79
Меншік иесі берген мүліктің тиімді қолданылуы мен сақталуына
қадағалауды меншік иесі жүзеге асырады.
Қазыналық кəсiпорын ҚР Үкiметiнiң, Ұлттық банкінің не-
месе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.
Құрылтайшы бекiткен қазыналық кəсiпорынның жарғысы оның
құрылтай құжаты болып табылады.
Қазыналық кəсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша билiк
етуiндегi ақшамен жауап бередi. Қазыналық кəсiпорынның қалған
мүлкiнен өндiрiп алуға осы кəсiпорын таратылғаннан басқа жағ-
дайларда жол берiлмейдi.
Қазыналық кəсіпорынның шарттық міндеттемелері бойынша
Қазақстан Республикасы немесе əкімшілік-аумақтық бөлініс тек
мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде ғана субсидиарлық
жауапкершілікті көтереді.
4.2. Коммерциялық емес ұйымдар
Соңғы кездері коммерциялық емес ұйымдардың əралуан түрлері
көптеп құрыла бастады. Олардың құқықтық жағдайын айқындау
барысында заңды тұлғаны коммерциялық емес ұйым қатарына
жатқызудың екі негізіне мəн беру керек:
- пайда табу олардың басты мақсаты емес,
- тапқан табысты олар қатысушылар арасында бөлуге құқығы
жоқ.
Жарғылық мақсаттарына сəйкес келгендіктен ғана коммерциялық
емес ұйымдар коммерциялық қызметпен айналыса алады.
Коммерциялық емес ұйымдардың түрлері:
мемлекеттік
мемлекетік емес
Мелекеттік мекеме
Мекеме
Қоғамдық бірлестік
Акционернерлік қоғам
Тұтыну кооперативі
Қор
Діни бірлестік
Заңды тұлғалардың қауымдастығы
(одақ)
80
Коммерциялық емес ұйымдарды реттейтін негізгі нормативтік
акті – ҚР АК, коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Рес-
публикасының Заңы.
Коммерциялық емес ұйымдар əлеуметтiк, мəдени, ғылыми,
бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу;
азаматтардың жəне ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн
қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани жəне
өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын
сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты да-
мыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi жəне
өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге
бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымның атауы оның атын жəне ұйымдық-
құқықтық нысанының көрсетпесiн қамтиды. Ол заңдарда көзделген
қосымша ақпаратты қамтуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымның тұрақты қызмет iстейтiн органы
орналасқан жер оның орналасқан жерi деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымды (қоғамдық жəне дiни бiрлестiктер-
дi қоспағанда) оны қалыптастыру арқылы құру құрылтайшылардың
(құрылтайшының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамдық жəне дiни бiрлестiктер құрылтай жиналысын
(съезд, конференция) шақырушы кемiнде он адамнан тұратын
Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бо-
йынша құрылады, онда жарғы қабылданады жəне оның органдары
қалыптастырылады.
Заңды тұлға ретiнде коммерциялық емес ұйымның құқық қабi-
леттiлiгi ол мемлекеттiк тiркелуден өткен кезден бастап туындайды.
Коммерциялық емес ұйымның айналысуға лицензия алу қажет
болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай лицензия-
ны алған кезден бастап туындайды.
Коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны-
на қарай, егер осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заң
актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар
оның құрылтайшылары бола алады.
Коммерциялық
емес
ұйымды,
тұтыну
кооперативiн,
қауымдастықтарды (одақтарды) құру жағдайларын жəне ком-
мерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы заң актi-
лерiнде көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға құруы
мүмкiн.
81
Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттары:
1) мекеме үшiн – меншiк иесi (меншiк иелерi) бекiткен ереже
(жарғы) жəне меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) құру туралы шешiмi;
2) қор, тұтыну кооперативi, коммерциялық емес акционерлiк
қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық
нысандардағы заңды тұлғалар бiрлестiктерi үшiн – құрылтайшылар
бекiткен жарғы жəне құрылтай шарты;
3) қоғамдық бiрлестiк, дiни бiрлестiк үшiн – жарғы болып табы-
лады.
Коммерциялық емес ұйымның жарғысы:
1) коммерциялық емес ұйымның атауын, соның iшiнде ұйымдық-
құқықтық нысанын, қызметiнiң мəнi мен мақсатын;
2) коммерциялық емес ұйымның орналасқан жерiн;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының
құрылымын, қалыптастыру тəртiбiн жəне құзыретiн;
4) коммерциялық емес ұйым мүшелерінің (қатысушыларының)
құқықтары мен мiндеттерiн;
5) коммерциялық емес ұйымның мүшелiгiне (егер коммерциялық
емес ұйымның мүшелiгi болған жағдайда) қабылдау жəне одан шығу
шарты мен тəртiбiн;
6) коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерiн;
7) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу тəртiбiн;
8) коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру жəне оның
қызметiн тоқтату шартын;
9) коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда оның мүлкiн
пайдалану тəртiбiн;
10) филиалдар мен өкiлдiктер туралы мəлiметтердi көздеуге тиiс.
Құрылтай шарты – коммерциялық емес ұйым құру туралы құ-
рылтайшылардың келiсiмi, мұнда оны құру жөнiндегi бiрлескен
қызмет тəртiбi, оның меншiгiне (жедел басқару) өз мүлкiн беру
жəне оның қызметiне қатысу шарттары айқындалады. Мұнда,
егер коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы
заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, коммерциялық емес ұйымның
қызметiн басқару, құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарты
мен тəртiбi де белгiленедi.
Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi мыналар:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен
түсiмдер;
Достарыңызбен бөлісу: |