Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет46/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105

152
білім алушылардың орындалатын жұмысқа қызығушылығын туды-
рады.
Бұдан  əрі  өндірістік  оқытудың  операциялық-  кешенді  жүйесі, 
өндірістік  оқытудың    үдерісуалдық  жəне  өндірістік  оқытудың 
проблемалық- талдау жүйелері қалыптасқан.
Өндірістік оқытудың үдерісуалдық жүйесінің мəні оқу матери-
алдарын үдерісуалдық белгілеріне қарай жіктемелеу, сонымен қатар, 
технологиялық үдерістердің типтік топтарын басқару жəне қызмет 
көрсету амалдарын меңгертуге бағытталған бейіндік кəсіптерді кең 
меңгертуді көздейтіндігінде.
Өндірістік оқытудың үдерісуалдық жүйесі өндірістік оқытудың 
мазмұнын,  өндірістік  оқытудың  құрылымын,  тренажерларды 
оқыту əдістемесін, мамандандырылу кезеңіндегі оқыту əдістемесін 
қамтиды.  Өндірістік  оқытудың  үдерісуалдық    жүйесінің  кемшілігі 
оның тек өндірістік жағдайларда ғана қолданылып, өндірістік оқыту 
үдерісінде толық қолданыс таппағандығы.
Өндірістік оқытудың проблемалық- талдау жүйесі. Барлық оқу 
материалдары проблема бойынша, зерттелетін еңбек үдерістерін тал-
дау жолымен, еңбек үдерісін құрайтын элементтерді, технологиялық 
үдерістерді  жəне  білім  алушылардың  ақыл-ой  іс-əрекеттерін 
анықтау,  қондырғыларды  реттеу  бойынша  қажетті  жұмыстарды 
орындау  сияқты  өзіне  тиесілі  мəн-маңызы  бар  жекелеген  оқу  про-
блемаларына бөлінеді.
Зерттелетін  проблемалар  нақты  орын  алған    технологиялық 
үдерістердің  бөлігі  болып  саналады.  Өндірістік  жұмыстарды 
орындау, дағдылар мен іскерліктерді иелену, нақты технологиялық 
үдерістер мен мамандықтарға сəйкес қатысу сипаты есепке алына-
тын,  белгілі  бір  бірізділіктегі  əрбір  проблема  бойынша  жеке-жеке 
жүзеге асырылады. 
Проблемалардың  əрқайсысы  бірнеше  құрылымдық  бөліктер-
жағдаяттардан тұратын дербес тапсырмалар бола алады. Проблема-
ларды зерттеу бір-бірінен алшақ жеке-жеке жүзеге асырылады. Ал-
дымен тұтастай алғанда, технологиялық үдерістермен  жалпы танысу 
жүргізіледі. Содан кейін, əрбір проблема жеке-жеке зерттеліп, оларға 
жалпы  сипаттамалар  беріледі,  осы  проблеманың  технологиялық  
үдерістерде атқаратын рөлі мен алатын орны, олардың құрылымдық 
бөліктері (жағдаяттары) анықталады. 
Проблемалық-талдаушылық 
жүйе 
өндірістік 
оқытудың 
бірізділіктегі  кезеңдерінен  тұрады:  жекелеген  жағдаяттарды  жəне 
жұмысты  орындаудағы  жаттығулар,  технологиялық  үдерістерді 


153
зерттеу  жəне  оны  реттеу,  бақылау  бойынша  өзбетті  тапсырмалар  
орындау.
Оқу  бағдарламалары  тақырыптарының  əрқайсысы  бойынша 
үдемелі  күрделіліктегі  əдістемелік  мақсатқа  сəйкес  жаттығулар 
жүйесі  дайындалады.  Бұл  білімдер,  дағдылар  жəне  іскерліктерді 
меңгертудің ең қысқа жолы.
Алайда,  осы  жүйе  бойынша  оқыту  жатық  өтеді  деуге 
келмейді.  Өйткені,  əрбір  жағдаят  өзінің  жаңаша  элементтерімен 
ерекшеленетіндіктен, білім алушылар үшін бірқатар қиындықтар ту-
ындайды. Əсіресе, əрекеттерді орындау бірізділігін еске сақтау жəне 
басты жағдаяттарды тұрақсыз жағдаяттардан ажырата алу іскерлігін 
дамыту əжептəуір қиынға соғады.
Сонымен  қатар,  зерттелген  жағдаяттар  бойынша  əрекеттердің 
дағдыларын  жаңа  ғана  меңгертілген  жаңа  жағдаяттарға  көшіру  де 
оңайға түспейді.
Тұтастай 
алғанда, 
өндірістік 
оқытудың 
проблемалық-
талдаушылық жүйесі оқытудың дидактикалық прициптеріне сəйкес 
келеді,  белгілі  бір  бірізділіктегі  интеллектуалдық  дағдылар  мен 
іскерліктердің қалыптасуына ықпалын тигізеді, түрлі жағдаяттарда 
қолдануды қамтамасыз ете алады. 
Егер  өндірістік  оқытудың  операциялық-кешенді  жүйесіне 
уақытты  үнемдеу  жағынан  пайдалы  негізгі  операциялардың 
қайталанымдылығы  тəн  болса,  онда  проблемлық-талдаушылық 
жүйенің практикасында  мүмкіндік мүлде  жоқтың қасы.
Сонымен,  өндірістік  оқытуда  бірнеше  жүйелердің  тарихи 
қалыптасқандығын  көреміз.  Олардың  кейбіреулері  білім  алушы-
ларды  өндірістік  оқытудың  қайсыбір  кезеңдерінде  жетістікпен 
қолданыс  табуда.  Бұл  əрине  түсінікті  де,  өйткені  оларды  бір-
біріне  ұқсамайтын  типтегі  өндірістерде  қолдану  қажеттілігі  пайда 
болғанымен,  жұмыскерлердің  еңбек  ету  қызметтерінің  құрылымы 
да алуан түрлі болып келеді. 
Өндірістік практикадан өту оқу үдерісінде білім алушылар өз 
бетінше жұмыс үстіндегі өндіріс жағдайында оқу бағдарламаларында 
белгіленген  тапсырмаларды  нақты  орындайтын  кəсіптік  білім 
мекемелеріндегі оқыту түрі. Кəсіби даярлаудың бағыттарына қарай 
өндірістік  практика  педагогикалық,  технологиялық,  өндірістік 
жəне  т.б.  болып  бөлінеді.  Өндірістік  практика  мезгіліне  қарай  оқу 
сабақтарының өзге түрлерімен қатар жүргізіле алады немесе ол үшін 
оқу жоспарында жеке мерзім бөлінеді. Өндірістік практикадан өту 


154
кезінде білім алушылар өндіріс құралдарымен жəне технологиялық 
үдерістермен,  еңбекті  ұйымдастырумен,  мекеменің  экономикасы-
мен іс жүзінде танысады. Өтілетін база ретінде оқу орнымен тікелей 
байланысы  бар  мекемелер  тағайындалады.  Ал  кейбір  жағдайларда 
өндірістік практикадан өту бойынша оқу орнының шешіміне сəйкес 
мемлекеттік жергілікті ұйымдарға бекітіледі. Өндірістік практикаға 
қойылатын  негізгі  талаптар  мен  тапсырмалар  көлемін  өндірістік 
прак тика  бағдарламасына  сəйкес  оқу  орны  анықтайды.  Əдетте, 
өндірістік практика бойынша берілетін  тапсырмалар курстық жəне 
дипломдық жобалар орындаумен қатар жүргізіледі.
Өндірістік (кəсіби) практика білім алушылардың теориялық жəне 
практикалық  оқыту  үдерісінде  меңгерген  білімдерін,  дағдыларын 
жəне іскерліктерін бекіту жəне тереңдету, кəсіптері, мамандықтары 
үшін қажетті іскерліктер мен дағдыларды жəне  практикалық жұмыс 
тəжірибесін меңгертуді мақсат етеді.
Өндірістік (кəсіби) практика келесі кезеңдерден тұрады:
 
– алғашқы кəсіби іскерліктер мен дағдыларын (оқу практиксы) 
меңгеру үшін;
 
– мамандықтар (технологиялық) бейіні бойынша практика;
 
– диплом алды практикасы.
Практиканың 
барлық 
кезеңдерінің 
мазмұнын, 
білім 
алушылардың кəсіби іскерліктер мен дағдылар жүйесін, ҚР ЖМБС 
талаптарына  сəйкес  тұтас  кəсіби  іс-əрекеттер  мен  алғашқы  кəсіби 
тəжірибені меңгеру үдерісінің дидактикалық негізделген бірізділігін 
қамтамасыз  ететін  өндірістік  (кəсіби)  практиканың  бағдарламасы 
анықтайды.
Базалық  мекемелерде  білім  алушыларды  жеке-бригадалық 
əдіспен оқытуды мекеме мамандары жүргізеді, ал білім алушылардың 
практикасын  жалпы  басқару,  оларды  практика  объектілерінің 
бірінен екіншісіне ауыстыру, практика бағдарламасының орындалу-
ын қамтамасыз ететін оқу орнының оқытушылары жүзеге асырады. 
Өндірістік практика бірнеше кезеңдер арқылы өтеді. Өндірістік 
практиканың  таныстыру  бөлімінде  білім  алушылар  практика-
дан  өтетін  ұйымның  құрылымы,  əрбір  бөлім  шешуге  тиісті,  оның 
міндеттері  туралы  жалпы  мағлұматтар  беріледі.  Өндірістік  прак-
тикадан  өту  алдында  барлық  білім  алушылар  міндетті  түрде 
өндірістік практика өтілетін орынға барып, техникалық қауіпсіздігі, 
өрт  қауіпсіздігі  бойынша,  сонымен  бірге,  мекеменің  ішкі  тəртібі 
жөнінде жалпы нұсқаулардан өтуі тиіс. Өндірістік практиканы өту 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау