Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет39/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   107

118 
 
P  o  we  r  б  ө  л  ім  і(  қ  у  а  т  )  ДЭЕМ-ды аз энергия  тұтынуға  ауыстыру 
арқылы  басқару  параметрлерін  орнатуға  арналған.  Қазіргі  уақытта 
аппаратты  қамтамасыз  ету  түрімен  қатар  бағдарламалық  қамтамасыз 
етумен тығыз байланысты ACPI (Advanced Configuration and Power Interface 
— кеңейтілген конфигурация жəне қуат интерфесі) қуатпен басқару жүйесі 
пайдаланылады.  ACPI-дің  жеке  параметрлері  BIOS-қа  орнатылады.  Оған 
уақыт  интервалы  (уақыт  өткеннен  кейін  қатты  диск  немесе  ДЭЕМ  күту 
уақытына  немесе  тоқтау  процесіне  көшеді)  видеожүйесінің  энергия 
тұтынуды  жəне  энергия  тұтынудың  түрлі  режимдеріндегі  желдеткіштің 
басқару параметрлері жатады. 
B oo t  ( з а гр у з к а )  б ө л ім і н д е ДЭЕМ  загрузкасы  процесінің  пара- 
метрлері  анықталады.  Бұл  бөлімде  алмалы-салмалы  жинақтағыштар, 
жүктеу  құрылғыларын  көру  тəртібі,  жұмсақ  дисктер  форматтары  (40  
немесе  80  жол)  орнатылады.  Қажет  болған  жағдайда,  POST  кейбір 
операциялары  орындалмау  кезінде  тез  орындалатын  өңделу  режимін 
енгізуге  жəне  желідегі  іркілістен  соң  қуат  жүйесінің  бағытын  енгізуге 
болады  (мысалы,  қуат  қалпына  келгеннен  кейін  ДЭЕМ  автоматты  түрде 
немес қолмен қосылуы мүмкін.) 
Ең  соңғы  E  x it  (  ш  ы  ғ  у)  бөлімінде  бағдарламаларды BIOS  параметр- 
лерінде  сақтай  отырып  немесе  орнатылғандарды  болдырмай  отырып, 
шығуға болады. 
Setup  BIOS  мəзірінде  орнатылған  параметрлерді  жазу  үшін  жүйелік 
тақтада  CMOS-жад  болады.  Онда  ДЭЕМ  конфигурациясы  туралы 
(оперативті жад көлемі, жинақтағыштар саны мен түрлері т.б. туралы), күн 
жəне  сағат  көрсеткіші,  құпиясөз,  өзінің  автономды  қуат  көзінің  жағдайы 
жəне  тестілеу  нəтижелері  мен  аппаратты  бөліктердің    диагностикасы 
туралы ақпараттар сақталады. 
CMOS  стандартты  көлемі  шамамен  128  байтты  құрайды,  бірақ  қазіргі 
заманғы жүйелік тақталарда Plug and Play технологиясымен жұмыс істейтін 
құрылғылар туралы ақпараттарды сақтау үшін CMOS-жад көлемі 4 Кбайтқа 
дейін  ұлғаюы  мүмкін.Ақпараттың  сенімділігін  қамтамасыз  ету  үшін  жад 
16-  разрядты  бақылау  сомасымен  қорғалады.  CMOS  автономды  қуатының 
өші  немесе  істен  шығуы  кезінде  BIOS  баптаулары  жүргізілген  барлық 
өзгерістер жоғала отырып бастапқы қалпына келеді. 
BIOS  микросызбасына  қолжетімділік  өте  баяу  болуына  байланысты 
ДЭЕМ  қосылған  кезде,  көлеңке  аумақ  (Shadow  Memory)  деп  аталатын 
белгіленген  оперативті  жадта  BIOS  ішіндегілерінің  көшірілу  процесі 
орындалады,  сосын  процессор  арқылы  енгізу-шығару  базалық  жүйесінің 
барлық бағдарламалары орындалады. 


119 
 
Жабдықтарды  бақылау  кезінде  POST  бағдарламасы  компьютер  динами- 
касына  кодталған  дыбыс  береді,  бұл  дыбыс  арқылы  оның  жағдайына 
диагностика  жасауға  болады.  Мысалы,  құрылғы  істен  шыққан  кезде  ұзақ 
гудок; видеокарта істен шыққанда бір ұзақ жəне екі қысқа гудок; жад істен 
шыққанда  қайталанатын  қысқа  гудок  дыбысы  шығады.  Бұл  кодтар 
толығырақ  басты  тақтаны  техникалық  нұсқаулығында  келтірілген.  Егер 
процессор  істен  шыққан  жағдайда,  онда  ешқандай  дыбыс  болмайды, 
өйткені бұл жағдайда POST бағдарламасының орындалуы мүмкін емес. 
Қателер орын алған жағдайда монитор экранында POST тестін өткізу 
туралы хабарлама шығады жəне операциялық жүйе жүктеледі. 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
 
1.  Процессорға анықтама беріңіз және процессор сипа-тын 
анықтайтын параметрлерді атап шығыңыз. 
2.  «Ядро архитектурасы» термині мен «процессорлық ядро» 
түсінігіне анықтама беріңіз. 
3.  ОЕҚ-мен процессордың алмасу жылдамдығын арт-тыру 
үшін қандай жағдайлар қабылданады? 
4.  Процессордың ішкі өнімділігін не анықтайды? 
5.  Микропроцессордың өнімділігін арттыру мәселесі қалай 
шешіледі? 
6.  Чипсет дегеніміз не? 
7.  Солтүстік көпірдің қызметі қандай? 
8.  Оңтүстік көпірдің қызметі қандай? 
9.  ДЭЕМ-да қолданылатын есте сақтау құрылғылары-ның 
түрлерін атаңыз. 
10.  Электронды есте сақтау құрылғыларын құру қағи-дасын 
сипаттап беріңіз. 
11.  ДЭЕМ-да BIOS және CMOS қандай мақсатта пайдала- 
нылады? 
12.  Мәліметтерді магнитті дискке жазу және оны фор-маттау 
процесінің өтуін сипаттап айтып беріңіз. 
13.  Кластер дегеніміз не? 
14.  Файлдық жүйелердің қандай түрлерін білесіз? 
15.  ДЭЕМ-нің ішкі және сыртқы жинақтағыштар түрле-рін 
атап беріңіз. 
16.  BIOS дегеніміз не? 
17.  BIOS-тың атқаратын қызметтерін атап беріңіз. 
18.  Setup BIOS бағдарламасы не үшін қолданылады? 
19.  CMOS-та не сақталады? 


120 
 
 
    3.3.   
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ 
 
СИПАТТАМАСЫ 
 
 
ДЭЕМ  пайдалану  мүмкіндіктері  ең  алдымен,  пайдаланылатын  процес- 
сордың  (оның  тактілік  жиілігі  жəне  командалар  жүйесі)  түрі  мен  басты 
тақтаның  параметрлеріне  қатысты  болып  келетін  оның  техникалық 
сипаттамасымен анықталады. 
Техникалық  сипаттама  компьютерді  пайдаланудың  кепілдік  берілген 
уақытында  өзінің  маңызын  сақтап  тұрады,  яғни  өндірушілер  мен 
жеткізушілер  пайдаланушыға,  компьютерді  пайдалану  ережесінің 
шарттарын  сақтай  отырып  қолдану  кезіндегі  өнімнің  сапалылығына  жəне 
параметрлердің тұрақтылығына кепілдік береді. 
Жаппай  өндіріліп  жатқан  қазіргі  дербес  компьютерлер  командалар 
жүйесі  бойынша  біріктірілген,  типтік  операциялық  жүйелер  мен 
қолданбалы  бағдарламаларды  пайдаланады,  бірақ  тактикалық-техникалық 
сипаттамасын  анықтайтын  аппараттық  реализациялары  бойынша  бір- 
бірінен айтарлықтай айырмашылықтары болады. 
ДЭЕМ-ның негізгі тактикалық-техникалық сипаттамасына мыналар 
жатады: 
  процессор типі (командалар жүйесі); 
  тез əрекет етуі (тактілік жиілігі жəне процессор мен жүйелік 
шинаның разрядтылығы); 
  оперативті жад көлемі, типі жəне оны ұлғайту  мүмкіндіктері 
(қосылатын модульдер саны); 
  ішкі жад көлемі, орнатылатын дисковод саны мен типі; 
  графикалық  адаптер  видеожадысының  көлемі,  оның  түстер 
палитрасы (түстің қанықтығы) жəне рұқсат беру қабілеттілігі; 
  дисплей типі, оның өлшемі жəне рұқсат беру қабілеттілігі; 
  енгізу-шығару порттарының түрлері жəне номенклатура; 
  қосымша жабдықтар құрамы (дыбыс тақтасы, модем, желі картасы) 
жəне оның негізгі параметрлері; 
  жүйелік тақтада слоттардың кеңею саны; 
  жүйелік блок корпусының типі жəне дизайны; 
  қуат блогының күші; 
  тінтуір жəне клавиатурамен жұмыс істеу тиімділігі жəне эргономика; 
  компьютерді модернизациялау мүмкіндіктері; 
  компьютердің сенімділігі; 
  электрлік қауіпсіздіктің қазіргі санитариялық нормалары мен 
талаптарына сəйкестігі; 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау