Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар


  Мемлекеттік  кəсіпорын  шаруашылық  жүргізу  құқығы



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет29/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68

92
15.  Мемлекеттік  кəсіпорын  шаруашылық  жүргізу  құқығы 
негізінде өз қарыздарына жауап береді:
а) өзінің барлық мүлігімен
b) меншік иесімен ортақтасып
с) тек ақшалай
d) тек меншік иесі ғана жауап береді
4. 5. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
ҚР  Азаматтық  кодексі  (Жалпы  бөлім) (өзгерістер  мен  толық-
тырулармен бірге);
«Тұтыну кооперативі туралы» ҚР 2001 жылдың 08 мамырындағы 
заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге);
«Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы»  ҚР 2001 жылдың 16 
қаңтарындағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
«Акционерлік қоғамдар туралы »ҚР 2003 жылдың 13 қаңтарындағы 
заңы(өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
«Жауапкершілігі  шектеулі  жəне  қосымша  жауапкершілігі 
бар  серіктестіктер  туралы»  ҚР 1998 жылдың 22 сəуіріндегі  заңы 
(өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
«Шаруашылық  серіктестіктер  туралы»  ҚР 1995 жылдың 02 
мамырындағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
«Өндірістік кооператив туралы» ҚР 1995 жылдың 02 қазанындағы 
заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
Қазақстан  Республикасының 2011 жылдың 1 наурыздағы 
«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы.


93
5-тақырып. Азаматтық құқықтың объектілері
5.1 Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы жəне түрлері
5.2 Бағалы қағаздар
5.3 Тапсырмалар
5.4 Тестілер
5.5 Нормативтік актілердің тізімі
5.1 Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы жəне түрлері
Мүлiктiк  жəне  жеке  мүлiктiк  емес  игiлiктер  мен  құқықтар  аза-
маттық құқық объектiлерi бола алады.
Мүлiктiк  игiлiктер  мен  құқықтарға  (мүлiкке):  заттар,  ақша, 
соның  iшiнде  шетел  валютасы,  құнды  қағаздар,  жұмыс,  қызмет, 
шығармашылық-интеллектуалдық  қызметтiң  объектiге  айналған 
нəтижелерi,  фирмалық  атаулар,  тауарлық  белгiлер  жəне  бұйымды 
дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да 
мүлiк жатады.
Аз аматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тастал-
маса  немесе  айналымға  шек  қойылмаса,  бiр  адамнан  екiншi  ада мға 
əмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта 
құру) тəртiбiмен не өзге де əдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.
Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алы-
нып  тасталған  заттар)  заң  құжаттарында  тiкелей  көрсетiлуге  тиiс. 
Айналымның  белгiлi  бiр  қатысушысына  ғана  тиесiлi  болуы  мүмкiн 
не  алынуына  немесе  берiлуiне  арнайы  рұқсат  бойынша  (айналым 
қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда 
белгiленедi.
Жеке  мүлiктiк  емес  игiлiктер  мен  құқықтарға:  жеке  адамның 
өмiрi,  денсаулығы,  қадiр-қасиетi,  абырой,  игi  атақ, iскерлiк  бедел, 
жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм 
алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы 
жəне басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын 
зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер жəне жер-
мен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына 
сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады.


94
Мемлекеттiк  тiркеуге  жататын  əуе  жəне  теңiз  кемелерi, iшкi         
сауда  жүзу  кемесi, «өзен-теңiз»  жүзу  кемесi,  ғарыштық  объектiлер 
де  қозғалмайтын  заттарға  теңестiрiледi.  Заң  құжаттары  бойын-
ша  қозғалмайтын  заттарға  өзге  мүлiктер  де  жатқызылуы  мүмкiн. 
Қозғалмайтын  заттарға  жатпайтын  мүлiк,  оның  iшiнде  ақша  мен 
бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында 
көрсетiлгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу 
талап етiлмейдi.
Қозғалмайтын  мүлiкпен  жасалатын  мəмiле  мемлекеттiк  тiр-
келуге  тиiс.  Қозғалмайтын  мүлiкке  құқықты  жəне  онымен  жасала-
тын  мəмiленi  мемлекеттiк  тiркеудi  жүзеге  асырушы  орган  құқық 
иеленушiнiң өтiнiшi бойынша тiркелген құқық немесе мəмiле туралы 
құжат беру арқылы не тiркеу үшiн табыс етiлген құжатқа жазба жасау 
арқылы тiркеуден өткендiгiн растауға мiндеттi.
Қозғалмайтын  мүлiкке  құқықтарды  жəне  онымен  жасалған 
мəмiленi мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асыру-
шы орган жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты 
кез келген адамға беруге мiндеттi.
Қозғалмайтын  мүлiкке  құқықты  немесе  онымен  жасалатын 
мəмiленi  мемлекеттiк  тiркеуден  бас  тартқан  не  тiркеуден  негiзсiз 
жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Мемлекеттiк  тiркеу  тəртiбi  жəне  тiркеуден  бас  тарту  негiздерi 
қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiленi 
тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.
Кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк 
кешен құқық объектiсi түрiндегi кəсiпорын деп танылады. Кəсiпорын 
тұтасымен мүлiктiк кешен ретiнде қозғалмайтын мүлiк деп танылады
Мүлiктiк  кешен  ретiнде  кəсiпорынның  құрамына  оның  қызмет 
етуiне  арналған  мүлiктiң  барлық  түрлерi,  соның  iшiнде  үйлер, 
ғимараттар,  жабдықтар,  құрал-саймандар,  шикiзат,  өнiмдер,  жер 
учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның 
қызметiн  дараландыратын  белгiлерге  құқықтар  (фирмалық  атау,  та-
уар  белгiлерi)  жəне,  егер  заң  құжаттарында  немесе  шартта  өзгеше 
көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi. Кəсiпорын тұтасымен 
немесе  оның  бiр  бөлiгi  сатып  алу-сату,  кепiлге,  арендаға  беру  жəне 
заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге жəне тоқтатуға байланысты 
басқа да мəмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.
Мүлiк бөлiнетiн жəне бөлiнбейтiн болуы мүмкiн.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау