Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет90/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95

282
ахуалдық факторға тәуелді болады: бағынушылардың жеке өзіндік 
қасиеті; сыртқы орта жағынан талап ету мен әсер ету.
Бағынушыларда  өзін  өзі  сыйлау  мен  қатарда  болу  қажеттілігі 
байқалғанда  қолдау  стилі,  яғни,  адамға  бағытталған  немесе 
адамгершілік қатынасқа ең дәл келетін стиль болады.
Егер бағынушыларда автономиялар мен өзінше жеткізуде үлкен 
қажеттілік бар болса, онда олар инструментальды стильді қалайды.
Басқа өзіндік жеке сипаттамасы сәйкес келетін басқару стилін 
таңдауға  әсері  –  бағынушылардың  сенімі  болып  табылады, 
яғни  олардың  сыртқы  ортаға  әсер  ету  қабілетінің  бар  екендігі. 
Бихевиорист  ғалымдар  бұл  сипаттаманы  «бақылау  пункті»  деп 
атайды.
Өздерінің айналаға әсер ететініне сенетін бағынушылар мынадай 
басқару стилін қалайды, яғни бағынушылардың шешім қабылдауға 
қатысуын  түсіндіретін  стильді  қалайды.  Ал,  айналада  болып 
жатқанға  нашар  әсер  ететін  бағынушылардың  санауы  бойынша, 
олар авторитарлы немесе инструментальды стильды қалайды.
Фидлердің моделі сияқты бұл тәсіл де қосымша зерттеуді талап 
етеді.
Поль  Херси  мен  Кен  Бланшар  жетекшіліктің  жағдайлық 
теориясын зерттеп шығарған. Олар оны «Өмірлік цикл» теориясы 
деп атаған.
Осыған  байланысты  жетекшілік  стильдің  нәтижелігі  – 
орындаушының білімділігіне байланысты.
Жеке  адамдар  мен  топтардың  білімділігі  өзінің  тәртібіне 
деген жауапкершілікті алып жүру қабілетін, алға қойған мақсатқа 
жетуді армандау және де білім мен тәжірибеге деген нақты міндет 
қатынасының орындалуын түсіндіреді.
Орындайтын міндетіне байланысты жеке адамдар мен топтар әр 
түрлі білімділік деңгейін көрсетеді. Басшы жеке адамдардың немесе 
топтардың салыстырмалы білімділігіне байланысты өзінің тәртібін 
де ауыстырып отыруы мүмкін.
Авторлар  орындаушының  нақты  білімділік  деңгейіне  сәйкес 
келетін  лидердің  төрт  стилін  атап  көрсеткен:  нұсқау  беру;  сату; 
қатысу; бөлу.
Бірінші  стиль,  басшының  үлкен  дәрежесін  міндетке  бағыттап 
және  азын  адамгершілік  қатынасқа  үйлестіруін  талап  етеді.  Бұл 
стиль – «нұсқау беру» деп аталады, ал ол төменгі деңгейлі білімділігі 


283
бар бағынушыларымен сипатталады.
Бұл  стиль  бағынушылардың  нақты  міндетке  жауап  бергілері 
келмейтінімен, не қабілетсіз болуымен орынды. Осыған байланысты 
оларға  сәйкес  нұсқаулар,  басқарушылық  және  қатаң  бақылау  да 
орынды (М1).
Екінші стиль – «сату». Басқарушының стилі тең және жоғары 
дәрежеде міндетке де, қатынасқа да бағытталған болып табылады. 
Ал,  ол  бағынушылардың  орта  деңгейлі  білімділігі  бар  жағдайға 
тәуелді (М2). Бағынушыларға жұмысты қалай істеуіне байланысты 
нақты  нұсқаулар  беріп,  басшы  міндетке  бағытталған  тәртіптерін 
таңдайды.
Үшінші  стиль,  орынды  жоғары  дәрежелі  білімділігімен  (М3) 
сипатталады. Бұл жағдайда міндеттің орындауына бағынушылардың 
шамалары жетсе де, жауап бергілері келмейді.
Төртінші  стиль,  жоғары  дәрежелі  білімділікпен  (М4) 
сипатталады. Бұл жағдайда жауапкершілкті бағынушылар ала алады 
және оны алып жүргілері келеді. Мұнда бөлу стилі сәйкес келеді. 
Басшының тәртібі төменгі дәрежені міндетке және де адамгершілік 
қатынасқа бағыттап үйлестіруі мүмкін.
Тағы да бір басқарушылықтың ахуалдық моделін Виктор Врум 
мен Филип Йеттон жасап шығарған.
Жоғары
Жоғары дәрежені адамгершілік 
қатынасқа және азын міндетке 
бағыттау бағынушыларды 
шешім қабылдауға қатысуына 
бағытталған басқару стилі
Жоғары дәрежені міндетке 
және адамгершілік қатынасқа 
бағыттау.  
                       Сату
Бөлу
төменгі дәрежені адамгершілік 
қатынасқа және жоғарғысын 
міндетке бағыттау
Нұсқау
жоғарғы дәрежені міндетке 
және төменгісін адамгершілік 
қатынасқа бағыттау
Төменгі ____________Міндетке бағыттал-____________Жоғары
                                             ған тәртіп
    Жоғары                          Біртекті орташа                Төменгі
        М4 
     М3                    М2                               М1
Білімд___________Орындаушының білімділігі________Білімсіз


284
 13-cурет – Басқарушының стилі                                                                        
Врум-Йеттонның «Басшымен шешім қабылдау» моделі – шешім 
қабылдау  үрдісіне  айтарлықтай  көп  көңіл  бөледі.  Бұл  модельге 
сәйкес басқарудың бес стилі бар. Бағынушыларға қандай дәрежеде 
шешім қабылдауға, қатысуына, рұқсат етуіне, байланысты басшы 
бұл стильдерді қолданады.
А1  –  Қазіргі  кездегі  бар  ақпараттарымызды  пайдаланып  сіз 
мәселені өзіңіз шешесіз немесе шешім қабылдайсыз.
А2 – Сіз өзіңіздің бағынушыларыңыздан керекті ақпаратты алып 
барып, сонан соң өзіңіз сол мәселені шешесіз.
С1  –  Сіз  мәселеге  қатысы  бар  бағынушыларға  жеке-жеке 
түсіндіріп, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдайсыз, бірақта 
олардың бәрін бір топқа жинамай түсіндіресіз. Сонан кейін барып 
шешім қабылдайсыз, ал ол өзіңіздің бағынушыларыңыздың әсерін 
тигізуін немесе тигізбеуін көрсетеді.
С2 – Сіз мәселені өзіңіздің бір топ бағынушыларыңызға айтып 
түсіндіресіз  және  бүкіл  ұжым  барлық  айтылған  идеялар  мен 
ұсыныстарды тыңдайды. Сонан соң сіз шешім қабылдайсыз, ал ол 
өзіңіздің  бағынушыларыңыздың  әсерін  тигізуін  немесе  тигізбеуін 
көрсетеді.
С3 – Сіз мәселені өзіңіздің бір топ бағынушыларыңызға айтып 
түсіндіресіз. Сонан соң барлығыңыз бірге баламаны тауып, бағалап 
және де сол баламаны таңдауда бір келісімге келуге тырысасыздар.
Басшыларға  жағдайды  бағалауды  көмек  ретінде  Врум  мен 
Йеттон жеті белгі ойластырып шығарды. Сол белгілерге байланысты 
жағдай және бағынушылар – басқарушы болып сипатталады.
Врум-Йеттонның апталығы бойынша мәселенің белгілері:
1.  Сапалы шешімнің мағынасы.
2.  Жергілікті ақпараттың бар болуы.
3.  Мәселенің құрылымдығының дәрежесі.
4.  Бағынушылардың  ұйым  мақсаттарымен  келісу  мәні  және 
олардың шешімді тиімді орындауға қатынасуы.
5.  Басшының  автократикалық  шешімінің  бағынушылар 
арасында қолдау алуының ықтималдылығы өткен тәжірибе негізінде 
анықталған.
6.  Бағынушылардың  мотивациялық  дәрежесі  –  ұйымның 
мақсаттарына  жету,  яғни  мәселе  айтылғаннан  кейін  олардың 
тұжырымдалған міндеттерін орындауы.


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау