Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет28/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68

88
Есеп 4-2
Шетел кəсіпкері Қазақстанда өз бизнесін ашқысы келеді. Ол құры-
латын  заңды  тұлғадан  табыс  алуды,  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге 
асыру мүмкіндігін иеленуді, ал заңды тұлғаның міндеттемелері бой-
ынша өзінің жауапкершілігінің аса шектеулі болуын қалайды. Бағалы 
қағаздарды  шығаруды  жоспарламайды.  Компанияның  активтері  ор-
таша  бір  жылда 40.000.000 тенгеден  жоғары  болмайды.  Жекелей 
өзі  еңбекпен  қатысуды  жоспарламайды.  Ол  атқарушы  директордың 
қызметін қолданғысы келеді. Ұйым тауарларды өткізумен айналыса-
ды жəне саны аса көп бола қоймайды (10 адамнан көп болмайды).
Есептен туындайтын сұрақтар:
Заңды тұлғаның қай түрін құруға кеңес бересіз жəне неліктен?
Есеп 4-3
ЖШС  қаржы  күйінің  нашарлауын  болдырмау  мақсатымен, 
оның  директоры  осы  серіктестіктің  құрылтайшысына 10% сыйақы 
ұтысымен 500 мың  теңге  сомасына  заем  шартына  отыру  жөніндегі 
ұсынысымен келді. ЖШС құрылтайшысы келісе отырып, қарыз со-
масын 1 млн.  сомасына  дейін  көтеру  жөніндегі  ұсынысын  білдірді. 
Қарыздан пайда түсіру банк операцияларының бір түрі жəне міндетті 
түрде  лицензиялауға  жатады  деп  жорамалдаған  заңгермен  кездесе 
отырып,  екі  жақ  шартты  өзгерту  керектігін  шешті.  Сонымен  қатар, 
заңгердің пікірінше, егер шарт жобасынан 10% сыйақы ұтысын алып 
тастаса, онда мұндай шарт қолданыстағы заңнамаға қарсы келмейді 
деген  ойда.  Нəтижесіне  екі  жақ  (ЖШС  жəне  оның  құрылтайшысы) 
пайызсыз заем шартын жасасты. 
Есептен туындайтын сұрақтар:
Сіз  заңгердің  пікірімен  келісесіз  бе?  Егер  қарыз  беруші  үшінші 
тұлға болса, заңгердің ұстанымы өзгере ме?
Есеп 4-4
Смирнов, «Аркада»  ЖШС-нің  жарғылық  капиталына  екі  гараж 
беруімен, оның құрылтайшылары құрамына енді. Бір айдан соң Смир-
нов, қарыз шарты бойынша Тажинге қарыздар болды. Қарыз шарты 
бойынша  өзінің  міндеттемесін  орындай  отырып,  Смирнов  өзінің 
мүлкін Тажинге табыс етті. Бірақ қарыз міндеттемесін толық атқару 
үшін, табыс етілген мүлік жеткіліксіз болды. Тажин Смирновқа «Ар-


89
када»  ЖШС  үлесі  туралы  ескертті,  оның  құны  заем  шарты  бойын-  
ша берешектің қалдығына (қалған бөлігіне) пара-пар келеді. Смирнов 
гараждардың меншік иесінің өзі емес екендігін түсіндірді, сондай-ақ 
халыққа қызмет көрсету орталығынан кадастрлық анықтама ұсынды.  
Тажин оның алдындағы берешегін өтеу үшін, «Аркада» ЖШС-не 
Смирновтың үлесін сұрау талабымен жүгінді.
«Аркада»  ЖШС-нің  директоры,  Смирновтың  «Аркада»  ЖШС-
не  қандай  да  болмасын  талап  ұсынуға  құқығы  жоқ  екеніне  сілтей 
отырып,  қарсылығын  білдірді.  Өйткені  ЖШС  пен  Смирнов  ара-
сында  ешқандай  шарттық  жəне  басқа  да  міндеттемелер  жоқ. 
Сондай-ақ,  заңнамаға  сəйкес,  заңды  тұлғалардың  құрылтайшылары 
оның  міндеттемелеріне  жауапты  емес,  ал  заңды  тұлғалар  құрыл-
тайшылардың міндеттемелеріне жауапты емес.
Есептен туындайтын сұрақтар:
ЖШС-нің  жарғылық  капиталына  табыс  етілген  мүлік  қатынасы 
жөнінде құрылтайшыға қандай құқық бекітіледі?
ЖШС өзіне берілген мүлікке қатысты қандай құқығы бар?
«Аркада» ЖШС директорының ұстанымы дұрыс па?
Дауды қалай шешкен жөн?
Заемшы,  қарызға  алынған  ақшалай  қаражатты  мүлік  ретінде 
қайтаруға құқығы бар ма?
4.4. Тест
1. Толық серiктестiк тоқтатылғаннан кейiн қатысушылар ол 
тоқтатылған кезге дейiн пайда болған серiктестiк мiндеттемелерi 
бойынша жауапты болады:
а) серiктестiк тоқтатылған күннен бастап 1 жыл бойы
b) серiктестiк тоқтатылған күннен бастап 6 жыл бойы
с) серiктестiк тоқтатылған күннен бастап 3 жыл бойы
d) серiктестiк тоқтатылған күннен бастап 2 жыл бойы
2.  Акционерлік  қоғамның  құрылтайшыларының  (акционер-
лерінің) ең аз саны:
а) бір 
b) екі
с) 500
d) 100


90
3. Мемлекеттік мекемелер болып табылады:
а) министрліктер
b) екінші деңгейдегі банктер   
с) сақтандыру компаниялары
d) тұрғын жай иелерінің кооперативтері
4. Шаруашылық серіктестігінің жоғарғы органы болып табы-
лады:
а) басқарма
b) дирекция
с) қатысушылардың жалпы жиналысы
d) атқарушы орган
5. Коммерциялық ұйымдар қатарына жатпайды:
а) ЖШС
b) өндірістік кооператив
с) мемлекеттік кəсіпорын
d) тұтыну кооперативі
6. Тек коммерциялық емес ұйымдардың тізімін қамтыған нұс-
қаны көрсетіңіз:
а) қоғамдық бірлестік, ЖШС, діни бірлестік
b) қоғамдық қор, толық серіктестік
с) мекеме, қоғамдық қор, діни бірлестік
d) тұтыну кооперативі, өндірістік кооператив, қоғамдық қор
7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорын 
өзінің міндеттемелері бойынша:
а) құрылтайшымен үлестік қатынаста жауап береді
b) құрылтайшымен ортақтасып жауап береді
с) өзінің бар мүлкімен дербес жауап береді
d) тек өз билігіндегі ақшамен жауап береді
8. Қазыналық кəсіпорын өз міндеттемелері бойынша:
а) өзінің барлық мүлкімен жауап береді
b) өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді
с) жауап бермейді, жауапкершілік мемлекетке жүктелген
d) жауап бермейді, жауапкершілік құзыретті органға жүктелген


91
9. Коммерциялық емес ұйым болып табылады:
а) өндірістік кооператив
b) заңды тұлғалардың ассоциациясы
с) толық серіктестік
d) қазыналық кəсіпорын
10.  Мүлкi  жеткiлiксiз  болған  жағдайда  қатысушылары 
серiктестiктiң  мiндеттемелерi  бойынша  өзiне  тиесiлi  барлық 
мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк:
а) коммандиттік
b) толық
с) жауапкершілігі шектеулі серіктестік
d) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
11. АҚ дивиденттер төлеу туралы хабарлауға құқығы барма? 
a) кварталда 1 рет
b) жартыжылда 1 рет
c) жыл қортындылары негізінде ғана
d) а) жəне b) жəне с).
12. АҚ деп танылады:
a) Шаруашылық серіктестік
b) Қаражат тарту мақсатында акция шығаратын заңды тұлға
c) мемлекеттік мекеме
d) кез келген коммерциялық ұйым
13. АҚ бола алады:
a) тек коммерциялық ұйым
b) тек коммерциялық емес ұйым
c) коммерциялық жəне коммерциялық емес ұйым
d) бұл сұрақ заңмен шешілмеген
14. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталы - ол:
а) шаруашылық серіктестіктің акциялары
b) құрылтайшылардың үлестік меншігі
с) құрылтайшылардың шаруашылық серіктестікке жарна ретінде 
берілген ақша жəне өзге де мүлік
d) құрылтайшылардың біреуінің үлесі


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау