117
Кəмелетке толмағандардың жасына лайықты, жасай салып орын-
далатын тұрмыстық ұсақ мəмiлелердi қоспағанда, 14 жасқа толмаған
тұлғалар жасасқан мəмілелер орындалмауы тиіс (ҚР АК 23-бабы).
Ондай жасөспірімдердің атынан олардың ата-анасы (асырап алушы-
лары немесе қорғаншылары) жасайды.
14 жасқа толған кəмелетке толмағандар мəмiлелердi ата-анасының
(асырап алушыларының немесе қорғаншыларының) келiсiмiмен жа-
сайды. Келісім мəміле орындалып қойылғаннан кейін де берілуі
мүмкін. Ондай жасөспірім кейбір мəмілелерді өзі дербес жасай алады
(ҚР АК 22-бабы).
Егер 14 жасқа толған кəмелетке толмағандар мəмiлелердi ата-
анасының келісімінсіз жасаса, онда ол соңғыларының талап етуі
бойынша ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін. Ал ондай талап жоқ
болған ретте ол өзінің заңи күшін сақтап қалады.
ҚР АК 24-бабында кəмелет жасына толмағандар (14-18 жас
аралығындағы тұлғалар) немесе кəмелет жасына толмағандардың
атынан (14 жасқа дейінгі тұлғалардың атынан) жасалатын кейбір
мəмілелерге ата-анасының келісімінің жеткіліксіз екендігі, қосымша
мəмiле жасауға қорғаншылық жəне қамқоршылық органының алдын
ала келiсiмi талап етiлетiндігі айтылады. Ондай мəмілелердің нақты
түрлері заңнамамен айқындалады. Атап айтқанда, «Неке жəне отбасы
туралы» ҚР Заңы.
Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан соттың
əрекет қабілетсіз деп таныған тұлғаларының ерік білдіруі заңи күшке
ие емес. Тиісінше, жасалынған мəміле де жарамсыз деп танылады
(қараңыз: ҚР АК 26, 159-баптары).
Ондай мəмілелерді жарамсыз деп тану туралы мəселелерді шешу
барысында сот əркетке қабілетсіз деп танылған тұлғаның мəмілені
жасасу сəтіндегі психикалық жағдайын анықтамайды. ҚР АК 159-
бабы басқалай болатын ретті бекітеді. Аталған тұлғалардың жəне 14
жасқа дейінгі тұлғалардың жасасқан мəмілелері, егер олар аталған
тұлғалардың пайдасына жасалса, жарамды деп танылуы мүмкін.
Спирт iшiмдiктерiне жəне нашақорлыққа салыну салдарынан
əрекетқабілеттілігі шектелген тұлғалар жасасқан мəмілелерді, егер
аталған тұлғалардың қамқоршысының мəмілеге келісімі болмаған
ретте оны жарамсыз деп тануға болады (ҚР АК 27-бабы). Бұл шек-
теу жалақыға билік етуге де қолданылады. Мұндай мəмілелер
қамқоршысының талап етуі бойынша ғана жарамсыз деп танылады.
118
ҚР АК 159-бабында сот əрекетқабiлеттiлiгi жоқ деп танымаған,
тиісті жастағы тұлғаның жасасқан мəмiлесін жарамсыз деп тануы
мүмкін. Өйткені тұлғаның əрекетқабілеттілігі болғанымен, мəміле
қабілеттілігі жоқ яғни, іс жүзінде мəміле жасасуға қабілетсіз бо-
лып табылады. Мысалы, 159-баптың 5-тармағында кейiннен əрекет
қабiлеттiгi жоқ деп танылған азаматтың жасасқан мəмiлесін, егер
мəмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу
жағдайында болғаны дəлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойын-
ша соттың мəмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн екендігі бекітілген.
Осы баптың 7-тармағында əрекетқабiлеттiлiгi болғанымен, мəмiле
жасаған кезде өз əрекеттерiнiң мəнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң
не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мəмiленi
соттың жарамсыз деп тануы мүмкiн екендігі айтылады. Мысалы,
азаматтың науқастығы салдарынан уақытша өз əрекеттерінің мəнін
түсіне алмауы.
Заң шығарушы егер жаңылысу мəмiлеге қатысушының өрескел
бейқамдығының салдары болса не оны кəсiпкерлiк тəуекел билеген
болса мəмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан соттарға бас тар-
ту құқығын ұсынады.
ҚР АК 159-бабының 9-тармағында, егер мəміле алдау, зорлық,
қорқыту ықпалымен жасалса, онда алдау, зорлық, қорқыту мəміленің
жарамсыздық негіздеріне жатқызылады.
Алдау – мəміленің сипаты, мəміленің пəні немесе оның өзге де
ережелері туралы қате түсінік қалыптастырып, қатысушыны мəміле
жасасуға ынталандыру құралы болып табылады.
Жаңылысудан алдаудың айырмашылығы сол, алдау мəміле тура-
лы қате түсінікті қасақана қалыптастыруға бағытталған акті болып
табылады.
Зорлап мəміле жасату дегеніміз – мəмілеге қатысушыны
мəжбүрлеп оның өзіне, не жақындарына күш қолдану немесе жан-
дүниесін жаралап, оның өзіне тиімсіз мəміле жасауға көндіру болып
табылады (мысалы, күш көрсету, бостандығын шектеу жəне т.б.).
Қорқыту – тұлғаға мəміле жасамаған жағдайда оның өзіне немесе
жақын адамдарына дене жарақатын салумен немесе моральдік зиян
келтіретіндігін ескертіп, қоқан-лоқы жасау (мысалы, бопсалау, тұлға
туралы жағымсыз деректерді жариялау, мүлікті жою туралы қоқан-
лоқы).
ҚР АК 159-бабының 9-тармағында басқа тарап пайдаланған
жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мəн-
119
жайлардың салдарынан жасауға мəжбүр болған кіріптарлық мəмiленi
жарамсыздық негізі ретінде қарастырған.
ҚР АК 159-бабының 10-тармағында бiр тарап өкiлiнiң екiншi та-
раппен зұлымдық ниетте келiсуi нəтижесiнде жасалған мəмiленi де
жарамсыздық негізі ретінде қарастырған.
ҚР АК 159-бабының 11-тармағында заңды тұлғаның жарғысын
бұза отырып, жасалған не оның органының жарғылық құзыретiн бұза
отырып жасаған мəмiлені, егер мəмiледегi басқа тараптың мұндай
жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе күн iлгерi бiлуге тиiс болғаны
дəлелденсе, жарамсыз деп тануға болатындығы бекітілген.
ҚР АК 160-бабында егер мəмiле екiншi бiр мəмiленi (қулықпен)
бүркемелеу мақсатымен жасалса, оның жарамыз деп танылатынды-
ғын бекітеді. Мысалы, азамат өзге бір тұлғаға қатысты сыйға тар-
ту шартын жасағысы келеді, дегенмен бұл мəмілені сатып алу-сату
шарты арқылы рəсімдейді. Осы ретте, сатып алу-сату шарты (сырты)
жарамсыз деп танылады, ал, сыйға тарту мəмілесі (іші) жарамды бо-
лады.
Заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана
жасалған жалған мəмiле жарамсыз болады.
ҚР АК 161-бабында егер мəмiленi оның жарамсыз бөлiгiн
енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп ойлау мүмкiн болса, мəмiленiң бiр
бөлiгiнiң жарамсыздығы оның басқа бөлiктерiнiң жарамсыз болуына
əкелiп соқтырмайтындығы сипатталады.
ҚР АК 157-бабының 2-тармағында мəмiле жарамсыздығының
негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап ету-
ге құқығы бар адамдардың тiзбесi ҚР АК өзге де нормаларында
(ҚР АК «Мəмілелер» 4-тарауын қоспағанда) сондай-ақ өзге де заң
құжаттарында белгiленетіндігі айтылады.
Атап айтқанда, «Жекешелендіру туралы» ҚР Заңының 25-бабын-
да жекешелендіру объектілеріне қатысты жасалынған сатып алу-са-
ту шарттарын тараптардың, мүдделі тұлғалардың жəне прокурордың
талап-арыздары бойынша жарамсыз деп тануға болатындығы
қарастырылған.
ҚР АК 1056-бабында жасалған өсиетті жарамсыз деп тану негіз-
дері қарастырылады, ал ҚР АК 846-бабында сақтандыру шарттарын
жəне т.б. жарамсыз деп тануды қарастырады.
Кез келген негіз бойынша мəмілелерді жарамсыз деп тану кезінде
əрбір тарап екінші тарапқа мəміле бойынша алғанының барлығын
қайтаруы тиіс болады, ал заттай қайтару мүмкін болмаса, құнын
ақшалай төлеуі тиіс болады (екіжақты реституция).
Достарыңызбен бөлісу: |