Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет1/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105


1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГ
Р. Қ. ДҮЙСЕМБІНОВА
КƏСІБИ 
ПЕДАГОГИКА
ОҚУЛЫҚ
Алматы, 2012


2
ƏОЖ 37.0
КЖБ 74.00
Д 87
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық» 
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
Н. А. Əбішев – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
М. Ж. Мальтекбасов – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
С. Қ. Əбілдина – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
     Дүйсембінова Р. Қ.
Д87     Кəсіби педагогика: Оқулық. – Алматы: 2012. – 348 бет.
ISBN 978-601-80326-7-7
Оқулықта  кəсіптік  педагогиканың  ғылыми-теориялық  негіздері  қарас-
тырылған.  Кəсіпке  баулудың  мазмұнына,  формалары  мен  əдістеріне,  прин-
циптеріне  сипаттама  берілді.  Кəсіптік  білім  беруде  инновациялық  технология-
ларды  пайдалануға  жəне  педагогикалық  менеджмент  мəселелеріне    ерекше  назар 
аударылған. Еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу оқытушыларын даярлау жəне 
қайта даярлау жолдары ұсынылған.
Оқулық  кəсіби-педагогикалық  мамандықтар  бойынша  білім  алушы  жоғары 
оқу  орны  жəне  колледж  студенттеріне,  орта  жəне  жоғары  кəсіптік  білім  беру 
мекемелерінің оқытушыларына,  біліктілік жоғарылату тыңдаушыларына, ғылыми 
қызметкерлер мен магистраттарға арналған. 
ƏОЖ 37.0
КЖБ 74.00
ISBN 978-601-80326-7-7
© Р. Қ. Дүйсембінова, 2012
© Қазақстан  Республикасы жоғары 
 оқу орындарның қауымдастығы, 2012 


3
АЛҒЫ СӨЗ
Кəсіптік  оқыту  мамандығы  бойынша  колледж,  универси-
тет  студенттеріне  арналған  «Кəсіптік  педагогика»  оқулығы 2006 
жылы К. Өстеміров, Н. Шаметов жəне И. Васильев сияқты ғалым-
педагогтардың  авторлық  бірлестігінде  баспадан  шығарылған 
еді.  Аталған  отандық  оқулықтың  жариялануы,  Қазақстан  Респу-
бликасында  кəсіби  педагогика  тарихындағы  маңызды  оқиға  бол-
ды.  Шындығында,  бұл  еңбекті  кəсіптік  оқыту  ұстаздарының 
кəсіби  тұлғалық  құрылымы  жөнінде  жаңа  түсінік  пен  болашақ 
мамандардың  жеке  тұлғалық  кəсіби  құрылымы  туралы  жаңа 
ұғымның қалыптасуының ізашары деп түсінуіміз қажет.
Сол жылдардан бері, кəсіптік білім беру саласындағы көптеген 
жаңалықтардың куəсі болдық. Қазақстанның білім беру саласы үшін 
2010  жылдың 11-12 наурызы  күндері  Болон  үдерісіне  қатысушы 
елдердің  қатарында  Болон  Декларациясына  қосылуы  нəтижесінде, 
Болон  Декларациясының  негізгі  принциптеріне  сəйкес  кəсіптік 
білім мазмұнын, жаңа оқыту формалары мен əдістерін, құралдарын 
қайта қарастыру қажеттілігі туындады.
Тарихқа  жүгінсек,  бастауыш  кəсіптік  білім,  орта  жəне  жоғары 
кəсіптік  білім  педагогикаларының,  əрқайсысы  өз  алдына  дербес 
дамып  келгендігін  байқаймыз.  Қолыңыздағы  оқулықта  кəсіптік 
педагогиканы  орта  мектеп  оқушыларына  кəсіптік  бағдар  беруден 
бастап,  жастарды  бастауыш  даярлаудан,  жоғары  жəне  жоғарыдан 
кейінгі  білімге  дейінгі  мазмұндық,  ұйымдастырушылық,  басқару 
аспектілері қамтылған тұтас жүйе ретінде қарастыруға талпыныстар 
жасалған.
Алайда,  Қазақстандағы  техникалық  жəне  кəсіптік  білім 
берудің  құқықтық  негізін  Қазақстан  Республикасының  Консти-
туциясы,  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  Кодексі,  Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы», «Əлеуметтік серіктестік туралы» 
заңдары мен тағы басқа да нормативтік құқықтық актілері құрайды. 
ҚР  Президентінің 2008 жылғы 16 шілде  күнгі  №32  Жарлығымен 
бекітілген  кəсіптік  білім  беруді  дамытудың 2008-2010 жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  атап  көрсетілгендей: 
«Техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, 


4
бəсекеге қабілетті дағдылары бар жəне білім алуды жалғастыру үшін 
жеткілікті əлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді 
техникалық  жəне  қызмет  көрсету  еңбегінің  білікті  мамандармен 
қамтамасыз ету» мақсаты күн тəртібіндігі алдыңғы кезектегі мəселе 
болып  отыр.
1
  Бүгінгі  таңда  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру 
жүйесін  дамыту  жөнінде  қабылданған  мемлекеттік  деңгейдегі  іс-
шараларға қарамастан, əлі де болса бі-лікті кадрларға сұраныс толық 
көлемде  қамтамасыз  етілмей  келеді.  Əрине  бұндай  кедергілердің 
объективті  жəне  субъективті  факторлары    жоқ  емес.  Солардың 
бірі  кəсіптік  білім  беру  бағдарламалары-мен,  оқу-əдістемелік 
құралдарының  теорияланған,  дерексізденген  мазмұны,  болашақ 
мамандардың  əлеуметтік,  арнайы  жəне  т.б.  құзыреттіліктерін 
дамытудың  кəсіби  маңызы  бар  сапаларын  қалыптастыру  талапта-
рына  жауап  бере  алмайтындығы.  Осы  орайда  ұсынылып  отырған  
«Кəсіптік педагогика» оқулығы бүгінгі таңдағы кəсіптік білім беру 
жүйесін  дамытудың  басымды  бағыттарын  қарастыру  мақсатын 
көздейді.
Кəсіби  педагогика-жалпы  педагогиканың  бір  тармағы  ретінде 
кəсіптік  білім  беру  жүйесімен  қатар  қалыптасып  келе  жатқан,  са-
лыстырмалы түрдегі жаңа ғылым саласы.
Кəсіби  педагогиканы  теориялық  жəне  қолданбалы  ғылым 
ретінде  сипаттауға  болады.  Өйткені,  ол,  бір  жағынан,  кəсіби 
педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе, екінші жағынан, 
кəсіптік  білім  берудің  міндеттерін  шешуге  бағытталған  оқытудың 
жəне тəрбиелеудің жолдарын қарастырады.
Кəсіби педагогика  білім алушыларға кəсіптік білім беру, олар-
ды  тəрбиелеу,  оқыту  жəне  дамыту  заңдылықтарын  зерттеу,  оқыту 
мен  тəрбиелеудің  прициптеріне,  ақпараттық,  педагогикалық 
технологияларға  жəне  оларды  басқару  жүйесіне  негіздеме  береді. 
Ол  педагогикалық  теориялар  мен  инновациялық    технологиялар-
ды  жобалау  амалдары,  осы  жүйенің  алдағы  уақытта  даму  жолда-
ры  жөніндегі  білімдерді  жинақтайды.  Бұл  адамдарды  кəсіби  іс-
əрекетке  даярлау,  мамандардың  жаңа  толқынын  тəрбиелеу  туралы 
ғылым.  Оқулықта  кəсіптік  білім  берудің  мазмұны,  педагогикалық 
іс-əрекеттің əдістері мен формалары баяндалады.
Кəсіби  педагогиканың  қайсыбір  ғылымдар  сияқты  өзіне  тəн 
бірегей  ерекшеліктерімен  сипатталатын  категориялық  жəне  ұғым-
дық аппараты қалыптасқан.
1
ҚР  кəсіптік  білім  беруді  дамытудың 2008-2010 жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2008, 16 шілде, № 215 (25186).


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау