254
қы кезекті шаралар туралы» заң қабылданып,
қаржылық-эко-
номикалық қайта қалыптасу бағдарламалары жасалды.
90-шы жылдардың алғашқы жартысы қаржылық жағдайдың
ойсырауымен, мемлекеттік бюджет тапшылығымен жəне сыртқы
қарыздың ұлғаюымен сипатталады. 1995 жылы тығырықтан шығу
мақсатында ұлттық валюта – сомони енгізілді. Ұлттық валютаны
енгізу, жақын жəне алыс шетелдермен экономикалық бірлесуге
келісімдер
жасау сияқты шаралар экономика, қаржы, бюджет
салаларының, жалпы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтануына
мүмкіндік берді. 1995 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалуы
республика үкіметі жүргізген экономиканы тоқыраудан шығару,
қаржылық сауықтыру шараларының нəтижесі болды.
1996 жылдан бастап республика экономикасын нарықтық
қатынастарға ауыстыру үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа
тəсілдері
енгізіліп, салық-бюджет саясатында «Тəжікстан Респуб-
ликасының бюджет құрылымы мен бюджет процесі туралы» заң
қабылданды. 1997 жылы алғаш рет ЖІӨ көлемі алдыңғы жыл-
мен салыстырғанда 4 есе өсті. 1998 жылы қаржы министрлігі мен
Салық комитеті бірлесе даярлаған Тəжікстан Республикасының
Салық кодексі қабылданды.
2001-2002 жылдарда қабылданған «Қазынашылық туралы»
жəне «Тəжікстан Республикасының мемлекеттік қаржылары
туралы» заңдар мен орта мерзімді
жоспарлау бағдарламасы
негізінде мемлекеттік бюджет бекітілді. Республикада нарықтық
инфрақұрылым элементтері – тауар жəне қор биржалары, сауда
үйлері, көтерме жəне бөлшек сауда кəсіпорындары, аукциондар,
делдалдық фирмалар, сауда-өнеркəсіптік палаталар,
кедендік ме-
кемелер, сақтандыру компаниялары, еңбек биржалары, жарна-
малық агенттіктер пайда болып, түрлі қызметтер атқарды.
Республикада ДСҰ-на ену үшін жан-жақты қадамдар жаса-
луына
қарамастан, қол жеткізген нəтижелер халықтың өмір сүру
деңгейін жақсарту үшін əлі де жеткіліксіз. Үкіметтің əлеуметтік
саясаттағы негізгі бағыты – кедейшілік мəселесін шешу. Сондай-
ақ, күрделі мəселенің бірі – инвестициялық капитал тапшылығы,
жеңілдіктер жасау арқылы сырттан қаражат тарту қажеттілігін ту-
ындатып отыр. Ауылшаруашылық, көлік, энергетика, денсаулық
сақтау,
білім беру, əлеуметтік саласын дамыту жобаларын іске
255
асыру Тəжікстан Республикасының үкіметі мен Əлемдік Банк,
АДБ, Ислам даму банкі, ОПЕК (МЭМҰ мұнай экспорттаушы
мемлекеттер ұйымы) қорымен бірлесе жүргізілуде.
2006 жылы Тəжікстан Республикасының бюджет жүйесінің
негізгі көрсеткіштері: табыстар – 824,4 млн.; шығыстар – 772,3 млн.
сомониды құрады. Табыстар ішінде республикалық бюджет –
555,9 млн., жергілікті бюджет – 263,4 млн сомонидан тұрды.
Шығыстар бөлігінде республикалық бюджет – 505,9 млн., жер-
гілікті бюджет 242,5 млн. сомонидан тұрады. Бюджет тап
шы-
лығы жойылған. 2006-2008 жылдарға жоспарланған бағдарла-
малардың көздеген стратегиялық мақсаттары:
– ЖІӨ көлемін жыл сайын 5
шартты шамаға көтеру;
– əлеуметтік сектордағы бюджет шығындарын көбейту;
– кедейшілікпен күрес бағдарламасын іске асыруға арнайы ас-
сигнованиялар бөлу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: