Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет1/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68


1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. К. Лепесова
Қазақстан 
Республикасының 
азаматтық құқығы
ОҚУЛЫҚ
Алматы, 2012


2
Пікір жазғандар:
заң ғылымдарының докторы, профессор Ж. Х. Косанов;
заң ғылымдарының кандидаты, доцент Л. С. Мамиконян.
Лепесова
 
А. К.
   
  Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы
 
Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012 . – 232 бет.
Бұл  оқулық  ҚР  азаматтық  құқығы  курсын  оқытуды  ұйымдастыру-
ға  жағдай  жасайды.  Осы  пəн  бағдарламасын  игеру  үшін  дəріс  курс-
тары,  тақырыптар  бойынша  сұрақтар,  өздік  жұмысқа  арналған  сұрақтар, 
нормативтік  құқықтық  актілердің  тізімі  қамтылған.  Оқулықта  өзін-өзі  тек-
серуге  арналған  тестілер  жəне  құқық  қолдану  тəжірибесінің  көкейтесті 
мəселелері болып саналатын жағдайлық есептер ұсынылған.
Азаматтық  құқық  пəні  жоғары   оқу  орындарының  студенттеріне  ар-
налған.
© Лепесова А. К., 2012
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2012
ӘОЖ 347.1 (574+075.8)
КБЖ 67.404 (5 Каз) я 73
Л43
ISBN 978-601-217-367-3
Л43
оқулық /
 А.К. Лепесова. –
ӘОЖ 347.1 (574+075.8)
КБЖ 67.404 (5 Каз) я 73
ISBN 978-601-217-367-3


3
Қолданылған қысқартулардың тізімі
ҚР – Қазақстан Республикасы
АК – Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің 1994 жыл-
дың 27 желтоқсанында  қабылдаған  Қазақстан  Республикасының 
азаматтық  кодексі  (Жалпы  бөлімі), 2011 жылдың 10 ақпанындағы 
соңғы өзгерістер мен толықтырулармен бірге.
АК – Қазақстан  Республикасының 1999 жылдың 01 шілдесін-
дегі  Азаматтық  кодексі  (Ерекше  бөлімі).  Соңғы  өзгерістер  мен  то-
лықтырулармен бірге.
Өндірістік кооператив туралы заң – Қазақстан Республикасының 
1995 жылдың 25 қазанындағы «Өндірістік кооператив туралы» Заңы 
(өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
Банкроттық туралы заң – Қазақстан Республикасының 1997 жыл-
дың 21 қаңтарындағы  «Банкроттық  туралы»  Заңы  (өзгерістер  мен 
толықтырулармен бірге).
Шаруашылық  серіктестіктер  туралы  заң – Қазақстан  Респуб-
ликасының 1995 жылдың 02 мамырындағы  «Шаруашылық  серік-
тестіктер туралы» Заңы.
ЖШС  туралы  заң – Қазақстан  Республикасының 1998 жылдың             
22 сəуіріндегі «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкерші-
лігі бар серіктестіктер туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтырулар-
мен бірге).
АҚ  туралы  заң – Қазақстан  Республикасының 2003 жылдың           
13  мамырындағы  «Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Заңы  (өзгерістер 
мен толықтырулармен бірге).
Жеке  кəсіпкерлік  туралы  заң – Қазақстан  Республикасының 
2006  жылдың 31 қаңтарындағы  «Жеке  кəсіпкерлік  туралы»  Заңы 
(өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы  заң – Қазақстан  Респуб-
ликасының 2001 жылдың 16 қаңтарындағы  «Коммерциялық  емес 
ұйымдар туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
Ипотека жөніндегі заң – Қазақстан Республикасының 1995 жыл-
дың 23 желтоқсанындағы  «Жылжымайтын  мүліктің  ипотекасы  жө-
ніндегі» Заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
Мемлекеттік мүлік заңы – Қазақстан Республикасының 2011 жыл-
дың 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы.


4
1-тақырып. Жалпы ережелер
1.1. Құқық ұғымы. Құқық жүйесі. Азаматтық құқық құқық 
саласы ретінде
1.2. Азаматтық заңнама: ұғымы, құрылымы, қолдану аясы
1.3. Тапсырмалар
1.4. Тестілер
1.5. Нормативтік актілер тізімі
1.1. Құқық ұғымы. Құқық жүйесі. Азаматтық құқық құқық 
саласы ретінде
Құқық негіздерін оқуға кірісерден алдын, əлеуметтік қатынастар-
ды тек құқықтың ғана реттемейтіндігін есте ұстау қажет. Бір қоғамды 
өмір сүретін адамдар өзін-өзі ұстаудың əралуан ережелеріне мысалы, 
əдет-ғұрып, мораль нормалары, діни жəне корпоративтік нормаларға 
бағынады.
Ұзақ  мерзім  бойы  сансыз  көп  қайталануы  нəтижесінде  қалыпқа 
айналып, өзін-өзі ұстаудың тарихи қалыптасқан ережесі əдет-ғұрып 
болып  есептеледі.  Мысалы,  əр  алуан  халықтардағы  үйлену  əдет-
ғұрпы.
Ал, моральдық нормалар адалдық жəне қиянат, əділеттілік жəне 
əділетсіздік, ар-намыс жəне арсыздық жəне т.б. осы сынды өнегелік 
құндылықтар туралы қоғамда қалыптасқан түсінікті сипаттайды. Өз 
жолдастарына  сатқындық  істемеу,  сүйікті  адамыңның  көзіне  шөп 
салмау,  жалған  сөйлемеу  жəне  т.б.  ережелер  қандай  да  бір  арнайы 
түсіндіруді талап ете қоймас.
Бүгінде  рөлі  артып  келе  жатқан  діни  нормаларға  рухани 
ұстанымдар  арқылы  қоғамдық  қатынастарды  реттестіру  міндеті 
жүктелуде. Адам Алланың еркін яғни, басқалай айтқанда, өсиеттерді 
өзін-өзі  ұстаудың  ережесі  ретінде  қабылдайды  жəне  Алланы  осы 
өсиеттердің бекітушісі ретінде мойындайды.
Құқық  адам  қоғамының  дамуының  белгілі  бір  сатысында  мем-
лекетпен бірге пайда болады. «Құқық» ұғымының екі мағынасы бар. 
Біріншісі,  субъективті  мағынасы  субъектінің  (тұлғаның  жəне  тұлға-
лар тобының) бостандығына жəне өзін-өзі ұстаудың шегіне байланыс-
ты  болады.  Мысалы,  білім  алуға  құқығы,  еңбек  ету  бостандығына 
құқық, сайлау жəне (мемлекеттік органдарға) сайлану құқығы.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау