Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет45/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105

149
ситеттер,  академиялар,
 
институттар  мен  оларға  теңестірілгендер 
(консерваториялар,  жоғары  мектеп).  Жоғары  оқу  орындары  тиісті 
лицензиясына  сəйкес,  жалпы  орта  білім,  бастауыш  жəне  орта 
кəсіптік  білім  негізінде  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыра 
алады. Жоғары оқу орнының құрамына біртұтас оқу жəне ғылыми 
өндірістік  кешен  ретінде  қызмет  атқара  алатын,  заңды  тұлғалық 
мəртебесі бар құрылымдар да кіруі мүмкін. Медициналық жоғарғы 
оқу орындарында өз алдына жеке клиникалық базасы болуы керек, 
ол Қазақстан Республикасы Заңнамаларына қайшы келмейтін қаржы 
көздері арқылы қызмет ете алады.
Қазақстан Республикасында жоғары кəсіптік білім берудің мына 
төмендегі құрылымдары белгіленген:
Жоғары  базалық  білім  (бакалавриат),  оқу  мерзімі 4 жыл,  оны 
бітіргендерге  «бакалавр»  академиялық  дəрежесі  беріледі.  Жоғарғы 
арнайы  білім,  оқу  мерзімі 4 жылдан  кем  емес,  қорытынды  атте-
стация  бойынша  оларға  «жоғары  білікті  маман»  атағы  беріледі. 
Жоғары  медициналық  білім  берудің  кейбір  мамандықтары  бой-
ынша,  оқу  мерзімі 7 жылды  құрайды,  оқу  жылы  интернатура-
ны  бітірумен  аяқталады.  Интернатурадан  өтпеген  бітірушілер, 
клиникалық  практикаға  жіберілмейді.  Университеттер  мен  ака-
демиялар  білім  беру  саласы  бойынша  орталық  атқару  органдары 
келісімімен  жəне  жоғары  кəсіптік  білімнің  белгіленген  нақты  бір 
мамандықтары  бойынша  кадр  дайындаумен  айналысады.  Орта 
кəсіптік білімі бар азаматтар жоғарғы кəсіптік білімді өз кəсіп сала-
сы не ұқсас мамандықтар бойынша қысқа мерзімде жеделдетілген 
бағдарламалар негізінде ала алады. Сондай-ақ, жоғары кəсіптік білімі 
бар азаматтардың да жеделдетілген бағдарламалар негізінде қысқа 
мерзімде  екінші  жоғары  кəсіптік  білім  алуға  мүмкіндігі  бар.  Көп 
сатылы жоғары кəсіптік білім беру мекемесінің құрылымы туралы 
Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жоғары оқу 
орны  өзінің  ғылыми  жұмыстарында  Қазақстан  Республикасының 
заңнамаларынан басшылыққа алады .  Жоғары оқу орнындағы тəрбие 
жұмыстары  студенттердің  оқу,  ғылыми,  шығармашылық  жəне 
өндірістік  бірлестіктері  жəне  оқытушылары  мен  қызметкерлері 
арқылы ортақ мақсатқа жұмылдырыла жүргізіледі.
Жоғарғы білімнен кейінгі кəсіптік білім беру. Жоғарғы білімнен 
кейінгі  кəсіптік  білім  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  жоғарғы  саты-
сы болып табылады жəне ол жоғары білікті ғылыми жəне ғылыми-
педагогикалық  кадрлар  дайындауда  өз  алдына  белгілі  бір  мақсат 
қояды.  Жоғары  ғылыми-педагогикалық  білім  алғысы  келетіндер 


150
үшін оқу мерзімі əртүрлі болуы мүмкін: оқу мерзімі жоғары базалық 
білім  негізінде – 2 жыл,  арнайы  жоғары  білім  бойынша – 1 жыл. 
Оларға «Магистр» академиялық дəрежесі беріледі.
Білім  алушылардың  жоғары  білімнен  кейінгі PhD Докторан-
тур  деңгейінде  кəсіптік  білім  алуы  үшін  арнайы  жоғары  білікті 
мамандығы  мен  академиялық  «Магистр»  дəрежесі  болуы  керек. 
Медицина  саласындағы  ғылыми  жəне  ғылыми-педагогикалык 
кадрларды  дайындау  клиникалық  ординатураларда,  аспиранту-
рада,  адъюнктурада  жоғары  оқу  орнының  докторантурасында 
жəне  ғылыми-зерттеу  мекемелерінде,  сондай-ақ,  ғылым  канди-
даттарын,  аға  ғылыми  қызметкер,  ізденуші  есебінде  жұмысқа 
алу  арқылы  жүргізіледі.  Оқу  мерзімі  аспирантура  мен  адъюнкту-
рада  күндізгі  бөлімде 3 жылға  дейін,  сырттан  оқыту  бөлімі  үшін 
4  жыл, aл  «Магистр»  дəрежесі  барлар  үшін  тиісінше 2-3 жыл 
көлемінде,  ассистентурадағы  өтілу  мерзімі  күндізгі  бөлімде 2 
жыл,  сырттай  бөлімде 3 жылдан  аспауы  керек. PhD Докторантура 
мерзімі 3 жыл.  Жоғары  білімнен  кейінгі  кəсіптік  білім  беру  тура-
лы  Ережесін  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  саласы  бойынша 
орталық  атқарушы  орган  бекітеді.  Меңгертілген  кəсіптік  білімнің 
көлеміне сəйкес бастауыш, орта жəне жоғары білім, ал сипаты мен 
бағыттылығына қарай жалпы кəсіби, кəсіби деп бөлінеді.
Өндірістік  оқыту  жүйесі.  Кəсіптік  білім  жүйесі    білім 
алушылардың  дағды,  іскерліктері  қалыптасатын  оқу  материалын 
зерделеудің  бірізділігін  белгілейді  жəне  оның  басты  бағыттарын 
анықтайды. 
Осы орайда, экономиканың түрлі салаларындағы еңбек үдерістері 
мазмұнына қарай біртектес болмайтындыған ескеруіміз қажет. Оқу-
тəрбие үдерісінің негізгі бөлімдері мəселен, материалдарды станок-
та  өңдеу  сияқты  дербес  бөліктерге  бөліне  алады.  Сонымен  қатар, 
олардың кейбіреулері (химиялық қондырғаларда жұмыс істеу) оқу-
тəрбие  үдерісінің  жеке  бөліктері  ретін  ажыратып  алуға  келмейді. 
Сондықтан,  жұмыскерлердің  еңбек  функцияларының  құрылымы 
əртүрлі болып келеді.
Олар  өз  кезегінде  өндірістік  оқытудың  түрліше  жүйелерін 
қолдануды  талап  етеді.  Осыдан  барып,  əрқайсысында  білім 
алушылардың  іскерліктерін  қалыптастырудың  өзіне  тиесілі 
өндірістік, 
педагогикалық, 
психологиялық, 
физиологиялық 
ерекшеліктері сипат алады. 
Өндірістік оқытудың пəндік жүйесі. Өндірістік оқытудың пəндік 
жүйесі қолөнер өндірісі кезеңінде заманына сəйкес, өндірістің даму 


151
деңгейіне  жəне  жасап  шығарылатын  өнім  түрлері  бойынша  пайда 
болған.  Білім  алушылар,  шəкірттік  жүйеге  байланысты  қолөнерші 
нені  жасап  шығарса,  олар  да  сондай  бұйым  өндіріп  отырған.  Бұл  
жүйе өндірістік оқытудың жеке формасы ретінде қалыптасқан еді.
Осындай  өндірісте  (ағаш,  металл,  тері,  мата  жəне  т.б.)  жасала-
тын  бұйымдар  тізбесі  шын  мəнінде  оқыту  бағдарламасы  қызметін 
атқарған. Алайда, шеберліктің жекелеген компоненттерін меңгерту 
қатаң  талап  етілмеген.  Бұйымдарды  дайындауда  немесе    орындау-
да  оқу  үдерісін  реттеу  əдетте  ешбір  жоспарсыз  жүзеге  асырылып 
келген.  Ондай  жұмыстарды  орындау  үйретуші  шебердің  білімі 
мен  талаптанушылық  тəжірибесіне  жəне  сол  кездегі  өндірісітік 
жағдайларға тəуелді болған. Өндірістік оқытудың пəндік жүйесінің 
негізгі  кемшілігі  тəсілдер  мен  операцияларды  өңдемелеуде 
жаттығулардың  жүгізілмеуі,  шəкірттердің  əрекеттерді  қате 
меңгергендігі, соның салдарынан қайта үйретуге тура келгендігі.
Өндірістік  оқытудың  операциялық  жүйесі.  Ол  машина  жасау 
техникасының  дамуына  байланысты  өндірістің  мануфактуралық 
кезеңінде  пайда  болған.  Еңбек  мазмұны  мен  сипатының  өзгеруі 
ең  алдымен,  аса  кеңінен  таралған  бұйымдарды  өңдемелеуде  жиі 
қолданылатын еңбек тəсілдерімен қарулануды қажет етті.
Еңбекке  баулудың  операциялық-үздіксіз  жүйесі.  Өндірісті 
үздіксіз ұйымдастыру өзімен бірге, өндірісті  оқытудың операциялық-
үздіксіз жүйесін ала келді.
Бұл  жүйе  бойынша  жұмыс  істеуші  бір  операцияны  орын-
дап,  өңдемеленген  бөлшекті  тұрақты  маршрут  (бағдар)  бойынша 
келесі  жұмыс  орнына  табыс  етеді.  Аталған  бөлшек  оны  өңдеудегі 
технологиялық  үдерісте  қанша  операциялар  орындалатын  болса, 
сонша жұмыс орнынан өтеді. Шəкірттер тек қана операциялардың 
орындалу  тəсілдерін  ғана  емес,  əрбір  технологиялық  үдерістің  ор-
нын да жақсы біледі.
Алайда, операциялық-үздіксіз жүйе бұған дейінгі оның ізашары 
болған операциялық жүйеге тəн кемшіліктерден арыла алмады.
Өндірістік  оқытудың  операциялық-пəндік  жүйесі.  Өндірістік 
оқытудың  операциялық-пəндік  жүйесінің  мəні,  бұйымдар  даярлау 
үдерісінде,  біртіндеп  күрделенетін  еңбек  операцияларын  жасау 
үдерісінде    (бірінші  бұйымды  жасауда  əуелі  жеңіл  операциялар, 
келесілерін  дайындауда  өте-мөте  күрлелілірін  жасау)  анықталады. 
Мұндай өндірістік оқыту жүйесінің құндылығы шəкірттердің өздері 
жасап шығарған өнімінің нəтижесін көретіндігінде. Бұл өз кезегінде 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау