Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет51/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105

169
қолданылатындықтары  мен  терминологиялық  біржақтылықтың 
қалыптаспағандығын  көрсетеді.  Сондықтан,  біз  осы  еңбегімізде 
«педагогикалық технология» терминін қолдануды дұрыс көрдік.
«Педагогикалық  технология»  ұғымының  мəндік  сипаттамасы, 
жүйелік  тұрғы  ретінде  ЮНЕСКО  берген  анықтамада: «білім  беру 
формаларын  оңтайландыру  міндетін  көздейтін  адам  жəне  техника 
ресурстарын  есепке  ала  отырып,  бүткіл  оқыту  жəне  білімді  игеру 
үдерісін жасаудың, қолданудың жəне анықтаудың жүйелі əдісі» деп 
көрініс тапқан
1

Педагогикалық  сөздікте  педагогикалық  технология  «қойылған 
білім  беру  мақсаттарын  жетістікпен  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 
беретін,  теориялық  тұрғыдан  негізделген  оқыту  мен  тəрбиелеу 
үдерістерін қайта жаңғырту құралдары жəне əдістерінің жиынтығы» 
-делінген.
Педагогикалық  технология  ұғымына  шетелдік  жəне  отандық 
əдебиеттерде үш жүзден астам анықтама берілген. Бұл, педагогикалық 
технология ұғымының қалыптасуы мен даму тарихында, оны, оқыту 
технологиясын  техникалық  құралдардың  көмегімен  оқыту  деп 
ұғынудан  бастап,  педагогикалық  технологияны  ғылыми  тұрғыдан 
ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар: 
 
– педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен 
оқу  бағдарламасын  үнемі  жақсартып  отырудың,  педагогикалық 
жүйелерді  бүтіндей  бағалаудың  жəне  ол  жүйелердің  тиімділігі 
жөніндегі  жаңа  ақпарат  туындауына  байланысты  жаңа  мақсаттар 
қоюдың тұтас үрдісі (С.Сполдинг);
 
– педагогикалық  технология-оқу  үдерісіне  белгілі  бір  мақсат 
көздей əсер ететін педагогикалық ықпал (Б.Т.Лихачев);
 
– -  педагогикалық  технология - оқу-тəрбие  үдерісінің 
шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторларының 
үйлесімділігін, оқыту мен тəрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін 
жанды құрамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б. Т. Барсай);
 
– педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, 
дара,  инструменталдық  жəне  əдіснамалық  құралдардың  қолдану 
реті мен жиынтығының жүйесі (М. В. Кларин);
 
– бала  мен  педагогтың  шынайы  өзара  əрекетін  қамтамасыз 
ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пəн» (Н. С. Щуркова);
1
Педагогические технологии: Учебное пособие для студентов педагогических специальностей 
/Под общей ред. В. С. Кукушкина. –М,2004. 


170
 
– қойылған  мақсатқа  сəйкес  білімді,  білікті,  дағдыны  жəне 
қатынасты  құрастыру,  қалыптастыру  мен  бақылау  бойынша 
операциялардың жиыны» (К. Колеченко). 
 
– Г. К. Селевконың көзқарасы бойынша «педагогикалық техно-
логия» ұғымы үш аспекті арқылы берілуі мүмкін:
 
– ғылыми-педагогикалық: технологиялар - оқытудың мақсатын, 
мазмұны мен əдістерін зерттейтін жəне педагогикалық үдерістерді 
жобалайтын педагогикалық ғылым саласы;
 
– үдерісуалды-түсіндірмелік:  үдерісті  түсіндіру  (алгортим), 
оқытудың  жоспарланған  нəтижелеріне  қол  жеткізуге  арналған 
мақсаттардың, мазмұнның, əдістер мен құралдардың жиынтығы);
 
– үдерісуалды-əрекеттік: 
технологиялық 
(педагогикалық) 
үдерісті    жүзеге  асыру,  барлық  жеке  тұлғалық,  аспаптық  жəне 
əдіснамалық құралдардың қызмет етуі
1

Сонымен, педагогикалық технология оқытудың ең тиімді жолда-
рын зерттейтін ғылым ретінде жəне оқытуда қолданылатын амалдар, 
принциптер, реттеушілер ретінде, сонымен қатар, оқытудың нақты 
үдерісі ретінде қызмет етеді. 
Барлық  жаңа  технологияның  алдына  қоятын  мақсаты – білім 
алушының жеке басының дара жəне дербес ерекшеліктерін ескере оты-
рып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын 
қалыптастыру. Олардың негізгі құрылымдық бөліктеріне келесілер 
жатады:
1. Тұжырымдамалық негізі.
2. Оқытудың мазмұндық бөлігі:
-оқыту мақсаттары жалпы жəне нақты;
-оқу материалының мазмұны;
3. Үдерісуалдық бөлігі:
* технологиялық үдеріс:
 
– оқу үдерісін ұйымдастыру;
 
– білім алушылардың оқу іс-əрекеттерінің əдістері жəне форма-
лары;
 
– оқытушының жұмыс əдістері жəне формалары;
 
– оқытушының материалды меңгеру үдерісін басқару бойынша 
іс-əрекеті;
 
– оқу үдерісін диагностикалау.
1
Селевко Г. К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. – М.: Народное 
образование, 1998. – C. 14-15.


171
5.2. Педагогикалық технологиялардың жіктемесі
Қолдану  деңгейі  бойынша  жалпыпедагогикалық  (жалпы-
дидактикалық),  жеке  əдістемелік  (пəндік),  локальды  (модульдік) 
технологиялар болып қолданылады (1-кесте).
1-кесте. 
Педагогикалық технологиялардың  иерархиялық (сатылы) 
түрде қолданылу деңгейлері
Деңгейлері
Қолданылуы
Жалпыпедагогикалық 
(жалпыдидактикалық)
Оқытудың белгілі бір сатысындағы нақты 
аймақтағы, оқу орнындағы тұтас білім беру 
үдерісін сипаттайды. Бұл жерде педагогикалық 
технология оқытудың мақсаттарының, 
мазмұнының, əдістері мен құралдарының 
жиынтығы, үдерістің  субъектілері мен 
объектілерінің іс-əрекетінің алгоритмін қосып 
алғандағы педагогикалық жүйемен синонимдес 
Жеке əдістемелік 
(пəндік)
Жеке пəндік педагогикалық технология «жеке 
əдістеме» мəнінде, яғни бір пəннің, сыныптың, 
оқытушының аясында оқыту мен тəрбиелеудің 
белгілі бір мазмұнын жүзеге асырушы 
əдістер мен құралдардың жиынтығы ретінде 
қолданылады 
Локальды (модульдік)
Оқу-тəрбие үдерісіндегі локальдық технология, 
жеке дидактикалық міндеттердің шешілуі жеке 
бөліктердің технологиясы болып табылады (іс-
əрекеттің жекелеген түрлерінің технологиясы, 
ұғым қалыптастыру, жекелеген тұлғалық 
сапаларды тəрбиелеу технологиясы, сабақтың 
технологиясы, жаңа білімдерді меңгеру, оқу 
материалын қайталау жəне бақылау, өздік 
жұмыстар технологиясы жəне т.б.) 
Философиялық негізі бойынша: материалистік жəне идеалистік, 
диалектикалық  жəне  метафизикалық,  ғылыми  (сценикалық)  жəне 
діни, гуманистік жəне гуманистілікке қарсы, антропософиялық жəне 
теософиялық,  прогматикалық  жəне  экзистенциалдық,  еркін  тəрбие 
мен мəжбүрлеу жəне т.б.
Психикалық  дамудың  жетекші  факторы  бойынша:  биогендік, 
социогендік, психогендік жəне теалистік технологиялар.
Тəжірибені,  ғылыми  тұжырымдамаларды  меңгеру  бойынша: 
ассоциативтік-рефлекторлық,  бихевиористік,  гештальт  техноло-


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау