Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет44/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107

134 
 
72  және  14-контактілі  жалғағышы  бар  SO  DIMM  модулі  портативті 
ДЭЕМ-да  пайдаланылады.  Басты  тақтада  олар  SIMM  модуліне  ұқсас 
орнатылады. 
Қазіргі  уақытта  DIMM-ның  неғұрлым  кең  таралған  микросхемалы 
модульдері – DDR SDRAM, DDR2 SDRAM и DDR3 SDRAM. 
DDR  SDRAM  микросызбасының  негізіндегі  DIMM  модулі  184 
контактімен шығарылады (4.6 сурет). 
Жад модулінің кілті болып тақтадағы ойылған жер саналады. Мұнымен 
қатар,  ОЕҚ-ның  үйлеспейтін  модуліндегі  кілт,  қуат  күшінің  номиналын 
көрсете  отырып  (2,5  немесе  1,8  В)  жəне  электрлік  зақымданудан  қорғай 
отырып,  түрлі  жағдайда  орналасуы  мүмкін  (контактылер  арасында  бір 
немесе басқа бағытқа жылжиды). 
Жады  модуліндегі  іркілістерді  бейтараптандыру  үшін  жұптылықты 
бақылау  немесе  ECC  (Error  Cheking  and  Correction  —  қателерді  анықтау 
жəне түзеу) қателерді түзету коды пайдаланылады. Бұл əдістер ақпараттық 
блокқа  олардың  бүтіндігін  анықтайтын  қосымша  бақылау    разрядтарын 
қосу үшін ойластырылған. 
Жұптылықты бақылау кезінде бақылау битінің мəні, бірлік саны барлық 
тоғыз  разрядта  (мəліметтердің  сегіз  разряды  жəне  жұптылықтың  бір 
разряды)  тақ  болатындай  етіп  беріледі.  Мысалы,  жадқа  жазылатын 
мəліметтердің əрбір байты үшін жұптылықты бақылаудың арнайы сызбасы 
байттағы  бірлік  санын  есептейді  жəне  егер  ол  жұп  болса,  мəліметтерге, 
сəйкес  келетін  жад  разрядында  тоғыз  бит  сияқты  сақталатын  бақылау 
разряды – жұптылық битін құрады. Барлық тоғыз разрядта бірлік саны бұл 
жағдайда тақ болады. 
 
 
 
4.6 сурет.DIMM модулінің 184-контактілі тақтасы: 
— DDRSDRAM микросызбалары; — буферлі жадтың жəне қатені бақылау 
микросызбасы; — тақтаның бекіту ойықтары; — кілт; — жалғағыш 
 
 


135 
 
Егер, бастапқы мəліметтердің сегіз разрядында бірлік саны тақ болса, онда 
бақылау  биті  нөлге  тең  болады  жəне  тоғыз  разрядты  екілік  сан  сомасы  да 
тақ болып қалады. 
Модульден  оқу  кезінде  ақпараттың  жұптылығы  тексеріледі:  егер  9– 
разрядты блокта бірлік саны жұп болып, жұптылық биті бірлікке тең болса, 
онда бұл ақпаратты оқу немесе мəліметті жазу кезінде  қателік орын алған 
дегенді  білдіреді.  Алайда,  бақылаудың  мұндай  əдісі  қандай  разрядта  қате 
кеткенін  жəне  зақымдалған  разрядтар  санын  анықтауға    мүмкіндік 
бермейді. 
Қателерді  түзеу  коды  бір  немесе  екі  разрядтағы  қателерді  анықтауға, 
бірақ  оны  бір  ғана  разрядта  түзетуге  мүмкін.  Ақпараттың  əрбір  64    биті 
үшін қателерді түзеуге қосымша сегіз бақылау разряды бөлінеді. Қателерді 
түзету кодтарын пайдалану кезінде жад модулінде жадқа жазу операциясы 
кезінде бақылау разрядтарын көбейтетін сызба қосылады. 
Жадтан  оқу  кезінде  ол  бақылау  разрядтарының  оқылған  жəне 
көбейтілген  мəнімен  салыстырылады  жəне  қате  болған  кезде  зақымдалған 
битті  дұрыстайды.  Статистика  бойынша  жадтың  көп  іркілісі  бір  разрядта 
өтеді,  сондықтан  мұндай  қателер  қате  түзету  кодтарымен  сəтті  түрде 
дұрысталады. 
ДЭЕМ-ның  қарапайым  пайдаланушыларына  мұндай  бақылау  талап 
етілмеуі  де  мүмкін  (статистика  бойынша  бір  қатенің  болуы  10  жылда  бір 
рет орын алуы мүмкін), бірақ үлкен көлемді кейбір офистік компьютерлер 
үшін  ОЕҚ  өте  пайдалы  болып  табылуы  мүмкін.  Сондықтан,  модуль  жады 
қатені  түзетудің  8-битті  коды  бар  кеңейтілген  72-разрядты  шинасының 
конфигурациясымен  қатар,  қатені  бақыламайтын  қарапайым  64-разрядты 
шина конфигурациясын қамтамасыз етеді. 
DDR ауысымына келетін DDR2, DDR3 типті жад микросызбалары 240- 
контактылы DIMM модулі түрінде шығарылады. 
ДЭЕМ  үшін  жадтың  соңғы  үлгідегі  модульдері  512  Мбайт,  1,2  жəне  4 
Гбайт нұсқасында орнатылады. 
Оперативті  жадтың  қажетті  жəне  жеткілікті  көлемі  ДЭЕМ-ның  қандай 
мақсатта  пайдаланылатынын  анықтайтын  қолданбалы  бағдарламалар  мен 
операциялық  жүйелерге  байланысты  болады.  Офисте  пайдалану  кезінде 
ОЕҚ-ның  512  Мбайт  көлемі  жеткілікті  болып  табылады,  бірақ 
мултьимедиялық ақпаратты өңдеу, видеоконференция өткізу үшін жадты 1 
Гбайтқа  дейін  арттыру  талап  етіледі.  Vista  қазіргі  заманғы  операциялық 
жүйесін  қалыпты  жұмысы  үшін  1  Гбайт  жад  қажет.  Сапалы  3D 
графикасымен  жəне  көптеген  түрлі  жəне  сыйымды  бағдарламалармен 
жұмыс  істейтін  пайдаланушыға  (əсіресе,  мамандарға)  4  Гбайт  ОЕҚ  талап 
етіледі. 


136 
 
Оперативті  жад  модулінің  формфактор,  жад  көлемі,  жадтың  типі, 
модуль  жылдамдығы  (Мбайт/с)  (PC  —  бірканалды  режим;  PC2  — 
екіканалды  режим),  мəліметтерді  жіберу  жылдамдығы,  өндіруші  жəне 
контактылер саны біртіндеп келетін шартты белгілері болады. 
Прайс-листтегі модуль белгілерінң үлгісі: 
1)  DIMM 512Mb DDR SDRAM (PC-3200) 400MHz 184-pin жад модулі; 
2)  DIMM 1Gb DDR2 SDRAM (PC2-4200) 533MHz жад модулі. 
 
 
4.2.4 Видеокарталар 
Видеокарта  (видеоадаптер,  графикалық  адаптер,  графикалық  тақта)  — 
бейнелерді құрастыру, өңдеу үшін жəне оларды монитор экранына берілуін 
қамтамасыз етуге арналған ДЭЕМ-ның міндетті құрылғысы. 
Дербес  компьютерлерді  құрастыру  уақытында  видеоадаптер  жасаудың 
бірнеше  стандарттары  ауысты:  MDA(Monochrome  Display  Adapter  — 
монохромды  дисплейлі  адаптер),  CGA  (Color  Graphics  Adapter  —  түсті 
графикалық  адаптер),  EGA  (Enhanced  Graphics  Adapter  —  кеңейтілген 
графикалық  адаптер),  VGA  (Video  Graphics  Array  —  видеографикалық 
массив), XGA (eXtended Graphics Array — кеңейтілген графикалық массив) 
жəне SVGA (Super VGA — сапалы VGA) жəне т.б. 
Бұл  стандарттағы  негізгі  параметр  экранда  бір  уақытта  пайда  болатын 
түстер саны жəне кадрлық жайма жиілігі болып табылады. 
Барлық  қазіргі  заманғы  видеожүйелер  (видеоадаптер  жəне  монитор) 
текстік жəне графикалық режимде жұмыс істейді. 
Текстік режимде монитор экраны көлденең жəне тік қалыпта, бір белгіні 
(символды)  енгізуге  жеткілікті  болатын  сандардан,  пиксел  тобынан 
тұратын  жеке  позицияларға  бөлінеді.  Суретті  бейнелерде  символ  кодын 
ауыстыру  үшін  экранда  символдардың  жолма-жол  келетін  бейнелері  бар 
ТЕҚ  ретінде  қаралатын  белгі  генераторы  жұмыс істейді.  Белгі  генераторы 
символ  кодын  алу  кезінде  оған  сəйкес  келетін  екілік  бірізділікті 
қалыптастырады,  одан  кейін  бұл  видеосигналға  айналады.  Қазіргі  ДЭЕМ- 
ғы текстік режим операциялық жүйенің бастапқы жүктелу сатысында  ғана 
пайдаланылады. 
Графикалық  режимде  бейненің  əрбір  нүктесі  (пиксел)  1  биттен 
(монохромды режим) 32 битке дейін (түрлі-түсті режим) кодталады. 
Нақты видеожүйенің қалпына келтірілетін түстер саны мен максималды 
кеңейтуі  ең  алдымен,  видеожадтың  жалпы  көлеміне  жəне  бейненің  бір 
элементіне келетін бит санына байланысты болады. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау