291
3. Сыртқы ресурстарды ішкі пайдалану үшін өзгерту,
түрлендіру.
4. Белгіленген мақсаттардан едәуір ауытқуларды тексеру.
5. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін бұл бұрмалауларды
түзеу.
Басшы-менеджер бұл жүйеге жүйелі түрде ықпал жасайды,
оның мақсаттарына да, жұмысына да өзгерістер енгізеді. Басқаруда
дәл сондай ашық типтегі жүйелер қажет, өйткені ұйымға көптеген
өзгермелі шамалар әсер етеді.
Қорытынды бақылау. Қорытынды бақылау төңірегінде
кері байланыс жұмыс орындалған соң ғана қолданылады. Не
бақыланатын қызмет біткен соң бірден, не болмаса алдын ала
белгіленген уақыт кезеңі өткен соң іс жүзінде алынған нәтижелер
талап етілетіндермен салыстырылады.
Профессор Уильям Нъюменнің пікірінше, қорытынды
бақылаудың екі функциясы бар.
1. Олардың бірі – бақылау, ұқсас жұмыстарды болашақта жүргізу
деп болжанса, жоспарлауға қажетті ақпаратты басшылықтың
ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Іс жүзінде алынған және талап
етілетін қорытындыларды салыстыра келе, басшылық жасаған
жоспарлардың қаншалықты шынайы екендігін жақсырақ бағалау
мүмкіндігіне ие болады.
2. Қорытынды бақылаудың екінші функциясы – туғызу. Егер
ұйым басшылығы мотивациялық марапаттауларды нәтижеліліктің
белгілі бір деңгейіне жетумен байланыстырса, онда бәлкім, іс
жүзінде жеткен нәтижелілікті объективті түрде дәл өлшеу керек.
Бақылау процедурасында анық ажыратылатын үш кезең бар:
- стандарттар мен белгі-өлшемдерді (нақты мақсаттарды) жасау;
- жеткен нәтижелерді белгіленген стандарттармен салыстыру
(болуға болатындай ауытқулар ауқымын болдырмау жүйесі –
бақылау жүйесі стандарттардан айтарлықтай ауытқу болғанда ғана
жұмыс істеуі тиіс);
- қажетті түзету іс-әрекетін жасау.
Менеджер мінез-құлық, тәртіптің үш желісінің бірін таңдауы
тиіс:
- ешқандай әрекет жасамау;
- ауытқуларды жою;
- стандартты қайта қарау.
292
Тиімді бақылаудың сипаттамасы:
- стратегиялық бағытталу (ұйымның жалпы басым бағыттарын
көрсету мен оларды қолдау);
- нәтижелерге орай бағдарлану (ақпарат жинау, стандарттар
белгілеу мен кемелді мәселелерді анықтау);
- іске сәйкес болу (бақыланатын қызмет түріне сәйкес болу);
- бақылаудың дер кезінде жүргізілуі;
- бақылаудың икемділігі;
- бақылаудың қарапайымдылығы;
- бақылаудың үнемділігі;
- халықаралық деңгейдегі бақылау (ұйым шет елдерде өзінің
бизнесін жасаған кезде).
Үшінші бөлім. Менеджмент
Негізгі сұрақтар
1. Басқару теориясының жалпы мазмұны
2. Нарық жүйесінің құрылуы мен жұмыс істеуінің негізгі
шарттары
3. Нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің бес іргелі
мәселелері
4. Басқару ілімінің негізгі даму бағыттары
5. Басқару жүйесінің жалпы теориясы
6. Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
7. Кәсіпкерлік және менеджмент
8. Кәсіпкерліктің ерекше белгілері
9. Менеджмент әдістері мен ғылыми мектептері
10. Менеджменттік қызмет және оған қойылатын талаптар
11. Орта менеджментті бағалау және аттестациялау
көрсеткіштері
12. Менеджменттің стратегиясы мен тактикасы
13. Бизнес категориясының мазмұны мен оның пайда болу
ерекшеліктері
14. Бизнес және үкімет
15. Бизнесті ұйымдастырудың негізгі формаларына тән
ерекшеліктер
16. Менеджмент және бәсекеге қабілеттілік жетістік
17. Нарық құрылымы мен тетіктері
293
18. Менеджменттің ғылыми әдістері мен қағидалары
19. Басқару әдістерінің жіктелуі
20. Менеджменттегі экономикалық әдістердің жалпы
сипаттамасы
21. Экономикалық әдістер жүйесі
22. Басқару функцияларының мазмұны мен түсінігі,
анықтамалары
23. А. Файоль және Ф. У. Тейлор бойынша басқару
функцияларының жіктемесі
24. Рынок жағдайында іскерлік басқарудың жіктелуі
25. Басқару объектісі мен субъектісі тұрғысынан басқару
функцияларының жіктелуі
26. Экономиканы жоспарлау басқару функциясы ретінде
27. Фирма ішіндегі жоспарлау
28. Ұйымдағы өзара қарым-қатынастың негізгі элементтері
29. Ұйымдық өкілеттіліктердің классикалық тұжырымдамасы
30. Ұйым басқару объектісі ретінде
31. Мотивацияның негізгі түсініктері мен тұжырымдамалары
32. Мотивацияның мазмұндылық теориялары
33. А. Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы
34. Мак Клелландтың қажеттіліктер теориясы
35. Герцберг теориясы
36. Күту теориясы және Виктор Врум моделі (үлгісі)
37. Әділеттілік теориясы және Портер-Лоулер моделі
38. Менеджменттегі шешімдер ролі мен түрлері
39. Шешім қабылдау әдістері
40. Басқаруда мәселені ұтымды шешу кезеңдері
41. Қабылданған басқарушылық шешімдерді бағалау мен
ұйымдастыру фазалары
42. Ақпараттардың негізгі сипаттамалары
43. Ақпараттық жүйелер
44. Ақпаратты өңдеу және жинау әдістері
45. Басқару стилінің мәні және ерекшеліктері
46. Нәтижелі жетекші және жағдайлық тәсілдер
47. Бақылау басқару функциясы ретінде
294
Үшінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер
1. Бизнес и менеджер. -М.: Азимут Центр, 1992
2. Бердалиев К. Менедежмент. Лекциялар курсы, Алматы,
Экономика, 2005.
3. Бердалиев К. Қазақстан экономикасын басқару негіздері
Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2001
4. Бердалиев К., Турсынбаева А. А., Саткалиева Т. С.,
Өмірзақов С. Ы. Менеджмент теориясы және тәжірибесі. Оқу
құралы. Алматы, 2002.
5. Герчикова И. Н. Менеджмент. Учебник. -М.: Банки и
Биржи, ЮНИТИ, 1994
6. Горфинкель В. Я. Курс предпринимательства. -М.:
ЮНИТИ, 1997
7. Глухов В. В. Основы менеджмента.-СПб.:изд.«Социальная
литература», 1995
8. Кэмпбелл Р. Макконнелл, Стэнли Л. Брю. Экономикс.
Принципы, проблемы и политика. -М.: Изд. «Республика», 1992
9. Мильнер Б. З. Организация программно-целевого
управления. -М.: Наука, 1980
10. Мескон М. Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы
менеджмента: Пер. с англ. –М.: Дело, 1992
11. Мухин В. И. Основы теории управления. Учебник. -М.:
Экзамен, 2002
12. Рыночная экономика. Учебник. -М.: СОМИНТЭК, 1992
13. Семенов А. К. Методы системного анализа структуры
народного хозяйства. -М.: Наука, 1974
14. Томпсон А. А., Стрикленд А. Дж. Стратегический
менеджмент. -М.: Банки и Биржи. Изд. объединения ЮНИТИ,
1998
15. Теория управления социалистическим производством.
Учебник. Под редакцией О. В. Козловой, 2-е изд. -М.:
Экономика, 1983
16. Фатхутдинов Р. А. Система менеджмента. -М.: 1996
Достарыңызбен бөлісу: |