Оқытушы:
|
Даулетова В.А.
|
Пәні:
|
Психология
|
Тобы:
|
2 а ФК
|
Уақыты:
|
25.12.13
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Зейін
|
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:
А) ақпараттық
Б) коммуникативтік
В) проблеманы шешу
|
А) Зейін, зейін түрлері, зейіннің қасиеттері, балада зейіннің дамуы және қалыптасуы туралы ақпараттарды өңдеу, талдау, жинақтау, қорыту, логикалық операцияларды колдану арқылы білімді құрылымдау.
Б) Практикалық тапсырмаларды орындауда, психологиялық жағдаятты шешуде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдану арқылы ырықты, ырықсыз, үйреншікті зейін түрлерін, зейіннің қасиеттерін ажырату, тұлғаны қалыптастыратын зейіннің маңызды тұстары мен аспектілерін меңгерту.
В) Студенттердің ақыл-ой әрекетін зейін түрлерін, қасиеттерін талдауға, өзінің жеке зейін ерекшеліктерін диагностикалауға бағыттау. Өз зейінінің және жас ерекшеліктеріне байланысты зейіннің даму динамикасын анықтауға арналған диагностикалық жұмыс нәтижесін түрлі жаттығулар арқылы бағалау және дамыту жолдарын қалыптастыру.
|
Сабақ типі:
|
Жаңа материалды меңгерту
|
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
|
АКТ, Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту , проблемалық оқыту
|
Сабақтың әдісі:
|
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары, көрнекілік, сөздік, практикалық
|
Пәнаралық байланыс:
|
Жас ерекшелік психология, практикалық психология, физиология
|
Оқыту құралдары:
|
Оқытудың техникалық құралдары, үлестірмелі материалдар, оқулық, диагностикалық материалдар.
|
Сабақ жоспарының жобасы
Сабақтың барысы:
|
Оқытушының қызметі
|
Студенттің қызметі
|
Күтілетін нәтиже
|
І. Ұйымдастыру бөлімі
|
Мұғалімнің амандасуы, жоқ оқушыларды
түгендеу, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының хал – жағдайын сұрау.
Оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру.
Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеу.
Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту. Сергіту жаттығуын орындатады. Топ студенттерін топқа бөліп, сарапшыларды (бақылаушы, сынаушы, жақтаушы) тағайындайды.
|
Амандасу;
оқу-құралдарын дайындау, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының өзінің хал – жағдайын айту. кезекшілік міндеттерін атқару;
Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеген тренигке қатысады. сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады; көңіл-күйі көтеріңкі болады. Барлығы ортаға шығып, журнал бойынша ретке тұрады, кейін бойы бойынша ретке тұрып, «Сызғыш» тренингін орындайды. 5-5 адамнан топқа бөлініп, орындарына отырады.
|
Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды. Студенттер топқа бөлінеді.
|
ІІ. Өткен оқу материалын қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық
«Баланың зейіні оның мінез-құлқының ұйымдасу тарихы болып табылады.»
Л.С.Выготский.
|
Қызығушылықты ояту, сұрақтар қою:
-. Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мен сіздерге үндіс әңгімесін айтып берсем. Әңгімені тыңдай отырып, бүгін біз сабақта не жөнінде әңгіме өрбітетенімізді анықтаңыз.
Этикалық әңгіме
«Магараджа өзіне министр таңдап алмақшы болады. Министрлікке қала бойындағы көшемен ыдысы сүтке толы, бірақ бір тамшыны да төкпей өткен адамды алатындығын жариялайды. Көптеген үміткерлер осы көше бойымен жүріп өтеді, алайда жол бойында оларды алаңдатып, қорқытып, түрлі кедергілер жасалды. Сөйтіп, барлығы сүтті төгіп алып, межесіне жете алмады."Бұлар министрлер емес", – деп магараджа ашуланды. Алайда бір үміткер ыдысы толы сүтпен келе жатты. Оны айқай-шу да, қорқытулар да, әдейі жасалған қулықтар да сүтке толы ыдыстан назарын алдыртпады. "Оқ атындар!" – деп хан айқайлай түсті. Оқ атқанмен де бұл да үміткерге кедергі бола алмады. "Бұл министр!" –деді магараджа. "Сен айқай-шуды естідің бе?" – деп сұрады үміткер жігіттен. "Жоқ!" – "Сені қорқытқан адамдарды көрдің бе?" – "Жоқ. Менің назарым сүті толы ыдыста болды". "Сен атылған оқтарды естідің бе?" – "Жоқ, тақсыр! Менің назарым сүті толы ыдыста болды"».
– Сонымен біз бүгін не жөнінде әңгіме қозғамақпыз ?
|
Жаңа сабақтың тақырыбын ашуға арнайы даярланған этикалық әңгіме мәтінін мұқият тыңдайды.
Қойылған сұраққа өз ойын айту, жауап беру.
Зейін, назар аудару, жұмысты, іс- әрекетті бар зейінін салып орындау туралы айтылған
жаңа сабақ зейін туралы болмақ.
|
Студенттер үндіс әңгімесімен таныса отырып, берілген жағдаяттарды шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды, зейін қоюшылықтың маңызды сапа екендігін ұғынады.
|
ІІI. Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру
Сабақтың жоспары:
1. Зейiн туралы жалпы ұғым.
2. Зейiн түрлерi.
3. Зейiннiң негiзгi қасиеттерi.
4. Зейіннің жас ерекшелігіне байланысты дамуы.
5. Баланың зейінін тәрбиелеу.
|
Мағынаны тану
- Дұрыс, біз бүгін зейін туралы әңгімелейтін боламыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |