Презентация PowerPoint - Дүние жүзінің саяси картасы
- Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:
- Оқушылардың біліктілігін дамыту. Мемлекеттің басқаруының негізгі екі
- түрі бар: республикалық және монархиялық басқару; Республикалық және
- монархиялық басқарудың әкімшілік территориялық құрылысында қандай
- айырмашылықтар бар екендігін түсіндіру.
- Дамытушылық:
- Оқушылардың дүние танымын дамыту.Өздігінен жұмыс істеуге
- дағдыландыру. қазіргі дүние жүзі елдерінің топтастырылуы мен типологиясы; мемлекет аумағы және мемлекеттік құрылымы; елдердің басқару формалары мен әкімшілік-аумақтық құрылымы; халықаралық ұйымдар жайлы мәліметтер айтылады.
- Тәрбиелік:
- Оқушыларды білімге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Картадағы сандық өзгерістер аумақта соғыстың салдарынан болған жер бөліністеріне, кей жағдайда мемлекеттің ерікті түрде аумағын беруіне байланысты болып келуін түсіндіру.
- «Мемлекеттердің құрылысы»
- Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
- «Заман тынысы» дүниедегі саяси жаңалықтармен таныстыр
- Тірек-схема технологиясы
- Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
- 1.Ізденіс әдісі.
- 2.Картамен жұмыс.
- 3.Тірек-сызба арқылы жұмыс жасау.
- 4.Интерактивті әдістер.
- 5.Аралас және ауызша сұрау
- 6.Оқулықпен жұмыс
- 7.Бақылау және бағалау
- Пәнішілік байланыс:
- Материктер мен мұхиттар географиясы - Дүние жүзінің саяси картасы
- Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы – Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы және мазмұны.
- Пәндер аралық байланыс (қамтитын және қамтылатын пәндер):
- Қамтитын:
- Экономикалық және әлеуметтік география- Ресейдің ұлттық- мемлекеттік құрылысы
- және әкімшілік- территориялық бөлінуі.
- Саяси география - Қазіргі дүние жүзі саяси картасының негізгі белгілері
- Қамтылатын:
- Саясаттану - Саяси билік және мемлекеттік билік
- Қоғамтану – Саясат және мемлекет
- Сабақтың жабдықталуы
- Көрнекті құралдар:
- Қазіргі дүние жүзінің саяси картасы. сызбанұсқа: Саяси картаның өзгеруіне
- әсер ететін факторлар
- Дүние жүзінің саяси картасы
- 1-8 кестелер
- 1- схема « Дүние жүзінде мемлекеттің басқару түрлері »
- 2 – схема «Әкімшілік-территориялық құрылыс түрлері »
- Үлестірме материалдар:
- 1,2 нұсқадағы тесттер, тарқатпа материалдар
- Техникалық оқу құралдары:
- Интерактивті тақта, электронды оқулық География 10 сынып.
- Проектор, компъютер, экран, слайдтар, дискілер «Дүние жүзінің саяси картасы»
- Оқу-әдістемелік құралдар:
- Негізгі:
- 1. В.П.Максаковский, Ш.М.Надыров. Экономикалық және әлеуметтік әлем географиясы.
- Алматы: «Просвещение-Казахстана» 2004г.
- 2. Е. Ахметов, Т. Увалиев, Қ. Ахметов. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы.
- Қоғамдық – гуманитарлық бағыт, Алматы «Мектеп» 2006 ж. 5-11 беттер
- Қосымша:
- 1. География 10, жаратылыстану-математикалық бағыты, Алматы «Мектеп» 2010 жыл. 75-78 б.
- 2. Полулях Л.Н. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы 2 бөлім.
- Тәуелсіз мемлекеттер достсатығының елдері 10 сынып / Қазақ тіліне аударған М. Б. Жакиянова –
- Алматы: « 8 & 8», 2010 жыл.
- 3. Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 1 – 7 тақырып 3- 24 бет.
- Сабақтың жоспары мен хронокартасы
| | | | | | | - Оқытушының кіріспе сөзі (Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау)
| | | - Негізгі білімдерді қайталау және қорытындылау
| | | - Оқушылардың білімін бағалау
| | | | | | - Сабақты пысықтау және қорытындылау
| | | | | - I. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут):
- 1. Сәлемдесу, студенттердің және аудиторияның сабаққа дайындығын
- 2. қадағалау, түгелдеу, көңіл-күйі, денсаулығымен қызығу,
- 3. «Заман тынысы» апталық саяси жаңалықтармен таныстыру.
- II. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 мин):
- Оқыту модулі А 1.2.
- 1. Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы.
- 2. Әкімшілік территориялық құрылыстың негізгі түрлері
- Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы. Басқарудың негізгі екі түрі: монархиялық,
- республикалық туралы түсінік қалыптастыру.
- Монархия дегеніміз - мемлекет басшысы император, король, герцог, князь, сұлтан
- және т.с.с. болып келетін басқару түрі.
- Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы. Басқарудың негізгі екі түрі: монархиялық,
- республикалық туралы түсінік қалыптастыру. Монархия дегеніміз - мемлекет басшысы император,
- король, герцог, князь, сұлтан және т.с.с. болып келетін басқару түрі.
- Монархия абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.
- Абсолюттік монархия - монархтың билігі шексіз болады (Бруней, Бахрейн, Катар, БАӘ,
- Оман және т.б.).
- Конституциялық монархия - жоғары мемлекеттік билік конституциямен шектеледі
- (Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Дания, Норвегия, Марокко, Жапония).
- Монархияның тағы бір түрі - монарх шіркеу басшысы болатын теократиялық монархия
- ( Ватикан). Республика дегеніміз - заң шығаратын ең жоғары үкімет билігі сайланатын
- өкілетті орган парламенттің, ал атқарушы үкімет билігі - үкіметтің қолында болатын басқару
- түрі.
- Унитарлық мемлекет (латынның - бірлік деген сөзінен шыққан) - елде бірыңғай заң шығарушы
- және атқарушы өкімет билігі болатын әкімшілік-территориялық құрылыс түрі.
- Федерациялы мемлекет (латынның «одақ», бірлестік деген сөздерінен шыққан) - бірыңғай
- (федералдық) заңдармен және үкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы,
- атқарушы және сот органдары болатын жекелеген территориялық құрылымдары
- (республикалар, провинциялар, жерлер, штаттар және т.с.с.) бар әкімшілік – территориялық
- құрылыс түрі.
- Мұндай мемлекеттерге Ресей, АҚШ, Үндістан, Бразилия, Нигерия т.б. жатады.
- Мемлекеттердің бірігуінің енді бір түрі конфедерация. Біршама шектеулі мақсаттарға жету
- үшін (әскери, сыртқы, саяси және т.б.) құрылады (Швейцария) мемлекеттері туралы
- түсінік беру.
- III. Негізгі білімдерді қайталау және қорытындылау, оқушылардың
- білімдерін бақылау (25 мин):
- Үйге берілген тапсырманы «Дүние жүзінің саяси картасы» тақырыбы бойынша-
- « Ми шабуылы», «пікірталас» интерактивті технологиялар арқылы қорытындылау:
- Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері.( саяси географиялық өзгерістерді, тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда болуын,елдердің қосылуын,
- ыдырауын, атаулары мен астаналарының өзгеруі т.б. жатады. )
- 2. Қазіргі заманғы саяси картаның қалыптасуын қанша кезеңге бөлеміз? Ежелгі кезең
- (б.з. 5 ғасырға дейін), ортағасырлық кезең, (5- 15ғ. )
- 3. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін саяси картада кандай өзөгерістер болды?
- 4. Халықаралық ұйымдар туралы пікірталаста оқушылардың еркін ойлау қабілеттерін
- дамыту.(ЕО, НАТО, ЮНЕСКО, АСЕАН, ОПЕК, т. б.)
| - бағалау параметрлері
- Аты, жөні.
| | | | | | | - Үлестірме сұрақтарға жауабы
| | | | | | | | | | | | | | | | - IV. Оқушылардың білімін бағалау (5 мин):
- Сабақты бағалау параметрлері
- V. Жаңа тақырыпты түсіндіру (30 мин):
- Модуль А1.2 Мемлекттердің құрылысы
- Мемлекеттік құрылыс тәуелсіз және тәуелді елдер болып екіге бөлінеді. Тәуелсіз елдер
- мемлекеттік атауға ие болды. Барлық мемлекеттің ¾-і республикалық дәрежеге ие.
- Республиканы бөлу мемлекеттің басшысына байланысты болады. Республикаларда
- мемлекеттің басшысы президенттің мәртебесі жоғары болады. Парламенттік республикаларда
- үкіметтік жұмыстарды президент атқарады.
- Басқару жүйесі аралас болған мемлекеттерде президент пен парламент басқарады,
- олар бір-бірін қадағалап отырады.
- Монархия жер шарында көп емес. Монархияның билігі шектеулі. Монархиялық билікті
- конституция және парламенттік билік шектеп отырады.Монархияның бір бөлігін
- конституциялық деп атады,соның ішінде көп ғасырлық тарихы бар Ұлыбритания елі.
- Әлемде абсалюттік монархия бар жоғы алтау ғана қалды. Монархияның тағы бір түрі шіркеу
- басшысы монарх болатын теократиялық монархия.
- Қай елдің болса да, мемлекеттік құрылысы ең алдымен ондағы басқару түріне байланысты.
- Басқарудың негізгі екі түрі бар.
- Республикалық басқару- ерекше кең таралған, өйткені дүние жүзіндегі барлық елдердің
- ¾- республикалар болып табылады. Республика дегеніміз заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі
- сайланатын өкілетті орган парламенттің, ал атқарушы билік үкіметтің қолында болатын басқару түрі.
- Саяси тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін азат болған елдердің көпшілігі мемлекетті басқарудың
- республикалық түрін қабылдады. Египет,Эфиопия,Иран секілді мың жылдық монархиялар да
- республикалар болып жарияланды.Республикалар екі түрге бөлінеді: президенттік, парламенттік.
- Президенттік республикада – президент өте үлкен басымдылыққа ие бола отырып,үкіметті өзі
- басқарады.
- Парламенттік республикада – басты тұлға президент емес, ол үкімет басшысы болып табылады.
- Монархиялық басқару- әлдеқайда аз таралған, өйткені дүние жүзінде не бары 30 монархия бар.
- Европада-12, Азияда-14, Африкада-3, Мұхиттық аралда-1. Монархия дегеніміз – мемлекет басшысы
- император, король, герцог, князь, сұлтан және т.б. болып келетін басқару түрі. Мұндай жоғары өкімет
- билігі атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады.
- Монархияда үш түрге бөлінеді: теократиялық монархия,конституциялы монархия, абсолюттік монархия.
- Мемлекет басшысы діни жетекші болып келетін басқару түрі теократиялық (теос-грекше құдай)
- монархия деп аталады.
- Абсолюттік монархияда монархтың билігіне мүлде шек қойылмайды. Монарх заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді, сонымен қатар, ол қорғаныс министрі, жоғары сот және діни басшы болып табылады.
- Конституциялық монархияда заң шығару билігі-тек парламенттің қолында, ал атқарушы билікті
- тек үкімет жүргізеді. Монарх мемлекет символы ретінде патшалық етеді, бірақ басқармайды.
- Дүние жүзігдегі ең көне конституциялы монархиялы ел Ұлыбритания.
- Дүние жүзінде мемлекеттің басқару түрлері
- 1- схема. Әкімшілік- территориялық құрылыстың негізгі түрлері
- Кез келген елдің мемлекеттік құрылысы оның әкімшілік -территориялық құрылысының
- түріне байланысты болады.Бұл тұрғыдан алғанда барлық елдер унитарлы және федерациялы
- елдер болып бөлінеді.
- Унитарлы мемлекет- (латынның unitas бірлік деген сөзінен шыққан) парламенттің шығарған
- заңы бүкіл аумаққа бірдей таралып, әкімшілік-аумақтық бірліктер (мысалы,облыстар) тікелей
- үкіметке бағынып,ортақ заң жүзеге асырылады.
- Федерациялы мемлекет- (латынның foederatio-одақ, бірлестік деген сөздерінен шыққан)-бірыңғай
- (федералдық) заңдарымен және өкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы, атқарушы
- және сот органдары болатын жекелеген территориялық құрылымдары (республикалар, провинциялар,
- автономиялар, штаттар, т.с.с.) бар әкімшілік-аумақтық құрылыс. Дүние жүзінде әкімшілік-аумақтық
- құрылыс федерация болып табылатын 20-дан астам мемлекет бар.
- Әкімшілік-территориялық құрылыс түрлері
- Қазақстан, Франция, Қытай, Түркия, Египет, Колумбия, Украина, Венгрия, Италия
- Ресей, АҚШ, Югославия, БАӘ, Малайзия, Үндістан, Нигерия, Эфиопия, ОАР, Канада, Мексика, Венесуэла, Бразилия, Австрия, Бельгия, ГФР, Швейцария, Пәкістан
- 2- схема. Әкімшілік – территориялық құрылыс түрлері
- VI. Сабақты пысықтау және қорытындылау
- (тест –нұсқау 1; тест –нұсқау 2)
- Оқулықтың қосымшасында берілген мағлұматтарды пайдаланып, "Дүние жүзі елдерінің
- мемлекеттік құрылысы" деген тақырыпта кесте құрастырыңдар.
- 1-кесте Мемлекетті басқару формасы
- Кесте, диаграммамен жұмыс
- 2-кесте Аумақтық-әкімшілік құрылым формасы
- 2. Атластағы дүниежүзінің саяси картасын және оқулықтың қосымшасында берілген
- мағлуматтарды пайдаланып, мемлекеттерді аумағының көлемі мен халқының санына
- қарай топтастыра отырып, кестені толтырыңдар.
- Жер көлемі, ең үлкен он мемлекет
| | - Жер көлемі жағынан өте кіші мемлекеттер (ұсақ мемлекеттер)
| | | | - 3. Мемлекеттерді географиялық орнының ерекшелігіне қарай топтастырып кестені толтырыңдар.
| | | - Теңіз
- Жағалауында орналасқан елдер
| - Бір аралда екіден орналасқан елдер
| | | | | | - 4. Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдерді бөліп жазыңдар.
- Еуропа (ТМД елдерін қоса атау)
| - Азия (ТМД елдерін қоса атау)
| | | | | | | - жүктеу 31,13 Kb.
Достарыңызбен бөлісу: |