Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет42/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105

140
іскерліктер бірыңғай пəндер бойынша вертикаль жəне горизонталь 
біріктірілетін арнайы білімдер мен іскерліктердің өзара байланысы 
арқылы екі бағытта жүзеге асырылуы қажет.
Кəсіптік  оқыту  үдерісінде  кəсіби  іс-əрекетті  моделдеу 
принципі.  Оқыту  үдерісінде  кəсіби  іс-əрекетті  моделдеудің  мəні 
типтік тапсырмаларды анықтауға, оларды оқу-өндірістік тапсырма-
лармен ұштастыруға, оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары мен 
оқыту əдістерін таңдауға байланысты көрініс береді. Модельдеудің 
көмегімен  оқытудың  мақсаттарына,  мазмұнына,  құралдарына, 
əрекет ету мен əдістеріне кəсіби-біліктілік сипаттамалар, негіздеме 
беруде  жедел  ақпарат  алуға,  оқу  жоспарларын,  бағдарламалар  мен 
оқулықтар дайындауға  болады.
Оқу  үдерісінде  жұмыскерлердің  кəсіби  іс-əрекетін  моделдеу 
төмендегі шарттардың орындалуы жағдайында мүмкін болады:
 
– кəсіби  іс-əрекеттің  моделін  жасауда  іс-əрекеттік  тұрғыны 
ұстану; білімдер мен іскерліктердің ықпалдасуының политехникалық 
бағыттылығы; 
 
– интегративті оқыту үдерісінің деңгейлік шектеулері;
 
– жұмыскердің кəсіби іс-əрекетінің эталондық талаптарын бол-
жау.
Кəсіби  ұтқырлық  принципі  маманның  техникалық  құралдарды, 
технологиялық  үдерістерді  жəне  жаңа  мамандықтарды  жыл-
дам  меңгеруге  қабілеттілігін,  өзінің  білімі  мен  біліктілігін  үнемі 
жетілдіріп  отыру  қажеттілігін  тəрбиелеуді  көздейді.  Ұтқырлақ 
жəне  еңбек  етудегі  шығармашылық,  адамның  дүниетанымының 
кеңдігіне,  өзінің  практикасында  орын  алған  проблемаларды  са-
намен  пайымдай  алуына,  сонымен  қоса,  өндірістің  даму  барысын 
көре  біліп,  болашағын  болжай  алуына  байланысты.  Сондықтан, 
білім алушылардың бүгінгі білетінін ғана емес, болашақта нені біле 
алатындығын есепке алу қажет. Кəсіптік білімнің мазмұны техника-
да, технологияда, еңбек етуді ұйымдастыруда жылдам жетілуі жəне 
бейімделуі тиіс.
Кəсіптік  оқытудың  модульдігі  принципінің  мəні  білім 
алушылардың  алға  қойылған  дидактикалық  мақсаттарға  қол 
жеткізуде  ақпартатық  банк  жəне  əдістемелік  нұсқаулары  бар  жеке 
оқу жоспарымен өз бетімен жұмыс жасай алуымен анықталады. 
Модульдік  оқытудың  мақсаттары,  мазмұны  жəне  ұйымдастыру 
əдістемесі  білім  мазмұнынан  бөлектенген  элементтерді  ажыратып 
алу, білімнің үдемелілігі, пəрменділігі жəне шұғылдығы, болашақты 


141
көре  білушілік,  əдістемелік  кеңестердің  жан-жақтылығы  сияқты 
аспектілеріне  көз  жеткізеді.  Оқыту  практикасында  модульдік 
принципті ұстану  оқу материалдарын бір-біріне тəуелсіз бөлімдерге 
топтастыруға,  өз  кезегінде  оқу  материалының  мазмұнына  нұқсан 
келтірмей,  бірыңғай  өзгерістер  енгізуге,  толықтыруға  мүмкіндік 
береді.
Модульдік  оқыту  принципінің  жүзеге  асырылуы  келесілерді 
қамтамасыз етеді:
 
– субъектінің  мақсатына  қол  жеткізу  үшін  қажетті  барлық  іс-
əрекеттердің ықпалдастығын;
 
– үнемі субъектінің мақсатына қол жеткізудің баламалы жолда-
рын іздестіру;
 
– субъектінің кəсіби даярлық деңгейін оқыту модульдері бойын-
ша жоғарылату болашағына бағдарлануы.
Ғылымилық принципі кəсіптік  оқыту жүйесін құру логикасының 
негізін құрайды. Оның басты талаптары – кəсіптік білім мазмұнының 
қазіргі  кəсіптік  білім  ғылымының  деңгейіне  сəйкестігі.  Бұл  прин-
цип  оқулықтар  мен  оқу  бағдарламасында,  оқу  материалдарын 
сұрыптауда  көрініс  алады,  білім  алушыларды  ғылыми  танымның 
элементтерімен, əдіс-амалдарымен таныстыруды реттейді.
Кəсіпке  баулуда  ғылымилық  принципін  ұстану  қажеттілігі 
кəсіптік білім мақсатына, мазмұнына, оқыту əдістеріне дидактикалық, 
кəсіби-технологиялық, психо-педагогикалық тұрғыдан негіздеме бе-
руге көмектеседі. Ғылымилық принципін ұстану – кəсіптік  оқытуда 
еңбек  ету  жайлы  түсініктерді,  білім  алушылардың  жас  ерекшелік, 
танымдық  мүмкіндіктерінің  дамуы  жөніндегі  түсініктерді  жəне 
оқыту  үдерісін  даму  заңдылықтарына  сəйкес  жүзеге  асыруды 
қамтамасыз етудің жолы. Кəсіптік  оқытуда ғылымилық принципін 
ұстануда,  яғни  кəсіптік  білім  мазмұнының  қазіргі  кəсіптік  білім 
ғылымы деңгейіне сəйкестігі, білім алушыларда ғылыми танымның 
жалпы  əдістері  туралы  түсінік  қалыптастыру;  таным  үдерістерінің 
даму заңдылықтарына сүйену басты талаптар болып есептелінеді.
Еңбектің  өмірмен  байланысы  принципінің  басты  ерекшелігі 
білім  алушыларды  еңбектің  адам  өміріндегі,  оның  практикалық 
іс-əрекетіндегі  маңызын  саналы  түрде  ұғынуға  жəне  меңгерген 
кəсіптік білімдерін практикалық сипаттағы өмірдің өзінен туындай-
тын  міндеттерді  шешуде  қолдана  білуге  үйрету  болып  табылады. 
Кəсіптік оқытуды өмірмен байланыстыруда көрмелерге қатысудың, 


142
музей экспонаттарымен танысудың, кəсіби шығармашылықтың жəне 
т.б. мəні зор. Белгілі бір кəсіби шығармаларды қабылдау үдерісінде 
білім алушыларды тек оның кəсіби-технологиялық  мазмұнын есте 
сақтап  қана  қоймай,  оларды  өзінің  бойындағы  сапа-қасиеттерімен 
салыстыруға, сəйкестігін пайымдауға талпындыру керек.
Көрнекілік  принципі - оқытудың  білім  алушылар  қабылдаған 
нақты  бейнеге  негізделуін  талап  ететін  дидактикалық  ұстаным. 
Оқытудың  көрнекілігі  білім  алушылардың  байқампаздықтары  мен 
ойлау  қабілеттерін  дамытады,  оқытуды  неғұрлым  түсінікті  етеді, 
оқу  материалын  терең  меңгеруге  септігін  тигізеді.  Қоршаған  ор-
таны  тануда,  соның  ішінде  оқытуды  қабылдауда  адамның  сезім 
мүшелері қатысады. Көрнекілік принципі білім алушылардың ұғым, 
түсініктерін заттар мен құбылыстарды сезімдік қабылдау негізінде 
қалыптастыру  қажеттігін  көрсетеді.  ЮНЕСКО-ның  мəліметтері 
бойынша,  адам  тыңдау  арқылы  ақпараттың 15%-ын,  көру  арқылы 
– 25%-ын,  ал  кешенді  түрде  қабылдағанда 65%-ын  есте  сақтайды. 
Сондықтан, кəсіптік білімде «көрдім-естідім-орындаймын» тізбегін 
ұстанудың практикалық маңызы зор болып есептелінеді.
Бірізділік  принципі – кəсіптік  білім  бойынша  теориялық  жəне 
практикалық  мəселелердің  бірізділікте  белгіленуін  талап  етеді. 
Кəсіптік оқыту педагогының  кəсіптік білім жұмысының əр кезеңінде 
белгілі  бір  міндеттерді  лайықтап  шешуі  үшін,  оның  алдыңғы 
кезеңдерінде дайындық жұмыстары жүргізіліп отырады.
Жүйелілік  принципі - кəсіптік  білімді  жəне  кəсіптік  білімдерді 
меңгертуді белгілі бір ретпен, жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді. 
Ол кəсіптік білім мазмұнының, сонымен бірге, оқу-тəрбие үдерісінің 
логикалық түрде құрылуын ұстануды қарастырады. Сөйтіп, кəсіптік 
білімнің мазмұндылығы мен үдерісуалдық жақтарының бірізділігін, 
сабақтастығын сақтай отырып, əрбір сабақтың, тəрбие шараларының, 
өткен  материалдың  логикалық  сабақтастылығын  қамтамасыз 
етеді.  Жүйелілік  принципі  оқу  материалының  ғылыми  ішкі  логи-
касына,  сонымен  бірге  білім  алушылардың  жас  ерекшеліктері  мен 
психологиялық ерекшеліктеріне сəйкес келуін талап етеді.
Кəсіпке  баулуда  тəрбиелеудің,  білімнің,  дамытудың  бірлігі 
принципі.  Кəсіптік  білім  кəсіптік  білім,  іскерлік,  дағдыларды 
меңгерту ғана емес, білім алушылардың əлеуметтік мінез-құлқының 
қалыптасуына  негіз  болатын  адамгершілік,  эстетикалық,  ақыл-ой, 
дене,  еңбек  тəрбиесі  міндеттерінің  жүзеге  асырылуын  көздейді. 
Білім  мазмұнына  енген  материалдар  жеке  тұлғаның  эстетикалық, 
адамгершілік,  еңбек,  дене  тəрбиесіне,  құнды  сапа-қасиеттерінің 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау