Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет37/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107

112 
 
Қалыпты  климаттық  жағдайда  диск  магнитті  өріске  сезімталдығы 
болмайды  жəне  мəліметтерді  шамамен  30  жылға  дейін  сенімді  сақтай 
алады.  5дюмді  магнитті-оптикалық  дисктің  сыйымдылығы  10  Гбайттан,  3 
дюмді диск 2 Гбайттан асады. 
ЭЕМ-да  көп  мөлшердегі  ақпараттарды  резервтік  көшіру  жəне 
архивтендіру үшін арнайы кассетаға (картридж) оралып салынған магнитті 
лента пайдаланылады. 
Ақпаратты  жазу  жəне  оқу  кезінде  магнитті  лентаның  желілері  ретінде 
лентатартқыш  механизм  –  стример  (streamer  —  ұзын  жіңішке  лента) 
пайдаланылады. 
Мəліметтерге 
ерікті 
қолжетімді 
дисктердегі 
жинақтағыштардан  айырмашылығы  стримерлер  лентаға  орауды  қажет 
ететін ақпараттарды қайталап оқу үшін біртіндеп қол жеткізілетін құрылғы 
болып табылады. 
Өзінің  құрылымдық  ерекшелігіне  қарамастан,  барлық  ленталық 
құрылғыларда  орта  есеппен  2:1  мəліметтерді  бағдарламалық  тұрғыдан 
сығуды қосып атқаратын, жазудың екі базалық аппаратты  əдісі (линиялық 
жəне көлбеу-қатарлы магнитті жазу) пайдаланылады. 
Линиялық  магнитті  жазу  кезінде  ұзындығы  бойынша  орналасқан 
параллельді жолдардың көптеген саны бар жалпақ лента жəне көп каналды 
қозғалмайтын  магнитті  бастиек  пайдаланылады  (кассеталы  немесе 
катушкалы магнитофондағыдай). 
Көлбеу-қатарлы  жазуы  бар  стримерде  (спираль  ұңғы,  диагональ  жазу) 
бірнеше  бастиектер  видеомагнитофондағыдай,  лента    бұрышына 
орналасқан айналдырмалы цилиндрде орнатылады. Жазу жəне оқу процесі 
кезінде  лента  аздаған  жылдамдықпен  (секундына  бірнеше  сантиметр)  бір 
бағытта  қозғалады  (оқу-жазу  бастиегінің  жоғары жылдамдықта  айналатын 
блогының жанынан). 
Қазіргі  уақытта  ені  4,0...12,7  мм  ленталарда  бірнеше  гигабайттан 
жүздеген терабайтқа дейінгі ақпараттар көлемін сақтауға мүмкіндік беретін 
түрлі жазу технологиялары мен форматтары бар. 
Кассетаның  (картридждің)  ақпараттық  сыйымдылығы  лентаның 
ұзындығы  мен  еніне,  жолдардың  саны  жəне  мəліметтерді  жазу  əдісіне 
байланысты.  Лентаның  ұзындығы  90...350  м.құрауы  мүмкін,  ал  жолдар 
саны жүзден асуы мүмкін. 
ДЭЕМ-да  резервтік  көшірме  жасау  үшін,  линиялық  жазбасымен  QIC 
(Quarter  Inch  Cartridge  —  төрт  дюмді  картридж)  жəне  көлбеу-қатарлы 
жазбасымен  DAT  (Digital  Audio  Tape  —  сандық  аудиолента)  пайда- 
ланылады, бірақ бұлар өте сирек жəне шектеулі түрде қолданылады. 
Соңғы  жылдары  РТЕҚ  микросызбасы  негізінде  құрастырылған  қатты 
денелі  малогабаритті  ақпарат  тасымалдағыштар:  USB  Flash  Drive  жəне 
флэш – жад картасы жəне жадтың көлемі 960 Гбайтқа дейінгі 1,8; 


113 
 
2,5; 3,5 дюймді SSD жинақтағыштары қолданысқа кеңінен енгізіле бастады. 
USB Flash Drive (флэш-диск, флэш-жад) — ДЭЕМ-ға кəдімгі дөңес 
формалы болып келетін жəне жалғағыштарды, ақпарат алмасу индикаторы 
жəне механикалық ауыстырып-қосқышты жауып тұратын алмалы-салмалы 
қалпақшасы бар USB концентраторы немесе стандартты жалғағыш арқылы 
қосылатын ақпарат тасымалдағыш құрылғы. USB Flash Drive-тың көптеген 
жинақтауыштары салпыншақ түрінде жасалған (3.15 сурет). 
Флэш-дисктер  өзінің  ықшамдылығына,  файлдарды  қайта  жазудың 
жеңіл орындалуына жəне көп көлемде ақпарат сақтай алу мүмкіндігіне (128 
Гбайт  дейін)  байланысты  жиі  пайдаланылады.  ДЭЕМ-ға  қосқан  кезде 
мұндай  жинақтауыштармен  логикалық  дисктердің  келесі  атауы  автоматты 
түрде беріледі. 
Жады картасы (флэш-карта) қазіргі уақытта кең қолданысқа ие, себебі 
олар  тұрмыстық  техниканың  барлық  түрлері  –  сандық  фотоаппараттан 
бастап дербес компьютерлердің түрлі типтеріне дейін пайдаланылады (3.16 
сур.). 
Флэш-карталардың  кең  таралған  түрлеріне  CompactFlash,  MultiMedia 
Card, Secure Digital жəне Memory Stick флеш-карталары жатады. 
CompactFlash  (CF)  флэш-жады  құрылғысы  ең  жоғарғы  сыйымдылыққа 
ие  жəне  екі  түрге  бөлінеді:  Type  I  жəне  Type  II,  олар  корпустарының 
қалыңдығы  бойынша  ажыратылады  (3,3  жəне  5  мм).  Картаның  өзге 
өлшемдері 42,8х36,4 мм. құрайды. CompactFlash Type I картасы екі типтік 
өлшем  слотына,  CompactFlash  Type  II  картасы  тек  CompactFlash  Type  II 
слотына орнатылады. 
 
 
 
3.15 сур. USBFlashDrive жинақтауыштары 
 
 


114 
 
 
 
3.16 сур. Флэш-карталар 
 
CompactFlash  жадтың  IDE  интерфейсті  50-контактылы  жалғағышы 
болады,  мəліметтерді  оқу  жылдамдығы  8  Мбайт/с,  жазу  жылдамдығы  6,6 
Мбайт/с, көлемі – 256 Мбайттан 32 Гбайтқа дейін. 
MultiMedia Card (MMC) стандартының картасы өте кіші өлшемді болып 
келеді  –  24x32x1,4  мм,  көлемі  2  Гбайттан  көбірек.  Құрылғыда  7  
контактылы  интерфейс  жəне  1,8...3,0В  қуатты  диапазонында  жұмыс 
қабілеттілігін  сақтайтын  РТЕҚ  пайдаланылады.  MMC  —  Secure  MMC 
түрлілігі жазу процесінде жадтың ішіндегісін кодтауға мүмкіндік береді. 
Secure  Digital  (SD)  жад  картасы  ММС-қа  ұқсас,  көлемі  де  соған  ұқсас 
болып  шығарылады,  алайда  қалыңдығы  (2,1  мм)  жəне  контактылер  саны 
(жетінің  орнына  тоғыз)  бойынша  аздап  өзгешелік  болуы  мүмкін.  SD 
картасының  жалғағышының  өзінің  спецификасы  болады,  оған  ішкі 
контактылы  группа  –  жазуды  қорғайтын  пластикті  ауыстырып-қосқыш 
қарастырылған. Картаның мəліметтер алмасу жылдамдығы 900Кбайт/с-дан 
22,5  Мбайт/с  құрайды.  Жеке  құрылғыларда  SD  картасын  ММС-ке 
ауыстыруға болады. 
Memory  Stick  кəдімгі  картасының  өлшемі  –  21,5  x  50  x  2,8  мм,  ал 
максималды  сыйымдылығы  –  128  Мбайт.  Жаңа  карталардың  өзге  түрлері 
(Memory  Stick  Pro,  Memory  Stick  DUO,  Memory  Stick  Pro  DUO  и  Memory 
Stick  Micro)  үлкен  көлемдегі  –  32  Гбайтқа  дейінгі  ақпараттарды  сақтауға 
арналған. Memory Stick DUO жəне Memory Stick Pro DUO флэш-карталары 
аз  көлемдерімен  ерекшеленеді  (20  x  31  x  1,6  мм),  алайда  оларды  жадтың 
өзге  түрінің  слотына  қосу  үшін  арнайы  жалғастырғаш  тетік  (переходник) 
қарастырылған. 
Үстелдік ДЭЕМ жəне ноутбуктерге олар арнайы құрылғы – картриждер 
арқылы  қосылады;  қалта  компьютеріне  слот  арқылы  қосылады.  SSD 
жинақтағыштары  жүйелік  тақтаға  SATA  жəне  PSI  Express  интерфейс- 
терінің көмегімен қосылады. 
Барлық  қатты  денелі  тасымалдағыштар  1  млн.дейінгі  жазу  циклын 
қамтамасыз  етіп,  ақпаратты  қуат  өшіп  тұрған  кезде  де  10  жылға  дейін 
сақтайды. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау