Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет2/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

5
Екіншісі,  объективтік  мағынадағы  құқық.  Ол  дегеніміз - мем-
лекет  шығарған  немесе  бекіткен,  мемлекеттік  аппараттың  күшімен 
қамтамасыз  етіліп  отыратын  жалпыға  бірдей  қоғамдық  қатынастар-
ды  реттейтін  нормалардың  жиынтығы.  Бұл  анықтамадан  құқықтың 
келесідей  белгілерін  шығаруға  болады:  нормативтілігі,  жалпыға 
міндеттілігі,  мемлекеттің  кепілдік  беруі,  формалды  айқындылығы, 
жүйелілігі.
Құқық  жүйесі – оның  бөлімдерінің  ұйымдастырылуы  мен  ор-
наласуының белгілі тəртібі. Құқық жүйесінің құрамдас бөлігі болып 
құқық салалары, құқық институттары жəне құқық нормалары таны-
лады. 
Құқық  саласы – қоғамдық  қатынастардың  белгілі  бір  түрлерін 
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқық  институттары – бұл  жүйеге  бір-бірімен  байланысты 
нормалардың жəне қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай рет-
теп, басқару.
Құқық  нормалары – ол  қоғам  мүшелерінің  мінез  құлқын,  іс-
əрекетін  реттейтін  мемлекетпен  қамтамасыз  етілетін  нормативтік 
құқықтық  актілерде  бекітілген  ережелердің  арнайы  бір  түрі.  Құқық 
жария  жəне  жеке  құқық  деп  бөлінеді.  Жария  құқығы – мемлекет 
пен  өзге  де  тұлғалардың  арасындағы  қатынастарды  реттейтін  жəне 
бұқаралық, қоғамдық мүддені көбірек білдіретін құқық саласы болып 
табылады.  Жеке  құқық – азаматтық  құқықтың  қатысушыларының 
арасындағы  қатынастарды  реттейтін  құқық  саласы  болып  табыла-
ды.  Жария  құқық  мынадай  салаларды  құрайды:  қылмыстық  құқық, 
əкімшілік  құқық,  салық  құқығы.  Оған  императивті  (міндеттемелі) 
нормалар тəн болады.
Жеке  құқық  (азаматтық  құқық)  мүліктік  қатынастар  мен  жеке 
мүліктік  емес  қатынастарды  негізінен  өзара  қатынастарының  сипа-
тын дербес айқындауға тараптарға мүмкіндік беретін диспозитивтілік 
(уəкілдік беруші нормалар) бастамаларда реттейді.
Азаматтық  құқық – ол  тауар,  ақша  қатынастары  жəне  қа-
тысушылардың  теңдігіне  негізделген  өзге  де  мүліктік  қатынастар, 
сондай-ақ  мүліктік  қатынастарға  байланысты  мүліктік  емес  жеке 
қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе 
құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. 
Құқық  салаларын  шектеу  белгілері  ретінде  əдетте  құқықтық  рет-
теу  пəні  мен  əдісін  қолданады.  Пəн  мен  əдіс  азаматтық  құқықты 


6
қазақстандық  құқықтың  жүйесінен  бөліп  алып,  оқырмандардың 
азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына əкелетін ерек-
шеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Кез келген сала сияқты азаматтық құқық та қоғамдық қатынастар-
ды реттейтін жəне қалыптастыратын құқықтық нормалардан тұрады.
Бірақ  та  азаматтар  қатысатын  қатынастардың  барлығы  да  аза-
маттық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, аза-
маттар  мүлде  қатыспайтын  қоғамдық  қатынастарға  да  əсер  ете  ала-
ды.  Азаматтық  құқық  нормалары  өндірілген  өнімді  сатып  алу,  оны 
теміржол,  теңіз,  өзен  немесе  əуе  жолдары  арқылы  тасымалдау,  осы 
жүкті  сақтандыру,  тасымалданған  жүк  үшін  төлемдер  алу  жəне  т.б. 
қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең 
жəне əртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны 
істеудің  қажеті  де  жоқ,  өйткені  азаматтық-құқықтық  ғылымының 
пəніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын 
нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын 
саланың бір пəнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін 
жалпы қасиеттерін анықтау жатады.
Азаматтық  құқықтың  пəні  болып  мүліктік  жəне  мүліктік  емес 
қатынастар табылады. Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен 
айналысатыны  бірден  көзге  түседі.  Мүліктік  қатынастар  деп  əдетте 
түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер 
жəне басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды ай-
тады.
Бірақ  азаматтық  құқық  біздің  қоғамда  пайда  болатын  барлық 
мүліктік  қатынастарды  реттемейді,  ол  тек  қана  мүліктік-бағалы 
қатынастар деп аталатын нақты бөлігін ғана реттейді.
Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастар-
дың  негізгі  көлемін  тауарлық-ақшалы  қатынастары  құрады.  Біздің 
қоғамда бар тауарлық-ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға 
адекватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады.
Азаматтық заңдылыққа сəйкес азаматтық құқық пəнінің екінші бір 
құрамдас бөлігін жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне 
тəн белгілеріне сəйкес жеке мүліктік емес қатынастар, ең аз дегенде 
екі қасиетке сүйене отырып, келесі түрлерде сипатталады. Біріншісі, 
көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде көрініс 
табады,  мысалы,  ар,  намыс,  іскерлік  бедел,  азамат  аты,  авторлық 
шығарма, өндірістік үлгі, т.б. жайында туындайды. Екіншіден, жеке 


7
мүліктік  емес  мүлікпен  байланысты  қатынастар  (мəселен,  бұған 
белгілі бір құқықтар жатқызылады). Бұл қатынастарда азаматтардың 
немесе  ұйымдардың  даралығы  көрініп,  олардың  əлеуметтік  қасиет-
терін бағалау жүргізіледі.
Пəннің  осы  екі  құрамдас  бөліктерінің  сыртқы  қарама-қай-
шылығына  қарамастан,  мүліктік-құнды  жəне  жеке  мүліктік  емес 
қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жал-
пы қасиетін анықтау керек.
Мүліктік-құнды  қатынастарға  қатысушылар  осы  қатынастарды 
құрған  материалдық  қажеттіліктер  болып  табылатын  еңбектің  саны 
мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес 
қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, 
тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады деп есептейді. 
Азаматтық-құқықтық  реттеу  əдістері.  Азаматтық  құқық 
пəнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар 
туралы мəселелермен байланысты болса, əдіс түсінігі осы қоғамдық 
қатынастардың  азаматтық  құқық  нормаларымен  қалай  реттелетіні 
туралы мəселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пəні 
мен əдісі арасында қатты байланыс бар. Əдіс құқықтық реттеу пəнінің 
ерекшеліктерімен қайта анықталады. 
Азаматтық  құқық  пəнін  құрайтын  қоғамдық  қатынастар  өзара 
бағалау сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара 
бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса 
алады. Сондықтан мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастар 
тараптардың  теңдік  негізінде  реттелсе  ғана  толық  дами  алады. 
Қорытындылай  келсек,  азаматтық  құқықтарда  тараптардың  заңдық 
теңдігі  əдісі  қолданылады.  Азаматтық  құқықта  бұны  диспозитивтік 
қағида деп қарастырады.
Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз – екі қатынасқа 
түсуші  тараптың  ешқайсы  да  азаматтық  құқықтық  қатынастарда 
өзінің  осы  құқықтық  қатынастарда  алатын  орнын  жоғары  қоя 
алмаушылығымен  айрықшаланады.  Тараптардың  заңдық  теңдік 
əдісін  қолдану  азаматтық  құқықтық  қатынастарға  қатысушыларға 
тəуелсіздік  қамтамасыз  етеді,  заңмен  рұқсат  етілген  кез  келген 
əрекеттер  орындауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  нарықтық  экономика 
шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.
Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдық теңдігі бас-
тауларында  мүліктік-құнды  жəне  жеке  мүліктік  емес  қатынастарды 
реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз.
Азаматтық  құқық  қағидалары  түсінігі.  Азаматтық  құқық 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау