Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет44/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   105

146
Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы жəне т.б. 
педагог-ғалымдар зерттеген.
Жаңа  педагогикалық  технологиялар,  соның  ішінде  жобалау 
технологиясын  В.  В.  Краевский,  В.  М.  Монахов,  Е.  И.  Машбиц, 
П.И. Балабанов, А. Дахин, Е. А. Ямбург жəне басқа да iзденушiлер 
нормативтік модель ретінде қарастырады.
Жоғары оқу орындарында білім беру үдерісінің мақсаттары мен 
міндеттерін  педагогикалық  жобалау  арқылы  тиімділікпен  жүзеге 
асыру  проблемаларын  зерттеуде  қазақстандық  ғалымдар  елеулі 
жетістіктерге жетті. Мəселен, Ө.Ш.Ібішев кредиттiк оқыту техноло-
гиясы жағдайында сызба геометрия жəне инженерлiк графика пəні 
бойынша  студенттердің  өз  бетiнше  орындайтын  жұмысын  жоба-
лау  жолдарын,  мазмұны  мен  əдіс-тəсілдерін,  С.С.Кульмагамбетова 
Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарында  студенттерге  жобалау 
құралдары  арқылы  этномəдени  білім    берудің  даму  бағыттарын, 
Т.С.Шумейко  жобалау  құралдары  арқылы  болашақ  кəсіптік  оқыту 
мұғалімдерінің  құзыреттілігін  қалыптастыру  проблемаларына  мəн 
берді.
Жобалаудын  негізгі  мақсаты - жоспар  құруда  емес,  жобалау 
жұмыстарының  мақсаттық  негiзi  болатын  объектiнің  логикалык 
құрылымын жасауда.
Практика  көрсеткеніндей,  оқу-тəрбие  үдерісіндегі  теория  мен 
практиканың  байланысы  келесі  тізбектегі  педагогикалық  жоба-
лау  арқылы  жүзеге  асырылады:  ПТ  (педагогикалық  теория) – ПЖ 
(педагогикалық  жобалау) – ПП  (педагогикалық  практика).  Осы 
орайда,  педагогикалық  теорияның  жобалау  үдерісінде  екі  жақты 
рөл  атқаратындығына  назар  аударған  жөн.  Ол  бір  жағынан  жаңа 
технологияның  бірегей  моделі  ретінде,  екінші  жағынан  оны 
ұштастырудың  көзі  (идея  ретінде)  бола  алады.  Сонымен  қатар, 
оқытушыға  нақты  педагогикалық  үдерісті  өңдемелеп  жəне  жүзеге 
асыру кезінде білім алушы ұжымына бағытталған оқу-тəрбие пробле-
маларын нақты шеше отырып, өзінің жеке ұстанымын кіріктіреуіне 
мүмкіндік береді.
В.  С.  Безрукова    жобалаудың  модельдеу,  жобалау  жəне 
құрылымдау сияқты үш кезеңін атап өтеді
1

Модельдеу кезеңінде жаңа педагогикалық объектінің жасалуының 
жалпы  идеясы  ретіндегі  жалпыланған  үлгісі,  моделі  жасалады 
 
1
Безрукова В.С.Педагогика. Проективная педагогика. –Екатеринбург, Изд-во «Деловая кни-
га», 1995.- С.35.


147
жəне оған қол жеткізудің жолдары белгіленеді. Егер техникада мо-
дель сериялық немесе көпшілік түрде қайта жаңғырту үшін эталон 
ретінде қызмет ететін болса, педагогикалық модель, қайсыбір иде-
яны  ұйымдастырып,  түрліше  жүзеге  асыра  алатын  педагогикалық 
объектінің дамуы болып табылады. Педагогикалық модельдерге жа-
татындар – оқу орындарының жəне білімгерлер бірлестіктерінің даму 
тұжырымдамасы,  оқу  орындарының  ережелері  жəне  қағидалары, 
педагогтардың көзқарастарын көрсететін педагогикалық теориялар 
жəне жеке тұжырымдамалар жəне т.б. 
Жобалау кезеңінде жоба, яғни белгілі бір педагогикалық шарттар 
үшін жасалған модельдің нақтылануы жүзеге асырылады жəне оны 
практика жүзінде қолдануға мүмкіндік туады. Педагогикалық жоба 
педагогикалық объектіні əрі қарай өңдемелеуге жол ашады. Ондай 
педагогикалық  жобалар  оқу  жопарлары  жəне  оқу  бағдарламалары, 
біліктілік сипаттамалары, əдістемелік ұсыныстар, аудиториядан тыс 
тəрбие жұмысының жоспары жəне т.б. түрінде ұсыныла алады. 
Құрылымдау кезеңінде жоба объектілердің базалық компоненттері 
бойынша, сонымен қатар түрлі құрылымдағы өзінің көрінісін таба 
келе, педагогикалық үдеріске қатысушылардың нақты əрекеттеріне 
дейін  сарапталады.  Педагогикалық  құрылымға  жататындар:  сабақ 
жоспарлары жəне конспектілері, тəрбие шараларының сценарилері, 
тапсырмаларды орындау кестелері, білім алушылардың жұмыс ор-
нын ауыстырулары, дидактикалық материалдар, сабақ кестесі т.б.
Жоғарыда  санамаланған  педагогикалық  жобалар  бір-бірімен 
тығыз  байланыста,  яғни  педагогикалық  үдерістер  белгілі  бір 
педагогикалық  жүйе  шеңберінде,  ал  педагогикалық  жағдаяттар 
нақты педагогикалық үдерістер аясында жүзеге асырылады.
4.4. Кəсіпке баулудың жүйелері туралы түсінік
Педагогикалық жүйе мен педагогикалық үдеріс бір-бірімен тығыз 
байланысты.  Бір  жағынан,  педагогикалық  үдеріс  педагогикалық 
жүйеде  жүзеге  асырылса,  екінші  жағынан,  педагогикалық  жүйе 
педагогикалық үдерістің мақсаттары мен міндеттерін жəне мазмұнын 
анықтайды.
Кəсіптік білім жүйесін құрайтындар:
 
– білім бағдарламалары жəне мемлекеттік білім стандарттары;
 
– кəсіптік білім  беру мекемелері;
 
– кəсіптік білім беру жүйесін басқару.


148
Қазақстандағы  кəсіпке  баулудың  жүйесін,  кəсіптік  білімді 
басқару органдарымен қоса, түрлі деңгейлердегі жəне бағыттардағы 
білім  бағдарламалары  мен  жалпыға  міндетті  білім  стандарттары 
жəне  оларды  жүзеге  асырушы  білім  мекемелері,  əртүрлі  меншік 
типтері мен формаларының жүйесі жиынтығы құрайды.
Кəсіпке баулу саласында барлық білім мекемелері мен оны басқару 
органдарының  іс-əрекетін  реттеуші  Қазақстан  Республикасының 
«Білім  туралы»  Заңында  көрініс  тапқан  мемлекеттік  саясат 
принциптері жетекші рөл атқарады.
Кəсіптік білім беру жүйесінің құрылымы   төмендегідей:
* кəсіптік бастауыш білім;
* кəсіптік орта білім;
* кəсіптік жоғары білім;
* жоғары білімнен кейінгі кəсіптік білім;
* қосымша кəсіптік білім.
Кəсіптік  бастауыш  білім - кəсіптік  мектептер  мен  лицейлер-
де, негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге, белгілі 
бір  кəсіп  саласы  бойынша  жұмысшы  қызметкерлер  даярлайды. 
Оқу мерзімі кəсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кəсіптік лицейлерде 
3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен кұрылғыларды үйрену 4 
жыл  мерзімді  қажет  етеді.  Кəсіптік  бастауыш  білім  беру  қайсыбір 
кəсіп  саласы  бойынша  орта  білім  негізінде  қысқартылған  уақыт 
мерзімінде де жұмыс істей алады.
Кəсіптік  оқыту  өндірісте,  оқу-өндірістік  комбинаттарда, 
оқу  орталықтары  мен  басқа  да  жұмысшыларды  дайындайтын 
құрылымдарда атқарылады.
Кəсіптік  орта  білім – колледждерде,  орта  білім  базасында, 
кəсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі. Колледждерде 
оқу мерзімі 3-4 жыл. Жалпы орта білімі, не бастауыш кəсіптік білімі 
бар  азаматтар  өз  кəсіп  салалары  бойынша  орта  кəсіптік  білімді 
жеделдетілген  бағдарламалар  арқылы,  қысқа  мерзім  ішінде  алуы-
на болады. Колледждер тиісті лицензиясына сəйкес кəсіптік баста-
уыш  жəне  орта  білім  беруді  жүзеге  асырады.  Кəсіптік  орта  білімі 
бар  азаматтар  болса,  қосымша  мамандықты  ықшам
  əpi
  икемделген 
бағдарламалар арқылы қысқа мерзімде иеленуіне болады. Сондай-
ақ, колледждер салалық мамандықтар бойынша республикалық оқу 
- əдістемелік
 
бірлестіктep құрылады. 
Кəсіптік жоғары білім беру. Қазақстан Республикасында мына 
төмендегі  оқу  орындары  жоғары  білімді  жүзеге  асырады.  Универ-


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау