Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет81/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   107

248 
 
6.2.2. Плоттерлер 
Плоттер  (графиксалғыш,  кең  форматты  принтер)  —  векторлық 
графиканы  нүктелік  сызу  жəне  үлкен  форматты  (А1,  А0)  растрлық 
кескіндерді:  суреттер,  сұлбалар,  күрделі  сызбалар,  карталар  немесе  қағаз 
немесе калькадағы басқа графикалық ақпаратты салуға арналған құрал. 
Плоттерлер төмендегідей жіктеледі: 
■ 
кескінді (сызбаны) қалыптастыру əдісі бойынша;
 
■ 
тасымалдағышты жылжыту əдісі бойынша;
 
■ 
сызба бастиегінің типі бойынша.
 
Плоттерлер кескінді (сызбаны) қалыптастыру əдісі бойыншарастрлық 
жəне векторлық болып бөлінеді. Р аст р лы қ плоттерлердің сызба бастиегі 
бар,  ол  қағазға  қатысты  бір  бағытта  ғана  жылжып,  жеке  жолдар  бойынша 
түсірілетін  нүктелерден  кескіндемені  қалыптастырады.  В  е  к  т  о  р  л  ы  қ 
плоттерлер  (ықтиярлы  сурет  салумен)  парақ  жазықтығында  бастиектің 
қадамдық  қозғалысының  сегіз  негізгі  бағытын  қолдана  отырып,  кескінді 
қалыптастырады,  ол  тек  қана  түзу  емес,  қисыз  сызықтарды  да  сызуға 
мүмкіндік береді. 
Тасымалдағышты  жылжыту  әдісі  бойынша  плоттерлерпланшеттік 
жəне орама (барабандық) болып бөлінеді. 
П  ла  нш  е  т  ті  к  плоттерлерде  қағазкөлденең  жазықтықта  қозғалмай 
бекітіледі,  бастиек  бұл  жазықтық  бойынша  векторлық  кескіндемелер 
құрып, бірнеше бағыттарда жылжи алады. 
Орама  (барабандық)  плоттерлерде  көлденең  (жолмен)  бастиек 
қозғалады,  ал  тігінен  жол  аяқталғанда  тасымалдағыш    орамасының 
қозғалуы  орын  алады.  Бұл  плоттерлер  растрлық  кескіндемелерді  салуға 
мүмкіндік береді. 
Сызба  бастиегінің  типі  бойынша  плоттерлерқылқаламдық  (қарын- 
даштық), лазерлік (сəуледиодтық), бүріккіш, электрстатикалықжəне термо- 
графиялық болып бөлінеді. 
Плоттерлердің  негізгі  параметрлеріне  қалыптастырылатын  кескіндеме- 
нің  өлшемі,  сызу  жылдамдығы  (секундына  миллиметрлермен)  немесе 
парақтарды шығару жылдамдығы жəне айыру қабілеті (
d
p
i
) жатқызылады. 
Қы  лқ  а  ла  м  д  ы  қ  плоттер  векторлық  кескіндерді  салу  үшін 
қолданылады.  Қылқалам  сұйық  сиясы  бар  сыйымдылықтан  тұрады,  оның 
сия  шығатын  капилляры  бар,  ол  сызықтың  қалыңдығын  анықтайды. 
Плоттерде  4...  16  қылқалам  қолданылуы  мүмкін,  олар  бастиекте  кезекпен 
пайдаланылады. 


249 
 
Қылқаламдық плоттерлер орама жəне планшеттік болып бөлінеді. 
Қылқаламдық  плоттерлер  үшін  сызу  дəлдігі  миллиметрдің  бөлігін 
құрайды;  ол  өздері  дəстүрлі  түрде  қолданылатын  автоматтандырылған 
жобалау жүйелері үшін жеткілікті. 
Л а з е р л і к ж ə н е б ү р і к к і ш плоттерлер əрекеттері бойынша ұқсас 
əрекетті принтерлерден ерекшелінбейді. 
Э л е к т р о с т а т и к а л ы қ плоттерлерде  диэлектриктің  жұқа  қабатымен 
жəне  негізгі  қабаттың  қажетті  электрөткізгіштігімен  арнайы  электрстати- 
калық қағаз қолданылады. 
Кескіндемені  қалыптастыру  үшін  инелер  түріндегі  жұқа  электродтар 
тобы  болып  табылатын  статикалық  бастиектер  қолданылады,  оларға 
тасымалдағыш  бетінде  кескіндеменің  жасырын  əлеуетті  бедерін  құратын 
жоғары вольттық теріс кернеу импульстері беріледі. 
Сосын  қағаз  сұйық  оң  зарядталған  бояғышпен  айқындауыш  тораптан 
өтеді,  оның  бөлшектері  қағаздың  теріс  зарядталған  нүктелерімен  ілініседі. 
Тасымалдағыш  негізгі  төрт  тон:  қара,  көгілдір,  күрең  қызыл  жəне  сары 
түстері  бар  төрт  айқындауыш  тораптан  өткеннен  кейін  түрлі-түсті 
кескіндеме шығарылады. 
Электрстатикалық плоттерді салу жылдамдығы 400 dpi дейінгі рұқсатта 
минутына  1  000  сызық  құрайды.  Электрстатикалық  плоттерлер  қылқалам- 
дық  плоттерлерден  тезірек,  бірақлазерлік  басып  шығару  қүрылғыларынан 
баяу  жұмыс  істейді.  Әдетте  оларды  геоақпараттық  жүйелерде  карталарды 
басып шығару үшін қолданады. 
Т  е  рм  о  г  ра  ф  и  я  лы  қ  плоттерлерде  (кескіндемені  тура  шығару) 
жылусезгіш заты бар орама термоқағаз қолданылады. 
Монохромдық  кескіндеме  жеке  басқарылуымен  кішкентай  электр 
жылытқыштардың  ұзын  (плоттердің  барлық  ені  бойынша)сызғышпен 
құрылады.  Термоқағаз  жылытқыштардың  жанынан  өтеді,  ол  қызған 
жерлерде ақ түсті қараға өзгертеді. 
Плоттердіңмеханизміөте  қарапайым  жəне  жұмыста  сенімді,  сондықтан 
қағаз  орамасы,  калька  немесе  үлдірмен  толтырғаннан  кейін  қызмет 
көрсетуді  қажет  етпейді.  Кескіндемелер  жоғары  рұқсатпен  (800  dpi  дейін) 
жəне  өнімділікпен  (сағатына  А0  форматты  жеті  параққа  дейін)  басып 
шығарылады.  Сондықтан  олар  кəсіпорындық  өндірістерде,  құрылыста, 
инженерлік жəне сəулеттік жобалауда қолданылады. 
Барлық  қазіргі  плоттерлер  кіріктірілгенпроцессормен  басқарылады,  64 
Мбайттан аса буферлікжадысы(кейде бірнеше гигабайтқа қатты диск) бар, 
бастапқы деректерді ақпараттың аралық тасымалдаушысынан алып, дербес 
жұмыс  істей  алады.  ДЭЕМ-мен  жұмыс  жасауда  LPT,  USBпорттарының 
немесе желілік картаның көмегімен қосылады. 


250 
 
6.2.3. Проекторлар 
Проектор — бұл қозғалатын жəне қозғалмайтын кескіндемелерді жазық 
беттерге немесе арнайы экрандарға жарықтық проекциялау үшін электрон- 
дық - оптикалық құрылғы. 
Проекторлар кескіндемені қалыптастыру үшін тура немесе шағылысқан 
жарық ағынындағы электрондық түрлендіргіштерді(жарық модуляторлары) 
жəне фокусталатын линзалар мен айналардан құралған оптикалық жүйеден 
тұрады. 
Проекторларкескін  форматымен,  түстер  жүйесімен  (PAL,  SECAM, 
NTSC  жəне  т.б.),  кереғарлықпен,  рұқсатпен  (пикселмен)  жəне  люменмен 
(лм)есептегенде  жарықтық  ағынмен  (ашықтықпен)  сипатталады.  Олардың 
проекциялық қашықтығы оларда шамамен 12 м құрайды. 
Көру сапасы экранға да тəуелді, ол кескіндеменің кереғарлығын ұлғайта 
немесе  əлсірете  алады. Экрандар  еден  үстілік  жəне  қабырғалық  конструк- 
тивтік орындауда болады. 
Кескіндемелерді  көрсетудің  дыбыстық  сүйемелденуін  қамтамасыз  ету 
үшін  күшейткіштері  бар  (кіріктірілген  динамиктермен  немесе  сыртқы 
акустикалық  жүйелермен)  мультимедиялық  проекторларкеңінен  қолда- 
нылады. 
Проекторлардың  ең  белгілі  типтері  кескіндеме  проекциясын  басқаур 
үшін  электрон-сəулелік  (ЭСТ)  катодтық  түткішелерді,  СК-матрицаларды 
жəнемикроайналы технологияны қолданады. 
ЭСТ-проекторларкескіндеме  қалыптастырылатын  өзінің  қызыл,  көк 
жəне  жасыл  түстер  каналынбелгілейтін  жарық  сүзгілері  бар  электрон- 
сəулелі түтікшелерді қолданады. 
Үш  негізгі  түстен  тұратын  жарық  ағындары  экранға  линзалардың 
қарапайым жүйесімен фокусталады жəне бір-біріне қабатталып, толықтүсті 
кескіндемені  құрады. Кескіндеме сапасы экранның бір өрісінде үш əртүсті 
проекцияның бірігу дəлдігіне тəуелді. 
Проекторда,  ЭСТ-мониторда  сияқты,  экранда  кадрларды  салу  кескін- 
демені  жолма-жол  жаймасының  көмегімен  жүзеге  асырылады  (секундына 
30 кадрға жуық). 
Әр  түтікшенің  диаметрі  10...20  см  құрайды  жəне  салқындатуды  қажет 
етеді,  ол  ЭСТ-  проектордың  маңызды  габариттік  өлшемдерін  жəне 
салмағын анықтайды. 
Проекторлардың  үздік  түс  жіберуі  бар,  бірақ  жоғары  емес  ашықтық 
оларды  күңгірт  жайларда  пайдалануға  мəжбүрлейді.  Қазіргі  таңда  олар 
қолданылмайды деуге болады. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау