Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет87/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95

273
Күрделі мәселелерді шешудің әрүрлі әдістері бар: үрдістер мен 
құбылыстарды түрлендіру (модельдендіру), күрделі мәселені жеке 
бөлімдерге бөлшектеу, құрамдастыру, стандарттау (бір үлгіге салу) 
мен классификациялау (топтастыру) және басқалары. 
Модель  дегеніміз  –  объектіні  бейнелей  немесе  оның  суретін 
елестете  отырып,  оны  алмастыра  алатындай  жүйе,  себебі  бұл 
жүйені  оқып  үйретудің  өзі  осы  объекті  туралы  ақпаратты  береді. 
Әдетте,  модель  объектіге  қарағанда  оңайырақ  болады,  себебі 
ол  модельдендіру  арқылы  көзделіп  отырған  мақсаттарға  жету 
үшін объектінің тек елеулі жақтарын ғана бейнелейді. Мұның өзі 
күштердің, құрал-жабдықтардың және уақытты аз жұмсай отырып, 
шешімдердің әртүрлі жолдарын алуға мүмкіндік береді.
Алайда, адамда өте күрделі мәселені ойша түрлендіру қабілеттері 
шектеулі келеді. Сондықтан олар суреттемені және таңбалық жазу 
арқылы модельдендіруді пайдаланады.
Суреттемені (немесе ауызша) модельдендіру дегеніміз болашақ 
қимыл-әрекеттің,  жағдайдың,  оқиғалардың  алдынала  шамаланған 
дамуының ауызша суреттемесі болып табылады. 
Күрделі  проблемаларды  шешудің  сценарийлерін  жазуда  
морфологиялық (құрылыстық-түрлік) талдау үлкен пайда келтіреді. 
Оның мәні – оқиғалардың дамуы өтетін барлық мүмкін ситуациялар 
мен жағдайларды анықтап, белгілеу мен топтарға жіктеуде. 
Графикалық  модельдендіруде  шешімді  қабылдау  мен  жүзеге 
асыру моделі диаграммалар, графиктер, сызбалар және т. б. түрінде 
көрінеді.  Шешім  қабылдау  үшін  практикада  мыңдаған  әртүрлі 
жағдайларды  қарастыру  қажет.  Әрине,  бұл  жерде  электронды 
есептеуіш машинасыз іс бітпейтіндігі түсінікті. 
Кезкелген  модель  шартты  түрде  алынады,  сондықтан  да 
объектінің шын мәніндегі қызметін ол толық белгілей бермейді. 
Сол  себепті  қабылданған  шешімнің  дұрыстығы  шектеулі,  әрі 
бақыланып отыратын төжірибе жүргізу жағдайларында тексеріледі. 
Біздің  шаруашылық  практикамызда  тәжірибе  жүргізілуде, 
оларды жүргізу үрдісінде бұрын жасалған шешімдердің нұсқаулары 
сыннан өткізіледі. 
Талдап  тексеру  де  күрделі  мәселелерді  шешу  жолдарының 
бірі  болып  табылады.  Бұл  жағдайда  бөліктерді  бөліп  қарау  тәсілі 
үлкен рөл атқарады. Дұрыс талдап тексерудің ең маңызды шарты – 
бөлінген бөліктердің бұрынғы бүтін құрамдағы қасиеттерін сақтауы 


274
болып табылады. 
Болшақты дұрыс болжай білу әрқашанда өткендегі мен қазіргі 
үрдістерге терең талдау жасауға сүйенеді. 
Болжау әдістері сандық болжау және сапалық болжау әдістері 
болып  екі  топқа  жіктелінеді.  Сандық  болжау  әдістеріне  талдап 
тексеру,  себеп-салдарлы  модельдендірулер  жатады,  ал  сапалық 
болжау  әдістеріне  қазылар  алқасының  ой-пікірі,  тұтынушының 
үлгісі, сараптамалық баға беру және т.б. жатады. 
Нақты  күрделі  шаруашылық  мәселелерін  шешуде  жоғарыда 
аталынған әдістер кешенді түрде пайдаланылады. 
Шешімдерді  жүзеге  асыру  үрдісінде  оларға  түзетулер  енгізу 
мына  төмендегі  себептерге  байланысты  болуы  мүмкін:  шешімді 
ұйымдастыруды  нашар  ұйымдастыру,  сыртқы  себептерге 
байланысты, жағдайдағы күрт өзгерістер, шешімнің өзінде кеткен 
елеулі қателіктер және т.б. 
Шешімді жүзеге асырудың қорытындыларын міндетті шығарып 
отыру – басқарудың заңы болуы тиіс. 
Шешімдерді  қабылдау  ең  алдымен  және  негізінен  алғанда 
басқару  жұмысының  мазмұны  болып  табылатындықтан, 
шешімдердің  сапасына  қарап  басшының  шеберлігі  туралы  пікір 
түюге  болады.  Мұның  өзі  экономикалық  ғылымның  маңызды 
міндеті  –  қабылданатын  шешімдердің  сапасын  және  орындалу 
дәрежесін  бағалау  негізінде  басқару  еңбегінің  нәтижелілігін, 
бағалау әдістемесін жасап шығару болып табылады. 
36. Басшылық стилі
Стиль және тәсілдер
Басшы  шешім  қабылдап,  оның  орындалуын  ұйымдастырып, 
қарауындағы  адамдардың  жұмысын  бақылаған  кезде,  ол  өзінің 
міндетіне лайық әрекет етеді. Әйтсе де, бұл жағдайда әрбір басшы 
оның  басшылық  стилін  айқындайтын  басқару  үрдісінде  өзіне  тән 
әдіс-әрекетімен,  өзіндік  ерекшелігімен  көрінеді.  Барлық  жағынан 
ұқсас  екі  адамның  болмайтыны  сияқты,  бір-бірімен  айнымайтын 
басшылық  стилі  де  болмайды.  Басшылық  стилі  басшылар 
мен  бағыныштылардың  араласуымен,  олардың  өзара  қарым-
қатынасымен, бүкіл еңбек ұжымының ықпалымен қалыптасады.
Стиль  ұжымдағы  әлеуметтік  қатынастардың  бүкіл  біртұтас 


275
ықпалымен  қалыптасқанымен,  ол  белгілі  дәржеде  басшыға  да 
байланысты болады. Өйткені, шаруашылық пен тәрбие жұмысының 
табиғи байланысын тәжірибеде жүзеге асыратын тек басшы ғана. 
Оның  қызметінің  жемісті  болуы  көптеген,  күрделі  факторлар 
арқылы анықталады.
Басшы  еңбегінің  тиімділігін,  істің  қорытындысымен  ғана 
өлшеуге болады. Барлық шығармашылық еңбек сияқты, басшының 
еңбегіне де мынадай бір тән ерекшелік бар: оның шығарған өнімі, 
қабылданған  шешімі,  барлық  уақытта  дерлік  оны  қабылдауға 
кеткен  уақыты  көрсетіп  бере  алмайды.  Сондықтан,  басшының 
өндірісті басқарудағы еңбегін, оның шешімді қабылдауға жіберген 
уақытының  емес,  ақырғы  нәтижесін  есептеп,  бағалау  қажеттігі 
объективті түрде туады.
Лидерлік – бұл жеке адамдар немесе бір топ адамдарға әсер ету 
қабілеті және оларды белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс үрдісі 
болып табылады.
Бихевиорист  ғалымдар  лидерлік  анықтамасының  мағынасын 
тиімді қолданудың үш тәсілін атап көрсеткен:
1)  жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы 
тәсіл;
2)  тәртіптілік тәсіл;
3)  жағдайлық тәсіл.
Жеке  адамдардың  лидерлік  теориясымен  келісілген  немесе 
әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың 
таңдамалары  анықталған,  барлығына  қатысты  жеке  адамдардың 
қасиеттеріне ие болған.
Бұл ойды жетілдіре отырып, былай атап көрсетуге болады: егер 
бұл қасиеттерді таба білсе, онда адамдар бұл қасиеттерді тәрбиелей 
алар еді және осымен бірге олар тиімді жетекші (басқарушы) бола 
алар еді.
Бұл ерекшеліктер төмендегідей:
1.  интеллект пен білімнің деңгейі;
2.  әсерлі сырт-бейне;
3.  шындық;
4.  дұрыс ақыл;
5.  экономикалық және әлеуметтік білім;
6.  өзіне деген сенімділік.
Бірақ, әр жағдайда әр түрлі қабілеттілік пен қасиет қажет.


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау