101
Заңсыз иеленушiнiң қолындағы бағалы қағаз бойынша құқық-
тар жүзеге асырылмауға тиiс.
Жоғалған бағалы қағаз бойынша жəне ордерлiк бағалы қағаз бо-
йынша ұсынушы құқығын қалпына келтiрудi iс жүргiзу заңдарында
көзделген тəртiппен сот жүргiзедi.
Бағалы қағаздардың жекелеген түрлері
Облигация – шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала бел-
гiленген, оны шығару шарттарына сəйкес облигацияны шығарған
тұлғадан ол бойынша сыйақы алу жəне оның айналыс мерзiмiнiң
аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк
балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куəландыратын бағалы
қағаз.
Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде
шығарылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы-
ның Ұлттық Банкi, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға
құқылы.
Акция – акционерлiк қоғам шығаратын жəне акционерлiк қоғам-
ды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд жəне акционерлiк қоғам
таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқықтарды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген
өзге де құқықтарды куəландыратын бағалы қағаз.
Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шы-
ғарылады.
Акционерлiк қоғамның ұйымдық – құқықтық нысанында құрыл-
ған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивиденд-
тер төлеудi жүзеге асырмайды.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзiнiң əрекетiмен
немесе əрекетсiздiгiмен акционерлiк қоғамның мүддесiн бұзған ак-
ционерден акцияларды сот шешiмi бойынша сатып алу мүмкiндiгi
көзделуі мүмкiн.
Банктерде жəне банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарында Қазақстан Республикасының заң
актiлерiмен белгiленген тəртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың
тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мəжбүрлеп са-
тып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi көзделуi мүмкiн.
102
5.3. Тапсырмалар
Есеп 5-1
Соловьев банктің 5 заем облигациясын сатып алып, оларды өзімен
ұстап жүрген папкаға салып қойады. Үйге келген соң папканы авто-
буста ұмытып кеткені есіне түседі.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. Аталған құқық қатынастың объектісі не болып табылады?
2. Жоғалаған бағалы қағаздарға құқықтарды қалпына келтіруге
болады ма ?
Есеп 5-2
Оспанов «Сұңқар» АҚ-ның артықшылықты акцияларын са-
тып алды. Бір айдан кейін Оспанов акцияларын Ермековке сата-
ды. Жыл соңының қорытындысы бойынша «Сұңқар» АҚ барлық
артықшылықты акцияларына нақты дивидендтерді төлейді.
«Сұңқар» АҚ Оспановқа қатысты сауалнама жіберіп, тəуелсіз
тіркеушіден артықшылығы бар акциялар жөнінде тізілім көшірмесін
алды. «Сұңқар» АҚ ақшалай аудару жолымен өз акционерлерінің шо-
тына дивидендтер төлемін жасады.
Ермеков, өз акцияларына тиесілі сыйақысын алмағандықтан,
«Сұңқар» АҚ өз наразылығын білдірді. Акционерлік қоғам өздерінің
тізілімде көрсетілген мəліметтермен жұмыс істегеніне сілтеме жаса-
ды.
Ермеков, тəуелсіз тіркеушіге жолықты жəне олардың тізілімнен
шыққан ақпараттың шынайылығына жауапты емес екендігі жөніндегі
жауапты алды.
Есептен туындайтын сұрақтар:
Бағалы қағаздың құжатсыз түрі нені білдіреді?
Акциялар бағалы қағаз ретінде қандай нысанда шығарылады?
Құжаттық бағалы қағаздар мен тəуелсіз тіркеуші тізілімінің
көшірмесі арасындағы алшақтық болған жағдайда қай тараптың
ақпаратының артықшылығы бар?
Атаулы бағалы қағаздар қалай иеліктен шығарылады?
«Сұңқар»АҚ жəне тəуелсіз тіркеушінің ұстанымы заңды ма?
Ермековтың артықшылықты акцияларға дивидендтерді алма-
ғанына жауаптылық кімге жүктеледі?
Акция кепілінің болуы мүмкін бе? Егер солай болса, акция
103
кепілінің барлық мерзіміне дивидендтерді есептеу жəне дауыс беру
құқығы сақтала ма?
Есеп 5-3
Зейнеткер Назаров бүкіл ғұмыр бойы үй ғимаратының меншік
иесі болып келген еді. Назаровтың қайтыс болуынан кейін өсиетке
сəйкес, үй ғимараты өмірінің соңғы жылдары күтіп-баққан азаматша
Ысқақоваға көшті. Нотариустан мұра құқығы күəлігін алып, азамат-
ша Ысқақова үй ғимаратын азамат Федоровқа сату туралы шешім
қабылдады.
Сатып алу-сату шартын рəсімдеу барысында азаматша Ысқа-
қованың үй ғимараты орналасқан жер бөлігіне қатысты жекеменшік
құқықты растайтын актісінің жоқтығы анықталды. Осыған байла-
нысты нотариус шартты рəсімдеуден бас тартты. Сонда азаматша
Ысқақова жер бөлігіне жекеменшік құқығы актісі болмаған жағдайда,
алдыңғы нотариустың мұраға құқығы куəлігін неліктен бергенін жəне
де неге қазіргі уақытта осы үй ғимараты иесін актсыз ауыстыруға
болмайтындығын нотариустан сұрады.
Сонымен бірге, бірінші кезектегі заңды мұрагерлері өсиетті жəне
азаматша Ысқақоваға берілген мұра құқығы куəлігін даулап сотқа
жүгінді.
Есептен туындайтын сұрақтар:
Азаматтық құқықтық қарым-қатынастың басқа да объектісі
ретінде жерге жекеменшік құқығы болмаған жағдайда үй құрылысына
сатып алу-сату келісімшартын рəсімдеуден нотариустың бас тартуы
заңды ма?
Азаматтық құқықтық қарым-қатынастың объектісі ретіндегі жыл-
жымайтын мүлікке жекеменшік құқығы қай уақыттан бастап пайда
болады?
Жылжымалы мүлік жылжымайтын мүліктен қандай белгілермен
ерекшеленеді? «Өзен-теңіз» жүзу кемесі жəне ғарыштық объектілер
қандай дəрежеге жатады? Азаматтық құқықтық қатынастардың
объектілері ретінде нені түсінуге болады? Олардың бір-бірінен қандай
айырмашылығы бар?
Нотариустың азаматша Ысқақоваға қандай түсініктеме беруі ке-
рек?
Азаматтық құқықтық қатынастың қай объектісі заң бойынша
мұрагерлердің даулау пəні болуда?
Достарыңызбен бөлісу: |