Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет31/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68

98
активтер немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдердi 
айырбастау жөнiнде пəтуаласатын туынды қаржы құралы.
3) Форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келiсiлген 
шарттарда базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген 
мерзiмi  өткеннен  кейiн  мiндеттеменi  өзiне  алатын  туынды  қаржы 
құралы. Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалады.
4) Фьючерс – сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған 
нарықта  белгiленген  стандартты  шарттарға  сəйкес  базалық  активтi 
сатып  алудың  (немесе  сатудың)  белгiленген  мерзiмi  өткеннен  кейiн 
мiндеттеменi өзiне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға 
түсетiн туынды қаржы құралы.
5.2. Бағалы қағаздар
Бағалы  қағаз – мүлiктiк  құқықты  куəландыратын  белгiлi  бiр  
жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. (ҚР АК 129 б.)
Бағалы  қағаздарға  акциялар,  облигациялар  жəне  бағалы  қағаз-
дардың осы Кодекспен жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң 
актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады.
Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:
1) құжатты жəне құжатсыз;
2) эмиссиялық жəне эмиссиялық емес;
3) атаулы, ұсынбалы жəне ордерлiк;
4) борыштық жəне үлестік бағалы қағаздар болып бөлiнедi.
Құжатты бағалы қағаздар – құжатты нысанда (бағалы қағаздың 
мазмұнын  арнаулы  техникалық  құралдарды  пайдаланбай-ақ  тiкелей 
оқу  мүмкiндiгi  болатын  қағаз  немесе  өзге  материалдық  жеткiзушi) 
шығарылған бағалы қағаздар.
Құжатсыз  бағалы  қағаздар – құжатсыз  нысанда  (электрондық 
жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.
Эмиссиялық  бағалы  қағаздар – бiр  шығарылым  шегiнде  осы 
шығарылым  үшiн  бiрдей  жағдай  негiзiнде  орналастырылатын  жəне 
айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы 
қағаздар.
Эмиссиялық  емес  бағалы  қағаздар – көрсетiлген  белгiлерге 
сəйкес келмейтiн бағалы қағаздар.
Атаулы  бағалы  қағаз - ол  куəландырған  құқықтардың  онда 
аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.


99
Ұсынбалы бағалы қағаз – ол куəландырған құқықтардың баға-
лы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ордерлiк  бағалы  қағаз – ол  куəландырған  құқықтардың  онда 
аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар басқа тұлғаға тиесiлiгiн рас-
тайтын бағалы қағаз.
Борыштық  бағалы  қағаз – эмитенттiң  (борышкердiң)  осы  ба-
ғалы  қағаздарды  шығару  шарттарында  борыштың  негiзгi  сомасын 
төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн куəландыратын бағалы қағаздар.
Үлестiк  бағалы  қағаз – Қазақстан  Республикасының  заңна-
масында  көзделген  жағдайларда  мүлiк  иесiнiң  мүлiкке  белгiленген 
үлесiне иелiк ету құқығын куəландыратын бағалы қағаз.
Бағалы қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға құқықты растау бо-
лып  табылады.  Құжатты  бағалы  қағаздар  бағалы  қағаздар  рыногы-
ның кəсiби қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн 
жүргiзу  мақсатында  осы  кəсiби  қатысушы  ашқан  шоттан  алынған 
үзiндi  көшiрме  оған  берiлген  лицензияға  сəйкес  уəкiлеттiнiң  осы 
бағалы  қағазды  осылай  сақтауға  құқығын  растау  болып  табылады. 
Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген үзiндi көшiрменiң 
арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық берiледi.
Бағалы  қағаздар  рыногының  өзiне  берiлген  лицензияға  сəйкес 
бағалы  қағаздармен  жасалған  мəмiлелердi  тiркеуге  уəкiлеттi  кəсiби 
қатысушысындағы  бағалы  қағаздың  есебiн  жүргiзу  мақсатында 
ашылған  шоттан  үзiндi  көшiрме  құжатсыз  бағалы  қағазға  құқықты 
растау болып табылады.
Бағалы  қағаздар  рыногының  кəсiби  қатысушыларының  бағалы 
қағаздардың есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу жəне жүргiзу 
тəртiбi,  сондай-ақ  осындай  шоттардан  берiлетiн  үзiндi  көшiрменiң 
мазмұны  мен  ресiмделуiне  қойылатын  талаптар  заңнамамен  ай-
қындалады.
ҚР  АК 131-бабында  бағалы  қағаздарға  қойылатын  талаптар 
бекітілген.  Бағалы  қағаздармен  куəландырылатын  құқықтардың 
түрлерi, бағалы қағаздардың мiндеттi реквизиттерi, бағалы қағаз ны-
санына талаптар жəне басқа да қажеттi талаптар заң құжаттарымен 
немесе соларда белгiленген тəртiп бойынша белгiленедi.
Бағалы  қағаздың  мiндеттi  реквизиттерi  болмауы  немесе  бағалы 
қағаздың ол үшiн белгiленген нысанға сəйкес келмеуi оның жарамсыз 
болуына əкелiп соқтырады.
Ұсынушыға  бағалы  қағазбен  куəландырылған  құқықты  басқа 
адамға  беру  үшiн  бағалы  қағазды  сол  адамға  тапсыру  жеткiлiктi. 


100
Атаулы бағалы қағазбен куəландырылған құқықтар талапты (цесси-
яны)  жеңiлдету  үшiн  белгiленген  тəртiп  бойынша  берiледi.  Бағалы 
қағаз бойынша құқық берушi бұл талапты орындау үшiн емес, тиiстi 
талаптың жарамсыздығы үшiн жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз 
бойынша қ ұқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жой-
ылады, ал оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi.
Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру жəне солар 
бойынша құқықтарды растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының 
заң актiлерiмен айқындалады.
Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берiлгенін 
жазу – индоссамент арқылы берiледi. Ордерлiк бағалы қағаз бойын-
ша  құқық  берушi  адам  (индоссант),  жылжымайтын  мүлік  ипотека-
сы  туралы  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде  белгіленген 
жағдайларды  қоспағанда,  құқықтың  болуы  үшiн  ғана  емес,  оның 
жүзеге асырылуы үшiн де жауапты болады.
Бағалы  қағазда  жасалған  индоссамент  бағалы  қағазбен  куə-
ландырылған  барлық  құқықтарды  бағалы  қағаз  бойынша  құқықтар 
берiлетiн  адамға - (индоссантқа)  немесе  соның  бұйрығына  ауысты-
рады.  Индоссамент  бланкiлiк  болуы  мүмкiн  (орындауға  тиiс  адам 
көрсетiлмейдi).
Бағалы қағазбен куəландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл 
құқықтарды  индоссантқа  бермей-ақ  (сену  индоссаментi)  индосса-
ментке  тапсырумен  ғана  шектелуi  мүмкiн.  Бұл  жағдайда  индоссант 
өкiл ретiнде əрекет жасайды.
Бағалы  қағазды  берген  адам  жəне  оны  индоссиялаған  барлық 
адамдар,  жылжымайтын  мүлік  ипотекасы  туралы  заң  актілерінде 
белгіленген  жағдайларды  қоспағанда,  оның  заңды  иесiнiң  ал-
дында  бiрге  жауап  бередi.  Бағалы  қағаздың  заңды  иесiнiң  сондай 
қағазбен  куəландырылған  мiндеттемесiн  бағалы  қағаз  бойынша 
мiндеттенгендердiң  арасынан  бiр  немесе  бiрнеше  адамның  орында-
уы  туралы  талабын  қанағаттандырған  ретте  олар  бағалы  қағаз  бо-      
йынша өздерiнен бұрын мiндеттенген өзге адамдарға керi талап қою 
(регресс) құқығына ие болады.
Мiндеттеменiң негiзi болмауын не оның жарамсыздығын сылтау-
ратып бағалы қағазбен куəландырылған мiндеттеменi орындаудан бас 
тартуға жол берiлмейдi.
Бағалы  қағаздың  жалғандығын  немесе  жасандылығын  байқаған 
бағалы  қағаз  иесi  өзiне  қағазды  берген  адамға,  бағалы  қағазбен 
куəландырылған  мiндеттеменi  лайықты  орындау  туралы  жəне  за-
лалдардың орнын толтыру туралы талап қоюға құқылы.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау