165
AT стандартында жүйелік блокқа тек 5 В түседі, ал 3,3 В осы тақтадағы
кернеуді түрлендіруші арқылы түседі. АТХ стандартында 3,3 В күш, қуат
блогының өзінен шығады, бұл жағдайда тақтадағы қуатты түрлендіргіш
құрылғы қажет етілмейді.
АТ стандартының қуат блогында мониторды қуаттауға арналған ішкі
жалғағыш болды, ал ДЭЕМ-ді қосу-өшіруді жүргізу тек 220/110 В сыртқы
желінің механикалық коммутациясымен жүзеге асырылды.
АТХ форматындағы блокта, қуат блогы желіге қосылып тұрған кезде
үнемі «кезекші» кернеу берілетін басты тақтадағы басқару сигналымен
жүргізілетін жəне ДЭЕМ қуатын бағдарламалық түрде өшіру мүмкіндігі
енгізілген болатын.
ДЭЕМ-ның қуат блогы сəйкестендірілген металл корпустармен
шығарылады, металл корпустар жоғары жиілікті кедергілер кезінде
электрлік-магниттік экрандалудан жəне сызба элементтерін механикалық
жақтан қорғау қызметін атқарады. Электронды компоненттер бір баспа
тақтада орналасады. Артқы бүйір қабырғада желдеткіш, желі кернеуінің
номиналын ауыстырып-қосқыш жəне IEC320 түріндегі үш пышақты
контактылері бар желі вилкасы бекітілген.
Жүйелік блокта қуат блогы корпустың артқы қабырғасына басты
тақтаның үстінен көлденең орналасады, бұл басты тақтаға жəне оның
жалғағыштарына қолжетімділікті, сонымен қатар жақсы салқындатылуды
жəне процессор-кулер конструкциясының жоғарғы жағында шектеулердің
болмауын қамтамасыз етеді.
Желіден толықтай ажыратылу үшін көптеген қуат блоктарында артқы
панельде орналасқан сөндіргіші болады (4.19 сур.). Қуаттандыру желісінің
кернеуі автоматты түрде анықталатын қуат блоктарында 220/110 В қосқыш
орнатылмайды. Пайдаланушының электр тогымен зақымдалу қауіпсіздігін
алдын-алу мақсатында ҚБ-ның корпусына үш өткізгішті сызба бойынша:
қуаттың екі сымы жəне жерге тұйықталу сымы қосылады.
Қуат блогында орнатылған вентилятор екі қызметті атқарады: ҚБ
компонентін салқындатады жəне бір уақытта корпусты еріксіз ауа тартқыш
арқылы желдетілуін жүзеге асырады, яғни жүйелік блоктан түрлі тораптар
арқылы қызған ауаны қуады жəне корпустық желдеткіштердің бірі болып,
кейде жалғыз түрі болып табылады.
Желдеткіштің айналу жылдамдығына компьютер корпусында қалыпты
жылу алмасудың орындалуына байланысты. Желдеткіш жұмысы кезіндегі
шуды азайту үшін оның жылдамдығын автоматты түрде реттейтін құрылғы
пайдаланылады.
166
4.19 сурет. Үстелдік ДЭЕМ қуат блогының артқы панелі:
1 — желдеткіштің қорғаныс торы; 2 — жүйелік блок қуатын сөндіргіш; 3 —
желі кернеуін қосқыш (110/220 В); 4 — желі жалғағышы; 5 , 7 — желі; 6 —
корпус (жерге тұйықталу)
Желдеткіштің айналу жылдамдығына компьютер корпусында қалыпты
жылу алмасудың орындалуына байланысты. Желдеткіш жұмысы кезіндегі
шуды азайту үшін оның жылдамдығын автоматты түрде реттейтін құрылғы
пайдаланылады. Осы мақсатта қуат блогы термореттеуші сызбасымен
жабдықталады: салқындататын желдеткіштің айналу жылдамдығы оның
ішкі корпусының температурасына байланысты жүреді, ең жоғарғы
жылдамдыққа желдеткіш 40°С-ден жоғары температура кезінде қосылады
Ереже бойынша, қуат блогы қосымша термоқорғаныс жүйесімен де
жабдықталады, ол температураның қалыпты нормадан асу кезінде ДЭЕМ-
ның электр қуатын өшіреді.
Компьютер жұмысына арналған кез-келген қуат блогының ішкі бақылау
сызбасы болады, бұл сызба тұрақты шығатын кернеудің барлық
номиналдарын үздіксіз тесттен өткізеді. Егер кернеу қалыпты нормадан асу
шегінде тұрса, онда қуат блогы жүйелік тақтаға түзету қажеттілігі туралы
сигнал береді.
Кіру, шығу кернеулерінің номенклатурасы жəне олардың максималды
токтары қуат блогының жапсырмасында көрсетіледі. 300 Вт күштегі
стандартты қуат блогы үшін бұл белгілер: +3,3 В — 18 А; +5 В — 12 А; +12
В — 21 А; 400 Вт үшін: +3,3 В — 20 А; +5 В — 14 А; +12 В — 27 А
құрайды.
167
Қуат блогының негізгі параметрлері:
■ ПӘК-барлық шығу жолдарындағы толықтай жүктелу кезінде 65... 90 %;
■ жүктеме тогының өзгеру диапазоны — 10.100 %;
■ жұмыстық кіріс кернеуінің кең диапазоны — 220 В желі үшін 180... 265
В; 110 В желі үшін 90.135 В;
■ желі жиілігінің таралуы — 48... 63 Гц.
АТХ форматындағы қуат блогында жүйелік блокка қосылатын
жалғағыштары өзгерген: оның +3,3, ±5, ±12 В қуат күші бар 20 контактысы
болады жəне ДЭЕМ қуатын қосу-өшіру сигналы енгізілді. Жүйелік
тақтаның
қуат
жалғағышының
қате
қосылуды
болдырмайтын
конструкциясы болады. Жалғағыш фиксациясы басты тақтаның сəйкес
келетін ұяшығында желім ілмек көмегімен қамтамасыз етіледі. Мұнымен
қатар, ҚБ-да басты тақтаға +12В (8 А-дан аз емес) жіберу үшін 4-
контактылы қосымша жалғағыш (ATX12V) болады, бұл жағдайда кернеу
түрлендірілгеннен кейін процессорды қуаттандыру үшін пайдаланылады.
АТХ стандарты үшін типтік қуат блогының құрылымдық сызбасы 4.20
суретте келтірілген.
Кедергілерді бейтараптандыру үшін ҚБ кірісінде жарық фильтрі
орнатылған, бұл фильтр арқылы SA1 екі полюсті сөндіргішке жəне жарық
түзеткіш кірісіндегі F1сақтандырғышқа желінің бір фазалы кернеуі түседі.
SA2 қосқышы 110 В кернеулі желіден ДЭЕМ қуатының коммутациясын
қамтамасыз етеді. Түзеткіш шығысында 260 .340 В тұрақты кернеуі
қалыптасады. Желілік түзеткіш 5 В тұрақтандырғыш-қосқышты
қуаттандырады, ол өз кезегінде тораптар кернеуі арқылы басқаруды
қамтамасыз етеді жəне жүйелік тақтаға кезекші қуат береді. Басқару
тораптары ДЭЕМ қуатын біркелкі қосу жəне апаттық жағдай кезінде өшіру
қызметін атқарады.
Жүйелік тақтада SB1 (POWER — қуат) кнопкасын басқаннан кейін
басқару тораптары жоғары жиілікті қуат түрлендіргіш (қуат күшін
арттыру) жібереді, бұл кезде шамамен 40..60кГц тұрақты жиіліктегі ендік-
импульсті модуляция қағидасы пайдаланылады, сондықтан оның шығыс
кернеуі ауыспалы қуысты тікбұрышты импульске ие (4.21 сурет).
Түрлендіргіш импульстері ұзақтығының өзгеруі түзеткішке энергия
түсуін реттейді. Шығыс кернеулерінің ауытқушылығы кезінде номиналдан
кері байланыс сигналы бойынша басқару тораптары түрлендіргішке
модульдік əсер деңгейін өзгертеді, бұл, түрлендірілетін импульс ұзақтығын
(импульс ұзындығы жүктеме кернеуіне пропорционал) өзгерте отырып,
қуат блогының шығыс кернеуін тұрақтандыруды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |