Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет41/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105

135
17.  Ю.  К.  Бабанский  ұсынған  оқу-танымдық  іс-əрекетті 
ұйымдастыру жəне іске асыру əдістері:
А) сөздік əдістер, көрнекілік əдістер, практикалық əдістер;
Ə) қоғамдық пікір, жарыс, мадақтау;
Б) бақылау, зертханалық бақылау, түсіндірмелі-иллюстративті 
оқыту;
В) педагогикалық талап, демалыс, саяхат;
Г) оқыту талаптарын қою, дедуктивті, индуктивті əдіс.
18.  Оқыту  мен  білім  беру  мəселелерін  зерттейтін    педагогика 
ғылымының  бөлімі: 
A) дидактика;
Ə) мектептану;
Б) педагогиканың жалпы негіздері;
В) тəрбие теориясы;
Г) білім беру жүйелерін басқару. 
19. Дидактика – ол:
A)  оқыту  мен  білім  берудің  теориясын  меңгертетін   
педагогиканың бөлімі;
Ə) тəрбие жайлы ғылым;
Б) пəндерді оқыту əдісі жайлы; 
В) жеке тұлғаны дамыту заңдылықтары жайлы жеке  ғылым;
Г) баланың жеке басы қалыптасуының заңдылықтары жайлы 
ғылым. 
20.  Белгілі  бір  өлшемдер  бойынша  қалыптасқан      тұтас  білім 
беру:
A) дидактикалық жүйе;
Ə) дидактикалық белгілер;
Б) дидактикалық модельдеу;
В) дидактикалық құрылым;
Г) дидактикалық принцип. 
21. Танымдық əрекет дегеніміз не?
А) сезімдік қабылдау, теориялық ойлау жəне практикалық іс-
əрекеттің бірлігі;
Ə) білім алушыға педагогтың білім беру үдерісі;
Б) білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру;


136
В) оқыту – бұл педагогтың білімін білім алушыға беруі;
Г) бұл арнайы ұйымдастырылған мақсатты үдеріс.
22. Оқыту принциптері:
А) оқытуға қойылатын талаптар жүйесі; 
Ə) оқыту əдістері;
Б) оқыту əдістемелері жəне оқытуды ұйымдастыруға негіз бо-
латын жағдайлар;
В) оқыту мақсатына жету амалдары;
Г) оқытуды ұйымдастыру амалдары.
  
23. Оқытудың көрнекілік принципі:
А) көрнекі материалдарды демонстрациялау мен көрсету;
Ə)  білім  алушылардың  таным  белсенділіктерін    ынталанды-
рады;  
Б) оқу пəндері бойынша нақты жүйелі білім беруді  талап етеді;
В)  білім  алушылардың  дене  күштері  мен  ақыл-ой   
мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді;
Г) балаларды алдын ала келісілген, бірлескен əрекет негізінде 
оқытуды талап етеді.
24. Оқытудың бірізділік, жүйелілік принципі:
А) жаңа білімді бұрын игерген біліммен байланыстыруды та-
лап етеді;
Ə) білім алушылардың таным белсенділігін ынталандырады;
Б)  білім  алушылардың  дене  күштері  мен  ақыл-ой  
мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді;
В) көрнекі материалдарды демонстрациялау мен көрсетуді та-
лап етеді;
Г) балаларды алдын ала келісілген, бірлескен əрекет негізінде 
оқытуды талап етеді.
25. Оқытудың қолжетімділік принципі:
А)  өтілетін  материалдың  мазмұны  білім  алушылардың 
мүмкіндіктеріне сəйкес келуін талап етеді;
Ə) жаңа білімді бұрын игерген біліммен байланыстыруды та-
лап етеді;


137
Б) көрнекі материалдарды демонстрациялау мен көрсетуді та-
лап етеді;
В) балаларды алдын ала келісілген, бірлескен əрекет негізінде 
оқытуды талап етеді;
Г)  оқу пəндері бойынша жүйелі білім беруді талап етеді.
26. Оқыту принциптері қалай туындайды?
А) оқыту үдерісінің заңдылықтарынан;
Ə) білім мазмұнынан;
Б) оқыту əдістерінен;
В) оқыту нəтижесінен;
Г) оқыту формасынан.


138
VI БӨЛІМ.
КƏСІПКЕ БАУЛУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ
Жоспары:
4.1.  Кəсіпке  баулудың  принциптері  дидактикалық  категория 
ретінде.
4.2. Кəсіпке баулу принциптерінің бағыттылығы.
4.3. Кəсіптік оқыту үдерісіндегі педагогикалық жобалау.
4.4. Кəсіпке баулудың жүйелері туралы түсінік.
4.1. Кəсіпке баулудың принциптері дидактикалық категория 
ретінде
«Принцип» (латынша – principum) деген  сөз  негізгі,  бастапқы 
деген  мағынаны  білдіреді,  принцип – «жетекші  идея,  негізгі  ере-
же, ғылымның заңдылықтарынан туындайтын іс-əрекет пен мінез-
құлыққа қойылатын негізгі талап»
1
 
Кəсіпке  баулу  принциптері  дидактиканың  категориясы  ретінде 
кəсіптік  оқытуды  кəсіби  таным  логикасына  сəйкес  жүзеге  асыруға 
көмектеседі.  Олар  кəсіптік  оқытудың  мақсаты,  міндеттері, 
мазмұны,  əдістері,  ұйымдастыру  формаларының  негізін  құрайтын 
бастапқы  қағидалар  ретінде  түсіндіріледі.  Кəсіпке  баулуда  бүгінгі 
күнде  қалыптасқан  принциптер  бір-бірімен  өзара  байланыста 
қарастырылады.  Мəселен,  ғылымилық  принцип  кəсіптік  оқыту 
мазмұнының жүйелілігі мен бірізділігін қамтамасыз етеді. Еңбектің 
өмірмен байланысы принципі кəсіптік оқытуда білім алушылардың 
жас  шамасын  жəне  жеке-дара  ерекшеліктерін  есепке  алу  негізінде 
жүзеге асырылады. Қызығушылық, еліктетушілік принципін ұстану 
білім алушылардың белсенділігін арттырады.
Заманауи өндірістің ғылыми негіздері туралы білімдер жүйесін 
меңгертуді  көздейтін  кəсіпке  баулудың  политехникалық  принципі 
кəсіптік білім беру үдерісінің заңдылықтарын түсінуге жол ашады. 
Ал  олардың  негізінде  жалпы  кəсіби  политехникалық  жəне  арнайы 
білімдер қалыптасады.
1
Философский словарь.-М.: Политиздат,1999.- С.362.


139
Жалпы 
кəсіби 
политехникалық 
білімдер-өндірістік 
технологиялардың нақты салаларының негізін құрайтын техника мен 
принциптердің жіктелуінің жалпы негіздері туралы, материалдарды 
жіктемелеу  жəне  оларды  алу  амалдары  туралы,  өнімнің  сапасын 
өлшеу  жəне  баға  беру  туралы,  еңбек  экономикасы,  экологиясы 
жəне оның ұйымдастырылуы туралы, өндіріс салаларындағы жаңа 
техника мен технология туралы мағлұматтарды қамтиды.
Арнайы  білімдер  жекелеген  операцияларды  жəне  жұмыс 
түрлерін  орындауда  қолданылатын  қондырғылардың,  аспаптардың 
жəне  құрылғылардың  құрылымын  жəне  оларды  пайдалану 
ережелерін, технологиялық үдерістерді, бұйымдарды жасап шығару 
ерекшеліктерінің мəнін ашып көрсетеді.
Кəсіпке баулудың политехникалық принципі келесі шарттардың 
орындалуын көздейді:
 
– білім мазмұнының ғылым мен техниканың даму бағыттарына 
сəйкес келуін;
 
– оқу  материалының  өзара  байланыстағы  тұтас  жүйеде 
ұйымдастырылуын;
 
– оқу  материалының  білім  алушыларға  лайықтылығын  жəне 
жас ерекшеліктеріне сəйкестігін;  
 
– оқу материалының азды-көпті уақыт барысындағы ақпараттық 
тұрақтылығы мен үдемелілігін;
 
– білім  мазмұнының  оқу  орнының  материалдық-техникалық 
базасына сəйкес болуын;
 
– еңбек  өнімділігіне  ықпалын  тигізетін  факторлардың  есепке 
алынуын.
Кəсіптік  білімнің  өнімді  еңбекпен  ұштастырылуы  принципі 
екі  жақты  үдеріс  ретінде  теориямен  жəне  практикамен  тығыз 
байланыста. Білім алушылардың оқу жəне еңбек іс-əрекеттері табиғи 
байланыста  болғандықтан,  барлық  оқу  пəндерін  оқыту,  олардың 
өндірістік əрекетке саналы түрде кірігуіне бағытталуының маңызы 
зор.
Кəсіптік  білімнің  өнімді  еңбекпен  ұштастырылуы  принципінің 
жетістікпен жүзеге асырылуы келесі шарттарға тығыз байланысты:
 
– теориялық  білім  озық  болуы  жəне  практикалық  сабақтарда 
тексеріліп отыруы тиіс;
 
– білімдер  мен  іскерліктер  түрлі  ғылым  саласы  бойынша  кез-
келген еңбек үдерісінде жинақталып отыруы қажет;
 
– білім  мазмұнының  ықпалдасуы  кəсіптік  білімдер  мен 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау