Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет41/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   107

124 
 
Кең  қолданыстағы  стационарлық  ДЭЕМ-де  мини  (бөліктің  екі  5,25") 
жəне миди (бөліктің үш, төрт 5,25") мұнаралары пайдаланылады. Төрт-сегіз 
бөлікті  үлкен  мұнаралар  негізінен  серверлерге  арналған,  қуаттың  бір 
немесе  бірнеше  блоктарынан  тұрады  жəне  жабдықтарды  орналастыру 
бойынша маңызды мүмкіндігі болады. 
Қазіргі уақытта бір-бірімен үйлеспейтін екі стандарт: ескі АТ жəне жаңа 
АТХ  (АТ  кеңеюі)  стандарттарынан  дайындалған  корпустар  пайдала- 
нылады. АТ жəне АТХ стандарттары корпус пен басты тақтаның конструк- 
тивті  ерекшелігін  ғана  бейнелеп  қоймайды,  сонымен  қатар  қуат  блогымен 
пайда  болатын  күш  номиналы  мен  жүйелік  блок  компановкасын  анық- 
тайды. 
Соңғы  жылдары  барлық  стационарлық  ДЭЕМ  АТХ  конструктивінде 
орындалады. 
ATX  стандартын  Intel  компаниясы  құрастырған  жəне  корпустағыдай 
секілді жүйелік тақтаның формфакторында да пайдаланылады. 
ATX  формфакторы  келесі  конструктивті  параметрлерді  анықтайды: 
басты  тақтаның  геометриялық  өлшемі,  қуат  блогының  өлшемі  мен  оның 
жүйелік  блокка  бекітілуі,  модуль  тақтасын  орнату  үшін  жалғағыштар  мен 
ойықтарды  орналастырудың  жалпы  талаптары  жəне  қуат  блогының 
электрлік сипаттамасы. 
ATX  корпусы  үшін  (4.1  сур.)  жүйелік  блоктың  ішкі  тораптарына  оңай 
қолжетімділікке  ие  (мысалы,  қуат  блогы  басты  тақтаның  процессор  жəне 
жүйелік блок орналастырылатын бөлігін жаппайды). 
 
 
4.1 сур. ATX стандартының корпусындағы негізгі тораптардың 
орналасу сызбасы 
 
 


125 
 
 
ие. 
Бөліктер құрылғыларды орнату үшін ішкі жəне сыртқы қолжетімділікке 
 
Үлкен сыртқы бөліктерде CD-, DVD-желісі бар жинақтағыштар жəне 
арнайы жеңіл алмалы-салмалы кассеталарда орнатылатын қатты дисктегі 
жинақтағыштар орнатылады. 
Оптикалық дисковод көп көлемді бағдарламаларды орнату үшін ДЭЕМ- 
да міндетті түрде болуы тиіс. DVD-желі неғұрлым əмбебап құрылғы болып 
табылады, өйткені DVD-дисктерде тек сапалы видеолар ғана емес, сонымен 
қатар көптеген бағдарламалық өнімдер де жазылады. 
Ішкі бөліктерде қатты дисктегі жинақтағыштар орнатылады. 
Аз  сыртқы  бөліктерде  əдетте  жұмсақ  магнитті  дисктердің  бір 
жинақтағыштары 
жайғастырылады 
жəне 
USB 
интерфейсінің 
концентраторы  немесе  флеш-картаны  қосу  үшін  картридер  орнатылуы 
мүмкін. 
Корпустар орнатылған қуат блогымен қойылады, бұл қуат блогы əдетте 
корпустың  жоғарғы  бөлігінде  орналасады,  ал  оның  астында  жүйелік  тақта 
монтаждалады. 
Корпус  тек  соңғы  үлгідегі  дизайнмен  жасалып,  ішкі  құрылғысының 
ыңғайлы  компоновкасы  болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  шудың  төмен 
деңгейінде  жылуды  тиімді  түрде  бұрып  жіберілуін  қамтамасыз  ете  білуі 
тиіс.  Корпустың  сапасы  оның  шасси  металының  қалыңдығына  жəне 
қабырғаларының  қаптамасына  байланысты  болады.  Егер  жүйелік  блок 
төзімді,  яғни  корпусы  1  мм  қалыңдықтағы  болаттан  жасалса,  шу  жəне 
желдеткіш  пен  жинақтағыш  желілерінің  жұмысынан  пайда  болатын  діріл 
мүлде болмайды. Кейде корпус алюминнен де дайындалады. Олар болатқа 
қарағанда біршама жеңіл болады жəне үлкен жылу өткізгіші болғандықтан 
жылуды  жақсы  бұрып  жіберіп  отырады.  Корпустан  шығатын  шудың 
деңгейі 37дБ-тан аспауы тиіс. 
Корпус  ішкі  электрлі  магнитті  (жанама)  сəулені  экрандап  жіберуі  тиіс, 
ол  сəуле  ДЭЕМ-ның  перифериялық  құрылғыларының,  тұрмыстық 
электроника жұмысына кедергі келтіріп, ақпарат өту жолдарында паразитті 
каналдардың  пайда  болуына  алып  келеді.  Жанама  сəулелендіруді  бағалау 
үшін FCC Class B америкалық стандарты пайдаланылады. 
Ішкі  тораптарға  қолжетімділік  үшін  жүйелік  блоктарда  бүйір 
қабырғаларды  ауыспалы  етіп  жасайды  немесе  П-бейнелі  қаптама 
пайдаланылады.  Қаптаманы  немесе  қабырғаны  бекіту  үшін  кертігі  бар 
бұрама  немесе  аспаптарсыз  жұмыс  істейтін  ілмектер  пайдаланылады. 
Кейбір  корпустарда  панельдің  беткі  қабатын  жауып  тұратын  қақпағы 
болады,  оларға  ДЭЕМ  ресурстарына  бөгде  пайдаланушылардың 
қолжетімділігін шектеу үшін мөр басылып қойылуы мүмкін. 


126 
 
Жүйелік  блоктың  беткі  панелінде  ДЭЕМ-ді  басқаратын  мынадай 
конопкалары  болады:  қуатты  қосқыш  -  Power  (энергия);  қайта  жүктеу  — 
Reset  (сброс);  жарықдиодты  бақылау  индикаторы  (қуат,  қатты  дискке 
жүгіну);  орнатылған  динамик  жəне  (кейде)  клавиатураны  блокадалайтын 
немесе  алдыңғы  қақпақты  бекітетін  құлып.  Кейде  компьютерді  энергия 
сақтайтын  режимге  ауыстыру  кнопкасы  да  қосылады.  Эргономика 
талаптарына  сəйкес  кнопкалардың  түсі,  өлшемі  жəне  формасы  əр  түрлі 
болады. 
 
 
4.2.2. Жүйелік (басты) тақта 
ДЭЕМ-ның  архитектурасын  жəне  базалық  сипаттамасын  процессормен 
бірлесе отырып, анықтайтын орталық конструктивті торап – жүйелік тақта 
(system  board)  немесе  басты  тақта  (motherboard)  немесе  негізгі  (бас)  тақта 
(main board) болып саналады. 
Жүйелік  тақта  компьютер  құрамының  барлық  элеткронды  бөліктері 
(процессор;  ОЕҚ,  BIOS;  жүйелік  жəне  қосымша  микросызбалар  жиыны, 
енгізу-шығару  контроллеры;  автономды  қуаты  бар  CMOS  жады) 
монтаждалатын баспа тақтасы болып есептеледі. 
Жүйелік  тақта  коммутациялық  элементтер  қатарынан  тұрады:  кеңейту 
слоттары; клавиатураның интерфейстік кабельдерін қосатын жалғағыштар, 
тінтуірлер,  қатты  дисктер,  оптикалық  дисководтар,  бірізді жəне  параллель 
порттар,  USB  шиналары;  процессор  ядросын  қуаттауға  арналған  күш 
өзгерткіш жəне ДЭЕМ жұмысы үшін қажетті өзге де компоненттер қатары. 
Негізінен,  заманауи  тақталар  алты  баспа  қабаттан  тұрады,  оның  үш 
немесе  төрт  қабаты  дыбысты  жолдардан  жəне  ДЭЕМ  корпусымен 
жалғанған  жəне  жоғары  жиілікті  шынжырлардан  болатын  тоғыспалы 
тосқауылдарды  экрандайтын,  жерге  тұйықталатын  пластина  (0    В)  болса; 
бір  немесе  екі  қабаты  қуат  өткізгіш  болып  келеді.  Жоғарғы  қабатта 
компоненттер  распайкасы  үшін  контактылы  алаңдар  болады.  Тақталарда 
жүйелік  блоктың  бүйір  қабырғасына  бұрамамен  бекітуге  арналған  ойық 
қарастырылған.  Тақта  климаттық  əсерден  суға  төзімді  диэлектрлік  лакпен 
қорғалған. 
Басты  тақтаның  сипатының  бірі  оның  типтік  өлшемі  –  формфакторы 
болып  табылады,  ол  процессордың  жəне  кеңею  жалғағыштарының 
орналасуын  жəне  габаритті  өлшемдер  мен  тақтаның  бекіту  нүктесін, 
сондай-ақ тақтаның қуат күшінің жалғағыштары түрлерін анықтайды. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау