Оқулық Бастапқы кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқыту


    3.2.4.Енгізу-шығару базалық жүйесі



жүктеу 2,85 Kb.
Pdf просмотр
бет38/107
Дата29.05.2018
өлшемі2,85 Kb.
#18396
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107

115 
 
3.2.4.Енгізу-шығару базалық жүйесі 
ДЭЕМ  құрылымы  мен  құрамы  үнемі  жетілдіріліп  отырады.  ДЭЕМ 
комплектісінің 
элементтер 
параметрінің 
түрлілігіне 
қарамастан, 
бұрынғыдай  бір  типті  (стандартталған)  аппаратты  тораптардан  тұрады, 
өйткені  ол  ашық  архитектура  қағидасына  сүйенеді.  Сондықтан  дербес 
компьютерлердің  аппаратты  тораптарының  номенклатурасын  жаңарту 
немесе кеңейту жұмысы құрылғыны ауыстырмай-ақ (мысалы, жад көлемін 
жəне енгізу-шығару порттарын ұлғайту) немесе бұрын орнатылған жабдық- 
ты  қазіргі  заманғы  құралдармен  (мысалы,  клавиатура  мен  жинақтағышты 
қатты  дискте  ауыстыру)  алмастырып  та  жүргізуге  болады.  ДЭЕМ  құра- 
мының  бөліктері  өзгерген  жағдайда,  оның  сенімді  жұмысын  қамтамасыз 
ету  үшін,  оны  құрастыру  жəне  пайдалану  процесінде  ДЭЕМ-ді  бірыңғай 
есептегіш жүйемен байланыстыратын арнайы құрылғысы болуы қажет. 
Мұндай  құрылғыға  BIOS  бағдарламасы  бар  РТЕҚ-ның  микросызбасы 
жатады,  ол  нақты  ДЭЕМ  аппаратуралық  жүзеге  асыру  ерекшелігі  мен 
пайдаланылатын  операциялық  жүйенің  стандартты  талаптары  арасында 
жалғыз  аралық  жəне  байланыстырушы  тізбек  болып  табылады.  Тура  осы 
енгізу-шығару  базалық  жүйесі  ОЖ-ге  компьютерде,  олардың  аппаратты 
жүзеге  асырылудағы  түрлілігіне  қарамастан,  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік 
береді. 
Компьютердің енгізу-шығару базалық жүйесі, тұтас алғанда, əрқайсысы 
ДЭЕМ-ның нақты тақтасына жалғасқан бірнеше микросызбаларда сақтала- 
тын бағдарламалардың бөлінген кешені болып есептеледі. Бұл бағдарлама- 
лар  компьютердің  бастапқы  қосылған  кезінен  бастап  операциялық  жүйеге 
дейін, оның жұмысын аппаратты ортада дайындай отырып орындалады. 
BIOS  негізгі  (басты)  бағдарламалық  коды  РТЕҚ-ның  жүйелік  тақтада 
орналасқан  микросызбасында  болады,  бірақ  кейбір  адаптерлерде 
(видеокарталарда  міндетті  түрде)  өзінің  аналогты  микросхемалары 
орнатылуы  мүмкін.  Олар  енгізу-шығару  базалық  жүйесінің  ішкі 
бағдарламаларынан  жəне  ДЭЕМ  аппаратты  тораптарының  (мысалы, 
компьютердің  қосылған  кездегі  монитор  жұмысын  қамтамасыз  ететін 
видеокарта)  жұмысы  үшін  қажетті  драйверлерден  (driver  —  басқарылатын 
бағдарлама) тұрады. Әрбір драйвер операциялық жүйе мен нақты құрылғы 
арасында мəліметтер ағынын жəне байланысты басқарады. 
Жүйелік  тақтаның  енгізу-шығару  негізгі  базалық  жүйесі  ДЭЕМ-ның 
бастапқы  іске  қосылуында  əрекет  ететін  кез-келген  адаптердің  РТЕҚ-на 
жазылған бағдарламаны автоматты түрде орындайды. ДЭЕМ-ның бастапқы 
жүктемесінде  əрекет  етпеген  құрылғыда,  əдетте  BIOS  болмайды,  ал 
олардың драйверлері операциялық жүйенің қатты дискінен жүктеледі. 


116 
 
Басты BIOS келесі қызметтерді атқарады: 
  процессор,  жад,  жүйелік  логиканың  микросызба  жиыны,  видео- 
адаптерлер,  дискті  бақылауыштар,  клавиатуралар  жəне  POST  бойынша 
(Power On Self Test — қуат өшкен кездегі өз бетімен тестілену) ДЭЕМ-ның 
өзге компоненттеріне бақылау өткізеді; 
  BIOS  мəзірінде  жүйелер  параметрлерінің  қолмен  конфигурация- 
лануын қамтамасыз етеді; 
  дискті құрылғыларда ОЖ жүктемесін басқарады; 
  жүйенің  жұмысы  кезіндегі  аппараттық  қамтамасыз  ету  жəне  опера- 
циялық жүйенің өзара əрекетіне арналған драйверлер жиынын сақтайды; 
  автоматты түрде конфигурациялану технологиясын — PlugandPlay 
технологиясын қолдайды. 
Жүйелік  тақтаның  BIOS  драйверлерін  ДЭЕМ  негізгі  аппараттық 
қамтамасыз  етуді  орындауға  қажетті  негізгі  құрылғыларды  ғана 
(клавиатура,  дисковод,  бірізді  жəне  параллельді  порттар  т.б.)  жұмысын 
қамтамасыз ете алады. 
Жүйелік BIOS ДЭЕМ туралы қызметтік ақпараттар базасын басқарушы, 
сонымен  қатар  операциялық  жүйенің  бастапқы  бағдарламалық  инициа- 
лизациясы  деп  санауға  болады,  ол  басты  тақтаның  апаратты  құралының 
конфигурациясы туралы ақпаратты өзгертеді жəне сақтайды, 
BIOS ДЭЕМ-ны қосу жəне қайта қосу кезінде басқарады, жүйелік тақта 
мен  компьютердің  негізгі  бөліктерін  (видеоадаптер  (BIOS  орнатылған 
бағдарламасының  көмегімен),  клавиатура,  дисктерді  бақылаушы  жəне 
енгізу-шығару  порттары)  тесттен  өткізеді,  тақтаның  жүйелік  логикасын 
күйіне  келтіреді  жəне  қатты  дисктен  операциялық  жүйенің  ОЕҚ-на 
жүктеледі.  Операциялық  жүйенің  жұмысы  кезінде  BIOS  іс  жүзінде 
қолданылмайды. 
Plug  and  Play  спецификасына  сəйкес  келетін  құрылғының  бірыңғай 
сəкестендірілген  нөмірі  болуы  тиіс,  бұл  нөмір  арқылы  құрылғыны 
анықтауға жəне ол үшін қажетті драйверлерді орнатуға болады. 
BIOS  ДЭЕМ-ның  автоматты  конфигурациялану  процесінде  бұрын 
орнатылған  құрылғыны  инициалдайды, ал  жаңа  құрылғы  болған  жағдайда 
арнайы  өтінім  жібереді,  өтінім  жауабы  ретінде  қайта  енгізілетін  құрылғы 
өзінің  идентификаторы  туралы  ақпаратты  хабарлайды.  Егер  BIOS  өзінің 
ресурстары  көмегімен  қосылған  құрылғыға  конфигурация  жасай  алмаған 
жағдайда,  онда  бұл  процесс  тоқтайды,  өңделу  жалғасады,  альДЭЕМ-ның 
соңғы конфигурациялануын операциялық жүйе атқарады. 
ДЭЕМ-ның  жеке  параметрлері  мен  конфигурациясын  қолмен  орнату 
үшін  клавишті  немесе  клавиштің  белгілі  бір  комбинациясын  басу  арқылы 
POST бағдарламасының орындалу уақытында шақырылатын Setup BIOS 


117 
 
утилитасы  қолданылады  (экран  загрузкасының  басында  ереже  бойынша, 
клавиш атауы жазылады, оның іске қосылу үшін осы клавишті басу керек). 
Setup  BIOS-ке  қолджетімділік  құпиясөзбен  қорғалуы  мүмкін,  құпиясөз 
(пароль)  офиске  арналған  ДЭЕМ-да  администратор  арқылы,  ал  үй 
жағдайындағы компьютерге пайдаланушы арқылы орнатылады 
Setup  BIOS  қосылғаннан  кейін  ДЭЕМ  мониторында  негізгі  мəзірі  бар 
экран  пайда  болады.  Негізгі  мəзірдің  құрамы  жүйелік  тақтаның  үлгісіне 
байланысты  болып,  түрлі  бөлімдерден  тұруы  мүмкін,  бірақ  баптау 
(настройка) параметрлері бірдей болады. 
Осы мəзірдің неғұрлым көп кездесетін бөлімдерін қарастырайық. 
M a in  б ө л і м і  ( н е г і зг і  п а р а м е т р л е р ) аппаратты  қамтамасыз ету 
ресурстарын  бөледі.  Оған  жүйелік  күн  жəне  уақыт,  жұмсақ  жəне  қатты 
дисктердің  саны  мен  параметрлері,  администратор  (Supervisor)  жəне 
пайдаланушының  (User)  құпиясөзі  орнатылады  жəне  BIOS  нұсқасының 
нөмірі,  процессордың  типі  мен  жұмыс  жиілігі,  жадтың  оперативті  көлемі 
көрсетіледі. 
Администратордың 
құпиясөзі 
Setup 
BIOS 
бағдарламасына 
қолжетімділкті  басқарады.  Егер  администратордың  құпясөзі  орнатылған 
болса, онда Setup BIOS бағдарламасын қосу кезінде құпиясөзді жазу керек 
екені  туралы  диалогтық  терезе  шығады.  Құпиясөзді  дұрыс  енгізген 
жағдайда  пайдаланушы  BIOS  параметріне  қол  жеткізеді.  Егер  құпиясөз 
дұрыс  енгізілмеген  жағдайда,  BIOS  параметрімен  жұмыс  істеу 
қабылданбайды. 
Пайдаланушының  құпиясөзі  компьютермен  жұмыс  істеу  үшін 
пайдаланылады.  Егер  осы  құпиясөз  орнатылған  болса, онда  ДЭЕМ  қосқан 
кезде  құпиясөзді  жазу  керек  екені  туралы  диалогтық  терезе  шығады. 
Құпиясөз  дұрыс  енгізілгенде  компьютер  жұмысы  жалғастырылады.  Егер 
осы  құпяиясөздердің  екеуі  де  орнатылған  болса,  компьютер  жұмысын 
жалғастыру  үшін,  бұлардың  ең  болмағанда  біреуін  жазу  қажет.  Көбінесе 
құпиясөз жүйесі ұзындығы жеті немесе сегіз символдан тұрады. 
A dv a n c e d б өл і м і н д е ( қ о с ы м ш а п а р а м е т р л е р ) процес- 
сордың, жүйелік шина жиілігін; солтүстік көпір жəне процессор ядросының 
қуат  күшін  орнатуға,  сонымен  қатар  кэш-жадты  қосуға  (ол  процессорда 
болған  жағдайда)  жəне  AGP  апертурасының  өлшемін  орнатуға  болады. 
Апертура  деп  видеокартаның  орнатылған  жадын  кеңейтетін  ОЕҚ  бөлігін 
айтады.  Мəзір  PCI  слотын  жəне  енгізу-шығару  порттарын  қолмен 
конфигурациялауға,  процессордың  жұмыс  температурасы  қалыпты 
диапазоннан  асып  кету  кезінде  ескерту  хабарламасын  беру  үшін  процес- 
сордың  төменгі  жəне  жоғарғы  мəнінің  шекарасын  таңдауға  мүмкіндік 
береді. 


жүктеу 2,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау