Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет2/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

3
КІРІСПЕ
Əр түрлі елдерде мемлекеттік қаржыны ұйымдастыру про-
блемасын игеру экономикалық білімдерді жоғары дəрежеде 
меңгерудің бір бөлігі болып табылады.
“Шетел мемлекеттерінің қаржысы” курсы теориялық 
оқу пəні ретінде, “Қаржы (теория жəне ұйымдастыру)” кур-
сын игеруді толықтырады. Оқулықта мемлекеттік қаржыны 
ұйымдастырудың концептуалды негізі, қазіргі заман шетел ғалым 
– экономистерінің теорияларында мазмұндалған АҚШ, Франция, 
Ұлыбритания, Германия жəне Жапония дамыған елдерінің қаржы 
жүйесінің ұйымдастыру негізі қарастырылған. Батыс Еуропалық 
ареал, АҚШ, Жапония экономикалық дамудың басымдығын 
анықтағандықтан таңдалған жəне қазіргі өркениеттің көшбас-
шысы болып табылады. Бұған қарамастан бұл елдерде экономи-
калық көшбасшылық жолдары əр түрлі. Сондықтан осы елдердің 
мемлекеттік қаржыларымен танысу олардың соғыстан кейінгі 
кезеңдегі экономикасының даму шыңынан басталады. 
Қаржы жүйесінің құрамы, мемлекеттік бюджеттің кірісі 
мен шығысының құрамы; бюджет тапшылығы мен мемлекеттік 
қарыздың мəселелері; салық салудың мəселелері; қаржылық 
басқарудың аппараты; жергілікті қаржылардың мəні жəне 
маңызы; қазіргі кезеңдегі қаржылық саясаттың проблемалары 
жəне мақсаттары жеке қарастырылған. 
Осы курстың мақсаты болып жеке дамыған елдердің қаржы 
жүйесінің тек қана тəжірибесін қарастыру ғана емес, аналити-
калық  ойлаудың əдістерін дамыту, нақты экономикалық жағдай-
ларда жеке қаржылық құралдарды қолдану мүмкіншіліктерін 
қарастыру кіреді. Мемлекеттік қаржының шетелдік ұйымдастыру 
тəжірибесі еліміздің мүмкіншіліктерін зерттеу барысында 
қаралады. 
Шетел мемлекеттерінің қаржыларының оқу құралы бойынша 
ұсынылып отырған келесі  негізгі мəселелері қарастырылады:


4
Қоғамда қаржының объективті мүмкіншіліктерін түсініп білу; 
қаржы ресурстарының қайнар көздерін ашып табу; қазіргі таңдағы 
қаржылық қатынастардың мінездемесін білу; мемлекеттің 
қаржылық саясаты, салық салу механизмін, сақтандыру, қаржыны 
басқарудағы рөлі. 
Қаржылық зерттеулердің əдістемесін қолдана білу (əдебиет-
терді іздеу жəне талдау, теориялық жəне қолданбалы зерттеушілік 
ізденістер).
Нақты экономикалық жағдаяттарда жекелеген қаржылық 
құралдарды қолдану мүмкіндігін жəне аналитикалық  ойлаудың 
ізденісін қолдану. 
Оқулық дайындау барысында  шетел мемлекеттерінің қар-
жы сы пəні бойынша жарық көрген бірқатар əдебиеттер – қазақ 
тіліндегі, орыс тіліндегі жəне орыс тіліне аударылған шетелдік 
оқулықтар мен материалдар пайдаланылды.



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау