193
Әрбір перне микроауыстырып-қосқыш болып табылады (мысалы,
механикалық немесесенсорлық). Перненің тактильді сезуді (басу түйсігін)
қамтамасыз ету үшін пернелердің басуды бекітуге дейін еркін жүрісі бар,
ол шертпемен берілуі мүмкін.
ДЭЕМқазіргі пернетақталары механикалық коммутацияны қолданады:
басылған кезде перне батып кетеді де тотығудан қорғалған екі металл
пластиналарының арасындағы түйіспені тұйықтайды. Пернелердің
құрастырылымы мен материалыөте жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді
жəне 20 млн аса басуға кепілдік береді. Кей пернетақталарда пернелердің
ішкі көмескі жарығы қолданылады.
Пернелерге нақыштамамен немесе берік бояумен оның басуына сəйкес
келетін символдардың немесе əрекеттердің кескіндемелері салынады. Әр
пернеге бір немесе бірнеше символ сəйкес келеді. пернетақтаның
көмегімен орындалатын операциялардың санын көбейту үшін бірнеше
перне қатар қолданылады.
Басылған пернені оқу перненің кіріктірілген контроллерімен
орындалады. Контроллер көлденең жəне тік желілерден (өткізгіштерден)
құрылған матрицаға қосылған, өткізгіштердің қиылыстарына перне
түйіспелері қосылады. Контроллер матрицаны үздіксіз сканерлеп,
қиылыстағы
желілердің
күйін
анықтайды:
тұйықталған
немесе
ажыратылған. Пернені басу жəне босату кезінде контроллер түйіспелердің
салдырын өтейді жəне ДЭЕМ-ғабасылған (босатылған) перненің нөмірімен
(скан-кодымен) үзуге сұраныс жібереді. Пернелердің белгілі бір
комбинацияларын бір уақытта басқанда арнайы код түрлендіріледі, ол жеке
басылған пернелердің кодтарынан ерекшеленеді. Кодтардың пернелерге
сəйкестік кестесі қайта бағдарламалана алады.
Пернелерді ұзақ басып тұрғанда контроллер кіріктірілгенкідіріспен
оның кодын белгілі бір жиілікпен (автоқайталау кезеңі) қайталай бастайды.
ДЭЕМ-ға енгізілетін ақпаратты кодтау үшін біркелкі екілік код, яғни
ұзындығы бірдей екілік символдар тобы қолданылады. Nекілік
символдардан қиылыстырулардың саны 2
N-
–ге тең. Сегіз екілік
символдардан қиылыстырулардың саны 2
8
= = 256-ға тең. Осы сан орыс
жəне латын əліпбиінің əріптерін (бас əріптер мен жол əріптер), 10 санды, 10
тыныс белгісін, шамамен 10 айыру белгісін, математикалық амалдар мен
басқа арнайы символдарды кодтау үшін жеткілікті.
1963 ж. пернелерді 7-биттік кодтау жүйесі ASCII (AmericanStandard-
CodInformationInterchange
—
Америкалық
ақпаратпен
алмасудың
стандартты коды) қабылданды, ол 128 символға есептелген болатын,
олардың қатарына орыс əліпбиі кірген жоқ етін.
194
Кейін ASCII жүйесі 8биттік жүйеге айналды, себебі кодтық кестенің екінші
бөлігі енгізілді (128-ден 255 байтқа дейін), оған əртүрлі еуропа тілдері мен
кириллицаның белгілері енді. Ресейде орыс əріптерімен ASCII-нің
модифицияланған кеңейтілген кодтау қолданылады.
ASCII кестесінің белгілері басылатын жəне арнайы басылмайтын
символдардан тұрады (мысалы, күймешені қайтару, жолды жəне кестелеу
белгісін ауыстыру). Басылатын символдар кез келген басу құрылғысына
шығарылады.
Кестенің əрбір символына сəйкестікке он алтылық сандар қойылады
(бірінші сан — баған нөмері; екінші сан — жолдың нөмірі). Сөйтіп, əр
символға он алтылық код сəйкес келеді, ол екілік кодқа түрлендіріледі
(мысалы: N əрпінің 4Е он алтылық коды, 01001110 екілік коды бар).
Бүгінгі таңда орыс əріптерін кодтаудың ең тараған кодтары: ААК 8 (8
биттік ақпарат алмасу коды) жəне Microsoft Windows стандарттық
кириллицалық кодтауы, ол СР1251 деп белгіленеді (Code Page
қысқартылған— кодтық парақ).
65 мың кодтық қиыстыруларға мүмкіндік беретін 16биттік Unicode
кодтау жүйесі кеңіне тараған, ол барлық халықтардың əліпбилерін,
көптеген математикалық, музыкалық, химиялық жəне басқа символдарды
кодтауға мүмкіндік береді.
Әлемде пернетақталардың алуан түрлі модельдерінің көптеген саны
шығарылады, оларды үш негізгі типке бөлуге болады: əліпбилік-цифрлық,
мультимедиялық жəне музыкалық.
Әліпбилік-цифрлық пернетақтаға латын дəне орыс əліпбилерінің
əріптері, математикалық, графикалық жəне арнайы қызметтік белгілер,
тыныс белгілері, кейбір пəрмендерің, функциялардың атаулары жəне
т.б.түсірілген.
Windows операциялық жүйесімен жұмыс үшін ыңғайлы 104 пернесі бар
пернетақта жиі қолданылады, ол 101 пернесі бар стандартты пернетақтаны
ауыстырды.
Пернелер келесі топтарға бөлінеді:
■ екі тілдік мəтінді жəне сандарды енгізу үшін əріптік-цифрлық пернелер;
■ сандар мен арифметикалық амалдарды енгізу үшін цифрлық пернелер;
■ басқару пернелері;
■ функционалдық пернелер.
Келесі басқару пернелері жиі қолданылады:
195
—курсорды басқару пернелері. Пернелер курсорды пернедегі
нұсқарға сəйкес: жоғары, төмен, солға немесе оңғажылжытуға арналған;
— қайтару пернесі [Backspace].Перне курсордың сол жағындағы
белгілерді өшіреді;
— кестелеу пернесі [Tab]. Перне курсордытабулятордың келесі
белгісіне ауыстырады;
— енгізу пернесі ([Return], [Enter], азат жол пернесі, күймешені
қайтару пернесі). Енгізу пернесі пəрменнің жолын анықтайды. Енгізу
пернесін басқанда ендірілген пəрмен орындалады;
— регистр пернесі[CapsLock]. Перне бас əріптер режимін
қамтиды. Бас əріптер режимінде барлық əріптер бас əріптер сияқты
шығарылады. Егер пернеде бірнеше белгі болса, онда перненің жоғары сол
бөлігіндегі белгі шығарылады. Бас əріптер режимі [SHIFT] ауыстыру
пернесімен өшіріле алады;
— ауыстыру пернесі [SHIFT]. Перне бас əріптерді шығаруға
мүмкіндік береді. Егер пернеде бірнеше белгі болса, онда перненің жоғары
сол бөлігіндегі белгі шығарылады;
—[Fn] пернесі. Перне басқа пернелерде белгіленген арнайы
функцияны белсендендіреді;
— іркіліс пернесі [PauseBreak]. Перне деректердің экранға
шығарылуын үзеді. Деректерді шығаруды жалғастыру үшін кез келген
пернені басу керек.
— іске қосу пернесі. Перне Windows-тың бастапқы мəзірін шақыру
үшін қолданылады;
— мəзір пернесі. Перне таңдалған объект үшін мəзірді шақыруға
арналған.
Пернелердің тіркесуін регистрлерді ауыстырып-қосу, бағдарлама
жұмысын үзу, жүйелік немесе контекстік мəзірді шақыру, міндеттер
диспетчерін қосу жəне т.б. үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |