ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ
№ 98 Б А С П А С Ө З Р Е Л И З І
Қазақстандық студенттер исламдық қаржыландыру бойынша
атаулы стипендия алды
2014 жылғы 26 желтоқсан
Алматы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі еліміздің жоғары оқу
орындарының студенттері мен магистранттарының арасында исламдық
қаржыландыру бойынша атаулы стипендия тағайындау бойынша конкурс
өткізді. Атаулы стипендияны беруге бөлінген қаражаттың жалпы мөлшері
1 000 000 теңгені құрады.
Исламдық қаржыландыру бойынша атаулы стипендия еліміздің қаржы
жүйесінің білікті мамандарының əлеуетін қалыптастыру, білім берудің
барлық деңгейінде жүргізілетін экономикалық зерттеулерді ынталандыру
жəне Қазақстан Республикасы халқының исламдық қаржыландыру жөніндегі
қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында берілетіндігін атап өтеміз.
Конкурс 3 кезеңнен тұрды:
1) өтініштер мен жұмыстардың аннотацияларын тапсыру;
2) дайын жобаларды тапсыру;
3) жобаларды комиссия мүшелерінің алдында презентациялау.
Конкурсқа қатысуға студенттердің жəне/немесе магистранттардың
кемінде үш адамнан тұратын, бірақ бес адамнан аспайтын, бір жобаны бір
жұмысқа біріктірген топтары жіберілді.
Конкурсқа Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды,
Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана
жəне Алматы қалаларының жоғары оқу орындарынан барлығы 58 жоба келіп
түсті. Конкурсқа қатысушылар ұсынған жобалардың тақырыптары исламдық
банкингке, сақтандыруға (такафул), бағалы қағаздарға (сукук), сондай-ақ
Алматыны исламдық қаржыландырудың өңірлік хабы ретінде орнықтыру
мəселелеріне қатысты болды.
Конкурстың ақтық сынына (жобаларды презентациялау) ALMA
University, ҚМЭБИ жəне əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың 5 студенттік тобы өтті.
Құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «Al Hilal» Ислам
Банкі»
АҚ-тың,
сондай-ақ
Исламдық
қаржыландыруды
дамыту
қауымдастығының өкілдері кірген комиссия «Қазақстандағы ислам
банкингінің даму моделі мен болашағын бағалау» тақырыбындағы жобаны
презентациялаған əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың командасына бірінші орын
берді.
Қосымша ақпарат:
2009 жылы Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыру жөніндегі заң
қабылданды, оған сəйкес ислам банктерінің, исламдық инвестициялық қорлардың жұмыс
істеуі, исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін жағдай жасалған. 2011 жылы
мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығару мүмкіндігін көздейтін, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының резиденттері шығаратын исламдық бағалы қағаздар
оригинаторларының тізбесін кеңейтетін заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Исламдық қаржыландыруды дамытудың
2020 жылға дейінгі жол картасын бекітті, оны іске асыру исламдық қаржылық
қызметтер индустриясын тұрақты дамыту үшін жағдай жасауға, эмитенттердің,
инвесторлардың жəне нарыққа қатысушылардың шекті көлемін құруға ықпал ететін
болады.
Исламдық қаржыландыруды, сақтандыруды жəне лизингті дамыту мақсатында
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне сақтандыру жəне исламдық қаржыландыру мəселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын əзірледі. Қазіргі уақытта
көрсетілген заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің талқылауында жатыр.
Қазіргі уақытта республикада Астана, Алматы жəне Шымкент қалаларындағы
филиалдарымен алғашқы «Al Hilal» ислам банкі, сақтандырудың дəстүрлі түрімен
қамтылмаған адамдар үшін сақтандыру қызметтерін көрсететін алғашқы «Такафул»
өзара халал сақтандыру қоғамы» ӨК исламдық сақтандыру компаниясы жұмыс істеуде.
Сонымен қатар ICD қатысуымен Қазақстанда «Kazakhstan Ijara Company» АҚ
исламдық лизинг компаниясы тіркелді.
Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 2788 104
(ішкі 1252), +7 (727) 2 704 585, e-mail: press@nationalbank.kz, www.nationalbank.kz.