Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалаудың әдістемелік ұсынымдарын бекіту туралы
|
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордағы тәуекелдер дәрежесіне бағалау жүргізу жөнінде әдістемелік қолдау көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалаудың әдістемелік ұсынымдары бекітілсін.
2. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А. Крюкова) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетіне жұмыста қолдану үшін жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 30-ө-м бұйрығымен
бекітілген
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалаудың әдістемелік ұсынымдары
Жалпы ережелер
Әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - ұсынымдар): «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң);
«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысына;
«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 310-ө бұйрығына;
«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 311-ө бұйрығына;
«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 285-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 233 бірлескен бұйрығына;
«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 284-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 232 бірлескен бұйрығына сәйкес әзірленді.
Ұсынымдар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордағы тәуекелдер дәрежесіне бағалау жүргізетін мемлекеттік органдарға әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.
Тәуекелдер дәрежесін бағалау арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілерге қолданылады.
Тәуекелдер дәрежесін бағалауға ұсынымдар
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті айқындау және бағалауды жүргізудің уақтылығы
Бұл өлшемді орындау:
қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізу мерзімін сақтауды;
«Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 28-ө бірлескен бұйрығын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 ақпанда № 5560 тіркелген) сақтауды қамтиды.
Қажеттілікке бағалау жүргізу және айқындау нәтижесі:
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде – қажеттікке бағалау жүргізетін және оны айқындайтын маманның қызмет түрін, алушының санатын, ұсыну орнын, қызмет көрсету ұзақтығын, қызметтің мазмұнын, жеке ерекшеліктерін қамтитын қорытындысында;
медициналық-әлеуметтік ұйымда – ұйым маманы әзірлеген қызмет алушының жеке жұмыс жоспарында көрініс табады.
Мекемеде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге уақытылы бағалау жүргізбегені және қажеттілікті айқындамағаны үшін осы көрсеткіш бойынша факторлардың санына қарамастан 5 балл қойылады.
2.2. Әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет алушыға әзірленген жеке жұмыс жоспарының болуы
Аталған өлшемді орындау мыналарды қамтиды:
әрбір қызмет алушыда қызмет алушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын жеке жұмыс жоспарының (бұдан әрі - Жоспар) болуын;
арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдендірілген көлемін көрсету нәтижелері бойынша қызмет алушының жағдайының өзгеруін уақытылы қадағалау;
Жоспардың орындалуына тоқсан сайынғы мониторинг.
Мекемеде жеке жұмыс жоспары болмаған жағдайда аталған көрсеткіш бойынша факторлардың санына қарамастан 5 балл қойылады.
2.3. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесуді жүзеге асыру
Аталған өлшемдерді орындау мыналарды:
ДКК қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ұсынылған адамдар контингентін айқындау;
МӘС-тен өту үшін қажетті құжаттарды даярлау және жинақтау;
медициналық ұйымда МӘС-ке жолдама алу;
МӘС-те ілесіп жүру;
қайта куәландыру мерзімінің сақталуын бақылауды қамтиды.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың куәландыру нәтижелері әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындауға арналған қызмет алушының жеке жұмыс жоспарына енгізіледі.
Мекемеде МӘС жүргізуге уақытылы жәрдемдеспегені үшін аталған көрсеткіш бойынша факторлардың санына қарамастан 5 балл қойылады.
2.4. Мүгедектерде жеке оңалту бағдарламасының болуы
Бұл өлшемді орындау мыналарды:
мүгедек ретінде қызмет алушыны әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау кезінде оңалту шараларының нақты көлемін, түрлері мен өткізу мерзімдерін айқындайтын мүгедекті жеке оңалту бағдарламасының (немесе үзінді көшірменің) болуы;
жеке оңалту бағдарламасында көзделген оңалту іс-шараларының орындалу мерзімі мен сапасын бақылауды қамтиды.
Мекемеде жеке оңалту бағдарламасының болмағаны үшін осы көрсеткіш бойынша факторлардың санына қарамастан 5 балл қойылады.
2.5. Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу
Бұл өлшемді орындау мыналарды:
заңнамада көзделген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға құқығы бар адамдар контингентін бекіту;
тиісті жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен басқа да төлемдерді уақытылы ресімдеу;
қызмет алушының жеңілдіктер, жәрдемақылар, алименттер мен басқа да төлемдерді алу құқығына шек қойылған жағдайда оның мүддесін қорғауды қамтамасыз етуді қамтиды.
Мекеменің заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш беруді және алуды уақытылы орындалмағаны үшін осы көрсеткіш бойынша факторлардың санына қарамастан 5 балл қойылады.
2.6. Мамандық алуға жәрдемдесу
Бұл өлшемді орындау мыналарды:
кәсіп алуға жататын адамдар контингентін айқындау;
кәсіп алу үшін жағдай жасауды қамтиды.
Диагностика картасы, тестілеу нәтижесі, адамдарды халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберу және оларды жұмыссыз ретінде есепке тіркеу, оқуға, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарына түсуге, жұмысқа орналасуға ықпал ету осы өлшемді орындаудың дәлелі болып табылады.
Мекеменің қызметті ұсынбағаны үшін осы көрсеткіш бойынша факторлардың санына қарамастан 5 балл қойылады.
2.7. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну туралы шешім шығарудың уақтылығы
Бұл өлшемді орындау мыналарды:
белгіленген шешім қабылдау мерзімін сақтауды - әлеуметтік қызметкердің арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілігін бағалау және айқындау жөнінде қорытынды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі шешім шығарған жағдайда шешім қабылдау құзыретін сақтауды қамтиды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін ұсыну туралы шешім шығару аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатқызылған.
Мекемеде белгіленген мерзімдерді бұзып шешім шығарғаны үшін осы көрсеткіш бойынша факторлардың санына қарамастан 5 балл қойылады.
2.8. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі өтініш берушілердің өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуы
Бұл өлшемді орындау мыналарды:
өтініштерді заңнамада белгіленген тәртіпте қарау мерзімдерінің сақталуын;
өтініш берушінің өтінішін қарау тәртібінің сақталуын;
өтініш берушінің шағымдары мен ұсыныстарын қарау нәтижелерін қамтиды.
Мекемеде өтініштерді уақытылы қарамағаны үшін осы көрсеткіш бойынша факторлардың санына қарамастан 5 балл қойылады.
2.9. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларының орындалуы
Бұл өлшемді орындау мыналарды:
жеке оңалту бағдарламаларында көзделген оңалту іс-шараларын орындауға бағытталған шараларды қабылдау;
жеке оңалту бағдарламасында көзделген оңалту іс-шараларының орындалу мерзімдерін бақылауды қамтиды.
Мекемеде ішінара орындағаны үшін осы көрсеткіш бойынша факторлардың санына қарамастан 5 балл, орындамағаны үшін – 10 балл қойылады.
Қорытынды
Осы Тәуекел дәрежесін бағалаудың әдістемелік ұсынымдардың 2-бөлімінде белгіленген барлық ұсынымдар сақталған жағдайда тексерілетін субъектілерге балдар есептелмейді. Тәуекел дәрежесі шекті көрсеткіштерін белгілегеннен кейін қойылған балдарды сомалау арқылы қорытынды шығарылады және: балдардың белгіленген шегіне сәйкес тәуекел дәрежесінің тобы «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 310-ө бұйрығында және «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 284-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 232 бірлескен бұйрығында айқындалады; бекітілген нысандағы тексеру парағы «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 311-ө бұйрығы және «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 285-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 233 бірлескен бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |