Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет68/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78

206
[28]-да ағылшын тілді əдебиетте менеджмент тиімділігінің ұғымы 
екі басты терминдермен анықталынатыны белгіленеді: 
– managerial effectiveness – яғни «жүйелі» тиімділік; 
– management effi ciency, бұл «операциялық» тиімділік ретінде 
түсіндіріледі.
Автор жүйелі тиімділік басқару қаншалықты тиімді 
ұйымдастырылғанына, яғни буындарының құрамы мен санына, 
олардың бағыныштылығына, функцияларының бөлінуіне байланыс-
ты екендігін көрсетеді. Басқаша айтсақ, басқару жүйесінің тиімділігі 
нақты басқарушылардың сипаттамаларымен емес, ұйымдастыру 
құрылымының, басқару үдерістерінің сапасымен анықталады. 
Операциялық тиімділік, яғни басқарушы қызметі нəтижелерінің жəне 
жұмсалатын күштердің арасындағы арақатынас, керісінше, бірінші 
кезекті менеджерлердің іскер қасиеттерімен, сондай-ақ олардың əлеуеті 
қаншалықты тиімді қолданылатынымен анықталады.
Жүйелі тиімділік дегеніміз – бағасы басқарудың үдерістері мен 
құрылымдарының (басқарушы аппаратының) жұмысын талдауға 
негізделетін менеджменттің тиімділігі деп айтуға болады. Бұл 
жағдайда, басқарудың нəтижелілігі (алға қойылған мақсаттар мен 
міндеттерге қол жеткізу); стратегиялық, тактикалық жəне жедел 
мақсаттардың ойластырылған өзара байланысы; басқару үдерістерінің 
шоғырлану деңгейі; басқару шешімдерін уақытында қабылдауы мен 
жүзеге асырылуы жəне олардың дəлелділігінің жетілуі; ұйыммен (ме-
кемемен, фирмамен) қоғамдық сенімге ие болуы, оның əлеуметтік 
жауапкершілігінің нығаюы жəне басқалар бағаланады. Сонымен қатар
басқарушының негізгі басқарушы функциялары жəне оларды құрайтын 
басқарушы əрекеттер қаншалықты сапалы атқарылатыны, мекеме 
ішіндегі бөлімшелер жəне сыртқы ұйымдар арасындағы серіктестік 
қарым-қатынастар қаншалықты дамығаны да маңызды.
Операциялық тиімділік, яғни, ең бастысы, менеджердің тиімділігі 
оның кəсіби қасиеттерін бағалаумен байланысты.
Жүйелі тиімділікті, яғни білім беру мекемесінде менед-
жмент тиімділігінің талдауы уəкілетті органдарымен, жоғары 
тұрған ұйымдастарушы құрылымдарымен, сараптамалық 
комиссияларымен,аккредитациялық орталықтарымен, сондай-ақ 
əріптестер жəне қол астындағылармен жүргізілу мүмкін. Осы мо-
ниторинг білім беру мекемесінің статистикалық материалдарын, 
жоспарлы-есептемелік құжаттамасын, басқа құжаттарын (сынып жур-
налдары, педагогикалық жəне əдістемелік кеңестері отырыстарының 
хаттамалары жəне т.б.), бұйрықтарын, кадр құжаттамасын жəне 
басқаларын талдаудың көмегімен атқарылады. Білім беру менеджерінің 


207
қызметін бағалау кезінде сұрақ қою (оның ішінде, сараптамалық), 
стандартталған психологиялық тесттер, инжиниринг əдістері сияқты 
социологиялық, педагогикалық жəне психологиялық əдістер əлі де 
жеткіліксіз қолданылатынын атап кету қажет. Мысалы, білім беру 
ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауын ұйымдастыру жəне жүргізу 
бойынша нұсқаулықта [41] «аттестаттаудан өткізу үшін ақпаратты 
жинаудың негізгі əдістері туралы мəліметтер бар, олар:
1) материалдық-техникалық базаны жəне əлеуметтік қамтамасыз 
ету нысандарын көзбен көру;
2) білім беру ұйымдары мен олардың бөлімшелерінің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттарын сақтау жөніндегі құжаттамасын зер-
делеу;
3) оқу процесінің көрсеткіштерін талдау;
4) ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік аралық бақылаудың, 
оқушыларды қорытынды аттестаттаудың нəтижелерін талдау;
5) білім алушыларды, оқытушыларды, қызметкерлерді жəне 
оқушылар мен тəрбиеленушілердің ата-аналарын, оқушылар мен 
жұмыс берушілерді іріктеп сауалнамадан өткізу;
6) оқу сабақтарына қатысу;
7) білім алушылармен, оқытушылармен жəне қызметкерлермен 
əңгімелесу;
8) білім алушылардың білім сапасын кешенді тестілеу жəне білім 
кесінділерін бақылаудың басқа түрлерін қолдану арқылы бағалау бо-
лып табылады».
ҚР-ның білім беру мекемелерінде заманауи менеджментті енгізудің 
маңыздылығын ұғыну ҚР-ның Ұлттық аккредиттеу орталығымен 
ЖОО-ның институционалдық жəне мамандандырылған аккредит-
теу стандарттары мен əдістемелерін əзірлеуі басқару үдерістерінің 
сапасын бағалаумен қатар, басқару субъектілері қызметінің сапасын 
басқаруды көздеген дерегін негіздеді. Мысалы, ЖОО қызметінің өзін-
өзі бағалау жəне бағалау бағыттарының қатарына білім беру үдерісінің 
жəне ғылыми-зерттеу жұмысының дəстүрлі талдауымен қатар «Мис-
сиясы, мақсаттары мен міндеттері», «Жоспарлау жəне тиімділік», 
«Басшылық жəне менеджмент» енгізілген. «Профессорлық-оқытушы 
құрамы жəне оқыту тиімділігі», «Студенттер» стандарттарында осы 
қатысушылардың білім беру үдерісімен басқарудағы рөлімен байланыс-
ты аспектілері қарастырылуда.
Мысалы, «Басшылық жəне менеджмент» стандартын қолдануына 
қатысты ЖОО-ның өзін-өзі бағалауын жүргізу бойынша əдістемелік 
ұсыныстарда «ЖОО сапасы оның көшбасшысының деңгейін айнымас-
тай етіп  көрсетеді, өйткені ол кəсіби штатты қабылдайды, қолдайды 


208
жəне оған жетекшілік етеді, қаржы жəне басқа қолдауды жұмылдыру 
саясатын əзірлеуге басшылық жасайды, жоғары оқу орнын қоғам ал-
дында таныстырады. Басты атқарушы қызметті  орындайтын əкімшілік 
штат ЖОО-ның мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну керек, нақты 
белгіленген міндеттемелермен жақсы ұйымдастырылуға тиіс. Басшы-
ларда тиімді басшылықты жəне ЖОО-ның мақсаттарына, міндеттеріне, 
ауқымдары мен күрделіліктеріне сəйкес келетін білікті менеджментті 
қамтамасыз ету үшін тиісінше біліктілік болуға тиіс. ЖОО-ның басшы 
штаты команда ретінде тиімді жұмыс істеу жəне барлық құрылымдар 
мен бөлімшелермен қызметтесу керек. Басшылық пен менеджмент 
маңызды жəне олардың маңыздылығы оқытудың үздік деңгейіне жəне 
үздік оқуға қаншалықты ықпал ететінімен өлшенеді» делінген [84, 38-
39 б.].
Аттестаттаумен аккредиттеу білім беру мекемесінің қызметіне 
қатысты тек бақылау функцияларын атқармайды. Заманауи менед-
жментте бақылау функциясы көбінесе талдау, уəждеу мазмұнында 
болады, басшылар мен қызметкерлердің, өздерін ұйым қызметінің 
əлсіз жақтарын анықтауға жəне оларды еңсеру, жолдарын іздестіруге, 
барлық салаларда əрі қарай жұмысты жетілдіругебағыттайды. Мыса-
лы, ЖОО өзін-өзі бағалауын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта маңызды 
диагностикалық үдерістің мəні көрсетілген. Осы мəн «аса күрделі, 
қиын болуда жəне жоғары оқу орнында артық күш салуды болдырмау 
жəне ұйымның үздіксіз жетілдіруіне барынша үлесті қамтамасыз ету 
үшін қабылданған сапа жүйесінің ажырамас бөлігін құрастыруға тиіс. 
Тиімді өзін-өзі бағалау ЖОО-ғы стратегиялық басқару, қаржы менедж-
мент, сапа менеджмент жүйесі, білім беру үдерісімен басқару сияқты 
салаларда қолданыстағы үдерістерді біріктіреді.
Өзін-өзі бағалау үдерісін жүргізгенде келесі межелерді сақтау ке-
рек:
– жүйелі көзқарас – мұқият жəне жан-жақты жоспарлау;
– объективтілік – ақпараттың сенімді дереккөздерін пайдалану 
жəне барынша көп адамдардың қатысуы;
– мақсаттылық жəне қорытындылардың теңгерімділігі – SWOT-
талдауды жүргізу, өз мықты жақтары мен мүмкіндіктерін пайдалану 
бойынша əрекеттерді анықтау;
– қатысу – қорытындылардың келісімділігіне жету жəне 
ұсыныстарды əзірлеу мақсатымен деректерді жинау жəне нəтижелерді 
бағалау бойынша əртүрлі топтарды жұмылдыру» [84, 40 б.].
Қызмет сапасы талдауының осындай тəжірибесі менеджменттің 
заманауи тəжірибесінде үлкен рөл атқаратын сапа сыйақыларының 
кеңінен таралуының белгілі дəрежеде салдары болып қалыптасты. 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау