«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары Берілген ақпараттардың «ақиқат не жалған»



жүктеу 53,03 Kb.
Дата21.01.2022
өлшемі53,03 Kb.
#34096
8-класс ТЖБ №1


«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары


  1. Берілген ақпараттардың «ақиқат не жалған» екендігін анықтап, жалған ақпаратты түсіндіріңіз.






Ақпарат

А

Ж

Түсіндіріңіз

1

Ә.Бөкейханов II Мемлекеттiк Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту саясаты туралы баяндама

жасады











2

XX ғасырдың басында I Мемлекеттік Думаға Семей

облысынан сайланған Темірғали Нұрекенов болды












3

Шаймерден Қосшығұлұлы I және II Мемлекеттiк Думаға

Ақмола облысынан екi рет сайланды












4

Қазақ халқы Ресей империясының 1905-1917 жылдары

Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ












5

Қазақ өлкесінің оянуына себепкер болған саяси оқиға

Қарқаралы петициясы болды












[5]


  1. Берілген сурет пен мәтін негізінде талдау жасаңыз.


«Бұл хатты жазушы біздер – өз балаларың, өз тумаларың, жанымыз ашиды, қабырғамыз қайысады. Біздің ата-ана, туған-туысқандарымыз іштеріңде. Бізді қазақ баласы, қанына тартады, жаны ашиды десеңдер, тіл алыңдар: қан төкпеңдер, қарсылық қылмаңдар! Алынатын жастар басын қорғаймын деп үйдегі кемпір-шал, қатын-баланың обалына қалмасын! Бізді орысша оқып, орыс арасында жүр, біздің пайдамызды айтпас деп ойлайтындарың бізді Құдай мен аруаққа тапсырыңдар!.. Әркімнің ниет-көңілі бір Аллаға аян, бізге сеніңдер!»


Бұл сөздер қандай оқиғаға қатысты айтылған? Дәлел келтіріңіз.

[2]
Осы оқиғаның тарихи маңызы мен тұлғалардың рөлін сипаттаңыз.




Оқиғаның тарихи маңызы

Тұлғалардың рөлі

1.

2.


1.

2.


[4]

  1. Алаш партиясының халықтың қолдауына ие болу себептерін анықтап, қорытынды жазыңыз. 1. 2. 3. 4. 5.

Қорытынды

1.

2.

[7]


  1. Ә.Бөкейхановтың ұлт көшбасшысы ретінде идеяларын PEST талдау арқылы талдаңыз.



P-саяси




E-экономикалық




S-әлеуметтік




T-мәдени




Қорытынды




[5]


  1. Қазақ территориясында құрылған автономиялар туралы кестені толтырыңыз.




Автономиялар

Алашорда

автономиясы



Қоқан

автономиясы



ҚазАКСР

Уақыты

1.

3.

5.

Басшылары

2.

4.

6.

Тарихи маңызы

7.

[7]

Балл қою кестесі





Тапсырм

а №

Жауап

Балл

Қосымша

ақпарат

1


  1. Жалған

Себебі Б.Қаратаев II Мемлекеттiк Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту саясаты туралы баяндама жасады. Өйткені қоныстандыру саясатының жағымсыз, ауыртпалығын ашық айтып, тоқтатуды көздеді.

  1. Ақиқат

  2. Ақиқат

  3. Жалған

Қазақ халқы Ресей империясының 1907-1917 жылдары Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Өйткені 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендiгi жерде бұратана ұлттар, соның iшiнде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды.

  1. Ақиқат

5


Жалған жауаптарды мазмұнға сай түсіндіргені үшін балл беріледі

2


1.1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты айтылды.

2.1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. І дүниежүзілік соғысқа қатысып жатқан Ресей империясына соққы берді. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық сана сезiмiнiң оянуына түрткi болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс қазақ халқының сан ғасырлық азаттық күресi тарихында ерекше орын алады.

Оқиғаның тарихи маңызы

  1. Қазақ халқы отаршылдыққа қарсы күш біріктірді.

  2. Тәуелсіздік жолындағы күрестің алғашқы қадамдарының бірі болды.

Тұлғалардың рөлі

  1. А.Иманов, Ә. Жанбосын, Т. Бокин мен көтерiлiстiң басқа да басшылары халықты ұлт азаттық күреске жұмылдырды. Халықты көтеріліске ұйымдастырып, қара жұмысқа ер азаматтарды бермей, қасық қаны қалғанша бостандық үшін күресіп, патша бұйрығын орындамады.

  2. Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы патша үкіметі өкілдерімен келіссөз жүргізу, қара жұмысқа алынатындардың тізімін жасаудың уақытын созу, қантөгіске бармай, халықты құрбан болудан сақтау, Ресейде басталып келе жатқан революциялық қозғалыстардың өршіген сәтін күтіп,

сол сәтте қарсылыққа шығуды ұсынды.

6


Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

3


  1. себеп. Алаш партиясының бағдарламасы барлық әлеуметтік топтардың мүддесін ескерді;

  2. себеп. Жер мәселесін шешудің тиімді жолдары ұсынылып, қазақ жері қазақ елінің

7


Білім алушының басқа да дұрыс




меншігі болатындығы және қоныстандыру саясатын тоқтату көзделді;

  1. себеп. Бастауыш білім баршаға тегін, қазақ балалары үшін ол міндетті түрде өз ана тілінде берілетін болды;

  2. себеп. Мемлекет басшылары мен лауазымдық қызметке сайлау арқылы қойылады;

  3. себеп. Қазақ ұлтына көбірек мүмкіндік берілді, өзге ұлттардың да құқықтары болды.

Қорытынды

  1. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда

«Алаш» партиясы қазақ халқын отарлық езгiден азат ету мен тәуелсіз ел болуды ұсынды.

  1. Алаш партиясы бағдарламасында халыққа саяси, маңызды мәселелердің шешудің жолдары

ұсынылды.




жауаптары қабылданады

4

P-саяси - Демократияның мәні билiктің халық қолында болуы.

E-экономикалық - Ә.Бөкейхановтың айтуынша,

«Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».



S-әлеуметтік - жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша,

«Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.



T-мәдени - тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт- дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.

Қорытынды

Ә.Бөкейхановтың идеялары – мәңгілік және қазақ ұлты өмір сүріп тұрған жағдайда күн тәртібінен

түспейді.


5

Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

5


Алашорда автономиясы

1.Уақыты - 1917–1920 ж, 1917 жылы 5–13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Екiншi жалпықазақ съезiнде жарияланған қазақ халқының ұлттық-аумақтық мемлекеттiлiгi.

2. Басшылары - «Алаш» партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т.б

Қоқан автономиясы

3.1917 жылы 28 қарашада -1918 ж ақпан Түркiстан өлкесi халықтарының өзiн-өзi басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттiк құрылым.

4. Басшылары - М.Шоқай, М.Тынышпаев

Қаз АКСР-і

5.1920 жылы 26 тамызда Кеңес



7


Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады







– БОАК пен РКФСР ХКК-i – Кеңестiк негiзiнде құрылған федерациялық социалистiк мемлекет 6.Қазақ АКСР ОАК-нiң төрағасы Сейтқали Меңдешев, Қазақ АКСР ХКК-нiң төрағасы В. Радус-Зенькович сайланды.

Тарихи маңызы

7. Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету. Қазақ халқының аумақтық бiрiгуi мемлекеттiлiктi нығайтып, республиканың экономикалық дамуы



үшiн маңызы зор болды.







Барлығы

30






жүктеу 53,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау