Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет91/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95

285
7.  Баламаны таңдау кезінде бағынушылар арасындағы даудың 
ықтималдылық дәрежесі.
Стильдің 
орнықтылығы 
ауысатын 
айнымалыларының 
жағдайының шешім қабылдауына тәуелді.
Лидерліктің  жағдайлық  тәсілі  –  басқарушылықтың  тиімділігін 
көтерудің бірнеше түрін алып көрсеткен:
1.  Топтарды қайта құру;
2.  Міндеттемелерді қайта жобалау;
3.  Лауазымды өкілеттіліктің түр өзгерушілігі.
Өте  нәтижелі  жұмыс  істегісі  келетін  басшы  бағынушылардан 
көздеген мақсатының бәрін алады, ал өзінің барлық қызмет істеген 
кезінде ол қандайда бір ғана басқару стилін қолдануды рұқсат ете 
алмайды.
Басшы  барлық  стильді  қолдана  білуді  және  нақты  жағдайға 
сәйкес келетін әсер ету әдістері мен типтерін тезірек үйренуі керек. 
Нағыз  нәтижелі  немесе  тиімді  стиль  болып,  үйреншікті  стиль 
немесе шындыққа бағытталған стиль болып саналады. 
37. Реттеу мен бақылау басқарудың функциясы ретінде
Мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері
Мемлекеттік  органдардың  жеке  бизнес  субъектілерімен 
өзара  әрекетті  ұйымдастыратын  формалары  серпінді  өзгеруде. 
Мақсаттарды  және  мемлекеттік  пен  нарықтық  тетіктерді  реттеуді 
үйлестіруде елеулі қадамдар жасалуда.
Кәсіпкерлік  іс-әрекетті  мемлекеттік  реттеудің  мақсаты  белгілі 
бір жағдайлар жасау болып табылады, олар тұтастай экономиканың 
қалыпты  жұмыс  істеуін  және  елдегі  кәсіпкерлердің  еңбекті 
халықаралық бөлуге тұрақты қатысуын және осыдан ұтымды пайда 
алуды қамтамасыз етеді.
Жинақтай алғанда мемлекеттік реттеудің міндеттеріне мыналар 
кіреді:
-  кәсіпкерлерге  құқықтық  негіз  бен  мүдделерді  қорғауды 
қамтамасыз ететін заңнамаларды әзірлеу, қабылдау және бақылау;
-  мемлекеттік  реттеудің  тиімділігін  арттыру  мен  тиісті 
шығындарды кеміту;
- кәсіпорынның қызметіне тікелей араласумен бюрократиялық 
бақылауды азайту;


286
- нарықта еркін және адал бәсекелестік үшін жағдайлар жасау;
-  ақша-тауарлық  және  бюджеттік  тепе-теңдікті  қаржылық, 
салықтық,  үрдістік  саясат  пен  ақша  эмиссиясын  басқару  арқылы 
қамтамасыз ету;
- капиталдың  ұзақ уақыт бойы өсуі мен тұрақты дамуына ықпал 
ету;
-  жұмыс  күшінің  еркін  ауыс-түйісі  мен  еңбек  Заңнамасының 
нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;
- әлеуметтік тепе-теңдік пен табыс бөлуді қолдау.
Реттеу түрлері мен тетіктері үнемі өзгерістерге ұшырап отырады, 
оларды иілімді сипатта және жүзеге асыру тиісті органдар арқылы 
(заңнамалық, атқару) атқарылады.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында мемлекеттік 
реттеу  орталығы;  салмағы  өндірісті  ұйымдастыру-шаруашылық 
жағынан реттеуге белсене қатысатын мемлекетке ауысады.
Оның негізгі міндеттері мыналар:
- өндіріс құрылымын қайта құру (экспортқа бейімделген жаңа 
салалар құру, жаңғыртып, жетілдіру (модернизация) және т.б.)
- экспорт салалары өнімінің және өндірістің кейбір түрлерінің 
бәсекеге мүмкіншілігін арттыру;
-  өндірісті  шикізат,  отын,  жартылай  өнім  түсетін  кепілді 
көздермен ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ету;
-  экономиканың  артықшылықты  және  ең  озық  салаларында 
жағдайды нығайту;
-  экономиканың  жетекші  салаларында,  соның  ішінде 
шоғырландыру үрдісіне әсер ету шараларын қолдану;
- реттеу өндіріс тиімділігін арттыруға барынша бағытталуда.
Реттеу тетігіндегі өзгерістер
Реттеу тетігінде (механизмінде) елеулі өзгерістер болып жатыр.
1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды формасы 
–  экспортқа  бейімделіп,  бағдарланған  өнеркәсіпті  құрылымдық 
жағынан  қайта  құрудың  негізгі  бағыттарын  экономиканың  ұзақ 
мерзімді даму бағдарламасына кіргізу.
Қазіргі  кезеңде  құрылымдық  саясат  мәселелері  экономикалық 
саясаттың жетекші бағыттарына айналды. Мұнда негізгі назар жеке 
және мемлекеттік капиталды біріктіретін мақсатты инвестициялық 
бағдарламаға  жасалады.  Бұл  кәсіпкерліктің  нарықтық  экономика 


287
мен тұтастай әлемдік шаруашылық жағдайларына неғұрлым жақсы 
бейімделген жаһандық проблемаларды шешу үшін қажет.
2.  Экономиканы  реттеу  жөніндегі  мемлекеттік  саясат 
кәсіпкерлердің  қажеттіліктеріне  жан-жақты  қызмет  етуге 
бағытталған.  Көбінесе  әкімшілік  қадағалау  мен  өндірісті  (азық-
түлік және дәрі-дәрмектік (фармацевтика) тауарларының; сапаның 
бір ізді жүйеге келтірілген ұлттық стандарттарын әзірлеу мен енгізу) 
нормаға сай реттеу туралы сөз қозғалады.
3. Мемлекеттің патенттік саясаты мемлекеттік реттеудің маңызды 
бағыты болып саналады. Ол сайып келгенде, патенттің әрекет ету 
мерзімін шектеп, жаңа патенттерді мәжбүрлеп лицензиялауды іске 
асырады.
4.  Жалпы  қағидаларды  әзірлеу  мен  сыртқы  экономикалық 
саясатты  жүзеге  асыру  (техникалық  және  қаржылық  көмек, 
шетелдік  инвестиция  ауқымындағы  саясат,  сыртқы  экономикалық 
байланыстар)  мемлекеттік  реттеудің  маңызды  функцияларының 
бірі болып табылады. Жеке кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық 
қызметіне ұйымдастыру жағынан жәрдем жасауға мыналар жатады: 
өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру;  шетелдік  күрделі  қаржы 
салымының өсуіне ықпал ету; әлемдік нарықта ірі сериялы өнімді 
өткізу және т.б. үшін қолайлы жағдай жасау.
5.  Мемлекеттік  реттеу  мен  ықпал  жасау  құралдарының 
көмегімен бәсекелестердің іс-әрекетін шектеудің сан алуан әдістері 
қолданылуда.  Жеке  фирмалар  арасындағы  іс-әрекетті  реттеудегі 
мемлекеттің рөлін арттыруға әр түрлі жолмен жетуге болады:
- ұлттық фирмаларды шетелдік бәсекелестермен салыстырғанда 
жақсы жұмыс жағдайларымен қамтамасыз ету.
- ҒТП (ғылыми-техникалық прогресс) және сериялық өндіріске 
шапшаңдатып енгізілетін жаңалықтарға жағдай жасау, ынталандыру;
-  жеке  фирмалардың  салалық  құрылымын  қайта  құруына 
жәрдемдесу;
- ұлттық фирмалардың әлемдік нарықта бәсекелесуіне тікелей 
ықпал жасау.
6.  Нарық  тетігіне  (механизміне)  бағдарлануға  байланысты 
мемлекеттік реттеу әдістері тікелей және жанама болуы мүмкін.
Тікелей  әдіс.  Ол  жұмыс  істеп  тұрған  нарық  тетігінің  ісіне 
араласуды көздейді. Сонымен қатар, баға белгілеу, кіріс саясатына, 
атап  айқанда:  бағаның  өсуін  және  еңбекақыны  тоқтата  тұру 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау