Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет43/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107

131 
 
Ядро қуатының түрлі номиналды процессорды жүйелік тақтада пайдалану 
үшін  тақтада  орнатылатын  ауыстырып-қосқыш  көмегімен  немесе  BIOS 
арқылы 0,1 В қадамымен қуатты қолмен басқаруға болады. 
VRM  сызбасы  процессор  контактілері  бойынша  талап  етілетін  қуатты 
өзі анықтағанда, қазіргі басты тақталарда қуат номиналын автоматты түрде 
анықталады.  Тақталардағы  қуатты  анықтау  үшін  жарық  диодтары 
орнатылады. 
Қосымша компоненттерге процессордың температурасы туралы ақпарат 
беретін  датчик,  басты  тақта,  желдеткіштің  айналу  жылдамдығы    т.б. 
жатады.  Көптеген  қазіргі  басты  тақталар  аз  энергия  тұтына  отырып, 
бірнеше 
үнемді 
режимдердің 
жұмыс 
істеуін 
аппаратты  жəне  
бағдарламалық түрде қамтамасыз етеді (мысалы, күту режимі). 
Басты тақтаның міндетті түрдегі құрылғысы тактілік генератор болып 
табылады, 
ол 
ДЭЕМ-ның 
барлық 
электронды 
құрылғыларын 
синхронизациялау  үшін  жұмыс  жиілігінің  торына  беріледі.  Процессорға, 
ОЕҚ-на,  видеокартаға  жəне  PCI  слотына  талап  етілетін  жиіліктер 
номиналын  селективті  түрде  орнату  үшін,  олардың  өзгеру  коэффициентін 
ауыстыратын арнайы сырғанақты коммутатор пайдаланылады. 
Компьютерде басқа шинаны синхронизациялау  үшін жəне процессорда 
осы  жиілікті  іштей  көбейту  үшін  генератордың  салмақ  түсетін  негізгі 
жиілігін  (FSB  шинасының  жиілігі)  бөлу  процесі  жүргізіледі.  Әрбір  шина 
үшін  тактілік  генератор  тірек  жиілікке  қатысты  33  МГц  арқылы  өзгеретін 
бөлудің  бір  коэффициентімен  қатар,  бірнеше  коэффициентін  қамтамасыз 
етеді. Түрлі типті процессордардың жұмысы үшін FSB шинасына арналған 
жиілікті көбейткіш пайдаланылады. 
Кернеу номиналының шегін бақылағаннан кейін жəне  ДЭЕМ-ның қуат 
блогынан  ақаусыз  жағдай  туралы  сигнал  болған  кезде  тактілік  генератор 
процессордың  жұмыс  режиміне  өтуі  үшін  бастапқы  орнату  сигналын 
жасайды. 
Шлейф  ұзындығын  қысқарту  үшін  жинақтағыштарды  бақылау  жалға- 
ғыштары дисководты бекіту үшін тақта бетіне бөлікке жақын орналасады. 
Басты  тақтада  əдетте  қосымша  контроллерлер  орнатылады  (модемдік, 
желілік, SCSI, дыбыстық т.б. контролллеры). Орнатылған дыбыс өзгерткіш 
құрал негізі алты каналды акустиканы  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Бұл  жағдайда  тақта  жалғағыштар  (линиялық  енгізу-шығару,  микрофон), 
сонымен қатар MIDI-порт болады. 
AGPслот  тек  видеокартаны  орнату  үшін  ғана  пайдаланылады.  Кейде 
басты  тақталар  көп  энергия  тұтынатын  жəне  жылу  бөлетін  видеокарталар 
үшін AGP Pro жалғағыштарымен қойылады. 


132 
 
ДЭЕМ-ның  басқа  қосымша  функционалды  тораптары  PCI  кеңею 
жалғағыштарына  орнатылатын  жеке  баспа  тақталарда  орындалады  (4.5 
сурет). 
PCI  стандарты  түрлі  типтегі  жəне  түрлі  қуат  күші  бар  ДЭЕМ  үшін 
тақталардың  үш  тақтасын  ұсынады.  5В  қуаты  бар  тақта  негізінен 
стационарлық компьютерлерге арналған, ал 3,3 В қуатты тақта – портативті 
компьютерлер үшін құрастырылады. 
Plug  and  Play  технологиясы  жаңа  құрылғыларды  орнату  жəне 
конфигурациялау  процесін  айтарлықтай  жеңілдетті.  Пайдаланушыға  тек 
тақтаға  PCI  бос  тұрған  жалғағышын  қосу  керек,  ал  BIOS  жүйесі  қажетті 
ресурстарды автоматты түрде бөледі. 
ДЭЕМ  конфигурациясын  анықтау  уақытында  BIOS  PCI-шинада 
құрылғының  бар  екенін  анықтайды,  олар  адерсетрді  белгілеп,  олардың 
инициализациясына рұқсат береді. 
Жүйелік  тақтада  оперативті  баптауларды  сақтау  үшін  қуаттың 
автономды көзі бар CMOS есте сақтау құрылғысы орнатылады, сондықтан 
оның  ішіндегілер  ДЭЕМ  өшкеннен  кейін  де  жойылып  кетпейді.  Өте  аз 
энергия  жұмсалуына  байланысты  ақпараттың  жадта  15  жылдан  аса  уақыт 
сенімді  түрде  сақталады  жəне  сағат  сызбасын  қуаттандыратын  3В 
гальваникалық  қуат  көзінің  сыйымдылығына  байланысты  болады.  Егер 
тақтада аккумулятор орнатылған болса, онда ол үнемі компьютер қосылып 
тұрған  кезде  зарядталып  тұрады.  BIOS  мəзірінің  көмегімен  CMOS-қа 
өзгеріс енгізе отырып, пайдаланушы басты тақта жұмысын, 
 
 
4.5 сурет. PCI слотына тақтаны орнату: 
— бітеуіш; — жалғағыш; — бекіту бұрамасы; — тақта; — 
жалғағыштар; — тақтаның бекіту кілті; — жүйелік тақта 
 
 


133 
 
жұмсақ  жəне  қатты  диск  параметрлерін,  уақыт  интервалын  орнатуға  (бұл 
уақыт өткеннен кейін компьютер күту уақытына өтеді) жəне бұдан өзге де 
көптеген процесстерді қолмен орната алады. 
Төтенше жағдайлар кезінде (мысалы, құпиясөзді ұмытып қалу) CMOS- 
қа  ақпаратты  жіберу  қуатты  микросызбадан  ажырататын  жалғағыш 
(перемычка) көмегімен жүзеге асады. 
Басты  тақтаның  жүйелік  блогында  орналастырылған  индикаторларды, 
кнопкаларды  жəне  динамикаларды  қосатын  шағын  жалғағыш-вилкалар 
болады.  Осындай  жалғағыштар  жүйені  аппаратты  конфигурациялау 
тапсырмасы кезінде жəне оптикалық дисководтардың аудиолық жолдарын 
тақтамен  байланыстыру  үшін  перемычкаларға  арналған  контакты  ретінде 
қызмет атқарады. 
 
4.2.3.Оперативті есте сақтау құрылғысының 
(ОЕҚ) модулі 
Оперативті  жад  модулі  микросызбаның  біржақты  немесе  екіжақты 
орналасуымен  тікбұрышты  баспа  табақ  негізінде  дайындалады.  Олар 
формфакторларымен  ерекшенеледі  жəне  келесідей  түрлі  констукциялары 
бар:  SIMM  (Single  In-line  Memory  Module  —  бірқатарлы  контактілері  бар 
жады  модулі);  DIMM  (Dual  In-line  Memory  Module  —  екіқатарлы 
контактілері  бар  жады модулі);  SO  DIMM  (Small  Outline  DIMM  —  DIMM 
кіші  өлшемі).  Жад  модулі  жалғағыштарының  контактылері  алтынмен 
немесе никель жəне палладий құймасымен жабылады. 
SIMM  модулі  бір  жақ  бойымен  орналасқан  жалпақ  тақта  болып 
саналады;  басты  тақтаның  жалғағышына  оларды  ілгек    көмегімен 
жұмыстық  (тік)  қалыпта  келесі  бұрылыспен  бұрышқа  орналастырады. 
SIMM  модулінің  екі  типі  бар:  9  биттік  (8  бит  мəліметтер  жəне  1  бит 
жұптықты бақылау) разрядты 30-контактымен; 32 бит (бақылаусыз) немесе 
36  бит  (жұптықты  бақылаумен)  разрядты  72-контактылы.  Сондықтан,  32- 
битті шина үшін SIMM 32-контактылы модульдің төрт банкасы немесе бір 
72-контактылы  модульдің  бір  банкасын  пайдалану  талап  етіледі;  64- 
разрядты шина үшін 72-контактілі модульдің екі банкасы пайдаланылады. 
DIMM  модулінің  екі  түрі  болады:  168-контактылы  (SDRAM 
микросызбасын  орнату  үшін)  жəне  184-контактылы  DIMM  (DDR  SDRAM 
микросызбасы  үшін),  олар  орнатылатын  өлшемдері  бойынша  бірдей, 
жүйелік тақтаның жалғағышына тік қондырылады жəне ілгекпен бекітіледі. 
Өтпелі  кезеңде  басты  тақталар  DIMM-модулінің  екі  түрі  үшін  жалға- 
ғыштармен  жабдықталды,  бірақ  қазіргі  уақытта  SIMM  жəне  168- 
контактылы  DIMM  модульдері  ДЭЕМ-да  ескірген  жəне  олар  қолданыл- 
майды. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау