95
Бөлiнетiн мүлiк дегенiмiз – бөлу нəтижесiнде бөлiктерi өз мақ-
сатын (мiндетiн) жоғалтпайтын мүлiк.
Бөлiнбейтiн мүлiк дегенiмiз – өзiнiң шаруашылық мақсатын
(мiндетiн) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұй-
ғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлiк.
Құқық объектiлерi ретiнде бөлiнбейтiн заттардың ерекшелiктерi
заңдарда белгiленедi.
Егер əртектi заттар оны бiрiгу мəнi белгiлейтiн мақсаты бойынша
пайдалануға мүмкiндiк беретiн бүтiн бiр затты құрайтын болса, олар
бiр зат (күрделi зат) деп қаралады. Күрделi зат жөнiнде жасалған
мəмiленiң күшi, егер шартта өзгеше белгiленбесе оның барлық
құрамдас бөлiктерiне қолданылады.
Керек-жарақ, яғни басты затқа қызмет етуге арналған жəне ортақ
шаруашылық мақ сатқа қолданылуы сонымен байланысты болатын
зат, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгiленбесе, басты затқа
iлесiп жүредi.
Мүлiктердi пайдалану нəтижесiнде алынған түсiм (жемiстер,
өнiмдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлiктi пайдалану ту-
ралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлiктi заңды негiзде пайдала-
нушы адамға тиесiлi болады.
Заңдарда өзгеше белгiленбегендiктен, жануарларға заттар тура-
лы жалпы ережелер қолданылады.
ҚР АК 125 бабында интеллектуалдық меншік ұғымы берілген.
Азаматтық Кодексте жəне өзге де заң актiлерiнде белгiленген
реттер мен тəртiп бойынша азаматтың немесе заңды тұ лғаның
шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нəтижелерiне жəне
оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына,
жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе
қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету
белгiсi жəне т.б.) ерекше құқығы танылады.
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нəтижелерi мен
ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы
мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар құқық
иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.
Қызметтiк жəне коммерциялық құпия
Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты
немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды
негiзде еркiн танысуға болмайтын жəне ақпаратты иеленушi оның
құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе
96
коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен
қорғалады.
Мұндай ақпаратты заңсыз əдiстермен алған адамдар, сондай-ақ
еңбек шартына қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық
шартқа қарамастан контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық
құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының ақша бөлiнiсi теңге болып табыла-
ды. Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бой-
ынша қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер қолма-қол тө-
леп жəне қолма-қол төлемей есеп айырысу түрiнде жүзеге асы-
рылады. Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен
есеп айырысудың реттерi, тəртiбi мен шарттары Қазақстан Рес-
публикасының заңдарында белгiленедi.
Валюталық қазыналар деп танылатын мүлiк түрлерi жəне олар
арқылы мəмiлелер жасау тəртiбi заң құжаттарында белгiленедi.
Валюталық қазыналарға меншiк құқығы Қазақстан Республикасын-
да жалпы негiздерде қорғалады.
Қаржы құралы – операциялар нəтижесiнде бiр ұйымның
қаржылық активiмен бiр мезгiлде басқа ұйымда қаржылық мiндеттеме
немесе үлестiк құрал туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды
қоса алғанда, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары мен басқа да
қаржы құралдары.
Қаржылық актив – ақшасын, басқа ұйымның үлестiк құралын
бiлдiретiн кез келген актив, басқа ұйымнан ақшасын немесе өзге де
қаржылық активтi алуға немесе өзi үшiн ықтимал тиiмдi жағдайларда
басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық мiн-
деттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе есеп айырысу ұйым-
ның меншiктi үлестiк құралдарымен жүзеге асырылатын немесе
жүзеге асырылуы мүмкiн жəне бұл ретте, ұйымның меншiктi үлестiк
құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы мiндеттi бо-
латын туынды құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық
активтiң белгiленген сомасын алмастыру жолынан гөрi есеп айыры-
су ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының белгiленген санына кез
келген өзге тəсiлмен жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды
құрал болып табылатын шарт.
Қаржылық мiндеттеме – ақшасын немесе өзге де қаржылық
активтi басқа ұйымға беру немесе өзi үшiн ықтимал тиiмсiз жағ-
дайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық
97
мiндеттемелерiмен алмасудың шартты мiндеттемелерiн бiлдiретiн кез
келген мiндеттеме немесе есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк
құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн
жəне бұл ретте, ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының ауыспалы
санын беретiн жəне беруге мiндеттi болатын туынды емес құрал неме-
се ақшасының немесе өзге де қаржылық активтiң тiркелген сомасын
алмастыру жолынан гөрi есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк
құралдарының тiркелген санына кез келген өзге тəсiлмен жүргiзiлетiн
немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды құрал болып табылатын шарт.
Үлестiк құрал – ұйымның барлық мiндеттемелерi шегерiлгеннен
кейiн қалатын оның активтерiндегi қалдық үлесiне құқығын растай-
тын кез келген шарт.
Туынды қаржы құралдары – болашақта осы шарт бойынша есеп
айырысуды жүргiзудi көздейтiн, құны шарттың базалық активiнiң
мөлшерiне (мөлшердiң ауытқуын қоса алғанда) тəуелдi шарт. Туын-
ды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своп-
тар жəне осы белгiлерге сай келетiн басқа да туынды, оның iшiнде
жоғарыда аталған туынды қаржы құралдарының комбинациясы бо-
лып табылатын қаржы құралдары жатады.
Тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы
қағаздар, валюта, индекстер, пайыздық ставкалар жəне нарықтық
құны бар басқа да активтер, болашақтағы оқиғалар немесе жағдайлар,
туынды қаржы құралдары туынды қаржы құралдарының базалық
активтерi болып табылады.
Туынды қаржы құралдардың түрлері:
1) Опцион – оған сəйкес бiр тарап (опцион сатушысы) екiншi
тарапқа (опционды сатып алушы) болашақта келiсiлген жағдайларда
пəтуаласқан баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату
құқығын сататын туынды қаржы құралы. Опционды сатушы өзiне
мiндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа ие болады. Опционды
сатушы опционды сатып алушыға сыйлықақы деп аталатын сыйақыға
опционды сатады. Опционның келiсiлген жағдайлары деп мынадай
мiндеттi шарттарды келiсу түсiнiледi: базалық активтiң түрi, базалық
активтiң жалпы құны (опцион жасалатын сома), базалық активтiң
бағасы (страйк – опционды орындау бағасы), опционның сыйлығы,
опционның мерзiмi (опционның қолданылу кезеңi), опционның түрi.
Егер опционды сатып алушы өзi сатып алған құқықты iске асырса,
онда опцион орындалды деп есептеледi.
2) Своп – оған сəйкес тараптар келiсiлген шарттармен базалық
Достарыңызбен бөлісу: |