dpi):  бірінші  сан  ЗБА  сызғышындағы 
элементтердің  (пикселдердің)  санымен  анықталатын  көлденең  рұқсат 
береді,  ал  екінші  санды  қозғалтқыштың  əр  дюймге  қадамдар  санына 
негізделетін тік рұқсат береді. 
Айыру  қабілетін  арттыру  үшін  оптикалық  айыру  қабілетін  екі  есе 
арттыру əдісі — VAROS (VAriable Refraction Optical System — өзгертілетін 
сындыруымен оптикалық жүйе) жəне қосарлы сканерлеу қолданылады. 
VAROS негізіндегі сканерлеу  құрылғысы планшетті сканердің дəстүрлі 
сұлбасын объектив пен ЗБА-сызғыштың арасында орналасқан жылжымалы 
шыны пластинамен толықтырылады. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау