295
Автократиялық
басшы
жеткілікті билігі бар, сол арқылы
орындаушыларға міндетті түрде өз
билігін жүргізеді.
«Адамдық қарым-
қатынастар мектебі»
басқару теориясының белгілі
мектебі, жұмысшылар ортасының
психологиялық және әлеуметтік
факторларын зерттейді. Негізін
қалаушы американдық ғалым Элтон
Мэйо.
Айналыс еңбек өнімдерінің ақша арқылы
айырбасталуы, тауардың ақшаға, ақша
тауарға айналуы.
Акционер
акция ұстаушы, басқалармен бірге
акционерлік кәсіпорынның ортақ иесі.
Акционерлік қоғам коммерциялық ұйым. Оның жарғылық
капиталы белгілі акциялық топқа
бөлінген. Акциясы бар қатысушылар
акционерлік қоғамға тікелей әсер етуге
құқығы бар.
Акция
иесінің акционерлік қоғамға қатысы
барлығын растайтын және оған
дивиденд алуды мүмкін ететін бағалы
қағаз.
Ақша эмиссиясы
ақша белгілерін басып шығаруды
ғана емес, айналыстағы қолма-қол
және қолма-қол емес ақшаның барлық
массасын ұлғайту.
Аукцион көпшілік алдында кім бағасын асырса,
артық төлем ұсынса, бұйым соған
сатылатын бәсекелік сауда. Тауарлар
мен басқа құндылықтарды сатуды
ұйымдастыратын формасы.
296
Әртараптандыру
өзгеріс, әртүрлілі. Бұл жаңа сфераларға
шаруашылық қызметін (жұмысты)
енгізу. Мысалы, шығарылатын
тауарлардың ассортиментін кеңейту,
жаңа өндіріс қызметтерін көрсету.
Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың
жаңа рынок аясына кіру, жаңа
тауарлардың өз тұтынушыларын табу
және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Баға тауар құнының ақшалай көрінісі.
Басқару аламдардың бірігіп атқаратын қызметі
келісімді болуына мүмкіндік туғызатын
мақсатты әсер.
Басқару әдістері
белгіленген мүдделерге жету
үшін қолданылатын тәсілдер мен
құралдардың басқарушы субъектінің
басқару объектісіне көрсететін
ықпалы. Басқару әдістері мен басқару
үрдістерінің айырмашылығы бар.
Басқару жүйесі адамдардың келісіп бірге жұмыс істеуін
қажет ететін әрекетттер жиынтығы.
Басқаруды іске асыру буындарының
жиынтығы және олардың өзара
байланысы.
Басқару қатынастары басқару процесіндегі адамдар
арасындағы қатынастар, басқарудың
объектілер арасындағы ерекше
формасы. Басқару пәнінің объектісі,
басқару қатынастар жүйесі ресми және
бейресми деп бөлінеді.
Басқару өнері
жетістікке болмаса басқару тиімділігіне
қол жеткізу үшін менеджердің жеке
рөлін сипаттайтын басқару қызметінің
кешені.
Басқару қағидалары қандай теориялар, ілімдер, ғылымдар
болса да солардың алғашқы негізі.
297
Басқару субъектісі басқару жүйесінің бөлігі болмаса
буыны. Басқару объектісіне әсер ету
көзі. Екі түрлі белгілері бар: басқару
объектісінің шегі (шекарасы) және
басқару шешімі.
Басқару тиімділігі басқаруды жетілдіруінің негізгі
көрсеткіштерінің бірі. Бұл көрсеткіш
басқару мен ресурстардың нәтижелерін
салыстыру арқылы анықталады.
Басқару
функциялары
басқарудың кез келген үдерісінің
құрамды бөлігі. Негізгі басқару
функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру,
мотивация, бақылау және үйлестік.
Басқару шешімі менеджер немесе басқарушы жүйенің
жасалған қызметі. Ол проблемаларды
шешуге алып келеді, сөйтіп әлеуметтік-
экономикалық жүйенің дұрыс жұмыс
істеуіне әсер етеді.
Басқару шешімі
басқарылатын жүйенің объективті
заңдар негізінде жұмыс істеуіне
басқару объектісінің әсер етуі. Басқару
үдерісінің негізі. Басқару деген - мәселе
шешу.
Басқару
шешімдерінің
тиімділігі
басқару шешімдерін жүзеге асыру
арқылы бір данаға жоспарланған
шығындарға қол жеткізу дәрежесі.
Басқаруды
ақпаратпен
қамтамасыз ету
барлық басқару процесін тиімді өткізу
үшін мүмкіндік беретін ақпараттық
ресурстардың, құралдардың, әдістер
мен технологиялардың жиынтығы.
Оның ішіне басқару шешімдерін жүзеге
асыру мен оны әзірлеу де кіреді.
298
Басқарудың
құрылымы
ұйымды басқарудағы объект пен
субъект арасындағы тұрақты
байланыстар жиынтығы. Әртүрлі ішкі
және сыртқы өзгерістер болғанда негізгі
қасиеттерін сақтау. Құрылымның түрлі
схемаларын, басқарудың классикалық
және арнаулы үлгілерін қамтиды.
Басқарулық бақылау басқару функцияларының бірі. Онсыз
басқарудың басқа функцияларын іске
асыру мүмкін емес. Нақтылы жағдайды
дұрыс бағалауды қамтамасыз етеді
және сол арқылы фирма жоспарының
көрсеткіштеріне өзгерістер енгізіледі.
Басшылық стилі басқарудың ерекше әдістерінің
жиынтығы. Басқару стилінің үш түрі
бар – директивті, демократиялық,
либералдық.
Бәсекеге қабілеттілік елдегі нақтылы салада және сырттағы
елдердегі бір фирманың екінші фирмаға
қарағандағы артықшылығы.
Бәсекелестік күрес рынокта бәсекелуші фирманы өзінің
бәсекелестік артықшылықтарын іске
асырудағы пайдаланатын әдісі.
Бейімделу жүйе және оның бөлек элементтерінің
сыртқы ортаның өзгеру жағдайларына
лайықтануы.
Бизнес жеке бастың пайдасын арттыруға
бағытталған іс, кәсіпкерлік, коммерция,
сауда. Бұдан басқа мемлекеттік,
тұтынушылар бизнесі бар.
Бизнес-жоспарлау кәсіпкерлік, инвестициялық жобаларды
іске асыру үшін шаралар жүйесін
әзірлеу процесі.
Билік өкімет, өкім, әкімшілік жүргізу. Қазіргі
жағдайға болмаса басқа адамдардың
тәртібіне әсер етуге құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |