Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет101/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

250
ОН ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
ОРТА АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты: 
Орта Азияның мемлекеттерінің қаржы жүйесінің 
ерекшеліктері, əлеуметтік-экономикалық даму кезеңдерін қа-
растыру. Қырғыз жəне Өзбекстан Республикаларының қаржы 
-
лық-экономикалық жағдайына сипаттама беру. Тəжікстан Рес 
-
пуб 
лика 
сының нарықтық экономика жағдайындағы қаржы 
жүйесін қа растыру. Орта Азия интеграциясын оптимистік көз-
қараспен талдау.
Дəрістің жоспары:
1. Қырғыз Республикасының əлеуметтік-экономикалық даму 
кезеңдері.
2. 
Өзбекстан Республикасының қаржылық-экономикалық
жағ  дайына  сипаттама.
3. Тəжікстан Республикасының нарықтық экономика жағ-
дайындағы қаржы жүйесі.
4.  Орта Азия интеграциясына оптимистік көзқарас.
Тақырыптың мазмұны: 
1. Қырғыз Республикасының əлеу  -
меттік-экономикалық даму кезеңдері. 2006 жылғы деректер
бойынша Қырғыз Республикасының макроэкономикалық көр-
сеткіштері:
–  Халық саны – 4,9 млн адам
– Экономика саласында еңбекпен қамтылғандар саны –
1,8 млн адам
–  ЖІӨ – 99,5 млрд ұ.в. 
–  Өнеркəсіптік өнім көлемі – 87 млрд ұ.в.
–  Біріккен бюджет табыстары – 10,3 млрд ұ.в.
–  Біріккен бюджет шығыстары – 110,3 млрд ұ.в.
–  Экспорт – 408,9 млн АҚШ долл.
–  Импорт – 558,9 млн АҚШ долл.


251
Қырғыз Республикасының негізгі сауда қатынастары ТМД
елдерінің ішінен Ресеймен, Қазақстанмен жəне АҚШ, Түркия,
Қытай Халық Республикасы сияқты шет елдермен жүргі-
зіледі.  90-шы жылдардан басталған реформадан кейінгі Қырғыз 
Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуы 2 кезеңнен 
тұрады. Алғашқы кезең – 1992-1994 ж.ж. аралығы, барлық 
экономикалық көрсеткіштердің төмендеуімен, сыртқы сау-
да қатынастарының үзілуімен, өндірістің құлдырауымен си-
патталады. Екінші кезең – 1995 жылдан кейін,  реформалардың 
аяқталуымен, экономикалық құлдырау бəсеңдетіліп, экономика-
ның өрлеуге бет алуымен байланыстырылады.
Қырғыз Республикасында жүргізілген экономикалық ре-
форманың басты бағыттары – бағаны босату, инфляция деңгейін 
төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын 
қамтамсыз ету, бюджет тапшылығын қысқарту, экономиканың 
белгілі секторларын монополизацияландыру, мемлекеттік жеке-
шелендіру бағдарламасын орындау, халықты əлеуметтік қорғауды 
нығайту болып саналды. 1994 жылы Қырғыз Үкіметі мен ХВҚ  
арасында экономикада құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз 
ететін кешенді бағдарламалар қабылданды. Осы бағдарламаларға 
сəйкес сыртқы қарызды реттеу, тиімсіз кəсіпорындардың құры-
лымын өзгерту, реформаны жетілдіру үшін құқықтық базаны 
нығайту іс-шаралары жасалды. 
1997 жылы «Адамзатты тұрақты дамытудың ұлттық стра-
тегиясы» қабылданды. Бұл стратегияны іске асырудағы басты 
міндет – халықтың əл-ауқатын жоғарылату, өмір сүру деңгейін 
көтеру, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы қызмет 
көрсетулерді тиімді əрі толық қамтамсыз ету. 1994 жылы Ұлттық 
банк  пен үкімет бірлесе отырып,  тиімсіз кəсіпорындарды бюд -
жет қаражаттарымен қаржыландыруды тоқтату туралы шешім 
қабылданып, банк жүйесінде де реформалар жүргізілді. Рефор-
маның алғашқы кезеңінде халық табысы, өмір сүру деңгейі, 
сауаттылық деңгейі сияқты өмір сапасын анықтайтын негізгі 
көрсеткіштер төмендеп, болған гиперинфляция нəтижесінде ха-
лықтың айтарлықтай бөлігі (70%-1996 ж.) кедейшілік шегінде 
өмір сүрді.
1996-1997 ж.ж., яғни екінші кезеңде жаңа экономикалық 
бағыттар анықталып, мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге


252
5,2% қысқарды. Осы кезеңде шығынды мемлекеттік кəсіп-
орындарды жою немесе қайта құру жобаларын (ПЕСАК) 
қаржыландыру 200 мың долларды құрады. Ауылшаруашылық 
секторды дамыту (АПЕАК)  жобасына 41,8 млн долл. қаражат 
жұмсалған. Қаржылық даму барысында бұл жобаға 1996 ж. АДБ 
(АБР) 19,3 млн долл. қосымша бөлді. 1996 ж. күшіне енген Қаржы 
секторын қайта құру бағдарламасының басты міндеттері болып:
–  жаңа банктік емес институттарды құру жолымен қаржы 
секторын қайта құрылымдау;
–   ҰБ-ке кеңестік көмек көрсету;
– Қаржы министрлігіне, коммерциялық банктерге көмек 
көрсету болып саналады (ФинСАК бағдарламасы бойынша 
 
1996ж 22,6 млн доллар түскен).
Сондай-ақ, денсаулық сақтауды қайта қалыптастыру,  білім беру,
қарттарға əлеуметтік қорғау көрсету, кедейлікті жеңу, еңбекпен 
қамту  атты ұлттық əлеуметтік бағдарламалар іске асырылуда.

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау