Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет95/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95

299
Болжау қағидалары      қағида теорияның қалыптасуының 
алғашқы негізі, адам тәртібінің ережесі. 
Болжау қағидалары: жүйелік, кешендік, 
үзіліссіздік, нұсқаулық, оңтайлық.
Бюрократиялық 
басқару стилі    
менеджерлердің көне, ежелден 
қолданып келе жатқан жұмыс істеу 
әдістерінен қол үзбеуі, істі егжей-
тегжей білуге ынталанбауы, мәселені 
шешуді созу, ағымдағы істерге орынсыз 
араласу және т.б.
Валюта                      
ақша өлшемі, яғни баға масштабы 
болып саналатын және елдің ақша 
жүйесінің негізіне алынатын алтынның, 
күмістің салмақ мөлшері. Ақша 
жүйесінің түрлері (алтын, күміс, қағаз 
ақша).
Валюта бағамы  
әр түрлі шетелдік валюталардың белгілі 
бір ара қатынасы.
Дефицит                  
шығынның табыстан басым болуы, 
зиянға ұшырауы.
Дотация                        жәрдем көрсетудің бір түрі.
Друкер Питер Ф.     
америкалық экономист, социолог, 
басқару проблемаларының маманы, 
қазіргі менеджменттің «Өкіл әкесі». 
Негізгі еңбектері: «Басқару тәжірибесі», 
«Жаңа қоғам», «Рынок: қалай 
жетекшілікке шығу» және т.б.
Жоспарлау 
стратегиясы 
жоспар деген ұғым латын тілінен 
аударғанда «бір қалыпты», «иілмелі» 
деген ұғымды білдіреді. Ол бір ойлаған 
мақсатты іске асыру, сол үшін әдістер 
мен көрсеткіштерді анықтау. Басқару 
функциясы ретінде объектінің ағымда 
және болашақта даму баламаларын 
таңдайды.


300
«Канбан» жүйесі           Жапониядағы логистика әдісімен 
әзірленген (фирма «Тойота») өндіріс 
пен жабдықтауды басқаратын жүйе. Бұл 
жүйе өнімнің жоғары сапасын, шикізат, 
материалдар және т.б. қорларды 
үнемдеуді қамтамасыз етеді.
Жүйелердің жалпы 
теориясы
күрделі жүйелердің жұмыс істеу 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 
Жүйелердің жалпы теориясы, басқару 
және ұйымдастыру теориясының 
методологиялық негізі.
Жүйелі тәсіл            
күрделі жүйелердің тұтастығы мен 
байланыстарын қарастыратын әдіс. 
Жүйелі тәсіл арнаулы ғылыми пән 
– «Жүйелердің жалпы теориясы». 
Оның мәні жүйені жөнге салу болып 
табылады.
Инвеститор                    пайда табу мақсатымен өз еліндегі не 
шетелдегі белгілі бір кәсіпке капитал 
салушы адам, инвестиция енгізуші 
адам.
Индикативтік 
жоспарлау 
экономиканы басқарудың мемлекет 
және мемлекет емес субъектілердің 
қызметі мен мүдделерін үйлестіретін 
тетік ретінде анықтауға болады. 
Оны барлық деңгейде өтіп жатқан 
үдерістердің сәйкестірілген, 
ойластырылған стратегиясы ретінде 
қарастыруға болады.
Интеграция               
қайсыбір бөлімдердің немесе 
элементтердің біртұтас болып бірігуі.
Инфляция                         қағаз ақшаның тауар айналымының 
керегінен артылып, айналыстың 
әр жерінде іркіліп қалуы, алтынға 
қарағанда қағаз ақшаның құлдырап 
құнсыздануы.


301
Карнеги Дейл 
(1888-1955)                    
басқару бойынша, 
шетелдік өнері мен адам                                                                                 
қарым-қатынастары саласындағы 
американдық белгілі маман. Басты 
еңбегі «Как завоевать друзей и 
оказывать влияние на людей» 
(«Достарды қалай игеру және адамдарға 
әсер ету» - К. Б.)
Квалиметрия                    сапаның қандай дәрежеде екенін сан 
жағынан кешенді түрде өлшеп білумен 
байланысты болып келетін ғылымдағы 
жаңа бағыт (латынша «квали» сапа, 
қажет; грек тілінде – «метрео» өлшеу).
«Классикалық» 
мектеп 
(Басқарудың 
әкімшілік мектебі) 
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы 
басқару ойды дамыту мектептерінің 
бірі. Бұл мектептің пайда болуын Анри 
Файольдың атымен байланыстырады. 
Файоль басқарудың негізгі қағидаларын 
бөліп көрсеткен. Ол қағидалар осы 
уақытқа дейін пайдалы.
Контроллинг                     көпфункционалды бақылау. Жоспарлау, 
есеп, талдау, бақылауды оперативтік 
және стратегиялық басқарудың әдістер 
жиынтығы.
Конъюнктура                  түрлі жағдайлар салдары; қалыптасқан 
жағдай, жағдайлық белгілі бір іске 
ықпал жасай алатын мүмкіндік.
«Қазақстан – 2030»    Қазақстанның ұзақ мерзімді қамтитын 
әлеуметтік-экономикалық даму 
стратегиясы. Қазақстан экономикасы 
мен оның басқару стратегиясында 
ерекше орын алады. Ол мақсаттарды, 
нақты бағыттарды анықтайды.


302
Макроэкономика     
экономикалық теорияның бөлімі. 
Онда экономика біртұтас жүйе ретінде 
зерттеледі, экономикалық саясаттың 
мақсаты қалыптастырылады және 
оларды іске асыру үшін экономикалық 
құралдарды анықтайды.
Маркетинг              
нарықтың талабына сай, 
тұтынушылардың мейлінше 
сұраныстарын қанағаттандыруға 
бағытталған ұйымдар мен шаруашылық 
қызметтер жүйесі. Оны рыноктың 
барометрі деп те атауға болады.
Маслоу Абрахам 
(1908-1970) 
американдық психолог, гуманитарлық- 
психологияның жетекшілерінің бірі. 
Иерархиялық қажеттілік теориясының 
авторы ретінде белгілі.
Мезодеңгей                     бұл деңгейге өндіріс ұйымның, 
технологияның әр түрлігімен 
байланысты өзіндік ерекшелігі бар 
салалар, аймақтар жатады.
Мемлекет басқарудың 
субъектісі ретінде        
бірге қызметтес және қатынастағы 
адамдардың, қоғамдық топтардың, 
ұлттардың және қауымдастықтардың 
қосылып жасайтын қызметін реттейтін 
мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.
Мемлекеттік басқару  мемлекет функциясының түрі. Оның 
шеңберінде орындаушылық билік 
тәжірибе түрінде іске асады.
Менеджердің іскерлік 
этикасы  
этика – жақсылық пен жамандық, 
қоғамдағы адамның өмір мақсаты 
деген ұғымдарға байланысты ілім және 
оның тәртібі (мінез-құлқы). Қойылған 
мақсатқа жету үшін кәсіпкер, менеджер, 
әр іскер адам идеалдар жүйесіне 
сүйенулері қажет.


303
Менеджмент          
нарық экономикасының жағдайына 
және қажеттілігіне жоғары 
дәрежеде сәйкес келетін басқару 
үлгісі. Менеджменттің пайда 
болуы мен қалыптасуы еркін 
кәсіпкерлік, бәсекелік, экономикалық 
мотивацияларға байланысты. 
Менеджмент – басқарудың ең жақсы 
үлгісі, барынша тиімді.
Микродеңгей                  басқаруда ең шешуші рөл атқарады. Ең 
төменгі деңгейдегі процестерді басқару 
(кәсіпорын, ұйым, мекеме, технология 
және т.б.). Түбінде қоғамның 
экономикалық бет-бейнесін жасайтын, 
заттай-материалдық құндылықтарды 
өндіретін өндірісті басқарту.
Миссия                                ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің 
не үшін құрылғанын анықтау үшін 
пайдаланылатын ұғым. Неге құрылғаны 
туралы философия, стратегиялық 
мақсат, ұйымның тағайындалу 
қағидалары. Атқарылатын міндетті іс, 
тапсырма.
Мотивация  
адам қызметін басқару 
тәжірибесінде моти-вацияларын 
пайдалану. Мотивацияның әртүрлі 
тұжырымдамалары бар.
Номенклатура                ғылымның, өндірістің белгілі 
бір саласындағы қолданылатын 
атаулардың, терминдердің, өнімдердің 
тізбесі.
Ноу-хау                   
әртүрлі өндірістерді ұйымдастыруға 
қажет техникалық, коммерциялық және 
басқа білімдердің жиынтығы ретінде 
құжат түрінде дайындау.


304
Өкілеттіліктер         
басқару шешімдерді қабылдау құқығы, 
менеджердің әрекетінде билікті іске 
асыру.
Өкілеттілікті 
табыстау 
бір заңдылық құқығы бар адамның өз 
өкілеттілігін басқа бір адамға беру, ал 
ол адам оны өз жауапкершілігіне алу.
Өндіріс                               қоғамның өмір сүруі мен дамуы үшін 
қажетті материалдық игіліктерді жасау 
процесі.
Өндіріс мен 
басқарудағы 
функциялар 
иерархиясы
жалпы түсінік бойынша функция - ол 
әртүрлі әрекеттердің, орындайтын 
қызметтердің жиынтығы. Соларды іске 
асыру барысында басқару мақсаттарына 
жету. Ұйымды пайдаланатын 
функцияларды үлкен үш топқа бөлуге 
болады: өндірістік функциялар; 
өндірістік функцияларды басқару, 
басқару қызметінің функциялары.
Өнім сапасы                      қоғамның белгілі бір керегін 
қанағаттандыру мақсатында белгіленген 
техникалық шарттарға сай келетін 
бұйым қасиеттерінің жиынтығы.
Өнім стратегиясы           фирма не сатады, тұтынушы не 
сатып алады деген сауалға жауап 
беретін өнім сипаттамаларының 
жиынтығы. Стратегиялық басқару 
қағидалары бойынша өнім қажеттілікті 
қанағаттандырады, дамып келе жатқан 
құбылыс және бәсекелік күрестің 
негізгі құралы.
Өтімділік                   
фирманың активтерін, құндылықтарды 
қолма-қол ақшаға айналдыру қабілеті, 
активтер ұшқұрлығы.


305
Парадигма                       тұжырымдаманың негізін қалайтын 
түйінді ой-пікір. Проблеманы қою, 
оларды түсіндіру және шешудегі 
алғашқы көзқарас.
Портер Майкл           
Гарвард бизнес мектебінің профессоры, 
бәсекелер және бәсекеге қабілеттілік 
теориясының негізін қалаушы. 
Бәсекелестік қабілетіне әсер ететін 
факторларды анықтады (рынокқа 
кіру кедергілері, бағалық билік, тауар 
ауыстыру қаупі, шоғырландыру). 
Негізгі еңбектері: «Международная 
конкуренция», «Конкурентная 
стратегия: методика анализа отрасли и 
конкурентов» және т.б.
Портфельдік талдау    ұйымның, шаруашылық зонасының 
стратегиялық қызметтерінің 
жиынтығын қалыптастырудағы 
қолданылатын тәсіл. Негізгі төрт 
компоненттерді қамтиды: болашақ 
қызмет, бәсекелік артықшылқтар, 
синергизм, стратегиялық иілмелік.
Ресурстар                  
бір нәрсенің запасы, қайнар көзі. 
Табиғи ресурстар, қорлар, қаржылар, 
жұмыс күштері және т.б.
Нарық                                 тауар айналысының өрісі, сатып алу 
мен сату ісінің жиынтығы. Тауарлар 
ұсынысы мен тауарлардың немесе бір 
тауардың құнын өтей алатын сұраныс, 
керексіну. нарық теориясы ұдайы 
өндіріс теориясының құрамдас бөлігі 
болып табылады.


306
Самуэльсон Пол             көрнекті американдық экономист. 
Байлық және тұтыну, капитал, қаржы, 
макроэкономика салаларының 
маманы. Экономика бойынша Нобель 
премиясының иегері (1970 ж.).
Салааралық бәсеке        өз капиталынан көбірек табыс түсіру 
үшін, оны неғұрлым тиімді іске жұмсау 
үшін өндірістің түрлі салаларындағы 
бәсекелестердің өзара күресі.
Сапа жүйесі         
сапаны жалпы басқаруды іске асыру 
үшін пайдаланатын ұйымдық құрылым, 
әдістер, үдерістер және ресурстардың 
жиынтығы.
SWOT (КӘМҚ)                төрт ұғымның бас әріптерінен құралған: 
күшті жағы, әлсіздігі, мүмкіндіктер, 
қауіптер). Бұл рыноктың макрожүйесі 
және олардың нақтылы мақсаттарын 
талдау әдісі.
Смит Адам 
(1723-1790) 
экономист және философ, классикалық 
саяси экономияның негізін 
қалаушылардың бірі. Негізгі еңбегі 
«Исследование о природе и причинах 
богатства народов».
Стратегиялық 
бақылау 
басқарудың негізгі функцияларының 
бірі. Оның негізгі мақсаты 
жоспарланған мүдде, көрсеткіштер, 
бөлінген ресурстар қалай пайдаланып, 
қандай нәтижелер алынып жатыр. 
Ұдайы бақылау арқасында болып 
жатқан ауытқуларды анықтау арқылы 
басқару процесіне әсер ету.
Стратегиялық 
басқару 
бас бағытты анықтау, істі бас бағамға 
сәйкес ұйымдастыру, бас бағамды іске 
асыру үшін адамдардың мүддесі мен 
мотивациясын арттыру. Болжамды 
жоспарлаумен тығыз байланыстыру.


307
Стратегиялық 
менеджмент
менеджменттің бір түрі. Оның негізгі 
ерекшелігі болжағыштығы, мақсатқа 
бейімділігі, келешектілігі, стратегиялық 
бағдарламамен жұмыс істеу.
Стратегиялық талдау  болжау, жоспарлау. Болашаққа және 
белгісіздікке бағытталған басқарудың 
тиісті функциясы.
SТЕР (ӘТЭС)                  төрт ұғымнан тұрады: 
социодемографиялық, технологиялық, 
экономикалық және саясаттық. Бұның 
бәрі талдаудың түрі. Ұйымның сыртқы 
жағдайын талдаудың бір түрі болып 
есептеледі. Оны болашақ стратегияға 
пайдаланады.
Сыртқы ортаны 
талдау 
стратегиялық жоспарлау процесі. 
Сыртқы факторлардың және ұйымның 
мүмкіндігі мен қауіптерін анықтау.
Талдау                               біртұтас нәрсені элементтерге 
бөлшектеу және кейін олардың 
арасында өзара байланыстар орнату. 
Бұл талдау арқылы сапаны арттырудың 
болжамын жасауға болады.
Тауар                                  еңбектің нәтижесі – өнім. Ерекшелігі 
– сатуға болмаса айырбастауға 
тағайындалған.
Тейлор Фредерик 
Уинслоу (1856-1915)    
менеджменттің ғылыми мектебінің 
негізін қалаушы, американдық 
инженер-тәжірибеші және менеджер. 
Еңбекті ғылыми ұйымдастыруға ерекше 
көңіл бөлген. Еңбекті ұйымдастырудың 
көптеген проблемаларын өндіріс 
үдерісінде зерттеген.
Технология           
белгілі бір өндіріс процесін іске асыру, 
материалдар мен бұйымдарды өңдеу 
әдістері жөніндегі білімдер жиынтығы. 
Жаңа технологияларды енгізу.


308
Тұжырымдама     
ғылыми көзқарастық жиынтығы, 
түйінді жағдайлардың (ой-пікір, 
қағидалар) кешені. Олар әрбір 
құбылыстар мен жағдайлар туралы 
түйін жасауға, тереңірек түсінуге 
мүмкіндік береді.
Тұтынушы           
басқа кәсіпорын шығарған белгілі бір 
өнімді пайдаланушы адам, не ұйым.
Ұдайы өндіріс         
өндіріс процесінің үздіксіз жаңаланып, 
қайталанып отыруы.
Ұйымның өмірлік 
циклы 
ұйымның қызмет істеу мезгілінде 
өтетін кезеңдердің жиынтығы: 
«дүниеге келуі», «бала шағы», 
«жастық», «кемеліне келу», «қартаю», 
«қайта даму». Әр кезеңдегі ұйымның 
функциялары мен міндеттері.
Файоль Анри 
(1841-1925) 
Франциялық зерттеуші және 
классикалық әкімшілк басқару 
мектебінің негізін қалаушы, 
менеджмент саласының белгілі 
маманы. Ол ХХ ғасырдың бірінші 
жартысындағы аса көрнекті европалық 
ғалым. Бас ғылыми еңбегі «Общее и 
промышленное управление» (1916ж.) 
– «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» 
(К.Б.) – бұл еңбегі ғылыми менеджмент 
теориясына бағасы жоқ қазына деп 
бағаланады.
Венчурлық фирма           ғылыми зерттеулермен, инженерлік 
жобалар әзірлеумен және оларды 
несиелеумен айналысатын шағын және 
орташа инвестициялық  фирма.


309
Фирма стратегиясы       фирма стратегиясы анықтамаларына 
мыналар жатады: ағымдағы 
стратегияны анықтау, бизнес 
портфеліне талдау жүргізу, фирманың 
стратегиясын талдау, таңдап алған 
стратегияны бағалау.
Фирманың бәсекелік 
қабілеті   
фирманың артықшылықтары. Оның 
бәсекелестігі мыналармен анықталады: 
шығын көлемі, тауардың айырмашылық 
қасиеттері, технологияны игеру 
дәрежесі; сату дәрежесі, белгілігі 
(имидж).
Фирманың 
экономикалық 
стратегиясы   
фирма дамуының негізгі мүдделеріне 
қол жеткізетін ережелер және әдістер 
жиынтығы. Бұл стратегияның түрлері 
көп: тауарлық, бағалық, сапалық. 
Өндіріс шығындарын азайту және т.б.
Функция                       а) менеджментте – басқару үдерісінің 
сатылары (стратегиялық маркетинг, 
жоспарлау, үдерістерді ұйымдастыру, 
есеп пен бақылау, мотивация және 
реттеу);
                                                    б) талдауда және болжауда – негізгі 
нәтижелер (баға, өзіндік құн, негізгі 
қорлардың тиімділігі, еңбек өнімділігі, 
т.б.).
Харизма                         ерекше қабілеттік мүмкіндіктері, 
даналығы, жеке басына тән сенімділігі 
бар, болашақты болжай алатын қасиеті 
бар адамды харизматикалық дейді. Оған 
басқару, билік жүргізу оңай. Харизма 
билікті ұйымдастырудың ерекше типі.


310
Шығындар                
ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін 
қамтамасыз ету үшін жұмсалатын 
материалдық, еңбек ресурстары, 
қаржылық, табиғаттық, ақпараттық 
және т.б. ресурстар шығыны.
Экономикалық әсер                      ұйымдық-техникалық шараларды 
енгізудің нәтижесінде алынған үнем 
мен соларды дайындауға жұмсалған 
шығындардың айырмашылығы.


311
МАЗМҰНЫ
 
Кіріспе……………………………………………..................3
І БӨЛІМ. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ 
1.Стратегиялық менеджменттің теориялық негіздері…………......6
2. Стратегиялық менеджменттегі талдау әдісі………......................24
3. Бәсекелестік артықшылықтардың стратегиясы………................31
4. Маркетинг стратегиясы…………………………………...............38
5. Өнім және әртараптандыру стратегиясы………………………...40
6. Жоспарлау стратегиясы және стратегияны іске асыру………....42
7. Бақылау және адами ресурстарын пайдалану стратегиялары....45
8. Басқарудағы қайшылықтар……………………………….............47
9. Корпоративтік стратегиясы…………………………….................55
10. Фирма стратегиясы………………………………........................57
11. Сапаны көтеру стратегиясы…………………………..................59
12. Бағаны басқару стратегиясы………………………….................70
13. Бірінші бөлім бойынша негізгі сұрақтар……………….............73
14. Бірінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер……………….........74
 
 
777
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ 
МЕНЕДЖМЕНТ 
15. Экономикалық егемендік жолындағы алғашқы стратегиялар..76
16. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару стратегиясы……............85
17. Қазақстанда аймақтық басқару стратегиясы…………………..93
18. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан экономикасын стратегиялық 
басқару шараларының жүйесі…………………...............................102
19. Қазақстанда экономикалық дамудың негізгі стратегиялары....110
20. Республиканың 2020-шы жылға дейінгі стратегиялық даму жос
пары………………..............................................................................121
21. Қаржы құрылымдарының стратегиясы…………………..........124
22. Екінші бөлім бойынша негізгі сұрақтар…………....................138
23. Екінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер………....................140
 
 
ІІІ БӨЛІМ. МЕНЕДЖМЕНТ 
24. Басқару ілімінің дамуы…………………………………………142
25. Басқару ғылымының мазмұны мен әдісі……………………...150
26. Басқарудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері………………......156
27. Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет……………..169


312
28. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде……......177
29. Бизнес жүйесі және басқару……………………………….......191
30. Нарық пен бәсекелестік басқару жүйесінде…………………..199
31. Басқару әдістерін жіктеудің ғылыми негіздері……………….209
32. Басқарудың экономикалық әдістері……………………………213
33. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері……………..220
34. Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістері………….223
35. Менеджмент функциялары……………………………………228
36. Өзара әрекет жасауды ұйымдастыру және өкілеттіктер……..236
37. Менеджменттегі мотивация теориялары……………………...242
38. Басқарудың ақпараттық негіздемесі…………………………...251
39. Менеджменттегі шешімдер теориясы…………………………262
40. Басшылық стилі…………………………………………………274
41. Реттеу мен бақылау басқарудың функциясы ретінде………...285
42. Үшінші бөлім бойынша негізгі сұрақтар……………………..292
43. Үшінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер…………………...294
44. Стратегиялық менеджменттің қысқаша түсініктемелері…….295


313


314


315


316


317

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау