Тақырып 1 Экономикалық факторлардың рөлін көтеру - әлемдік экономиканың дамуының бағыттары
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі – мемлекеттің сыртқы саясатының айырылмас бөлігі. Сыртқы экономикалық қызметті реформалау мақсаты мен міндеті. Елдер арасында экономикалық байланыстарды дамыту жағдайлары. Сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту факторлары. Экономиканың тиімділігін арттыруда сыртқы экономикалық байланыстардың рөлі. Сыртқы сауданы дамыту. Капиталды сыртқа шығару. Сыртқы экономикалық өрістегі реформалар. Қазақстан экономикасы үшін сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың ролі. Экспорттық құрылымның қарастырылуы, импортты тиімді қамтамасыздандыру. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігінің жоғарлауы. Қазақстан Республикасының сыптқы экономикалық байланысын дамыту стратегиясы. Қазақстан Республикасының Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруі.
Тақырып 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптастырылуы және жүзеге асырылуы
Мемлекеттік сыртқы экономикалық саясаттың мәні және механизмдері. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекеттің экспорт-импорттық саясатының мәні және мазмұны. Шетел инвестицияларын тарту саясаты. Валютаны реттеу саясаты. Қазақстан Республикасының «Валютаны реттеу туралы» заңы. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері. Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтін халықаралық құқықтық қамтамасыз ету.
Тақырып 3 Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру
Экономикалық қызмет өрісінде басқару органдары және шаруашылық субъектілері. Сыртқы экономикалық қызметтің мемлекеттік басқару құрылымы. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда заң шығарушы және атқарушы органдардың негізгі функциялары. Сыртқы экономикалық қызметті дамытуда мемлекеттік басқару органдары және олардың рөлі. Қазақстан Республикасының орталық ұлттық банкі, монополияға қарсы саясат бойынша Мемлекеттің комитет. Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы. Сыртқы экономикалық қызметті басқару мен реттеудегі жергілікті билік органдарының атқаратын қызметтері. Республикалық және жергілікті валюталық қорлар. Нарық экономикасы бар елдерде сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
салық салу;
инвестициялау;
сыртқы қарыз алу;
сырткы берешек;
экспортты қаражаттандыру.
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кірістіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортгы лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі нарықты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай - ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салымдар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, баска бағалы қағаздар мен төлем каражаттарының бағамы жатады.
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының, ақша бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінін бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар ішін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары ішін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттық тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың тарапынан сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық, тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлгая түседі; екінші жағдайда импорттық − тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным артады. Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде ұлттық валютаның алтынға немесе басқа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы белгілінеді; екінші жағдайда мемлекет бұл ара қатынасты реттеп отырады, сөйтіп елдің балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта нарығының қызметіне араласады.
Импорт кезінде шетел валютасы бағамының жергілікті валютаға салыстырмалы тґмендеуі жергілікті нарықта мүмкіндіктердің кезегендігін білдіреді және керісінше, бұл бағамның артуы импортталатын тауарларға бағаның өсуіне байланысты нарықтың тұқыруына ұрындырады.
Отандық импортшылар үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып алу жөніндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.
Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, ол өз кезегінде, қаржы құралдары -экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кеден баждары аркылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай - ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді ґндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жасайды.
Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едәуір құлдырауы мен қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті айқындайтын микроэкономикалық үйлесімдер мен қағидалар бұзылады, әрі бұрмаланады. Бұл тұтыншыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен, импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қарағанда бірден құнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылықтар жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті елдің өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырєан импортты да шектеуге мәжбір етеді, өйткені оны төлеуге ақшасы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып отырған елдерде ұзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі болып отырған табиғи ресурстардың сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.
Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып табылады; бұл жерде жалпымемлекеттік салықтар, сондай - ақ арнаулы бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кеден баждары (экспорт пен импортқа салынатын салықтар) жөнінде болыл отыр.
Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүргізіледі.
Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаларының (яғни тауарлар мен өзге де заттардың кеден шекарасы арқылы ұту тәртібін, кеден салығын салуды, ресімдеуді, бақылауды және кеден саясатын жүзеге асырудың басқа құралдарын) белгілейді.
Кеден тарифі ішкі нарықтағы шетелдік бәсекені реттейді. Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады, олар республиканың кеден аумағына әкелінетін және бұл аумақ шегінен әкетілетін тауарлар мен өзге де заттарға салынады.
Кеден ісін жүзеге асыру кезінде кеден органдары алатын, заңнамада белгіленген және мөлшерлемелерін Үкімет белгілейтін кеден төлемдеріні басты түрлерінің бірі кеден баждары - ұлттық шекара арқылы тасылатын тауардан кеден тарифінде қарастырылған мөлшерлемелер бойынша мемлекет алатын салықтар. Отандық тәжірибеде баж салығының, айрықшалықты және құрамдастырылған мөлшерлемелері кең тараған: адвалорлық - салық салынатын тауарлардың құнына пайызбен, айрықшалықты - белгіленген мґлшерде салық салынатын тауарлардың немесе заттардың өлшеміне, ал құрамдыстырылған мөлшерлемелер - салық салудың екі түрінің ұштасуы жолымен есептелінетін мөлшерлемелер. Әкелім, әкетілім, транзиттік, маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік, протекционистік (қолдампаздық), пұрсаттылықты (преференциалдық) кеден баждары болып ажыратылады. Қазақстанда импорттық (әкелімдік), маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік баждар қолданылады.
Экспорттық кеден баждарының экономикалық мәні - абсолюттік рента. Оны шетелдік сатып алушы төлейді.
Тауардың кедендік құны - кеден шекарасын кесіп өткен мезеттегі нақты төленген баға. Оған фактура-шотқа сәйкес тауардың бағасы, сондай - ақ фактура-шотқа кірмеген нақты шығыстар қосылады.
Импорттық кеден баждарының жүйесі ұлттық өндірісті шетелдік өнім экспансиясынан қорғайды: отандық тауарлармен бәсекелесетін тауарларға жоғары импорттық баждар жоқ немесе ел ішінде жеткіліксіз көлемде өндірілетін тауарларға төмен баждар салынады. Бұл қағида бір мезгілде мемлекеггік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру жөніндегі мемлекеттің фискалдық мүдделерін қамтамасыз етеді.
Қазақстанның кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және оның кеден заңнамасында белгіленген басқа да жағдайларда кеден баждарынан басқа кеден төлемдерінің мынадай түрлері төленеді:
1) кеден ресімдеуі үшін кеден алымы;
2) тауарларды сақтау үшін кеден алымы;
3) кедендік ілесіп алып жүру үшін кеден алымы;
Қазқстан Республикасы кеден органдарының лицензия беру алымы; кеден ресімдеуі женіндегі маманның біліктілік аттестатын беру алымы; алдын − ала шешім үшін төлемдер және т.б.
Қаржы министрлігі мен оның Кедендік бақылау комитеті - кеден төлемдерін алудың тәртібін анықтайды, ал оның органдары кедендік мағлұматқа сәйкес тауарларды кедендік бақылауға ұсынған кезде төлемдерді төлеуді тексереді.
ТМД мемлекетінде өнім жеткізілімі үшін кеден баждарын төлеу қолданыстағы заңнамаға және осы елдермен жасасқан үкіметаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тақырып 4 Нарық экономикасы бар елдерде сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру
АҚШ-тың сауда министірлігі, оның функциясы мен құрылымы. Штаттар деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару. Ұлыбританияның сауда және өнеркәсіп министірлігі, оның сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі функциясы. Жапонияның сыртқы сауда және өнеркәсіп министірлігі. Сыртқы сауда саясатының бюросы. Жапонияның сыртқы сауда бюросы.
Тақырып 5 Әлемдік нарықта баға белгілеу ерекшеліктері
Әлемдік нарықта баға белгілеу негіздері. Интернационалдық өнім бағасы және оның құрылу ерекшеліктері. Әлемдік бағаны аңықтаудың әдістері. Әлемдік бағаларға қойылатын талаптар. Әлемдік бағаға сұраныс пен ұсыныстын әсер етуі. Баға белгілеуде тұтыну құнының рөлі. Әлемдік бағадан интернационалдық құнның ауытқу факторлары. Баға түрлері. Анықтама бағалар. Сыртқы сауда статистикасының бағалары. Биржалық котировкалар. Аукциондардың бағалары. Нақты мәмілелер мен келісім-шарттардың бағалары.
Тақырып 6 Сыртқы сауда операциялары
Сыртқы сауда операцияларының түрлері. Экспорттық және импорттық операциялар. Реэкспорттық және реимпорттық операциялар. Сату-сатып алу сыртқы сауда келісім-шартының мазмұны. Мердігерлік келісім-шарттардың ерекшеліктері. Жалға беру келісім-шарттары. Өзара сатып алу келісім- шарттары. Қарсы келген сатып алулар шарты. Алынған шикізатты қайта өңдеу шарты. Келісім шарттарды дайындау және бекіту.
Тақырып 7 Сауда делдалдары, биржалар, аукциондар және халықаралық сауда
Сауда делдардары. Делдардар арасындағы әртүрлі мәмілелер және есептік келісімдер. Тапсырыс келісімдері. Комиссия келісімдері. Агенттік келісулер. Консигнация келісімдері. Нарықтағы делдалдардың бағыты, олардың құқықтары: тауарларды сатудың ерекше құқығы. Биржалық сауда. Биржа түрлері. биржалық операциялар. Аукциондық сауда. Аукциондық сауданың техникасы және ұйымдастырылуы. Халықаралық сауда. Ашық және жабық саудалар.
Тақырып 8 Халықаралық есеп айырысу және валюталарды тәуекелдердең сақтандыру
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастыру. Валюта бағамы. Тікелей және кері котировка. Сыртқы сауда келісім-шарттарының валюта-қаржылық жағдайлары. Халықаралық саудадағы валюталық нарық. Халықаралық есеп айырысулардың түрлері. Сақтандырудың мәні. Сақтандырушы және сақтанушы. Сақтандырудың түрлері. Үшінші жақтар алдындағы сақтандыру жауапкершілігі. Қайта сақтандыру. Сыртқы экономикалық қызметті сақтандырудың ерекшеліктері. Көліктік сақтандыру. Теңізден сақтандыру. Сыртқы экономикалық қызметті сақтандыру жағдайлары. «Сақтандыру оқиғасы», «Сақтандыру сыйлығы» немесе «Сақтандыру жарнасы», «Сақтандыру полисі», «Сақтандыру бағасы», «Сақтандыру сомасы», «Сақтандыруға төлеу», олардың айырмашылықтары және ерекшеліктері. Франшиз сақтандыру жағдайында.
Халықаралық валюта жүйесіндегі халықаралық қаржы ұйымының ролі
Бұл мекемелер ағымдағы жүзжылдықта пайда болды. Олар халықаралық экономикалық қатынастарды реттеу үшін мемлекетаралық қатынастарды реттеу үшін мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған. Олардың құрамына дүниежүзілік және аймақтық банктер және банк емес институттар кіріп, әр түрлі глобальды немесе аймақтық масштабтағы міндеттер мен мақсаттарды шешеді.
Халықаралық есеп айырысу банкі – алғашқы халықаралық дәрежедегі банк. Ол 1930 жылы Англия, Бельгия, Германия, Италия, Франция және Жапония елдерінің үкіметаралық келісімі негізінде құрылған .
ХЕБ-ны құрудың мақсаты қатысушы – елдердің орталық банктерінің ынтымақтастығына жәрдемдесу және олардың арасындағы халықаралық есеп айырасуды қамтамасыз ету деп жарияланды.
Халықаралық есеп айырысу банкі – алғашқы халықаралық бәрежедегі банк. Ол 1930 жылы Англия, Бельгия, Германия, Италия, Франция және Жапония елдерінің үкіметаралық келісімі негізінде құрылған. Бұл мемлекеттер сондай-ақ Швейцариямен осы банктің Базельде орналасуы жөнінде конвенцияға қол қойды. Аталған мемлекеттердің орталық банктерінен басқа, оның алғашқы құрылтайшыларының арасында АҚШ-тың Морганның банкирлік үйі бастаған кейбір коммерциялық банктері болды. ХЕБ-ны құрудың мақсаты – қатысушы елдердің орталық банктерінің ынтымақтастығына жәрдемдесу және олардың арасындағы халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ету деп жарияланды. 1932 жылы оған Еуропаның тағы да 19 елі қосылды.
Бұл елдердің орталық банктері ХЕБ-ның құрылтайшылары, әрі оның клиенттері болып саналады. Сондықтан ХЕБ-ны орталық банктердің халқаралық банкі деп жиі атайды. Онда Федералдық резервтер жүйесі АҚШ-тың өкілі болып қатыспаса да, ол ХЕБ-мен тығыз байланыста қызмет жасайды. Базельде ай сайын өтетін мәжілістерде және ХЕБ-ның жалпы құрылтайшылар жиналысында үнемі Федералдық резервтер жүйесінің басқарушылар кеңесінің мүшесі қатысады. ХЕБ-ның дәстүрлі басқарушысы болып Батыс Еуропа елдері саналады, бірақ АҚШ өз ықпалын арттыра түсуде.
Қазіргі кезде ХЕБ мүшесі болып 30-дан астам мемлекет есептеледе, оның ішінде екінші дүниежүзілік соғысқа дейін оған кірген бұрынғы еуропалық социалистік елдер: Албания, Болгария, Венгрия, Польша және т.б. Қатысушыларының құрамы мен ХЕБ-тың қазіргі жүргізетін операцияларының географиясы оның аймақтық батыс еуропалық валюта-несие ұйымынан халықаралық ұйымға айналуын сипаттайды.
ХЕБ-ның қызметін акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі басқарады, ал Банктің өзі шын мәніндегі акционерлік есеп айырысу палатасы болып саналады. Банктің жарғысына сәйкес оның негізгі қызметтері – халықаралық қаржылық операцияларға қолайлы жағдайлар жасау және қатысушылардың мемлекетаралықесеп айырысуын жүргізгенде сенімді жақ ролін атқару. Банктік депозит – саудалық, қорлар және басқа операцияларды, оның ішінде алтынмен операциялар жүргізеді, сондай-ақ валюта-несиелік қатынастарға мемлекетаралық реттеу жүргізеді. Операциялар бойынша есеп айырысу валютасы болып швейцарлық алтын франк қабылданған, ал АҚШ доллары акционерлерге дивиденд төлеу үшін қолданылады
Халықаралық валюта жүйесінің эволюциясы
Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Екінші дүниежүзілік валюта жүйесі 1922 жылы Генуя халықаралық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын дивизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол дивиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни дивиздерге айырбасталады.
Девиз деген кез-келген формадағы шетел валютасы.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітіледі.
Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды.
Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:
алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ң өзгерген жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталық банктері мен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резервтерді алтынға айырбастауы жойылғандығы заңмен бекітілді;
алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есеп айырысу құралы – СДР енгізілді. Ол валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп жарияланды;
ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез-келген валюта бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды;
Бреттон Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндетті мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейту, мүше елдердің өзара тығыз қарым-қатынастығын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол жеткізу үшін әртүрлі валюталық шектеулерді жою.
1979 жылы Европалық экономикалық одақтың шеңберінде Батыс Европа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Европа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды.
ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең - саяси, экономикалық және валюталық одақ құру жөнінде 1994 жылы қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны құрудың бірінші кезеңі 1990 жылы шілдеде басталып, мүше елдерге 1992 жылдың аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды қарастырған.
Екінші кезеңде Европа валюталық институты құрылып, оның құрамына 12 орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты орталық банктердің Европалық жүйесін эмиссиялау.
Үшінші кезең экономикалық одақтың бірнеше мемлекеті несие – ақша жүйесінің бірыңғай үлгісі шеңберінде бір жақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген ХХ ғасырдың аяғында басталды.
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.
Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.
Валюта және оның түрлері. Валюта курсы
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз-құн ) – елдің ақша бірлігі, оның шарттары түрі, халықаралық төлем – есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болады. өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель мен айырбастау істері ретінде пайда болған.
Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.
Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттілігінен; сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:
Саяси – саяси тұрақтылық, валюталы заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Экономикалық, халқаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны, жылына 10% дейін, жұмыссыздықтың төменгі деңгейі жылына 8 %-ға дейін, дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік.
Психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Монометаллизм тұсында – алтын немесе күміс – валюталық бағамның базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірліктерінің олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1 %-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.
Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизімі істен шықты.
1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы бойынша ауыстыру тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын паритеттері сандық түсінікке айналды. ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде бас тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделеді.
Бұл жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің құндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы құны арқылы болуында.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ-ның жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық "қоржын" базасында бекітілді.
Валюта бағамдарының динамикасы ақша бірліктерінің сатып алу қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттік реттеу, дүниежүзілік нарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты.
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар.
Фундаментальды факторлар олта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэкономикалық статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.
Техникалық талдау – бұл бағамды жүргізу графигін талдауды сипаттайды. График – чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының «крестиктер – ноликтер» графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.
Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидердің сөздері, валюталық инвестиция.
АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолданылады.
Валюталық баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюталық бағамның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.
Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі, ал егер валютны сатып алса, сатып алушының бағамы бекітіледі.
Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктің шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе спред деп аталады да, валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компанияның немесе банктің статусына байланысты өзгереді.
Банкаралық валюталық нарықтардағы операциялар халықаралық төлем және резерв құралы болып табылатын АҚШ долларына қатысты жасалынады.
Сауда - өнеркәсібі клиентурасы үшін валюталар котировкасы банкімен кросс - курс негізінде бекітіледі. Кросс - бағам бұл екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді.
Чектің бағамы телеграф аударымының бағамынан төмен, өйткені, осы төлем құжатын бір елден екінші елге әуепоштасымен тасымалдау үшін қажетті күндерге пайыз шегеріледі. Бұнда банк чек бойынша төлемді, тек бұл төлем құралын беріп, шетел банкісі, банк корреспондент инкассоға алғанда жасайды. Чектің бағамы тратта бағамынан анықтағанда оның төлеу мерзімі, кепілдемесі және төлем валютасы ескеріледі.
Кейбір мемлекеттерде операцияның әр түрі бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады біреуі - коммерциялық, екіншісі - қаржылық операциялар бойынша. Дамушы елдерде валюталық бағамдардың көптігі белгілі тауарларды экспорттық қолдау үшін және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін қолданылады.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезінде қолданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағам - сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық орташасы. Шын мәнінде айтсақ мұндай бағам жоқ, бірақ оның мөлшері күнделікті ақпарат құралдарында жарияланады.
АҚШ долларының валюталық бағамдарының тиімді индекстерінің ішіндегі біршама белгілі болып табылатындарына ФРЖ-нің Директорлар кеңесінің индексі, «Морган гэранти траст» және ХВҚ индексі жатады. Соңғысын үнемі Халықаралық валюталық қор доллар үшін ғана емес, сондай-ақ барлық ірі валюталық нарықтар үшін де есептейді. 18 валютадан тұратын валюта «қоржыны» индексі төлем балансының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының өзгерістеріне ықпал етуін есепке ала отырып құрылған.
Валюта бағамдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағамдардың индексі кеңінен қолданылады. Соңғылары, әдетте валюталық бағам өзгерістерінің бәсекелестік қабілетке әсерін тереңірек оқып білу үшін, оның ішінде валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады.
Нақты валюта бағамының индексі сәйкес келетін екі елдің ішкі бағаларындағы өзгерістерге қатысты түзетілген валюта бағамының индексін білдіреді. Аталған индекс бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай факторларды көрсетеді, себебі ол инфляциямен байланысты, сол немесе басқа елдердің экспортерлерінің бәсекелестік қабілетіне қатысты нашарлауын және жақсаруын есепке алады. Нақты валюта бағамы индексінің дефляторы ретінде ішкі бағаның өсу индексін немесе шығынның элементтерін, мысалы, жұмыс күшін төлеуге үлесті шығындардың индексін пайдаланады.
Валюта нарығының мәні: түрлері, дамуы
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу - сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлар мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтер үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлер және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда - саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
коммерциялық валюталық мәмілелерімен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін ) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы, пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, көше нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәнижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің 95 % дейін банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі, бірақ кейбір елдерде Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.
Дүниежүзілік тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар, өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық рольді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі, үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30 % жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында - валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк - клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез - келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады. Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында – шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.
Аударым – бұл басқа елдегі банк - корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым негізінде белгілі бір ақша сомасы шетелдік алушыға төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айырысу жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.
Банктік чек – шетелдік банк - корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.
Банктік вексель – осы елдің банктің шетелдік банк корреспондетке берген траттасы (аудармалы вексель). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма - қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизімін былай беруге болады: тауарды экспорттаушы сатқан тауары үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк - корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк – корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тақырып 9 Халықаралық саудадағы несиелеу
Халықаралық тәжірибедегі несие түрлері және негізгі формалары. Фирма несиесі. Ашық шот бойынша несие. Факторинг және формейтинг несиелеу формалары ретінде. Жобалық қаржылау сыртқы экономикалық байланыстарды несиелеудің ерекше формасы ретінде. Халықаралық несиелердің негізгі жағдайлары, олардың мазмұны. Несие сомасы, мерзімін өтеу, несие құны және валютасы банктік және коммерциялық несиелердің негізгі шарты ретінде. Лизинг халықаралық саудада қаржыландыру формасы ретінде.
1 Банктік операциялар және қызметтер
Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған. Негізінен, Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.
Курстық жұмыстың мақсаты, яғни факторингтік операциялардың Қазақстанда қолдануын талдау. Осы мәселені алға қойып, талқылау.
Курстық жұмыстың тақырыбы, яғни екінші деңгейлі банктердің жаңа дамып келе жатқан операциясы факторингтік операцияларды қарастырып, оның түрлеріне тоқталып кету, факторингтік операциялардың Қазақстанда қолдануын көздедім.
Осы мәселелерді алға қойып, факторингтік операцияларға жалпы тоқталып кеттім..
Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын мемлекеттік бағдарламалар ауқымында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қаржы, валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс.
Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарды сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бәлмелерді жалға беру;
ломбардтың операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
төлем карточкаларын шығару;
банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
чек кітапшаларын шығару;
бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
ақшалай формада орымдалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;
үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
2 Факторинг операциялары.
Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда болды. Экономикалық тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі.
Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.
Мұндай мәміленің нәтижесінде банк өз клиентінің талабын қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады. Факторингпен айналысатын адам фактор деп аталады. Ақысы төленетін (төлеу сатып алушының ақшасын алуына қарай жүргізіледі) факторинг және төленетін және қаржыландырылатын (соманың 90 пайызын бір уақытта төлеу тауарды өндіруші жеткізгеннен кейін және келесі ақы төлеу – барлық ақша алынғаннан кейін жүргізіледі) факторинг деп бөлінеді. Соңғы түрі қымбаттау, себебі үлкен тәуекелділік бар. Бірақ борышкерді таңдау құқығы факторға: банк немесе сауда үйіне қалдырылады. Ұлыбританияда факторинг нарығының 60 пайызынан артығы факторинг фирмалары арқылы жұмыс істейтін коммерциялық банктерге жатады.
«Факторинг» термині ағылшын тілінен алынған – делдал, агент. Факторинг – коммерциялық банктер (олардың еншілес фактор - фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға – олардың клиенттерге көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор – фирма немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің төлейтін мерзімі басталғанға дейін берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген соң борышкер өз берешегін өтегеннен кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор – фирмаға немесе банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден берешектерді алу құқығын фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие беру нысанасы ие болған. Банктердің факторинг операциялары мыналар: ішкі операциялары, мұнда жабдықтаушы және клиент (сатып алу, сату шарты бойынша тараптар), сонымен қатар факторинг компаниясы белгілі бір елде болады немесе халықаралық, ашық операциялар, борышкер факторинг компаниясының мәмілесіне қатысу туралы хабардар етілсе немесе жабық (жасырын) операциялар. Борышкер факторинг компаниясы не банк пайда болатын борыш бойынша құқықтық мирасқор болып табылатынын және төлеу оның пайдасына жүзеге асырылуы тиіс екендігін; жабдықтаушыға регресс құқығымен – кері талап құқығымен немесе құқықсыз төленген соманы; немесе белгілі бір күнге алдын ала ақы төлеу немесе талаптарға ақы төлеу нысанында жабдықтаушыға несие беру талабымен өтелетінін растайтын шотта фактураға тиісті жазу жазылу жолымен хабардар етіледі.
Қазақстанда факторинг операцияларымен банктер, шарттық және ақылы негізде тауарлар және қызмет көрсету үшін есеп-қисаптарды тезірек аяқтаумен байланысты несие-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырып, 1988-1989 жылдары айналыса бастады. КСРО Мемлекеттік банкінің келді 1989 жылғы 12 желтоқсандағы «Жабдықтаушылардың банкке жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем талаптары бойынша төлем алуға құқықты беру бойынша операцияларды жүзеге асырудың тәртібі туралы» нұсқаулық хаты құқықтық негіз болады. Факторинг үшін ақы төлеу сатып алушыға қатысты құжаттар картотекаға енгізілсе төлемдер кезінде жасалмайтын кездері несие қаражатының сомасымен және оларды пайдалану мерзімдерімен және тұрақсыздық айыппұлмен анықталады. Факторинг ерекшелігі сол: ол тек қана мәміленің негізінде іске асады; қаржыландыру талап құқығымен; мәміленің ақылы болуы; ақшалай және кәсіпкерлік сипаты ғана бар және болашақта талап құқығы мүмкіншілігі болады. Сондықтан факторинг міндеттемелердің дербес түрі болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 30 бабына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар кезде банктердің факторинг операцияларын жүзеге асыруға: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болуға құқылы екенін көздейді.
Қазіргі таңда ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 729-738 баптарымен реттеледі. Факторинг бойынша қаржы агенті ақшаны клиент билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен (борышкермен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді не борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында беруі мүмкін. Бұл ретте факторинг шарты бойынша қаржы агентінің міндеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және берудің нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкін.
Бұл ретте факторинг операциялары банк операциялары болып табылмайды, бірақ олар халықаралық саудада кең қолданылады. Халықаралық қатынастарда банктер 1988 жылы «Халықаралық факторинг туралы» Оттава УНИДРУА конвенциясын басшылыққа алады.
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру азаматтық-құқықтық міндеттеменің жаңа түрі, оның құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне алғашқы рет енгізілген. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг), жалпы ереже бойынша, ақылы және өзара шарт болып табылады, нақты шарттың талаптарына қарай ол нақты, келісімді шарт болуы мүмкін.
Коммерциялық кәсіпорындардың мамандандырылған банк ұйымдарын несиесіне негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты сауда несиесін өзгертеді.
Ақша қаражатының қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік талаптарымен берілуі тән банктік заем шартынан айырмашылығы сол, талап құқығын беріп қаржыландыру шартына банктің алушының талабы құқығын, үшінші тұлғамен (борышкермен) қандай да болмасын шарт бойынша қаражатты беруі талабымен беруі тән ақшаларды осылайша беру, әдеттегідей, мерзімділігі және қайтарымдылығымен сипатталмайды. Талапты құқығын беріп қаржыландыру шартының өзара байланысқан талаптары болып табылады. Талапты беру шартта, әдеттегідей, талап құқығын ақылы беру, ал ақшалай талап құқығы тек қана объектісі (нысанасы) болып келеді.
Факторинг қаржы нарығының пайдалы құралы болып табылады және несие тәуекелдерін сақтандырудың дамығандығын және дебиторлық берешек әкімшілігін жүргізуді болжайды. Осы талаптарда осы қызметтегі банктер үшін клиенттерді және пайданы көбейтуге және тәуелдікті азайтуға мүмкіндік беретін қорландыратын институттарды тарту бойынша агенттің рөлі анықтаушы бағытқа айналады.
3 Факторинг операцияларының түрлері
Факторинг қызметінің мақсаты – төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:
Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
Клиент (тауарларды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниялармен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды сатып алушы фирма.
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізінде факторинг туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг операцияларының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.
Факторингтің 2 түрі болады:
Ауқымды (конвенционды);
Шектеулі (конфиденциалды).
Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп жабдықтаулар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетушіліктің әмбебап жүйесін сипаттайды.
Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б.
Факторинг операциясы бүгінгі таңда отындық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы негізінен 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 1990ж басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж халықаралық факторинг туралы кез келген келісім-шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:
Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;
Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.
Факторинг операциялары банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуы тиіс.
Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттері бойынша;
Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
Банктердің несиеден алынып тастаған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша;
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады.
4 Әлемдік нарықтағы факторинг
Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің мұны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5- 2,5 /о) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1-2 %-дай жоғары болып келеді.
Қазіргі күні отандық кәсіпорындарға қаржылық қызмет көрсету нарығында көңіл аударарлық жаңа тиімді қаржы құралы факторинг кеңінен таралуда. Факторинг өзінің кәсіпорынның қызметін дамытатын құрал ретінде танылып, қазір Қазақстанда да көптеген екінші деңгейдегі банктер онымен жұмыс жасап, факторингтік қызмет көрсетуде, сонымен бірге олармен бірқатарда фактор-компаниялар да пайда бола бастады.
Факторингтік операцияларды қолданудың нәтижесінде кәспорындар өз қызметін үздіксіз жүргізе алады, яғни ол мынаны білдіреді: көптеген кәсіпорындар өз қызметінің барысында кейде қаражат тапшылығына кезігеді, әрине айналымда қаржы жетіспеушілігі, тұтынушылардың өз қарыздарын дер кезінде өтемеуі деген сияқты мәмелелер болады. Бұл мәмелелерді шешу үшін кәсіпорын банктік несиеден бұрын осы факторингті қолданғаны өте тиімді. Факторингтің қай жағынан тиімді екенін түсінуіміз үшін алдымен оңай пайда болуы мен дамуына, жұмыс істеу механизміне сипаттама берейік.
Алғашқыда факторинг 16-17 ғ.ғ, пайда болған, оны саудагерлер өз тәжірибесіне алғаш енгізілген. Соңына қарай онымен сауда банктері айналыса бастаған. Басында олар тауар өндірушілерге өз тауарларын өткізуге, сатуға ықпал жасап отырған, содан соң олар тауарды өндіруші кәсіпорындардың жіберген тауарлары үшін ақшасын төлеп, тауарлы несие беруге көшкен, әрі қарай кейбір сауда делдалдары өз саудасын тастап, өз клиенттерімен қаржылық қарым-қатынасқа көшкен, яғни тауарды өндірушілерден шот-фактураларды сатып алып, ондағы қарыздық міндеттемені талап ету құқығына ие болды. Міне осылай факторингтік компаниялар пайда болған. Бірақ алғашында оларды тек қана банктік несиені алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданған. Ал қазіргі банктік қызметтің деңгейінің жоғары дамуы, сонымен қатар арнайы мамандандырылған несие мекемелерінің пайда болуы клиенттерге жоғары деңгейдегі, жан-жақты қаржылық қызмет көрсетуді дамытып отыр.
Тақырып 10 Халықаралық сауда контрагенттері
Контрагенттердің түрлері. Ұлттық, шетелдік, аралас фирмалар. Транұлттық және ұлттық компаниялар. Фирмалардың құқықтық дәрежесі. Толық серіктестік. Коммандиттік серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі және шектеулі емес серіктестіктер. Акционерлік қоғамдар. Жеке кәсіпорындар. Бірлестіктер, кооперативті және мемлекеттік өнеркәсіптік және сауда фирмалары.
Тақырып 11 Іскерлік техникасын ұштастыру және ұйымдастыру
Іскерлікті ұштастырудың негізгі түрлері мен формалары. Келіссөз сыртқы сауда операцияларын жасау тәсілі ретінде. Іскерлік келіссөздерді жүргізу және ұйымдастыру: келіссөзге дайындық, сөйлесу тәртібін жүргізу, сөйлесулерді жүргізу тактикасы және техникасы, құжаттарды дайындау. Іскерлік кеңес. Іскерлік хат алысу. Қабылдаулар. Қазіргі этикет ережелері. Коммерциялық келіссөздерді дайындау және жүргізу. Халықаралық этикет ережелері.
Достарыңызбен бөлісу: |