127
Бұған қоса, тақтаның формфакторы корпустың жəне қуат блогының
пайдаланылатын түрін алдын-ала анықтайды.
Үстел үстіне орнатылатын ДЭЕМ-да бір-бірімен үйлеспейтін екі тақта
формфакторы пайдаланылады: АТ жəне АТХ. Үйлесімділік үшін басты
тақтада жүйелік блок пен қуаттың корпустық блогындағы сияқты
формфакторы болуы тиіс.
Қазіргі уақытта AT-тақтасы мүлдем шығарылмайды.
ATX-тақталардың неғұрлым жетілдірілген конструкциясы болады, ол
компоненттерге ыңғайлы
қолжетімділікті жəне олардың
жақсы
салқындатылуын қамтамасыз ете отырып, алтыға дейінгі кеңейту
слоттарын орнатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта барлық жүйелік
блоктар тек ATX форматында ғана шығарылады (4.2 сурет).
АТХ формфакторын енгізу жүйелік тақтаға енгізу-шығару порттарының
жалғағыштарын орнатуға мүмкіндік берді, бұл ДЭЕМ корпусының ішінде
жалғастырғыш сымдардың санын айтарлықтай азайтты. Мұнымен қатар,
ОЕҚ-на қолжетімділік жеңілденді (оларды ауыстыру немесе көлемін
ұлғайту кезінде) жəне жинақтағыштар контроллерының жалғағыштары
тығыз дисководқа ауыстырылды, бұл пайдаланылатын кабель ұзындығын
қысқартып, интерфейсті байланыстың сенімділігі мен кедергілерден
қорғалуына жағдай жасады.
Барлық ішкі жалғағыштар (порттар) екі деңгейде орналасқан жəне баспа
тақтаның шетінде дəнекері ыдырап кеткен (4.3 сур). Бұлар үшін жүйелік
блок корпусының сырт жақ қабырғасында арнайы ойық жасалған
Қазіргі уақытта шығарылатын басты тақталар бір процессорлы
жалғағышқа есептелген: Socket-423, Socket-478, Socket-462, Socket-370,
Socket-754,
Socket-775
немесе Socket-939 (процессорды орнатуды
жеңілдететін рычагты құрылғысымен) (4.4 сурет).
Қазіргі тақталар негізінен, DDR SDRAM жадты пайдалануға есептелген,
сондықтан ОЕҚ модулін орнату үшін шетінде желімнен жасалған арнайы
белгілегіш ілмегі болатын, 184 контактыге DIMM типті бірнеше ұялы
жалғағыштар пайдаланылады.
ОЕҚ көлемі əр түрлі – 4 Гбайтқа дейінгі жад модульдерімен
ұйымдастыруға болады. Модульдің қуатын реттеуші құрылғы қуатты
1,8...2,7 В шегінде өзгертуге мүмкіндік береді.
Көптеген жүйелік тақтада екі деңгейлі құрылым пайдаланылады, олар
жүйелік логиканың екі микросызбасымен – солтүстік жəне оңтүстік
көпірлерімен құрылған, ол арқылы контроллер жұмысы мен ДЭЕМ-ның
өзге компоненттерін басқаруды жүзеге асырады.
128
4.2 сурет. ATX форматты жүйелік тақтада конструктивті элементтердің
орналасу сызбасы:
1 — VRM қуат жалғағышы; 2 — процессор ядросы қуатыныңVRM торабы; 3 —
солтүстік көпір (хаб); 4 — процессор сокеті [ұяшық]; 5 — процессор шинасы; 6
— ОЕҚ шинасы; 7 — ОЕҚ модулі; 8 — ОЕС қуатын реттегіш; 9 — видеокарта
қуатын бақылайтын жарықдиод; 10 — тақтаның қосалқы қуаты; 11 —ATX
стандартының негізгі қуаты; 12 — жетекші АМҚД-ті қосу жалғағышы; 13 —
жетектелуші АМҚД-ті қосу жалғағышы; 14 —көпірлердің өзара әрекетінің
шинасы; 15 — АМЖД жалғағышы; 16 — сброс CMOS; 17 — оңтүстік көпір
(хаб); 18 — процессор және шина жиілігінің коммутаторы; 19 — ДЭЕМ
басқару жалғағышы; 20 — жинақтағыштар контроллеры; 21 — енгізу-шығару
контроллеры (SuperI/O); 22 — BIOS; 23 — CMOS автономды қуаты; 24 — PCI-
шина; 25 — кеңейту слоттары; 26 — жүйелік тақтаға қуат беру индикаторы;
129
27 — сандық дыбыс жалғағышы; 28 — модем жалғағышы; 29 —аудиоконтроллер;
30 — оптикалық дисководтың аналогтық шығу жалғағышы; 31 — видеокарта
слоты; 32 – аудио жалғағыш; 33 — параллельді порт; 34 — COM-порт; 35 — USB-
порт; 36 — клавиатура жəне тінтуірді қосу жалғағышы.
4.3 сурет. Жүйелік тақтада жалғағыштарды орнату нұсқасы:
1 — клавиатура және тінтуірді қосу жалғағышы; 2 — USB жалғағыш; 3 —
параллельді порт; 4 — COM-порт; 5 — модемнің шығуы; 6 — аналогтық
аудиоөлшемдер
Жүйелік логиканың негізгі торабы тез әрекет ететін солтүстік көпір
микросызбасы, ол процессор мен процессор шинасының толық тактілік
жиілігінде жұмыс істейтін жүйелік тақтаның қалған бөліктері арасындағы
жалғыз интерфейсті қамтамасыз етеді. Солтүстік көпір біршама жоғары
энергия тұтынады, сондықтан ол пассивті салқындатуды (радиаторды
орнатуды) талап етеді.
Оңтүстік көпір микросызбасы солтүстік көпір секілді тез əрекет
етпейді, ол əдетте, қатты дисктердің жəне USB-порттардың екі каналды
бақылаушы интерфейсін жүзеге асырады, құрамында CMOS жады мен
4.4 сурет. Жүйелік блокта процессорды орнату:
1 — рычагты құрылғы; 2 — процессорлік СБИС ; 3 —процессорды орнатуға
арналған сокет (ұяшық); 4 — орнатылған процессор
130
сағат сызбасы, сонымен қатар, PCI шинасының жұмысы үшін қажетті
компоненттер, мысалы жадқа тура қолжетімділікті бақылаушы құрылғысы
болады.
Жүйелік тақтаның Super I/O енгізу-шығару микросызбасы əдетте
контроллер қызметін атқарады, ол бұрын ISA кеңейту жеке тақтасында
орналасқан болатын жəне:
■ жұмсақ дисктер дисководының;
■ тез əрекет ететін бірізді екі COM-порттардың;
■ көп режимді параллельді порттардың;
■ клавиатура мен тінтуірдің қосылуын қамтамасыз етеді.
Технологияның дамуына байланысты, өндірушілер жүйелік логика
микросызбасының негізгі жиынына бұрынғыдан да көбірек қызметтерді
біріктіруде, сондықтан SuperI/O микросызбасына деген қажеттілік
біртіндеп жойылуда. Super I/O сызбасы жəне оңтүстік көпір біріккен,
осының арқасында жүйелік тақтадағаы компоненттер саны азайып, тақтада
бос орындар болады.
АТХ тақтасында, кілті бар 20-контактылы қуат жалғағышы
пайдаланылады, ол қате қосылыстарды анықтайды жəне осы жалғағыштар
арқылы ±12, ±5 и +3,3 В қуаты, сондай-ақ, ДЭЕМ қуатының өшуі мен
бағдарламалық қосылу сигналы беріледі. Дисктік жинақтағыш двигателі
мен процессор кулері 12В күшпен қуатталады.
Екі еселенген қуат күші бар процессор үшін – негізгі жəне ядро –
қосымша VRM (Voltage Regulator Module — қуатты реттейтін модуль)
екінші реттік қуат көзін талап етеді, бұл жағдайда екі өзгеру əдісі
пайдаланылады: линиялық жəне импульсты. Линиялы қуат көзі ескі
тақталарда пайдаланылды, олар пайдалы əрекеттің аз коэффициентіне
(ПӘК) ие болды, өйткені қуаттың реттеуші элементке (мықты транзистор)
түсу жəне оның жылу ретінде шашырауы есебінен кірмелік кернеу
төмендеген. Шығыс кернеуінің төмендеуінен өзгерткіштер арқылы
шашыраған жылу күші өсті, сондықтан олардың массивті радиаторлары
болады жəне басты тақта компонентінің температуралық режимі
нашарлады.
Қазіргі басты тақталарда катушкасы жəне жоғары ПӘК бар импульсті
көздер пайдаланыла бастады. Екі сатылы сызбалы қуаттың біріктірілген
нұсқасы да пайдаланылуда: алдымен импульсті өзгерткіш ATX12V
жалғағышы арқылы түскен кернеуді 12 В-тан төмендеті, сосын линиялық
өзгерткіш бұл номинал мəнін 1,4...2,0 В-ға өзгертеді, ол прцессор типіне
байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |