143
қалыптасуына ықпал етсе, екінші жағынан, психикалық үдерістерді
белсендіреді, жеке-типологиялық сапа-қасиеттерін дамытады.
Кəсіптік білім – педагогиканың ең күрделі саласы. Еңбек – тұтас
тəрбие беру, оқыту, дамыту міндеттерінің ажырамас бірлігіндегі
педагогикалық ықпал етудің құралы болып табылады.
Педагогикалық үдерісті компьютерлендіру принципі білім
алушылардың оқу-ақпараттық көкжиегін кеңейтуді, оқу мотивация-
сын күшейтуді, оларды оқу үдерісіне белсенділікпен жұмылдыруды
көздейді. Кəсіптік білім беруде компьютерді оқу жəне оқу-өндірістік
іс-əрекеттің келесі салаларында қолданған пайдалы:
– білікті мамандар даярлауда компьютер зерделеу объектісі жəне
еңбек құралы ретінде өндірістік тапсырмаларды жүзеге асыруға
көмектеседі;
– компьютер оқу құралы (автоматтандырылған оқыту жүйесі,
тренажерлар жəне т.б.);
– компьютер оқу орнындағы оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастыру
жəне басқару құралы.
Оқыту үдерісінде компьютерді пайдалану оқытуды жекелендіруге
жəне саралауға, кері баланыс орнатылған бақылау жасауға, оқу іс-
əрекеттеріндегі қателер мен баға беру нəтижелерін диагностикалауға,
өздік бақылау мен өздік түзету жұмыстарын жүргізуге, зерттелетін
объектілерді, үдерістер мен құбылыстарды модельдеуге жəне
имитациялауға, білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын
дамытуға, шешім қабылдау іскерліктерін қалыптастыруға кең жол
ашады.
Экономикалық мақсатқа сəйкестілік принципі жоспарлау
қажеттілігін, оқу орындарында жұмыскерлер мен мамандарды да-
ярлау бағытын еңбек нарығының сұраныстарын есепке ала оты-
рып анықтауда септігін тигізеді. Осыған байланысты,
кадрлар да-
ярлау туралы келісім-шарт негізінде оқу үдерісіне қатысушылар
мен сұраныс беруші мекемелер арасында ұйымдастырушылық-
құқықтық реттеу проблемасы туындайды. Білім алушылардың оқу-
өндірістік еңбегі оның саны мен сапасына қарай, əсіресе өндірістік
практика кезінде білікті жұмыскерлермен қатар, өндірістік тапсыр-
маларды орындауға қатыстырылуда ынталандырылуы қажет. Бұл
өз кезегінде білім алушыларды еңбек етудің озық тəсілдері мен
амалдарын меңгеруіне, еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдарын
белсенді түрде іздестіруіне, кəсіби шеберлігін шыңдауға талпынуға
ынталандырады.